Главная страница
Навигация по странице:

  • Машина жасау технологиясыныц даму багыттары

  • Дріс 5 Машина жасау технологиясыны даму баыттары


    Скачать 24.12 Kb.
    НазваниеДріс 5 Машина жасау технологиясыны даму баыттары
    Дата21.01.2022
    Размер24.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәріс 14.docx
    ТипДокументы
    #338080

    Дәріс 5

    Машина жасау технологиясының даму бағыттары
    Ғылыми-техникалыц прогресті жеделдетудегі машина жасау саласыньщ орны

    Қазіргі еліміздің бетбүрыс дэуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарының алдына қойған негізгі мәселелері мейлінше жаңа технологиялық үдерістер мен операциялар ашу жэне халық шаруашылығындағы осы уақытқа дейін ашылған, пайдала- нылып келе жатқан технологиялық үдерістер мен операцияларды үтымды қолдану болып отыр.

    Бүл мэселенің көкейтесті мақсаттары мынадай:

    • елімізде шығаратын өндірістік бүйымдардың сапасын дүние жүзінде шығарылатын бүйымдардың сапасынан арттыру немесе соларға пара-пар етіп шығару;

    • бүйымдарды шығаратын өндірістің экологиялық тазалықты сақтауы жэне өндірістің қауіпсіз жағдайда қызмет етуі;

    • өндірісті барынша ынталандырып, жоғары сапалы өнімдер алу;

    • бағдарламамен басқарылатын станоктарды пайдалану;

    • бүйымдар шығаратын өндірістің ресурс сыйымдылығын, шығынын (еңбекке, материалдарға, энергияға, негізгі қорларға, өндіріске жұмсалған қаржыға кететін жэне т.б.) азайту.

    Осы мақсатта машина жасау салаларының өте маңызды бағыт- тары төмендегідей деген пікір айтуға болады:

    • машина жасау кешенін, ең алдымен станок жасауды, есептеу техникасы өндірісін, прибор жасауды, электротехника жэне электрон өнеркәсібін түпкілікті қайта құрып, озық дамыту;

    • машина жасау кешенін дамытуға жұмсалатын күрделі қаржының көлемін едәуір арттыру;

    • жаңа техника жасау мен игеру мерзімін қысқартудың көптеген техникалық жэне экономикалық мэселелерін шешу;

    • машиналар мен жабдықтардың өлшемді қуаттарын

    экономикалық жағынан ақтай алатындай шекте арттыру;

    • қайта реттелетін икемді өндірістер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері, автомат желілері, микропроцессорлық тех- ника құралдары орнатылған машиналар мен жабдықтар, сандық бағдарламамен басқарылатын көп операциялы станоктар робот- техникалық, роторлы және роторлы-конвейерлі кешендердің кеңінен енгізілуіне жол ашу;

    • өндірісті өнім шығару, бөлшек шығару жэне технология жөнінен мамандандыру мен кооперациялауды кеңейту;

    • механикалық құрастыру кэсіпорындарының мамандандырыл- ған зауыттармен тиімді үштастырылуын құрастыру;

    • тораптар мен бөлшектерді барынша бірыңғайлауға күш салу;

    • бірыңғайланған блоктық-модульдік жэне базалық конструкция- лар негізінде машиналар, жабдықтар мен приборлар жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

    • техниканың көп функциялы түрлерін шығару;

    Машина жасауда прогресті конструкциялық материалдарды, оның ішінде: қоспасы аз прокатты, иілген, фасонды жэне дэлме-дэл профильдерді, металл үнтақтарын, композициялық материалдар мен пластмассаларды қолдануды кеңінен енгізу.

    Машина жасау кешенінің даму бағыттарына орай, станок жасау аспап өнеркэсібінің даму өзгешеліктеріне де тоқталған жөн.

    Бүл арада шығарылатын жабдықтың құрылымы жетілдіріліп, тиімді үста-пресс, металл жонатын, құю жэне ағаш өңдеу жабдығы- ның жаңа түрлерін дайындау елеулі түрде үлғайтылуы тиіс.

