элеватор. 7лек. Дріс 7 Астыты орудан кейін деу 1
Скачать 19.47 Kb.
|
Дәріс №7 Астықты орудан кейін өңдеу 1.Егіс даласында өсіп піскен дақылдардың дәндері тірі организм демалады Табиғи-климаттық, агротехникалық т.б. факторлардың әсерінен дәндердің біркелкі бір уақытта пісіп жетілуі болмайды. Дән, бұршақ, майлы дақылдардын және басқа өсімдік өнімдерін орудан кейін қолданылатын технологиялардың қатарына мыналар жатады: астықты траснпорт жүйелерінен қабылдау, белгілі мақсатта пайдалынатын партияларды қалыптастыру, қоймаларға жайғастыру жоспарын құру, қоспалардан тазарту, кептіру, салқындату, зиянкестерден қорғау, емдік сауықтыру шараларын ұйымдастыру және сақтауға, тиеуге дайындау. Қабылдау технологиясы мына үрдістердің жиынтығынан құралады: астықтың сандық және сапалық көрсеткішін оруы алдында алдын ала анықтау; егіс даласынан комбайндермен майдаланған астықты жеткізу схемаларын бекіту; автомобилдермен тасмалданатын астықты жеткізу үшін сағаттық және тәуліктік сызықтама кестесін жасау; астықты дер кезінде қабылдап және өңдеу жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып жүргізу үшін технологиялық картаны құрастыру; Өңдеуге дейін, шахтылы кептіргіштерді тиімді дұрыс қолдану үшін, астық дақылдарын ылғалдылығы мен қоспасының мөлшеріне байланысты топтарға бөледі: А)ылғалдылығы бойынша: -құрғақ және орта құрғақты бірге; -ылғалды (2 метрге дейінгі үйменің биіктігі); -өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22% дейін, жайғандағы үйме биіктігі 1,5 м дейін); -өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22%-тен жоғары, 6%интервалмен үйме биіктігін 1м биіктікке дейін, ал жүгері дән үшін 5%-интервалмен жайғастырады). Б) қоспалары бойынша: -таза және орташа таза; -қоспалары шектеулі кондицияға дейін; -қоспалары шектеулі қоспалардан жоғары. Құрғақ, орташа құрғақ, әр түрлі шамада шөп-шалаңы бар партияларды тазарту үрдісін жүргізе отырып, бір үлкен партияға топтайды. Ылғал астық партиялары құрамында әр түрлі дәрежеде шөп-шалаңы барларды желдетіп және тазартып бір үлкен партия тобын жасайды. Өте ылғал астық партияларын (шекті позицияға дейін немесе одан кейінгілерін) екпінді түрде кептіріп және тазартып, бір қалыпқа келтіріп үлкен бір топқа біріктіреді. 2.Астықты орудан бастап оны қоймаларға жайғастыруға дейінгі аралықта олардың белгілі бағыттағы партияларын қалыптастыру маңызды орын алады. Оның күрделі үрдіс болуына мына факторлар әсер береді: -табиғи ауа райының өзгеріп отыруы; -егін егуде қолданылатын жерлердің құнарлығының, рельефінің, жазықтық деңгейлерінің біркелкі болмауы; -әр түрлі сұрыптылығы, типтілігі, тип топтары, натурасы, шөп шалаңы, ылғалдылығы, өсіп жетіп пісілуінің бір уақытта аяқталмауы және т.б. Дақылдарды табиғи климаттық жағдайға байланысты тиімді уақытында егіп, оның өсу кезеңдеріне бақылау жасап, өнімнің дұрыс қалыптасуын талдап отыру қажет. Әсіресе сүттік фазадан бастап толық фазаға өткенге дейін, барынша жиі қадағалап, керекті шаралардың қолданылуы тиіс. Бұл жұмыстарды тиімді жүргізу үшін, астық дәндерінің технологиялық картасын стандарттық талаптарға сәйкес жасап, сол арқылы көлемін және қалыптасатын әр дақыл бойынша санын анықтауға болады. Партиялардың сапасын қалыптастыруда қолданылатын технологиялық картадағы көрсеткіштер екі топқа бөлінеді: Бірінші топтағы көрсеткіштер-астық жағдайын сипаттайтын ылғалдылық пен шөп-шалаңның мөлшерін стандарттар талабына сәйкес біріктіріп, орудан кейінгі өңдеу жұмыстарын жүргізудің ретін анықтайтын болады. екінші біріктірілген көрсеткіштер-натура, шынылық, сағыздық және т.