гг. Дріс 1 Деректер базасыны пайда болуы жне перспективасы. Деректер базасыны негізгі анытамалары мен терминдері. Деректер базаларына жалпы сипаттама
Скачать 17.58 Kb.
|
Дәріс 1 Деректер базасының пайда болуы және перспективасы. Деректер базасының негізгі анықтамалары мен терминдері. Деректер базаларына жалпы сипаттама. Қазіргі кезде деректер базасымен деректер базасын басқару жүйесі терминдері компьютерлерде тікелей қолданылады. Жалпы жағдайда деректер базасы термині белгілі бір белгілермен біріктірілген кез келген байланысқан ақпарат жиынтығымен қолданылады. Әрбір технологияның міндетті компоненті «деректер базасы» болып саналады. Деректер базасы ақпараттық жүйенің орталық бөлігі болып табылатындықтан, ақпараттық технологияда шешімдерді қабылдауды қолдауда маңызды роль атқарады. Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – шын өмірдің объектілері жайлы деректерді өңдеу. Кең мағынада, «деректер базасы» ұғымы қандай да бір пәндік облыста шын өмірдің нақты объектілері туралы деректердің жиынтығы. Пәндік облыс ретінде басқаруды ұйымдастыру үшін зерттеуге жататын шын өмірдің бөлігін түсінуге болады. Деректер базасының пайдаланушылары әр түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ ақырғы пайдаланушылар делінетін деректер көздері немесе пайдаланушы рөліне түсінетін пәндік облыстардың мамандары болып табылады. Деректер базасын (database) ақпаратты сақтау камерасы десе де болады, яғни есептеу жүйесі жадысында сақталатын және объектілер жағдайы мен қарастырылатын пәндік облыстағы олардың өзара байланыстарын бейнелейтін ерекше түрде ұйымдастырылған деректер жиынтығы болып табылады. Жалпы алғанда, деректер базасы(ДБ) дегеніміз қандай да бір объект туралы деректердің жиынтығы және де ақпараттарды сақтауға арналған ұйымдастырылған құрылым болып табылады. Деректер базасындағы деректер деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) көмегімен өңделіп таратылады, яғни деректер базасын басқару жүйелері – деректерді өңдеуге, деректер базасында жұмыс ұйымдастыруға арналған, яғни үлкен көлемді ақпараттар массивін сақтауды, өңдеуді және қажетті форматтар дайындалуды, таратуды коллективті түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін программалар кешені болып табылады. Деректер базасындағы басқару жүйесі компьютерде есептеуді жүргізеді, графикалық бейнелерді, міндеттерді құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үлкен көлемді ақпараттарды сақтайды, өңдейді, іздейді, іздейді және тізімдеуді жеңілдетеді. ДББЖ-мен жұмыс істейтін модельмен берілген, базада сақталатын деректер өзінің логикалық құрылымына ие. Маңыздылардың қатарына келесі деректер модельдерінің типтері жатады: иерархиялық, желілік, реляциялық, объектіге бағытталған. Деректер базасын ұйымдастыруда келесі талаптар қойылады: Деректер базасы – бұл келешекте жасалатын қолданбалы программалардың негізі. Деректер базасы қосымшаны жеңіл, арзан және жылдам өңдеу мүмкіндігімен қамсыздандыру қажет. Деректердің көп ретті қолданылуы. Бір сол деректерді әр түрлі түсінетін пайдаланушылар оларды әр алуан түрде қолданыла алады. Қарапайымдылық. Пайдаланушылар деректерге қарапайым қатынас арқылы қол жеткізе алады. Қолдану икемділігі. Деректерге қатынас немесе оларды іздеу оған қол жеткізудің түрлі әдістері көмегімен іске асырыла алады. Деректерге жоспарланбаған сұраныстарды тез өңдеу. Деректерге кездейсоқ сұраныстар нақты сұраныстарды өңдеу мақсатында жазылған қолданбалы программалармен емес, жоғарғы деңгейлі сұраныстар тілі немесе есептер генерациясы тілі көмегімен өңделе алады. Өзгерту енгізудің қарапайымдылығы.