Саралау тәсілі. джигсо джигсо Топтара мтін блігі таратылады
Скачать 70.5 Kb.
|
«ДЖИГСО» «ДЖИГСО» Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды. ДЖИГСО әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Мәселен, әдісті қолдануды төмендегіше қарастырып көрейік. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұлар — бастапқы жеке жұмыс топтары. Берілгелі тұрған жұмыс мәтіні төртке бөлінеді. Енді топ мүшелері төртке дейінгі реттік жүйеде тағы бөлінеді. Тіпті тақырыпқа қатысты сұрақ қойып, айтылған сөздерді шартты атау ретінде бөліп беруге де болады (мәселен, берілген сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңдар: сұраулы, лепті, хабарлы, бұйрықты). Бұл жолы әр сан иелері немесе атау иелері өз алдына «жұмыс тобын» құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді топта талқылап, түсіну қажет екендігі ескертіледі. Логикалық түрде төрт бөлікке бөлінген мәтін бөліктері әр топқа таратылады. Топтар тұтас мәтінмен емес, тек белгілі бөлікпен ғана жұмыс істеп, бүге-шігесіне дейін талдайды, пікір алмасады, ойын нақтылайды. Жұмысты бастамас бұрын екінші құрылған шағын топқа бара жатқан оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті болты жақсы меңгеру қажеттігі айтылады, өйткені сол бөлімді «бастапқы топ» мүшелеріне түсіндіруге жауапты болатыны, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жұмыс істеуі мен зейін қоя түсінуіне байланысты екені түсіндіріліп, жауапкершілік жүктеледі. Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы. ... Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет. Мысалы: үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сіз тестілеуді оқушы ұнатпайтын әрекетке айналдыруға жол бермейтін әдістемелерді пайдалана аласыз. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Саралау тәсілі: Қарқын (Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді) Диалог және қолдау көрсету тәсілдері бойынша «Диалог түзу» ойынын пайдаланып оқушыларды дұрыс сөйлеуге және сөйлеу шеберлігін арттыруға ықпал жасаймын. Сөздік бағалау жүргіземін (ауызша кері байланыс). Оқушылардың жақсы жасаған жаттығуларын мақтаймын, одан берілген материалды жақсы меңгергенін түсінеді. Орындалған жаттығулардың қатесін көрсетемін, ешқандай баға қоймаймын бірақ бағалаймын. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жету үшін не істеу керектігін талдайды. ЖАДА дегеніміз оқушылардың оқу кезінде және қарым-қатынас кезінде басқа оқушылардан қажетті көмек деңгейін алуы . “Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы” Л.С. Выготский. ЖАДА - жақын арадағы даму аймағы Оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? Қалыптастырушы бағалау тоқсан ішінде кездесетін іріктелген оқу мақсаттарына негізделіп жасалған. Бұл оқу мақсаттары пән бойынша білімін жан-жақты көрсете алуына мүмкіндік береді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. ... Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. |