б. көрсеткіштер партиялар-дың сапалық деңгейіне байланысты. Технологиялық карта Халықаралық, ҚР стандарттарының бекітілген технологиялық көрсеткіштерінің нормативті шамаларын қолданып жасалынады. Мұндай карталарды компьютердің базасына кіргізіп қоюға болады. Сонымен астық дақылдарының партиясын қалыптастырудың технологиялық картасы – элеваторға көлікпен келіп түскен жеке дара партияларды араластармай қабылдау және өңдеу жұмыстарын жобалап жүргізуге толық мағлұмат береді. Ал орылып майдаланған астық массасын тікелей комбайннан және шаруашылықтардағы қоймалардан астық түрлерін жеткізіп, оларды өңдеп және сақтау үшін үш түрлі технологиялық ұйымдастырылған жүйе құрылуы мүмкін: егіс даласында орылған комбайндағы астықты толық «комбайын мен элеватор» схемасымен астық кәсіпорындары мен элеваторға көліктермен жеткізу. Астықты қабылдау және орудан кейінгі өңдеу технологиялық карталарының Солтүстік Қазақстандағы орналасқан элеваторлар бойынша жұмыстары талқыланды. Технологиялық жұмыс істеу картаны тиімді пайдаланудың негізгі шарты-егіс даласындағы дақылдардың сапасын алдын ала анықтау. Астық қабылдайтын кәсіпорындарға әкелінетін дәнді дақылдардың құрамында арам шөптердің тұқымдары, басқа дақылдардың дәндері, органикалық және минералдық қоспалар, зақымдалған дәндер болады. Еліміздің элеваторлары мен астық қоймаларына машина жасау өнеркәсібінен мына типтегі астық тазартқыш машиналары берілді: КДП-100 сепараторы, паспорттық өнімділігі 100т/сағ, бұл элеваторлар мен кептіргіш мұнараға жасалған; ПДП-10 сепараторы, паспорттық өнімділігі 40т/сағ,бұл элеваторлар мен механикаландырылған мұнараларда қолданылады; дискілі триерлер, өнімділігі 8т/сағ, элеваторлар үшін; ЗА-40 астық тазартқыш агрегаттары қырманға астықты жылжымалы механизмдер арқылы қабылдағанда оны тікелей тазарту үшін қолданылады; ОВ-10 желдетіп-елегіш,өнімділігі 10т/сағ доңғалағы бар, ол үйілген астыұты тазартуға арналған; ОСМ-ЗУ күрделі жылжымалы астық тазартқыш машинасы тұқымды тазартып, себу кондициясына жеткізу үшін қолданылады,өнімділігі сағатына 3 тонна; ЭМС-1электрмагнитті тұқым тазартқыш, арамшөптердің дәндерін және зақымдалған дәндерді бөлу үшін тазартатын элеваторларда және станцияларда қолданылады. Кәсіпорындарда ең көп қолданылатын сепараторлар жұмысы қоспалардың ауаға ұшуына және мөлшеріне негізделді. Олардың қатарына ЗСМ-50; ЗСМ-100; А1-БИС-100, А1-БЛС-100, А1-БЦС-100 жатады. 4.Ылғалды астықты тиімді сақтау үшін негізгі технологиялық әдіс ретінде кептіру кеңінен қолданылады. Астықтың ылғалдылығы 15% болғанда дұрыс сақталады, ал егер ылғалдылық бұдан жоғарылай бастаса, дереу кептіру қажет. Әсіресе ауа райы ылғалды, астық суға көп тиетін Солтүстік Қазақстанда кептіру жұмыстарының маңызы зор.Бұл аймақта жаңадан жиналған астықтың ылғалдылығы 18-20% шамасында болуы өте сирек, көбінесе ол 30-35 процентке дейін жетеді. Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы «Тың» атты кептіргіш жасап шығарды. «Тың» атты кептіргіштердің пневмогазды кептіргіштер айырмашылығы мынада: мұнда кептіргіш түтік жоқ, яғни кептіргіш затпен ылғал астық қоспасы бір бағытта қозғалмайды. «Тың» кептіргіш қондырғысында ылғалды астық жоғары шанақтан тамшыдай дараланып түседі. Осылайша түсіп тұрған астық ағынын температурасы 300-350оС кептіргіш агент 6м/сек жылдамдықпен көлденең кесіп өтепді. Осы кезде кептіргіш пен ылғалды астық жанасып, дән қызады.Бұл процесс жүретін жерді қыздыру камерасы деп атайды.Астық ол камерадан жылу және ылғал айырбастау қорапіне жөнелтіледі. Одан кейінгі процестердің режимі жоғарыдағы пневмогазды кептіргіштегідей болады. Қазіргі кезде республикамыздың астық дайындайтын кәсіпорындарында «Тың» кептіргіштерінің көптеген түрін кездестіреміз. Олар: Ц-20,Ц-30, Ц-36, Ц-40, Ц-50,Ц-60 және Ц-100. |