Муд мед. №5 Иммунды процесстердің бұзылуы. Аллергия. Дріс 4 Таырыбы Иммунды процесстерді бзылуы. Аллергия Иммунды патология
Скачать 123.38 Kb.
|
Дәріс № 4 Тақырыбы: Иммунды процесстердің бұзылуы. Аллергия Иммунды патология — патологиялық кұбылыс. Иммундық реакциялардың көптігімен немесе жетіспеушілігімен көрінеді. Иммунды жауаптың бұзылуына байланысты туындайтын патологиялық процестерді зерттейтін жалпы патологияның жаңа саласы. Аллергия деген не? Аллергия – ағзаның иммундық жүйесінің кейбір сыртқы тітіркендіргіштерге аса сезімталдығы. Мысалы, жан-жануарлардың жүніне, өсімдіктердің тозаңына, түрлі азық-түлікке, химиялық заттарға, шаңға, дәріге, жәндіктердің уына, косметикаға және басқа да заттарға алларгия болуы мүмкін. Ағза кейбір заттарды ағзаға қауіп төндіреді деп қабылдап, оларға қарсы антидене жасайды. Келесі жолы сол аллерген әсер еткенде қайта антидене бөлінеді. Көзден жас ағу, құсу, қышыну, т.б. белгілер – ағзаның аллергенге қарсылығы. Кейде жағымсыз иістің мұрныңды жыбырлатып жіберетіні болады. Немесе ұстаған нәрсең қолыңа жақпағандай сезімде боласың. Мұндай аллергия өте әлсіз, оны тіпті байқай да бермейсің. Керісінше, аллергиялық реакция өте күшті болуы да мүмкін, кейде тіпті өмірге қауіп төндіреді. Аллергиясы бар адамдар анафилактикалық шокқа – ауыр патологиялық күйге түсуі мүмкін. Аллергия не себепті пайда болады? Кейбіреулердің иммундық жүйесі аллергендерге аса қатты реакция беріп, түрлі химиялық заттар түзеді. Жиі кездесетіні – гистамин деп аталатын қонағысқа арналған антидене. Ол аллергиялық белгілер тудырады. Аллергияның клиникалық белгілері: — Мұрынның сілемейлі қабатының қабынуы; — Көздердің қызаруы, сулануы, қышуы; — Есекжем, қышыма; — Буындардың ауыруы, ісінуі; — Іш өту, жүрек айну, құсу. — Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, демікпе. — Бастың ауыруы; — Құлақтың тұнуы, есту қабілетінің төмендеуі. Аллергиялық реакция бірнеше минуттар бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Ал ардагер-аллергиктерде тіпті айлар бойы жүреді. Және жыл өткен сайын ағзаның сезімталдығы арта түсіп, жаңа аллергендер қосылып отырады. Ауру асқынған кезде жоғарыдағы белгілердің барлығы бірдей қозатындықтан, науқастың жүйке жүйесіне де орасан салмақ түседі. Асқыну: — Анафилактикалық шок; — Квинке ісігі — Тыныс алудың қиындауы; — Тамыр соғысының жиілеуі; — Суық тер; — Терінің жабысқақ болуы; — Бөртпе басуы; — Асқзанның бүріп ауыруы; — Бас айналу; — Талықсу; — Қалшылдау, тырысу; — Құрғақ жөтел. Күрделі жағдайда медициналық көмек жедел көрсетілмесе, науқас санаулы минуттарда о дүниеден бірақ шығуы мүмкін. Аллергия неге етек алып барады? (Өз басым нашар экологиядан деп ойлаймын) Ал зерттеушілер мынадай болжамдар ұсынады: 1. Гигиенаның «асқынуы», яғни, артық тазалық. Адамның күрделі иммундық жүйесі үнемі белгілі бір қауіп-қатерге қарсы жұмыс істеп тұруы керек. Ал қазір аз салмақ түсетін болғандықтан, иммундық жүйе қауіпсіз антигендерге де қарсы реакция көрсетеді-мыс. Эпидемиологиялық мәліметтер гигиена әсеріне байланысты теорияны мақұлдайды. Артта қалған елдерде аллергия дегенді ешкім білмейді екен, ал Британия, АҚШ сынды дамыған елдер керісінше, көш бастап тұр. Соған қарай «елдегі тазалық артқан сайын, аллергиямен аурушылар көбейе түседі» деген тұжырым жасалған. 