Главная страница
Навигация по странице:

  • Өстік желдеткіштер.

  • Жарис. Қысқаша дәрістер жиынтығы. Дріс 1 Кіріспе. Желдету ондырыларыны ндірісте алатын орны. Желдету ондырыларын жіктеу, оларды рамы, пайдалану облысы. Желдету ондырыларыны рамы.


    Скачать 6.85 Mb.
    НазваниеДріс 1 Кіріспе. Желдету ондырыларыны ндірісте алатын орны. Желдету ондырыларын жіктеу, оларды рамы, пайдалану облысы. Желдету ондырыларыны рамы.
    АнкорЖарис
    Дата16.05.2022
    Размер6.85 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚысқаша дәрістер жиынтығы.docx
    ТипДокументы
    #531787
    страница4 из 4
    1   2   3   4
    Радиалды желдеткіштер тобы. Нан өнімдерін қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында желдеткіштерді мақсаты бойынша жалпы қолданылатын (таза ауада жұмыс істейді) және арнайы мақсатта (шаңданған ауада жұмыс істейді) – шаңнан тазалағыштар болып бөлінеді. Жалпы мақсаттағы желдеткіштер желдету жүйесінің сорушы бөлігінде (желдеткіш шаңбөлгіштен кейін орналасқан) қолданылады. Мұндай радиалды желдеткіштерге Ц4-70, Ц4-76, В-Ц14-46, Ц9-57 және т.б. жатады. Арнайы мақсаттағы желдеткіштер желдету жүйесінің сығымдау бөлігінде қолданылады. Мұндай радиалды желдеткіштерге ВЦП (Ц6-46), ЦП7-40, ВЦП6-45-8-01 және т.б. жатады. Желдеткіштер механикалық қоспалармен (шаң, қалдықтар, ағаш үгіндісі (опилка)) ластанған ауаны тасымалдағанда бітеліп қалмауы керек, сондықтан шаңға арналған желдеткіштердің қалақшалар саны аз болады (6...8 қалақша) және жұмысшы дөңгелектің айналу бағытына бағыттас алға қарай иілген болып келеді. 4-ші суретте жалпы мақсатта қолданылатын жұмысшы дөңгелегі 3 электроқозғалтқыш 5 білігіне бекітілген Ц4-70 желдеткіші көрсетілген.

    4 сурет. Ц4-70 желдеткіші. 1 – корпус; 2 – коллектор; 3 – жұмысшы дөңгелек; 4 – корпустың артқы қабырғасы; 5 – электроқозғалтқыш; 6 – табаны; 7 – фланец;

    Құрылымы шегеленген төмен қысымды Ц4-70 желдеткішінің жұмысшы дөңгелегінде 12 жазық бетті қалақша бар. Қалақшалар конусты дисктің алдыңғы бөлігіне үш шегемен, артқы бөлігіне төрт шегемен бекітілген. Корпустың сорушы құбыры коллектор 2 түрінде орындалған және де оның ернеуі жұмысшы дөңгелектің 3 ішіне кіріп тұр. Электроқозғалтқыш білігінің айналу жиілігі жұмысшы дөңгелектің айналмалы жылдамдығын 45 м/с дейін қамтамасыз етуі тиіс. Төмен қысымды Ц4-70 желдеткішінің мынадай нөмірлері №2,3,4,5,6,8 және 15, орта қысымды Ц4-70 желдеткішінің №8,10,12 және 15 нөмірлері шығарылады. Төмен қысымды желдеткішпен салыстырғанда орта қысымды Ц4-70 радиалды желдеткішінің қалақшалары жазық, пішіні ерекше болып келеді, бұл оның аса жоғары айналмалы жылдамдықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ц4-70 желдеткішінің ең үлкен ПӘК – 0,81;

    5 сурет. Радиалды шаңға арналған ВЦП типті желдеткіші (Ц6 - 46). 1 – шығару құбыры; 2 – станина; 3 – электроқозғалтқыш; 4 – сорушы құбыр; 5 – қайысты белдікті беріліс; 6 – корпус; 7 – жұмысшы дөңгелек; 8 – білік;

    5-ші суретте арнайы мақсатта қолданылатын (пылевой вентилятор ВЦП) шаңға арналған желдеткіш көрсетілген.Жұмысшы дөңгелегі алты қалақшадан тұрады. ВЦП желдеткішінің техникалық сипаттамасы 1 - ші кестеде көрсетілген.
    1 кесте. ВЦП типті желдеткішінің техникалық сипаттамасы

    Көрсеткіштер

    ВЦП - 3

    ВЦП - 5

    ВЦП - 6

    ВЦП - 8

    Өнімділігі, м3

    0,55

    1,67

    2,30

    4,16

    Айналу жиілігі, айн/мин.