    Сандық бағдарламамен басқарылатын металл жонатын станок- тарды, “өңдеу орталығы” үлгісіндегі станоктарды, ауыр және бірегей станоктар мен престерді, машина жасау саласында жаппай шығарыла- тын өнімдерді құрастыруды автоматтандыруға арналған жабдықты, роторлы, роторлы-конвейерлі жэне машина жасау мен металл өндеуге арналған басқа да автоматты линияларды озық қарқынмен шығаруды қамтамасыз ету қажет. Дәлдігі жоғары жэне аса жоғары станоктар шығару елеулі түрде кеңейтілуі шарт.

    Автоматтандырылған жэне роботтандырылған кешендер мен ли- ниялар, металл өңдеудің икемді өндірістік жүйелерін, оның ішінде табақшалап жэне аумақтап штамптауға, металл үнтақтарынан, пласт- массалардан жэне басқа металдардан бөлшектер, прогресті аспап пен технологиялық жабдық, бақылауды автоматтандырудың осы заманғы өлшеу құралдарын өңдіруге арналған жүйелерді жасаудың үлғайтылуы көзделгені жөн.

    Аспап өндірісін мамандандыру дамытылып, қатты қорытпалар мен металды керамикадан жасалған, қайта қайралмайтын, сырты- на тозбайтын көп қабатты қаптамалар жалатылған жоғары өнімді кескіш аспап шығару 3-4 есе арттырылуы тиіс. Беріктікті артыратын технологияның кеңірек пайдаланылғаны абзал.

    Машина жасау технологиясыныц даму багыттары

    XXI ғасырдың бас кезеңіндегі ғылым, техника және технология- ның даму бағдарын жорамалдау арқылы, эсіресе, жапондықтардың жорамалдауларын ғылыми-техникалық мэлімдемелерге сүйеніп, қорғалып жатқан диссертациялардың, гранттардың жэне ғылыми- техникалық жобалардың тақырыптары мен ғалым-технологтардың үсыныстарын ескере отырып, машина жасау технологиясыныц негізгі даму бағыттарын төмендегідей жүйелеуге мүмкіндік туды.

    1. Машина жасау бүйымдарын шығарудағы технологиялық үдерістерді одан әрі жетілдіру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтін жаңа түрлерін ойлап шығару, құру.

    Қазіргі кезенде алуан түрлі детальдарды жасап шығарудың типті технологиялары мейлінше кең игерілген.

    Дегенмен, дайындама алу өндірісінің даму ерекшеліктері ма­шина жасау технологиясыныц, металкескіш станоктардың жэне құрал-саймандардың прогресивті түрлерінің пайда болуларына орай, қалыптасқан типті технологияларды энергия материалдар жэне басқалай ресурстар үнемдеу түрғысынан қайта қарауды талап етеді.

    Мысалы, тісті дөңгелектердің дайындамаларын дайындама жасау барысында тістерімен біржола қалыптастыру материалдар мен энер- гиялар шығындарын күрт азайтуға жэне оның технологиялық өзіндік құнын кемітуге кең жол ашты.

    Токорьлық өңдеу орталықтарын қолдану арқылы біліктер шығарудағы типті технологияда өзгеріске түсіп жатады.

    Турбиналық қалақтарды шығаруда да, алты координатты өңдеу орталығын қолдану типті технологияны мүлде өзгертіп жібереді.

    Осы аталған бағытпен ТМД елдерінің көптеген ғылыми- технологиялық бірлестіктері мен машина жасау үжымдары тікелей айналысып жатыр.

    Бүл бағыт бүйымның өзіндік құнын азайтуға зор мүмкіндік туды- рады.

    1. Дайындамалар өңдеудің ғылыми түрғыда негізделген

    жаңа кешенді технологиялық тәсілдерін құру, өмірде

    қолданылатындарын оңтайландыру және жетілдіру.

    Бүл бағытты дамыту үшін өте жүйелі ғылыи түрғыда негізделген тиянақты көзқарас қажет.

    Өндірісте қалыптасқан өңдеу тэсілдерін оңтайландыру жэне жетілдіру, оларды іске асыру режимдерін, өңделетін беттерінің сапа- ларын, өңдеу дэлдіктерін, энергиялық шығындарын, өнімділіктерін жэне технологиялық өзіндік құндарын тікелей жақсартумен тығыз баланысты.