Деректер базасы деректерді бар қолдану тәсілін жоймау арқылы ұлғая және өзгере алады. Үлкен емес шығындар.Деректерді сақтау мен қолданудың құны төмен және өзгерту енгізуге кететін шығындар азаяды. Деректер артықшылығының төмендеуі.Жаңа қосымшалар талабы жаңа файлдарды құру жолымен емес, бар деректер есебінен жүргізіледі. Өнімділік.Деректерге сұраныс деректерді қолдану үшін қажет етілетін жылдамдықпен қанағаттандырылады. Құпиялылық.Деректерге рұқсат етілмеген қатынас мүмкін емес. Бұрмалаудан және жоюдан қорғау.Деректер апатты және қылмысты жағдайлардан, деректерге қатысты тұлғалардың біліксіздігінен оларды қателікпен жаңартатын оқиғалардан сақталуы қажет. Кез келген деректер базасының ядросы «деректер моделі» болып табылады. Деректер моделі деректер құрылымын, тұтастықты шектеу және деректерді басқару операцияларының жиынтығы болып саналады. Деректер моделі көлемімен пәндік облыстың объектілері мен олардың арасындағы өзара әрекеттер көрсетіледі. Қазіргі ақпараттық технологиялардың негізі деректердің орналасуы қолданушылардың қажеттіліктерін өтеу үшін деректер базасын құру концепциясында құрылған. Бұл базалар арнайы программалық кешендер көмегімен құрылып жұмыс істейді. Бұл кешен деректер базаларын басқару жүйелері (ДББЖ) деп аталды. ДББЖ деректер базалары сияқты келесі типтерге бөлінеді: иерархиялық, желілік, реляциялық және объектіге бағытталған. Қолдану мүмкіндіктеріне қарай ДББЖ дербес (ДДББЖ) және көпқолданушылық (КДББЖ) болып бөлінеді. Персоналдық ДББЖ-ге Visual FoxPro, Paradox, Clipper, dBase, Access және тағы басқа жатады. Көпқолданушылық ДББЖ-ге, мысалға Oracle және Informix жатады. Көпқолданушылық ДББЖ-ң құрамындағы ДБ сервері мен клиенттік бөліктер әртүрлі ЭЕМ-дер мен әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейді. Сондықтан КДББЖ негізінде клиент-сервер технологиясы бойынша жұмыс істейтін ақпараттық жүйе құруға болады. Көпқолданушылық ДББЖ-ң жұмыс істеуі үшін көп компьютерлік ресурстар қажет. ДББЖ тілдік және программалық амалдардан тұрады және ДБ-н құруға, жүргізуге, қолдануға арналған. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет ете бермейтін Microsoft Office (Windows) құрамына кірістірілген деректер базасын басқару жүйелері, оның ішінде Access атаулы жан-жақты мүмкіндікті деректер қоймасын басқару жүйесінің бірінші нұсқалары жарық көрді: Access 2.0, Access 7.0, Access 97, Access 2000 (Access – кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс жасауға жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар. Сақталатын деректердің көлемінің ұлғаюы, құрылымдық схемасының күрделілігі және ақпараттық жүйелердің қолданушыларының көбеюі, түсінуге оңай ДББЖ-ң (кестелік) қолдануына себеп болды. Бір уақытта ДБ-мен жұмыс істеу үшін кей уақытта бір-бірінен алшақ сақталатын орыннан алыс орналасқан қолданушылар үшін желілік мультиқолданушылық ДББЖ-нің нұсқалары пайда болады. Оларда әртүрлі жолдармен параллель процестердің қиыншылықтары шешіліп, деректердің біртұтастылығы мен қауіпсіздігі сақталады. Тест тапсырмалары Сіздердің назарларыңызға бір не одан да көп дұрыс жауапты тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауапты номерлі варианттарды анықтаңыз. 1.MSAccessпрограммасының объектілері: Кесте Схема Отчет Форма Бланк Макрос Модуль Қатынас Мәлімет Сұраныс 2.Деректер базасының негізгі түсініктері: Кортеж Модель Атрибут Қатынас Проекция Кілт 3.Көпқолданушылық ДББЖ Informix Paradox FoxPro Access Clipper Oracle dBase Бақылау сұрақтары Деректер базасы деген не? ДББЖ-не анықтама беріңіз. ДБ қандай талаптарды қанағаттандыруы тиіс? ДББЖ-нің қандай түрлерін білесіз? Айырмашылықтары қандай? |