Главная страница

Жоспар. Директорды оу ісі жніндегі орынбасары


Скачать 37.48 Kb.
НазваниеДиректорды оу ісі жніндегі орынбасары
Дата26.03.2023
Размер37.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖоспар.docx
ТипДокументы
#1015278

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

К.Нұрғали




Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Татиева К.

Тобы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.3 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсінеді, қалыпты жасушамен салыстырады

  • Обыралды жағдайлар мен олардың алдын алу іс-әрекеттері жайлы үнпарағын құрастырады

Бағалау критерийлері

Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обыр жасушаларын қалыпты жасушамен салыстырады обырдың түзілуінің 4 себебін келтіреді

Обыралды жағдайлар мен олардың алдын алу іс-әрекеттері жайлы 3 ережеден және 30 сөзден кем емес үнпарағын немесе презентация\ плакат\ постер құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну, ойлаудың жоғарғы деңгейлері

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: обыр жасушалары, метастаз, ісік, митоз, қатерлі ісік

Диалогта қолданатын сөз тіркестері мен фразалар: Обыр жасушалары дамиды . . . , Обыр жасушаларының метастазы . . . , Қатерлі ісіктің алдын –алу . . .

Қойылатын сұрақтар: Облыстық онкологиялық ауруларының статистикасы қандай? Аудандық онкологиялық аурулардың статистикасы қандай? Қатерлі ісіктің адамның өміріне әсері қандай? Және оның алдын-алу шаралары ның маңызы неде?

Құндылықтарды дарыту


Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, ортақ мәмлеге келеді (ынтымақтастық, құрмет).

Салауатты өмір салтын дәріптейді.

Пәнаралық байланыстар

Химия – обыр жасушаларының пайда болуына әсер ететін химикаттармен танысады.

Физика – түрлі сәулелердің және зиянды түтіндердің обыр жасушасының дамуына тигізетін әсері.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада презентация көреді

Қажетті материалдарды интернеттен іздеу үшін пайдаланады

Quizlet қолданбасымен тест тапсырады.

Алдыңғы білім


Жасуша циклімен 7 сыныптан таныс.

Митоздық бөлінумен 8 сыныптан таныс.

ДНҚ репликациясымен 9 сыныптан таныс.

Саралау

Тапсырмалардің дұрыс орындалун қадағалап, кері байланыс беріледі. Тапсырмалар талқыланып, талданады. Түзетулер жүзеге асады.

Бағалау

Мадақтау, талқылау, ИНСЕРТ

Ресурс

Слайд, видео, мәтін(кітаптағы), статистикалық материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

2 мин
6 мин

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық ахуал туғызу «Гүлмен тілек» әдісі

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлеміз.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

ҚБ

Сабақтың ортасы


3 мин

4 мин

3 мин

10 мин


8 мин

1-тапсырма

Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обыр жасушаларын қалыпты жасушамен төмендегі кестені толтыру арқылы салыстырыңыздар




Қалыпты жасуша

Обыр жасушалары

Бөлінуі







Өсуі







Айырмашылығы




ұқсастығы




Дескриптор:

  • Кестеге қалыпты жасушаның бөлінуін, өсуін, айырмашылығы мен ұқсастығын жазады, оқиды

  • Кестеге обыр жасушасының бөлінуін, өсуін, айырмашылығы мен ұқсастығын жазады, оқиды

ҚБ

Видеоролик ұсынамын (4 мин)

2-тапсырма

Роликтен және қосымша материалдан алған мәліметті жұпта талқылаңыз және жоғарыдағы кестені толықтырыңыз

Обыр жасушаларының пайда болуының ең маңызды 4 себебін және әсер етуші 3 нақты факторды келтіріңіздер

Дескриптор:

  • Роликтен және материалдан алған мәліметтіжұпта талқылайды және жоғарыдағы кестені толықтырады

  • Обыр жасушаларының пайда болуының ең маңызды 4 себебін және әсер етуші 3 нақты факторды келтіреді.

ҚБ

3-тапсырма (Т)

Обыралды жағдайлар мен олардың алдын алу іс-әрекеттері жайлы 3 ережеден және 30 сөзден кем емес үнпарағын немесе презентация\ плакат\ постер құрастырыңыздар (озық тапсырмаға сүйене)

Дескриптор

  • Обыралды жағдайлар мен олардың алдын алу іс-әрекеттері жайлы 3 ережеден және 30 сөзден кем емес үнпарағын немесе презентация\ плакат\ постер құрастырады

4- тапсырма

«Фишбоун әдісі» арқылы Обыр ауруларының себебін нақты дәлелдер арқылы анықтап, қортындылаңыздар








Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия Кері байланыс



Үйге тапсырма беру. $ 65 Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар.

Озық тапсырма: Генде мутация жүргізетін факторлардың статистикасын келтіру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


написать администратору сайта