реферат. Дріс 2. Желілер мен электронды байланыс жйелеріні жйеленуі жне ызметтері (телефонды байланыс, жатты электронды байланыс, озалмалы байланыс жне т б) туралы тсінік
Скачать 76.2 Kb.
|
Дәріс №2. Желілер мен электрондық байланыс жүйелерінің жүйеленуі және қызметтері (телефондық байланыс, құжатты электронды байланыс, қозғалмалы байланыс және т.б) туралы түсінік Шығыс көзінен қолданушыға жеткізілетін белгінің техникалық әдісін және таралу ортасын - электробайланыс жуйесі деп атайды. Ақпаратты жеткізу мақсатында сымды және сымсыз желілер (кейде радиожелілері) қолданылады. Хабарламалардың жеткізілуіне байланысты келесі турлері болады: әңгімені жеткізу (телефония), қозғалмалы бейнелерді жеткізу (телевидения), құжаттық, қозғалмалы ж/е т. б. Әр түрлі аумақта орналасқан қолданушылар арасында хабарламаның берілуі байланыс жуйелері арқылы жүзеге асады. Ол белгіленген мекен жайға хабарламаны бөледі және жеткізеді (белгіленген сапада және уақытында). Хабарламалардың белгіленген мекен жай бойынша бөлінуі - коммутациялық құрылғы көмегімен байланыс туйінінде жузеге асады. Хабарламалардың бағытталу әдісі бойынша байланыс жуйесі коммутирленбейтін және коммутирленетін болып бөлінеді. Бірінші жағдайда абоненттер арасындағы байланыс унемі бекітілген арна бойынша журеді. Екінші жағдайда адамдар бір-бірімен коммутациялық туйіндер арқылы байланысады. Байланыс жуйесінің құрылымы: абоненттік құрылғылардан, байланыс арналарынан (байланыс жүйесі) және коммуникациялық түйіннен тұрады. Абоненттер санына және қызмет көрсету аумағың көлеміне байланысты келесі түрлері бар: сызықты, радиалды, сақиналы, радиалды-түйінді және т.б. Байланыс жүйесінің оптимальды құрылымы теория мен техника құрылысына байланысты. Телефондық байланыс жүйесі - қолданушы халықтың, мекеменің сөздік қатынасын - мемлекет аралық және мемлекет ішінде жеткізу кезінде телефондық жуйеге шығу кезінде қщлданады. Құжаттық электробайланыс - жеделхаттық баайланыс (телеграфтық), факсимильді байланыс жатқызылады. Жедел хаттық байланыс - хабарламаның әріптік және сандық турінде жіберушіден елгіленген мекен жайға жеткізу. Ол жалпы қоғамдағы телеграфтық байланыстан және абоненттік телеграфталудан тұрады. Телеграфтық байланыс - байланыс бөлімдерінде тұрғындардан, мекемелерден қабылданып, жедел хат мекен жайына жеткізілуін қамтпамасыз етеді. Бұл құжаттық электробайланыстың дамыған түрі. Абоненттік телеграфтау мекемелер мен халық арасындағы жедел хаттық қатнасты орнатуға мүмкіндік береді. Бұл үшін мекемелерде телеграфтық аппараттар орнатылған. Абоненттік телеграф екі жақтық байланыс орнатады, ал жалпы қолданыстағы телегратық жүйе бір жақтық байланыс орнатады. Мәліметтердің берілуі - ақпараттың тұтынушыдан қолданушыға жетуін қамтамасыз ететін электробайланыс түрі. Мәліметтердің берілуі телеграфтық хаттар сияқты дискретті белгілер арқылы жүзеге асады. Бірақ оның телеграфтьық байланысқа қарағанда айтарлықтай айырмашылығы көп. Біріншіден телеграфтық байланыс адамдар арасындағы ақпараттар адаммның оқуына ыңғайлы боллу үшін қағазға басылуы немесе жазылуы керек. Ал , мәліметтердің берілуі кезінде ақпараттар адам мен ЭВМ арасында, немесе ЭВМ дар