Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған:Қабижан Ләзиза

  • Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның күрделілігі.

  • Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.

  • Рухани мәдение саласына: дін, мораль; саясат, құқық;

  • рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді. Материалдық мәдениет саласына: конфессионалдық инфрақұрылым;

  • ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;

  • 3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі. Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.

  • Социологиялық концепциясы – мәдениет анықтамасын идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.

  • Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/26708

  • мәдениет. Қабижан Ләзиза АЗТ-103 мәдениет. Дискуссия 2 осж таырыбы


    Скачать 70.08 Kb.
    НазваниеДискуссия 2 осж таырыбы
    Анкормәдениет
    Дата03.02.2022
    Размер70.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚабижан Ләзиза АЗТ-103 мәдениет.docx
    ТипДокументы
    #350735

    Қ . Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    Жаратылыстану факультеті

    Әлеуметтік-саяси білім модулі

    Дискуссия

    2 ОСӨЖ

    Тақырыбы: Мәдениет интеграциясы мен локализациясы"



    Орындаған:Қабижан Ләзиза

    Тексерген:Кенесов.А:А

    Мамандық: Азық-түлік технологиясы 103-Азт

    Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, алайда ойшылдар көптен бері мәдениеттің өзіне анықтама беруді ойластырып келеді.  Әсіресе бұл мәселе  «мәдениет» түсінігі қазіргі заманғы қоғамда фундаменталды түсінік болып қалған кезінде аса маңызды.  Оның бірнеше анықтамалары бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мәдениеттанушылар санағандай егер 1871 жылдан 1919 жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990 жылдары – 400 артық анықтама берілген.

    «Мәдениет» сөзі – қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес,  ол күнделікті қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Мәдениет туралы айтқанда  ол тұрмысты реттейтін жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, әдебі мен заңдылықтары сақталған қоғамға  басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы, оған бару т.б.

    А.С.Карминнің классификациясы. Күнделікті санада мәдениеттің түсінігі,деңгейі  анықталмайды, тек қана  эмпирикалық түрде түсіндірумен шектеледі. Олардың мағыналары аз, әрі бір  тектес. Мәдениеттің ғылыми түсінігі көп  түрлі, себебі ол  әр түрлі ғылымдар арқылы беріледі. Олар социологиялық, мәдени-антропологиялық анықтамалар. Ресей мәдениеттанушысы А.С. Кармин «Мәдениеттанудың негіздері. Мәдениет морфологиясы» еңбегінде  1996 жылы  мәдениеттің 1500 анықтамасының болғанын ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады, мәдениеттің мына түрлерін бөліп алды:  сипаттаушы, антропологиялық, құндылықты, нормативті, адаптивті, тарихи, функционалды, семиотикалық, символикалық, герменевтикалық, идеационалды, психологиялық, дидактикалық, социологиялық.

    Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның күрделілігі.

    Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде көрініс табады.

    Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.

    Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады.

    Материалдық мәдениет дегеніміз - тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография, антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады. Рухани мәдение саласына:

    дін, мораль;

    саясат, құқық;

    ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт, медицина;

    әдебиет, өнер;

    бұқаралық ақпарат құралдары, тіл;

    рухани іс-әрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.

    Материалдық мәдениет саласына:

    конфессионалдық инфрақұрылым;

    ғылымның, білімнің, әдебиет және өнердің, медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;

    бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық техникалық базалары,

    рухани іс-әрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.

     

    3. Мәдениет құрылымының негізгі  анықтамалары, ізденушіліктің негізі.

    Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.

     Құндылықты – бұл  адамдар қолдан жасайтын материалдық және рухани  құндылықтардың бірлігі, ал құндылық – адам санасында қалыптасқан қандай да бір материалдық немесе идеалдық заттардың адамға жағымды мағыналары.  Құндылықтың  өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. «Құндылық» және «құн» - бірегей түсініктер емес. «Құндылық» - ол философиялық және  мәдениеттану түсінігі, «құн» - экономикалық түсінік.  «Құн» тек  құндылықтың ақшалай берілуі, оның көлемінің, заттың құндылығына сәйкес келуі міндетті емес. Мысалы, адамның өткенді есіне түсіруі оған үлкен құндылық болуы мүмкін, оның ақшалай түрі нөлге тең. Әрине барлық құндылықтар ақшаға бағаланады деуге болмайды.

    Құндылық заттың өзіне тән емес.  Зат қандай да бір қасиетке және қандай да бір сапаға ие болуы мүмкін, егер адам ол туралы ештеңе білмесе ол зат адам үшін  құнды емес. Адам ол заттың қандай да бір қасиеті: мысалы, витаминдер адамға қажетті қасиеттерге ие, егер адам ол туралы білмесе, оны құнды деп санамайды.

    Сонымен, құндылық білімге байланысты алайда, оған жатқызылмайды. «Құндылық» ол білім емес деуге болады, ол тек адам мен зат арасындағы қатынас.

    Мәдениеттің құндылық концепциясы ХVІІІ ғ. аяғында неміс философтары мен мәдениеттанушыларының еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де  мәдениеттану концепциясының маңызды бөлігі болып табылады.

    Социологиялық концепциясы – мәдениет анықтамасын  идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық әрекетін қамтамасыз ететін  әлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.

    Мәдениеттің технологиялық анықтамасы - мәдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық өмір сүрудің, нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне  тәуелді болады.

    Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы - оны  адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен қатысты.  Олар  қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау  ережелері, құндылықтар мен символдар. Мәдениеттің басқа бір қазіргі заманғы  анықтамасын  американдық мәдениеттанушы  Л. Уайт берді. Ол оны адам барлығында символдарды көре білетіндігі және оны қабылдау мүмкіндігімен байланыстырады.  Л. Уайт үшін мәдениет дегеніміз –  ол идеяны, сезімді, әрекетті, сенімді, қарым-қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін, заңдар мен институттар, көркем шығарма мен оның формасын, еңбек құралдарын, фетиштар т.б жатқызатын символдар бірлігі. Л. Уайттың айтуынша, олар соматикалық және экстрасоматикалық контекстте қарастырылады.  Соматикалық контексте  символ ретіндегі заттар мен құбылыстар адам ағзасымен қатысты қарастырылады.  Осы бірлікті  психология пәні зерттейді.  Символ ретіндегі заттар мен құбылыстар байланысы экстрасоматикалық контекстінде Л. Уайттың айтуынша, мәдениет деп түсіндіреді, оны зерттейтін ғылымды – мәдениеттану деп атайды.  Л. Уайттың айтуынша, мәдениет – ол ұйымдасқан жүйе, оның  шағын жүйесі ретінде технологиялық, әлеуметтік пен идеологиялықтар танылады. 

    Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/26708

    ҒАЛАМТОР ЖЕЛІСІ


    написать администратору сайта