    2500

    1800

    1620

    1150

    Максималды қысымы, Па

    1020

    1550

    1820

    1620

    Электроқозғалтқыш қуаты, кВт

    2,2

    7,5

    7,5

    22,0

    Масса, кг

    83

    230

    257

    516



    Өстік желдеткіштер. Өстік желдеткіштер бір және екі сатылы болып келеді. Қалақшаларының пішініне байланысты реверсивті (қозғалу, айналу бағытын өзгерте алатын)және реверсивті емес желдеткіштер болып бөлінеді. Егер екпінді (набегающий) ағынға қарағанда дөңгелектері сағат бағытымен айналса, мұндай өстік желдеткіштерді – оң, егер сағат бағытына қарсы айналса – теріс деп аталады. Өстік желдеткіштер 6-шы суретте көрсетілген.



    6 сурет. Өстік желдеткіштің сұлбасы. 1 – кіру саңылауы; 2 – қалақшалы дөңгелек; 3 – корпус; 4 – диффузор; 5 – шығару саңылауы;
    Цилиндрлі корпуста 3 орналасқан қалақшалы дөңгелек 2 айналып, кіру саңылауы 1 арқылы ауаны сорады және электроқозғалтқыштың білік өсін бойлай диффузордың шығару саңылауына 5 қарай ауаны бағыттайды. Жұмысшы дөңгелектің құрылымы қалақшаларының бекіту әдісіне байланысты болып келеді. Қалақшаларды төлкеге шегелейді, пісіреді немесе өзекшелер көмегімен бекітеді. Сонымен қатар құймалы, жұқа металдан және пластмассадан басып шығарылған (штампованные) дөңгелектер қолданылады. Өстік желдеткіштер радиалды желдеткіштерге қарағанда жинақы болып келеді.

    Өстік желдеткіштердің мынадай түрлері қолданылады: МЦ(ОМЦ), ВМ, СВМ, ВО-5, 06-300 және т.б. Өстік желдеткіштердің техникалық сипаттамасы 2-ші кестеде көрсетілген.

    2 кесте. Өстік желдеткіштердің техникалық сипаттамасы

    Көрсеткіштер

    СВМ-5М

    ВМ-5

    СВМ-6М

    ВМ-6

    ВО-5

    Өнімділігі(ауа берілуі), м3

    3,0

    3,15

    5,0

    5,15

    3,0

    Кіру құбырының диаметрікқ), мм

    500

    500

    600

    600

    500

    Желдеткіштің толық қысымы, Па

    1250

    1900

    1950

    2500

    1900

    ПӘК

    0,60

    0,66

    0,635

    0,68

    0,64

    Электроқозғалтқыш қуаты, кВт

    5,5

    13,0

    14,0

    24,0

    7,5

    Желдеткіш габариттері, мм:

    ұзындығы

    ені

    биіктігі


    610

    625

    690


    940

    650

    670


    630

    700

    770


    -

    750

    925


    800

    600

    650



    Бақылау сұрақтары:

    1. Желдеткіштер қандай түрлерге бөлінеді?

    2. Желдеткіш жетектерін қалай есептейді?

    3. Желдеткіштің теориялық, нақты қысымдарын көрсетінің?

    4. Өстік, ортадан тепкіш желдеткіштер қандай жерлерде қолданылады?

    5. Желдеткіштердің желдету желілеріндегі алатын орны қандай?

    6. Өстік желдеткіштердің ортадан тепкіш желдеткіштерден айырмашылығы қандай?

    7. Желдеткіштердің негізгі параметрлері және өндірісте таңдау.

    1   2   3   4


    написать администратору сайта