Главная страница
Навигация по странице:

  • Zenly нес імен жақсы

  • Қауіптенетін тұстары бар ма

  • Майкамал Қапан. Колумнистика. Достарды баылайтын Zenly осымшасы ауіпті ме


    Скачать 0.57 Mb.
    НазваниеДостарды баылайтын Zenly осымшасы ауіпті ме
    Дата16.05.2022
    Размер0.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМайкамал Қапан. Колумнистика.docx
    ТипДокументы
    #532382


    Достарды бақылайтын Zenly қосымшасы қауіпті ме?

    Қазақстан аумағында қосымшалар арасында Zenly - жоғары рейтингті. Data.ai аналитикалық компаниясының есебі бойынша Zenly жүктелуі жағынан үздік бестікке кіріп тұр. Zenly нарыққа «әлеуметтік желі» есебінде 2016 жылы келді. Ол адамдарға достардың, жақындардың геолокациясын оңай қарауға мүмкіндік береді. Әрине, сіздің келісіміңізбен ғана. Әлеуметтік желі болуы бекер емес. Мұнда сөйлесуге, хабар алмасуға толық жағдай жасалған. Zenly ең алғаш пайда болғанда жасөпірім мен жастар арасында аса танымалдылыққа иеленді. Бүгін де бұл өзгеріссіз. Қазір Қазақстанда Zenly-дың аты балалар мен жасөспірімдер арасында дүркіреп тұр.





    Zenly несімен жақсы?

    • Ата-аналар бұл қосымшаны құп көреді. Оларға балаларының не істеп, қайда жүргенін білу маңызды. Қауіпсіздікті ерекше уайымдайтын ата-аналар балаларының ағымдағы статусын еш қиындықсыз көре алады: ұйықтап жатыр, сабақта, қыдырып жүр не үйдің қасындағы кофеханада отыр. Бұл статусты қолданушы өзі орнатады. Оны көру үшін сізді балаңыз Zenly қауымдастығына «дос» ретінде қабылдау керек.

    • Zenly қолданушының қуат мөлшерін көрсетеді. Телефон қуаты отыруға шақ қалғанда оны отбасы мүшелері не жақын адамдар біліп отырады. Сәйкесінше сөніп қалған жағдайда «үс-түссіз ғайып болды» демейді.

    • Кейбір қолданушылардың сөзіне сенетін болсақ, бұл – жақындарды қуантатын көп жолдардың бірі. Құрбы, бауыр, ағайынның геолокациясын қарап тосынсый жасауға болады. Ол кенеттен кездесуге шақыру, не сол адамның қасына барып қуанту болуы мүмкін.

    • Тегін. Ақылы функциялары не жарнама жоқ.

    Қауіптенетін тұстары бар ма?

    • Жеке бас қауіпсіздігі. Қосымшаны пайдалану үшін сізден тек үш нәрсені сұрайды: аты-жөні, телефон нөмірі, туған күн. Бұл сізді қосымшаға тіркеу үшін қажет, бірақ құпия сөз қажет емес. Құпия сөздің жоқтығы Zenly-ді пайдалануды сөзсіз жеңілдетеді. Қосымшада құпия сөздің болмауы нені білдіреді? Zenly өз қолданушыларының қауіпсіздігінен гөрі ыңғайлылыққа басымдық беріп отыр.

    • Деректердің құпиялығы. Zenly-дің құпиялық саясатында бұл геолокация көрсететін сервис, сол себепті сіздің орналасқан жерді көрсетудің қажеттілігі туралы жазылған. Деректердің үшінші тарапқа берілуі де мүмкін. Бұл жоққа шығарылмайды:

    «Біздің қызметтерімізді пайдаланған кезде сіз Zenly және біздің отбасымыздағы басқа компаниялармен ақпаратты бөлісесіз».

    Бұл деректер қосымшада және оның жадында сіз қосымшаны қолданғанша сақтала береді. Қосымшаны кейін өшіре алмайсыз. 12 айдан аса қосымша ашылмаса, қолданылмаса сіздің аккаунт автоматты түрде өшеді.

    • Аңду құрбаны. Егер адам онлайн ортада бопсалауға ұшыраса оның теріс салдары өмірде орын алады. Zenly-де нақты геолокация көрсетілетіні белгілі. Демек, адамның қайда жүргенін біліп алуға болады. Бұл қылмыскерлер не басқа психолоиялық ауытқуы бар адамдар үшін адамдарды аңдуға өте ыңғайлы.

    Түйін

    Қазақстандық ақпараттандыру саласында Zenly қосымшасының жеке деректерге, деректер құпиялығына төндіретін қаупі туралы айтыла бермейді. Тек Tengrinews ақпараттық порталы жариялаған мақалада сарапшы бұл қосымшаға «қауіпсіз емес» деген баға берді. Дегенмен, батыстық және ресейлік зерттеушілер мен сарапшылар қосымшаның жақсы жақтарымен қатар қауіпті тұстарын ашық айтуда. Zenly қаншалықты ұнамды болғанмен, соншалықты қауіпсіз емес. Қауіпсіздік мәселесін қарастырғанда екі жақты бірден айтқан жөн:

    1. Ішкі қауіпсіздік. Қосымша жеке деректерді сақтаудың толық құпиялығын уәде етпейді. Деректер Zenly отбасындағы басқа компанияларға таратылуы мүмкін, бірақ олардың кім екені ашық айтылмайды.

    2. Сыртқы қауіпсіздік. Бағдарламаның ашық болғаны соншалық, сіз көрсеткен деректерді қылмыскерлер басқа мақсатта пайдалануы мүмкін.

    Жоғарыда айтылғандардан Zenly-ды қолдану кеңес етілмейді. Ал, қолдану не қолданбау – өз еркіңіз.


    написать администратору сайта