арасынды жүзеге асады. Сондықтан ЭВМ-ға ақпарааттың енуі және шығуы байланыс арналарында дискреттік сигналдар арқылы беріледі. Екіншіден телеграфтық байланпыс кезінде көбінесе мағыналы мәтіндер беріледі. Телеграфттық мәтінддердің берілу нақтылығы 60-70 томендейді. Мәліметтер қағида бойынша сандық ақпараттардан тұрады. Үшіншіден телеграфтық хаттардың көлемі кішкентай, олар ондық және жүздік бірліктермен белгіленеді. Бұл ақпараттардың берілуіне баяу жылдамдықты қолдануға мүмкіндік береді (50-....200 бод). Электрондық жүйе арқылы берілетін ақпараттардың көлемі бірнеше ондықтан, жүздіктерге жетуі мүмкін. Мұндай ақпараттың телеграф арқылы жетуіне бірнеше сағат қажет. Факсимильді байланыс - электрлік сигналдар арқылы қимылсыз кескіндерді, мәтіндік құжаттарды, жобаларды, сызбаларды және карталарды жіберуге бағытталған. Соңғы жылдары құжаттық электробайланыстың жаңа түрлері - видеомәтін, телемәтін және телефакс қарқынды дамып келеді. Олар шынайы байланыс жуйелерінің негізінде (жалпы қолданыстағы теледидарлық және телефондық) құралған және электрондық құжаттардың бір адамнан екінші адамға немесе банктерден адамдарға берілуіне бағытталған. Жаңа байланыс түрлері іскерлік корреспонденцияларды жиберу мақсатындда кеңінен қолданылады. Қозғалмалы байланыс жүйесі - белгілі бір аумақта орналасқан бірнеше абоненттердің бір уақытта бір-бірімен байланысуына негізделген. Барлық қозғалмалы байланыс жүйесін үлкен 5 топқа бөлуге болады: - ұялы қозғалмалы байланыс жүйесі; - қозғалмалы кәсіби байланыс жүйесі; - пейджигті жүйе немесе жекеленген радиошақыру жүйесі; - жерсеріктік қозғалмалы байланыс жүйесі; - сымсыз байланыс жүйесі. Барлық аталған жуйелер ұялы телефондар концепциясынның негізінде құралған. Барлық қозғалмалы байланыс жүйесі қоғамдық телефон жуйесіне суйемелдейді, сонымен қатар қозғалмалы объектілерддің берілуін бақылау үшін станция құрылғыларының жаңарып отыруына да суйемелдейді. Қарапапйым жағдайда - қозғалмалы объекттер жүйесі (сурет 2.1) антеналарды құрумен және абоненттерге сымды абоненттік сызықтарды ауыстыратын - радиоарналарды құрастырудан басталады. 2.1-сурет - Ұялы байланыстың құрылу жүйесінің негізі Бір аумақта орналасқан барлық абоненттер барлық абоненттік радиосызықты қолдана алады. Абоненттің трубкасында ұялы радиостанция, одан әрі ұялы станнциясы болады. Ол радиоарналар арқылы бір желінің қызмет көрсетуіне қажетті радиоаппараттардан тұратын негізгі қабылдап-шығарру станцияларымен байланысады. Негізгі бақылаушы станция бірнеше негізгі қабылдап-шығару станцияларын басқарады. Оның міндетіне бірнеше логикалык есептер кіреді: абоненттің сұранысы бойынша арналарды іздеу және абонентті сол арнаға қосылуын басқару; мәліметтердің берілу сапасын бағалау; жылдамдықты бақылау және абоненттің қызмет көрсетіллу желісінен шығу уақытын баққлау кіреді. Бұл уақытта қабылданып жатқан сигналдың мөлшері белгіленген табалдырықтан төмендейді. Негізгі бақылаудың мақсаты негізгі станцияны тауып, қозғалмалы объекті осы арнаға қосу. Ұқсас басқару станциясы болмаған жағдайда негізгі бақылаушы станция басқа бақылауға қосу үшін - жаңа басқа сигнал шығарруы керек. Бақылаушы басқа қозғалмалы байланыс