    Мұнда технологиялық өзіндік құн оңтайландырудың ең кешенді жэне қажетті түрі ретінде алынады.

    Ғылыми түрғыда негізделген технологиялық өңдеу тэсілдерін жетілдіру үшін іргелі фундаменталды ғылымдардың жетістіктерін кең қолдану қажет, эсіресе, физикалық, химиялық электротехникалық, т.с.с. салалар.

    Машина жасау саласындағы қолданылып жүрген технологиялық тәсілдер - деталь беттерін пластикалық деформациялау тэсілі- мен эрлеп, шыңдау технологиясы, электроэрозиялық өңдеу, электроимпульстық өңдеу, электронды сэулелі, жарық-сэулелі, ультрадыбыстық, лазерлік, магнитті, химиялық жэне т.с.с.

    Деталь беттерін пластикалық деформациялауға жататын технологиялық әрекеттер: домалату, бүрлеу, кеулеу, бүранда салу, калибрлеу, дорындау, үйкелеу, дірілдете таптау, құм шашумен өңдеу, центрден тебетін аспаптармен өңдеу.

    Лазерлік технологиялық әрекеттерге кесу, тесу, жазу, өлшеу, диа­гностика, тепе-теңестіру, сапа тексеру сияқты жұмыстар кіреді.

    Өңдеудің кешенді-қосарланған тәсілдеріне электрлік-механика- лық, термо-механикалық, химиялық-механикалық, физикалық- химиялық, механикалық-физикалық-химиялық тэсілдер жатады.

    Жаңа, кешенді өңдеу тэсілдерін қолдану өңделетін беттің қызметіне қарай күштік, қызулық немесе химиялық эсерлер арқылы іске асады.

    Бүл бағыт өте қиын өңделетін матриалдарды өңдеуде таптырмай- тын тэсіл.

    1. Машина детальдарының бет қатпарларын технологиялық модификациалау.

    Бет қатпарлары мадификациялау тэсілдеріне жататындар: дифузиялық сіңдіру, лазерлік легирлеу, қаптаудың электродоғалық жэне плазмалық түрлері, иондық инплатанция, химиялық жэне гальваникалық қаптау, бүрку, эмальдау, электрсілтілік қаптау т.с.с.

    Бүл бағыт қымбат материалдарды тоздырмау және бүйымның төзімділігін арттыру үшін қолданылады. Көбінесе тозған бүйымдардың жөндеуде жиі пайдаланылады.

    1. Деталь беттерінің сапа көрсеткіштерін, олардың атқаратын қызметтеріне қарай технологиялық түрғыда қамтамасыз ету.

    Детальдың бетінің сапасы сыртынан ішіне қарай (бет қатпарына) өзгермелі болады.

    Машина бүйымдарын жасауда бет сапасын қамту үшін арнайы технологиялық үдерісстер жүргізіледі.

    Оларға жататындар; санды бағдарламамен басқарылатын станок- тарда кесу жылдамдықтары мен аспап берісін өзгерту арқылы жону, беттерді пластикалық деформациялау арқылы таптау (мүнда таптау күштері, жылдамдық, берістер өзгертіліп түрады), тоқ күшін өзгерту арқылы электромеханикалық өңдеу, т.с.с.

    Бүл бағытты дамыту арқылы бүйым төзімділігін арттырады.

    Мысалы ретінде, эр түрлі құлақшаларды өңдеу,

    дифференициалдардың үялары, турбина қалақшалары, тісті дөңгелектердің тістерін атауға болады.

    1. Дәлме-дәл, өте жоғары дәлділіктегі нанотехнологиялар. Өңдеу дәлдігі ангстремге жуық, бет кедір-бүдырлығы Ra= 0,0001 мкм.

    Өте жоғары дэлдіктегі өңдеуді іске асыру дайындаманың материалының химиялық құрамы мен оның өңдеу қасиетіне тығыз байланысты болады.

    Дайындама материалының механикалық жэне физикалық қасиеттерінің параметрлерінің шашырауы 0,1%-дан аспауы тиіс. Мүндай шартты тек наноматериалдар қамтамасыз етеді.

    Нанотехнологиялар бүйым жасаудың жаңа тәсілдерін тудыруға жол ашады.