2. Химиялық өндіріс өнімдерін қолдану. Көптеген химиялық өнімдер аллерген ретінде белгілі, сондай-ақ басқа заттарға аллергия тудыруға алғышарт болады. Мысалы, бір жасқа дейін антибиотик қабылдаған балалар қабылдамаған балаларға қарағанда аллергияға жиі ұшырайды екен. Алайда, бұл дерттің жалпы денсаулық жағдайымен байланысы жоқ. (Денсаулығыңызға сеніп қалмаңыз деуім сол). Аллергиктерге кеңес 1. Ең алдымен ағзаңыз нені қабылдамайтынын өзіңіз білуіңіз керек. Оны анықтайтын тәсілдер бар. (Арнайы емханаларда қан сараптамасы және теріге тітіркендіргіштер енгізу арқылы анықтап береді). Сосын үй-ішіңіз, достарыңыз, араласатын адамдарыңыздың барлығы неге аллергияңыз бар екенін білулері керек. (Сақтық үшін, кейде бұл өмір мен өлім мәселесін шешуі мүмкін). Ал ауырып қалған жағдайда дәрігерге міндетті түрде ескертесіз. 2. Аллергендермен контактіні мейлінше азайту, болдырмауға тырысу. (Ит-мысықтан айналып өтесіз, жақпайтын азық-түлікті тұтынбайсыз, терезеге бірнеше қабаттаған дәке мата тұтатасыз, шаң-тозаңнан аулақ жүресіз, күніне екі рет үйді ылғал шүберекпен сүртесіз, т.б.) 3. Дәрі-дәрмегіңіз үнемі жаныңызда болсын. Негізі аллергия ұзақ курстармен емделеді. Дегенмен, аяқ астынан ауырып қалғана жағдайыңызды жеңілдететін антигистаминдік препараттар үйде тұрғаны дұрыс. 4. Емделіңіз. Тағы да айтайын, қазір медицина аллергияны жеңді. Тек үзбей 3 жыл шамасында емделу керек. Мысалы, маусымдық поллинозда күзден бастап, қыста және ерте көктемде бір-бір курс ем аласыз. Ал жаз кезінде онсыз да дәрілердің арқасында күн көресіз. Шарықтау шегіне жеткен кезде (Әркімде әр түрлі, менде тамыздың ортасына қарай) 1-2 апта қан тамырға салынатын тамызғы түрінде препараттар қабылдау керек. Жыл бойы дәрігердің бақылауында болып, емделсеңіз, құлан-таза айығып кетуге болады. • Алкаголь аллергияны асқынтады; • Балалардың диатезі де аллергияның бір түрі; • Маусымдық поллиноздан зардап шегетін болсаңыз, климат өзгертіп көріңіз. (Мейлінше ылғалды аймаққа көшу керек); • Сүт — белсенді аллерген (осы мәліметті алғаш естігенде таңданғанмын); • Балаға цитрус жемістерін шектеп беріңіз (аллергиясы барлар мүлдем татып алмасын); • Жүктілік кезінде антигистаминдік препарат ішуге болмайды(дәрігер басқа дәрілер ұсынады); • Ата-анасында аллергия болса, балаға міндетті түрде беріледі; • Суыққа да аллергия болады; • Кальций ағзадағы гистаминдердің азаюына әсер етеді; АллергияАллергиялық реакциялар Өсімдік тозаңы - аллергеннің бір түрі. Үй тозаңы кенесі. Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек. Тақырыбы: Аллергия Маќсаты: аллергиялық реакциялардың жікетлуін, себептерін, кезењдерін жєне даму механизмдерін ашу, ќоршаѓан ортадаѓы аллергендердіњ таралуы жєне аллергияныњ жиілеу себептерін ќарастыру, аллергияны зерттеудегі отандыќ ѓалымдардыњ ењбегімен студенттерді таныстыру. Дєріс жоспары: Аллергия анықтамасы және жалпы сипаттамасы. Аллергендер, олардың түрлері. Аллергияға тұқым қуалайтын бейімділіктің болуының маңызы. Аллергиялық реакциялардың түрлері; олардың жіктелуі. Аллергия медиаторлары; олардың шығу тегі және биологиялық эффектілері. Аллергияны алдын-ала ескерту мен емдеу әдістерінің қағидалары. Аллергия анықтамасы және жалпы сипаттамасы. Аллергия (грек. аllos-басқаша, ergon-іс, жұмыс)- деп сезімталдығы көтерілген организмнің кейбір бөтен текті заттардың қайталап енуіне өзгерген, бұрмаланған жауап қайтаруын айтады. Ол организмде әртүрлі бұзылыстарға - қабынуға, тегі еттердің (бронхиолалардың, ішектердің, ж. б. ) жиырылуына, некрозға, шокқа және басқа өзгерістерге екеледі. Былайша айтқанда, аллергия организмде гуморалдық және жасушалық иммундық серпілістерден пайда болатын бұзылыстардың жиынтығы. Аллергия анықтамасы және жалпы сипаттамасы. Аллергия (грек. аllos-басқаша, ergon-іс, жұмыс)- деп сезімталдығы көтерілген организмнің кейбір бөтен текті заттардың қайталап енуіне өзгерген, бұрмаланған жауап қайтаруын айтады. Ол организмде әртүрлі бұзылыстарға - қабынуға, тегі еттердің (бронхиолалардың, ішектердің, ж.