Д_птер тексеру аны_тамасы. Дптер тексеру анытамасы
Скачать 19.21 Kb.
|
Дәптер тексеру анықтамасы 28.01.2021 жылы 5К сыныбы оқушыларының ағылшын тілі дәптерлері тексерілді. Сыныпта 13 оқушы. Пән мұғалімі Берт Арайлым Багдатовна. Оқушылар екі дәптер жүргізеді, біреуі баспадан шыққан дайын жұмыс дәптері. Дайын жұмыс дәптеріне оқушылардың аты-жөні жазылмаған, іші жүйелі түрде толтырылмаған. Оқушылардың екінші дәптерлерін тексеру барысында сыныптағы оқушылардың дәптерлері толық емес екендігі анықталды. Дәптерлер тысталып, сырттары толық жазылмаған. Жалпы дәптер жүргізулері өте нашар. Мысалы, Жүсіп Ерасылдың дәптері 6-ақ бет. Сонымен қатар, Аманбек Ақылбек, Мугинов Нұрислам, Ибраим Мухамеджан, Алпыс Азамат, Дюсенбаев Дамирдің каллиграфиялары өте нашар. Оқушылардың шимайлап жазуы жиі кездеседі. Мұғалім тарапынан уақытылы тексерілмеген, ескерту жасалмаған. Қорытынды: оқушылардың дәптерлерінің жағдайы өте нашар, мұғалім тарапынан тексеріліп, талап қойылмайды. Ұсыныс: оқушы дәптерлері талапқа сай толтырылуын қадағалап, уақытылы тексерілсін. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: С.Р.Тауекелова Дәптер тексеру анықтамасы 28.01.2021 жылы 9Ә сыныбы оқушыларының ағылшын тілі дәптерлері тексерілді. Сыныпта 14 оқушы. Пән мұғалімі Берт Арайлым Багдатовна. Оқушылардың баспадан шыққан дайын жұмыс дәптерімен жұмыс жасамайтындығы, сабақ барысында қолданбайтындығы анықталды. Арнайы дәптер ағылшын тілін сынып оқушыларының оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқу-әдістемелік құралдың негізгі бөлігі. Оқушылардың екінші дәптерлері тысталған, тексерілген, бірақ кері байланыс, қателерді түзету немесе ұсыныс жазу жүргізілмеген. Қорытынды: оқушылардың дәптерлерінің жағдайы орташа. Ұсыныс: оқушы дәптерлері талапқа сай толтырылуын қадағалап, кері байланыс жүйелі түрде жазылсын. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: С.Р.Тауекелова Сабақты талдау парағы Күні _________________сыныбы _____________пәні _____________________________ Мұғалімнің аты – жөні: ______________________________________________________ Сабақтың тақырыбы: ________________________________________________________ Сабақтың мақсаты: _________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
14-16 қазан аралығында пәндер бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлері тексерілді. Химия-Биология пәнінің дәптерлерінде жұмыс дәптерлерінің сыртқы бетінің көрінісі: жақсы ,ұқыпты,таза. Оқушының қате орындаған жерлерін мұғалім тарапынан түзетулер енгізілген. Оқушылар дәптерлерінде кестені толық толтырмаған, сызғышты пайдаланбай қолмен қисық-қисық сызылған дәптерлер бар. Орыс тілі,ағылшын тілі,қазақ тілі дәптерлерінде оқушылардың дәптерлерді тысталғаны мен, дәптерлердің мұқабасына карандашпен әр түрлі сөздер жазылғаны да кездесті. Оқушының қате орындаған жерлерін мұғалім тарапынан түзетулер енгізілген. Каллиграфия нашар. Оқушылардың шимайлап жазуы жиі кездеседі.Оқушылар дәптерлеріне мұғалім тарапынан ескертулер жазылған. Сөйлем аяқталмаған! Үй тапсырмасы орындалмаған ! Таза жаз! деген ескертулер жасалған.Бағалары дұрыс ,нақты қойылған. Дәптерлер уақытылы тексерілген. Физика ,математика,сызу пәндері бойынша да оқушылар дәптерлерінде кемшіліктер кесдесті.Жұ http://uskz.org/publ/saba_zhosparlary/ys_a_merzimdi_zhospar/baty_orta_mektebini_2013_2014_o_u_zhylynda_zh_mys_d_pterlerini_zh_rgiziluin_tekseru_turaly_any_tama/28-1-0-7937 |