    1. Өңдеудің жоғарғы жылдамдықта өтетін технологиялық тәсілдері.

    Бүл дегеніміз өңдеуді жүзді аспаптармен жүргізуде кесу жылдамдығын 30 м/с, ал алмазды-абразивті өңдеуде 150 м/с-е жеткізу.

    Жоғары жылдамдықтағы кесу пішіндері өте күрделі деталдары өңдеуде кездеседі, мүнда дайындама салмағының 70-80%-ы жоңқаға айналады.

    Плита тәріздес пішіні қарапайым детальдарды өңдеуде бүл эдіс өте тиімді келеді.

    Практикада жоғары жылдамдықты токарьлық жону жиі қолданылады.

    Жоғары жылдамдықты кесу үдерісін іске асыру үшін кескіш аспапты майда түйірлі қатты қорытпалармен арнайы қаптап, оларды керамикалық бордың кубтық, нитридтерімен, алмаздық кескіштермен жабдықтап, өңдеуді жоғарғы жылдамдықта бейімделген металкескіш станоктарда жүргізу қажет.

    Қазіргі кезеңде машина жасауда қолданылатын металдар мен қорытпалардың 200-дей маркілерін жоғары жылдамдықпен өңдейді. Мүнда өңдеу өнімділігі 3-10 есе өседі де, өңделінетін беттің сапасы мен дэлдігі жақсарады.

    1. Материал қасиеттерінің, өлшеу дәлдіктерінің, деталь беттерінің еапаеының тетік ізқуушылығы.

    Бүл бағыт деталдар сапасын жақсартып, өңдеуді өзіндік құнын азайтады.

    1. Бүйым құрамындағы конструкторлық-технологиялық өлшемдік талдауларды жетілдіру.

    Қиылыстырылатын беттердің сапасын ескере отырып, ондағы өлшем тізбектеріне есептемелер жүргізу.

    1. Бүйымның пайдаланушылық қасиеттерін технологиялық түрғыда қамтамасыз ету.

    Пайдаланушылық қасиеттерге жататындар: статикалық

    жэне шаршау беріктігі, тоттану түрақтылығы, статикалық жэне динамикалық контактты беріктік, контактты серіпімді қатаңдылық, қондыру беріктігі, тығыздылығы, тозу түрақтылығы.

    Осы бағыттағы жиналған ақпараттар жиынтығы бүйымның сенімділігін арттыруға сара жол ашады.

    1. Өңдейтін деталдардың және құрастырылатын

    бүйымдардың сапасын автоматтандырылған бейімді жүйелер- мен басқару.

    Бүл бағытты іске асыру үшін өлшем дәлдіктерін, сапа көрсеткіштерін, өңдеу үдерістерінде туатын күштер мен температу- раларды лезде тез бақылайтын тексеру құрал-саймандары болулары қажет.

    Осылар арқылы алынған ақпараттар жиынтығын электронды есептеу машиналарымен басқарылатын станоктарға салып, үрдісті іске асыруға болады.

    1. Өзін-өзі үйрететін технологиялық жүйелерді құру.

    Бүл жүйелерді пайдаланып жаңа материалдардан жасалынған бүйымдарды өте жоғары сапа көрсеткіштермен қамтуға мүмкіндік туады. Әсіресе, бүлар кішігірім сериялы жэне сериялы өндірістерде тиімді келеді.

    1. Құрастыру үдерістерін жетілдіру және жаңа үдерістерді Қ ұРУ-

    2. Жөндеу, пайдалану, жасау, жобалау технологияларын біріктіріп, түтас бір үдеріс құру.

    3. Деталдарды өсіру арқылы жаңа технология құру.

    4. Технологиялық үдерістерді автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдаланып құру.

    5. Модульдік принциптерге негізделген жаңа технологиялар жасау.

    6. Машина жасау ондірістерін оңтайландырып қайта құруға арналған технологиялық жобалар жасау.

    7. Өзін-озі үйымдастыратын технологиялық жүйелер және технологиялық орталықтар.

    8. Компьютерлі ірілендірілген икемді машина жасау технологияларын құру.

    Бүл бағыт нарықтық кезеңдегі бэсекеге қабілетті бүйымдар жасауға тез өтуге мүмкіндік тудырады


    написать администратору сайта