б.) жиырылуына, некрозға, шокқа және басқа өзгерістерге екеледі. Былайша айтқанда, аллергия организмде гуморалдық және жасушалық иммундық серпілістерден пайда болатын бұзылыстардың жиынтығы. Аллергендер, олардың түрлері. Аллергияға тұқым қуалайтын бейімділіктің болуының маңызы. Аллергияның себебі болып, организмде гуморалдық немесе жасушалық иммундық жауап шақыратын антигендік қасиеттері бар көптеген заттар есептеледі. Олар аллергендер (аллергия туындатқыштар) деп аталады. Аллергендер болып толық антигендер (бөгде нәруыздар, полиқанттар, липолиқанттар, полипептидтер т. б. Нәруыз емес заттар) және толық емес антигендер есептеледі. Толық антигендер деп тектік бөтен ақпараты бар және организмге енгенде арнайы иммундық реакциялар дамуына әкелетін заттарды айтады. Меншік тін нәруыздарына қарапайым химиялық топтар ыстық немесе байланысқанда олар антигендік қасиет қабылдайды. Бұндай нәруыз молекуласына жаңа иммундық арнайылық беретін химиялық топтарды байланыстырып алынған антигендер толық емес антигендер деп аталынады. Иммундық арнайылық беретін химиялық топтарды гаптендер дейді. Бұларға дәрі-дәрмектер, бейорганикалық химиялық заттар және басқалар жатады. Олар организмнің нәруыздарымен байланысу арқылы арнайы антиденелер өндірілуіне әкеледі. Бұл кезде өндірілген антиденелердің арнайылығы организмнің өзінің нәруызына бағытталмай, тек антигеннің сыртындағы арнайылылықты анықтақтын топтарға немесе тұтас кешенге бағытталған болуы мүмкін. А. Д. Адоның жіктеуі бойынша, аллергендер экзогендік және эндогендік болуы мүмкін. Экзогендік аллергендерге өсімдік тектес (олардың тозаңдары, жемістері, сабақтары), жануарлар тектес (қан сары суы, жүн, түбіт, қайызғақ, шаш, ж.б.), тұрмыстық (үй тозаңы, сәндік бұйымдар, кір жуатын заттар ж.б.), тағамдық, өндірістік заттар, дәрі-дәрмектер, бактериялар, вирустар ж.б. жатады. Бұлар организмге тыныс алу, ас қорыту жолдарымен, тері, шырықты қабықтар арқылы екпелердің нәтижесінде түседі. Эндогендік аллергендер (аутоаллергендер деп аталады) табиғи (бірінші) және жүре пайда болған (екінші) болып бөлінеді. Табиғи (бірінші) аллергендерге организмнің өзінің кейбір қалыпты тіндері (көз бұршағы, нервтік тін, қалқанша бездің коллоиды, тестикула тіні ж. б. ) жатады. Жүре пайда болған (екінші) аллергендер организмнің өзінің өзгерген тіндерінен пайда болады. Олар инфекциялардан немесе бейинфекциялық әсерлерден болуы мүмкін. Бейинфекциялық әсерлерге суық температура, радийбелсенді сәулелер, улы химиялық заттар, кейбір дәрі-дәрмектер ж. б. жатады. Инфекциялық эндоаллергендер микробтардың немесе олардың уыттарының тіндермен кешендер құруынан болатын және вирустармен шақырылатын (аралық) антигендер аурулар дамуына әкелуі мүмкін. Қазір аллергия даму негізінде адамның тұқым қуалаушылық қабілеті болатыны күмән шақырмайды болады. Аллергендер жоғарыда көрсетілген әсерлерден организмнің өз тіндерінің нәруыздарынан құрылады. Олар нәруыздардың денатурациясы (лат. denature - табиғи қасиеттеғрінен айрылуы) немесе детерминанттық (лат. determinare – анықтау) топтармен байланысулары нәтижесінде пайда болады. Организмде пайда болған аутоантигендер көптеген аутоаллергиялық. Ол ұрпақтан ұрпаққа бірнеше гендермен берілуі мүмкін. Адамда иммундық реактивтіліктің гені (jr-ген) 6-жұп аутосомда орналасқан HLA (Human leucocyte Antigens) және басқа тін үйлесімділігі генінің локусында орналасқан. Ол доминанттық түрде беріледі және жиі аллергия дамуына әкеледі. Неге соңғы жылдары аллергия жиілеп барады?