жуйесінің орталлық коммутациясына қосылады. Бұл орталықтар құрылғылармен жабдықталған және қозғалмалы объектпен байланыс орнату үшін арналған бағдарламаларды құрайтын коммутациялық станциялардан тұрады. Ұялы байланысқа қойылатын талаптар: - радиоарналардың максималды саны; - максимальды радиотолқынмен жабылған аумақтар. Максимальды арналар саны ультрақысқа диапазонда пайда болатындықтан бұ теориялар бір-біріне қарама-қайшы келеді. Сонымен қатар бул диапазонда кереңделу пайда болып, радио ақпараттың берілу қашықтығы ұлғаяды. сондықтан да қозғалмалы байланрыс жуйесі радиожиіліктерінің қайта қолдданылуы негізінде құрылады. Бұл ұялы байланыстың радио жиілік диапазоны бірнеше бөліктерге бөлініп, әр түрлі байланыс желілерінің радио жиілігінде қолданумен түсіндіріледі. мұндай бөлініс жиілік радио жоспар деп аталады. 2.2 а суретінде жиілік радио жоспардың бір түрі көрсетілген. Негізгі станцияларда қолданылатын барлық диапазон жиіліктері А,В,С топтпрына бөлінеді. Желі әр түрлі жиіліктері бар топтардан құралған ұяларға болінеді (кластерлер). Радио аумақтың ортасына бір-біріне қарама-қарсы 120 градуста иілген екі антена орнатылады. Осындай әдіспен әр топқа үш бағытта жиіліктер бөлінеді. Кластерлердің ішінде қайталап қолдану болмайды. 2.2-сурет - Жиіліктердің қайта қолдану қағидалары Қозғалмалы байланыстың кәсіби жүйелері - абоненттің корпоративті топтпалған (жедел жәрдемдерге, тжқ, өрт сөндлірушілерге, тәртәп сақшыларына және т.б) арналған. Қозғалмалы байланыс жүйесі - кез келген сөйлесу арналарының жүйесінде жалпы жиіліктердегі диапазонға мобильдлі станрциялардың теңдей және еркін кіруі ароқылы абоненттердің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Әлемдлік стандарттарда қозғалмалы байланыс жуйесінің барлық мобильді станциялардың арналарына теңдей және еркін кіруі "транкинг" деп аталады. Сонымен қатар кез келген бос сөйлесу арнасы желенің тарифіне байлангысты пақты бір сеанс жүйесі үшін белгілі бір абонент атына бекітіледі. Бұл үшін мобильдді станциялардв арнайы алдын-ала дайындалған жиілік жүйесін сканерлеп, әр-бір эфирге кіру кезінде өз кодын, кіру кодын және шақырылып отырған абоненттердің номерін көроуге мнмкіндік беретін микропроцессор орнатылған. Жекеленген радиобайланыс жүйесі (ЖРЖ)- абоненткебелгіленген аумақ аймағында радиоарналар арқылы бір жақты, белгілі бір көлемддегі хатты жіберуге бағытталған. Қағидалар бойынша ЖРЖ - бір бағыттық (симплексті) байланыс жүйесі. Кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген адамды қозғалмалы байланыс жүйесі арқылы абоненттерді екі жақты байланысқа шақырады. Бұл жерде "кез келген жер" деген қозғалмалы байланыс жүйесінің қызмет корсету аймағымен шектеледі. Қозғалмалы жер серіктік байланыс - жалпы қолданыстағы телефон абоненттерімен және қозғалмалы объектілерде орнатылған мобильді станциялар (автокөліктерде, кемелерде, ұшақтарда және т.б) арасындағы байланысты орнатуға негізделген. Сонымен қатар ұялы жүйе базасында жекеленген радиобайланыс жүйелерінде де қолданылады. Жекеленген байланыс түрін қолданғн кезде байланыс абонент кеңістігінде белгілі үлгімен кодталған, өз номерінің озгеруінсіз байланыс орнатылады. |