РецензияОмаров Олжас Мукашевич1. Дипломды жобаны таырыбы Алым ені 5 м мбебап культиваторды
Скачать 15.89 Kb.
|
Дипломдық жобаға ПІКІР Студент _____________Омаров Олжас Мукашевич___________________ Мамандығы __05В080600 – «Аграрлық техника және технология»_______ Дипломдық жобаның тақырыбы:__Алым ені 5 м әмбебап культиватордың жұмыс органының тізбекті-қатты тірегін жобалау___________________ Дипломдық жобаның өзектілігі және ескертулер Азық-түлік қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының ең басымды мақсаттарының бірі болып табылады. Соңдықтан қазіргі кездегі аграрлық саясат ең алдымен азық-түлік мәселесін шешуге бағытталған. Осыған орай, топырақты қайырмасыз өңдеу машиналардың үрдісін және құрылысын жетелдіру өте өзекті мәселе болып табылады. Омаров О.М. дипломдық жобасының мақсаты дәнді дақылдарды топрақты жел эрозиясынан қорғау жүйе өндіруге қойылатын агротехникалық талаптарға, оның ішінде топырақты қайырмасыз өңдеу үрдісінде сақталатын талаптарға сәйкес келетін құралды жасау болып табылады. Дипломдық жоба 61 парақты есептеу-түсіндерме жазбасынан, 14 сурет, 4 кесте, 2 қосымша және А1 форматты 7 парақ графикалық бөлімінен тұрады. Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде топырақтың қасиеттеріне, фазалық құрамы және құрылысына, топырақтардың классификациясына шолу жасалынған. Екінші бөлімінде топырақты механикалық өндеудің технологиялық негіздеріне, жер жыртуға қойылатын агротехникалық талаптарына, топырақ өңдейтін машиналар мен құралдардың, сонымен қатар культиваторлардың жіктелуіне шолу жасалған. Конструктивтік бөлімінде эрозияға қарсы КПЭ – 3,8 культиватордың алым енің өзгертіп, жұмыс органына қосымша пышақтар орнатылған машина ұсынылған және аналитиқалық жолымен жұмыс органдармен деформациялау аймағы, қырлар биіктігін, шеңгел ерітіндісінің бұрышы мен жоғарғы жағын көтеру бұрышын және басқа параметрлерді айқындау есептері келтірілген. Төртінші бөлімінде еңбекті қорғау шаралары және культиватормен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар келтірілген. Бесінші бөлімінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған. Алтыншы бөлімінде дипломдық жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері есептеліп көрсетілген. Дипломдық жобаның сапасына және алынған нәтижелеріне елеулі әсер келтірмейтің келесі ескертпелерді атап өтуге болады: 1.Мазмұны және есептеу-түсіндерме жазбасында келтірілген кейбір бөлімдер мен бөлімшелерінің атауы бір-біріне сәйкес келмейді (мысалы 1.1 бөлімше мен 3 бөлім атаулары). 2.Қысқыш сызбасында тесіктердің орталықтары арасындығы аралығы көрсетілмеген. 3.КПЭ – 3,8 культиваторының алым ені – 8 метрге дейін өзгертіп (7 бет), ал 6.1- формулада: Вр - культиватордың жұмысшы алым ені – 5 метрге тең (53 бет) деп жазылған. Дипломдық жобаның бағасы Түгелдей алғанда дипломдық жоба жөғары деңгейде істелінген, қойылған талаптарға сәйкес келеді және «өте жақсы» бағаға, ал оның авторы - Омаров Олжас Мукашевич 05В080600 – «Агроинженерия» мамандығы бойынша агроинженерия бакалавр академиялық дәрежесіне иеленуге лайық. Пікір беруші: техника ғылымдарының докторы, профессор Ғ.С.Ғұмаров Атқаратын қызметі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қызметтік өсу және бизнес әріптестік бөлімінің бастығы Күні: 21 маусым 2013 жыл |