- деген сұраққа адамды қоршаған сыртқы ортаның әртүрлі химиялық заттармен ластануымен жауап қайтаруға сыртқы ортада гаптендердің мөлшері көбейген, олар организмге тері, ас қорыту және тыныс алу ағзаларының шырышты қабықтары арқылы түседі. Қалыпты жағдайда бұл тіндер бөгде заттардың организмге өтуіне тосқауыл болады. Осы тосқаувылдық қызметтің бұзылуы аллергияның дамуында үлкен маңызды орын алады. Қазір терінің және шырышты қабықтардың тосқауылдық қызметтері секрециялық иммундық глобулин А-мен қамтамасыз етілетіні белгілі. Осы иммундық глобулин А-мен тұқым қуатын және жүре пайда болатын тапшылықтары бронхиалық демікпенің кейбір түрлерінің дамуында өте маңызды екені белгілі. Сонымен бірге автокөліктердің сыртқа шығаратын газдары тыныс жолдарында шырықты қабықтардың жергілікті төзімділігін қамтамасыз ететін сурфактанттың түзілуі азаюына әкелетіні байқалды (Жұмашева Р.Т., 1992 ж.). Осылардың нәтижесінде тыныс ағзаларының шырышты қабықтарының өткізгіштігі жоғарылап, сыртқы ортадан организмге көптеген гаптендер түсуі мүмкін. Олар организмнің жасушаларымен және нәруыздарымен байланысқаннан кейін оның сезімталдығын көтеретін қасиет қабылдайды. Аллергияның жиілеуінде адамдардың қалай болса солай бақылаусыз дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді ж. б.) қабылдауында маңызы бар. Сонымен бірге, кәзіргі кездегі аллергияның жиілеуінде жұқпалы дерттерді алдын ала ескерту үшін қолданылытын екпелердің маңызы зор. Мәселен, көкжөтелге қарсы пайдаланылатын вакцина тіндердің гистаминге сезімталдығын көтереді, бронхылардың бетаадренергиялық, рецепторларын тежейді, аллергиялық антиденелердің түзілуін арттырады. Сайып келгенде, кәзіргі адамдардың арасында әртүрлі аллергиялармен ауыру жиілеп бара жатқаны байқалады және ол қоғамның өркениеттену белгілерімен тығыз байланысты. Аллергиялық реакциялардың түрлері; олардың жіктелуі. Аллергиялық серпілістерді жіктеуге қатысты бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінде Кук (1930) барлық аллергиялық серпілістерді екі түрге бөлді: 1. Дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минөттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің гуморалдық жүцесі арқылы дамиды деп есептеледі. 2. Баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24-48 сағат өткен соң байқалады деп есептеді. Кәзіргі күні “аллергиялық серпілістер” деудің орнына “жоғары сезімталдық” деп атау кең тараған. Осыған байланысты аллергиялық серпілістерді дереу дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) деп ажыратады. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, аллергия мен иммунитет бір механизмдермен дамиды, тек аллергия кезінде лаброциттерден медиаторлар, иммунитетке қарағанда, әлдеқайда көп мөлшерде шығарылады және сау ағзалар мен тіндердің бүліністері байқалады. Олай болса, иммунитетті гуморалдық және клеткалық деп бөлу шындыққа сәйкес келмейді. Қандай да болмасын иммундық серпілістерде әрқашан әрі жасушалар, әрі антиденелер және лимфокиндер қатысады (Беклемишев Н. Д. 1986). 1968 жылы П. Джелл, Р. Кубс аллергияларды төрт турге ажыратты: 1-түрі- ДДЖС-ң анафилаксиялық түрі; 2-түрі- ДДЖС-ң цитотоксиндік түрі; 3-түрі- ДДЖС-ң иммундық кешендік (комплекстік) түрі; 4-түрі-БДЖС-түрі. Соңынан бұл жіктеуге БДЖС пен ДДЖС соңғы екі түрінің (2+3) араласқан 5-түрі қосылды. |