Дипломды жмысты зектілігі
Скачать 17.11 Kb.
|
Аннотация: Тақырып: «Covid-19 жұқпалы ауруларының алдын-алудағы мейіргердің рөлі» Орындаған:Айдарханова Жанна Жалелқызы Ғылыми жетекші:Баттина Динара Аркашевна Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда Соvid-19 індеті әлі күшіне енуде.Денсаулық сақтау ісінің болашақ мамандарының COVID‑19 науқастарын анықтауға және оларға медициналық көмек көрсетуге дайындығын арттыру, сондай-ақ халықты аурудың алдын алу әдістері туралы хабардар ету қажеттілігін зерделеу.Сovid‑19 коронавирустық инфекциясының пандемиясы қоздырғыштың ауа тамшыларымен берілу механизміне және ұзақ инкубация кезеңіне, сондай-ақ емдеуге арналған этиотропты препараттардың болмауына, аурудың ерекше белгілерінің болмауына байланысты коронавирустық инфекцияның жоғары жылдамдығымен сипатталады.Қауіпті жұқпалы аурудың таралуын болдырмау стратегиясы ел аумағын санитарлық қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды. Қазақстан аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның келуі мен таралуының алдын алу жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту және шекараларды жабу бойынша шаралар қабылданды, коронавирустық инфекцияға күдікті адамдар анықталған жағдайда зертханалық диагностика алгоритмі қолданылды, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша әртүрлі ведомстволардың қызметін үйлестіру бойынша шаралар қабылданды. Коронавирустардың негізгі мақсатты жасушалары - цитоплазмасында вирус репликациясы жүретін альвеолярлы эпителий жасушалары. Вирус әрекеті арттыру жасуша мембранасының өткізгіштігін тудырады және күшейтілген көлік сұйықтық, бай альбуминмен дамиды. Бұл жағдайда беттік-белсенді зат жойылады, бұл альвеолалардың ыдырауына әкеледі, газ алмасудың күрт бұзылуы нәтижесінде жедел респираторлық стресс синдромы дамиды. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мейіргердің халықты COVID-19 алдын-алу әдістері туралы ақпараттандырудағы рөлін анықтау. Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері: 1. COVID-19 алдын-алу әдістері туралы шетелдік және қазақстандық әдеби дерек-көздерге шолу жасау; 2. Емхананың терапиялық кабинетінің пациенттеріне сауалнама жүргізу арқылы COVID-19 алдын-алу әдістері туралы халықты ақпараттандырудағы мейіргердің рөлін көрсету; 3. Халықты COVID-19 алдын алу әдістері туралы хабардар ету үшін мейірбикеге ұсынымдар мен жадынама әзірлеу. Дипломдық жұмыстың нысаны:Қарағанды облысының “Инфекциялық ауруханасының көпсалалы ауруханасының Жұқпалы аурулар бөлімінде ”2021жылдың мамыр айының 17-22аралығында емделушілермен тақырыпқа байланысты тәжірибе өткіздім. Зерттеу әдістері:Статистикалық әдіс,әлеуметтанулық әдіс(медициналық персоналға сауалнама) Зерттеу дизайны-сипаттамалық,кейс-бақылау. Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: COVID-19 алдын-алу әдістері туралы шетелдік және қазақстандық әдеби дерек-көздерге шолу жасап, аурудың деңгейін төмендетуде мейіргердің рөлін анықтау. Тұжырымдар мен ұсыныстардың болуы. Алынған нәтижелердің обьективтілігі студентке дипломдық жұмысты тұжырымдауға негіз болды.Алынған нәтижелер бойынша Қарқаралы аудандық ауруханасында терапевтік кабинеттің учаскелік бөлімінде ұсыныстар берілді. 1.Халықты «Covid-19 ауруының алдын алу» әдістері туралы хабардар ету үшін мейірбикеге мейәргердің қызметінің сапасымен тиімділігін бағалауға бірыңғай әдістемелік тәсілдерді әзірлеу және енгізу. 2.Науқастарға Covid-19 ауруының алдын аудағы мейіргердің рөлін жүзеге асыру кезінде мейіргердің өз кәсіби міндеттерін орындауы. 3.Науқаста Covid-19 белгісі пайда болғандықтан,мейіргер пациенттермен қарым-қатынас кезінде медициналық этиканы қатаң сақтауы қажет. 4. Covid-19 жұқпалы ауруларының алдын алу үшін қажетті тазалық гигиенасын және де салауатты өмір салтын жүргізу бойынша пациенттермен мейіргердің санитарлық-ағарту жұмысын күшейту. Қорытындылай келе, мынаны атап өткен жөн: 1. Мейірбике COVID-19-ға қарсы эпидемияға қарсы шаралар кешенінде вирустық аурулардың алдын алудың екі негізгі әдісі қолданылатынын білуі керек: спецификалық профилактика (вакциналық профилактика) және спецификалық емес қорғаныс. Мейірбике ауа-тамшылы инфекциялардың спецификалық емес профилактикасына белсенді қатысуы керек. 2. Cауалнама нәтижесінде COVID-19-алдын алу бойынша пациенттерге орта медициналық персоналдың рөлі өте жоғары болып табылады, өйткені науқастармен тікелей қарым қатынаста болады. Сол себепті мейіргерлер өздеріне жүктелген міндет жоғары екендігін тереңірек түсінуі үшін мейіргерлермен де қосымша тренингтер өткізілуі қажет. Сондықтан мейіргер терапевтік бөлімше мейіргерлерін оқыту жұмыстары жүргізілу қажет. Науқастарға буклет таратудан бөлек, COVID-19-алдын алу бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында арнайы викториналар ұйымдастыру арқылы, видео сабақтар ретінде түсіндіру жұмыстары қолға алынуы қажет. 3. Мейірбике науқасқа және оның туыстарына COVID-19 эпидемияға қарсы шараларды, науқасты температурада күту негіздерін үйретеді. Сондай-ақ мейірбик салауатты өмір салтын ұстану туралы санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді. |