Жұмыс аймағындағы метеорологиялық жағдайлар. Енбек+коргау-7+лекция. Дріс 7 ндірістік ортаны метерологиялы жадайлары. Метеоролгиялы параметрлерді сипаттамасы. ндірістік блмелерді желдету мен оларды трлері
Скачать 36.5 Kb.
|
Дәріс 7 Өндірістік ортаның метерологиялық жағдайлары. Метеоролгиялық параметрлердің сипаттамасы. Өндірістік бөлмелерді желдету мен олардың түрлері. Өндірістік ортаның микроклиматы немесе метеорологиялық жағдайлары яғни бөлменің ішкі климаты адам ағзасына әсер ететін параметрлер температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдыңының үйлесімділігімен сипатталады. Жоғарыда айтылған параметрлер еденнен 2м биіктіктегі жұмыс орнында немесе жұмыскердің тұрақты немесе уақытша болатын ауданшада нормаланады. Жұмыскердің тұрақты орны деп жұмыс уақытының 50 процеттен артық немесе 2 сағаттан көп уақыт болатын жұмыс орнын айтады. Өндірістік бөлмелердегі жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының нормалары МЕСТ 12.1.005-88 сәйкес жұмыс категориясына және жыл мезгіліне байланысты анықталынады. Нормалар жұмыстардың категорясына байланысты болып келеді. I категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты жұмысты шектеу (ккал/с). Жеңіл физикалық жұмыстар (Iкат.) – отырып, тұрып және жүріп жасалатын жұмыстар, бірақ үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін жұмыстар (150ккал/с, 172 Дж/с). II категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар: Энергия шығыны 150 ден 200ккал/с (172-232 Дж/с) – 11а категорияға және 200-ден 250-ге ккал/с (232-293 Дж/с) – 11б категориясына жатады. II а категориясына үнемі жүретін. Үнемі тұрып және отырып істейтін, бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады. II б категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе таситын /10кг дейін / жұмыстар жатады. III категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш жұмсап, 10-кг ден артық жүк көткріп, таситын жұмыстар жатады.(20-250ккал/с 293 Дж/с) . Ауа температурасы негізгі бір параметрлердің бірі болып табылады. Олар микроклиматтық жылулық жағдайын реттейді. Ол деген кинетикалық энергияның молекулалық жылдамдығы. Температура цельсимен немесе кельвинмен өлшенеді. Ауа ылғалдылығының түрлері. Абсолютті ауа ылғалдылықты парциальды қысым деп атайды, зерттеу уақыттылығыауа буының серпімділігі, мм сынап бағанасымен өлшенген немесе зерттеу уақытындағы өлшенген 1 м3 ауадағы су буының салмағын айтады. Максималды ылғалдылық деп берілген температурада 1 м3 ауада тығыздалатын су буының салмағын немесе серпімділігін айтады. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз абсолютті ылғалдылық тың максималды ылғалдылық пайызбен алынған қатынасы. Өндірістік жағдайларда ауа ортасының қалпына сипаттама беру үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығын психрометрмен анықтайды. Психрометрдің жұмыс істеу принципі екі қатар орналасқан термометрлердің көрсеткіштеріне байланысты. Жұмыс бөлмелеріндегі ауа қозғалысы жасанды және механикалық желдетуге, ауа массасының біркелкі қызбауына, конвекциялық ауа ағындарының пайда болуына, қозғалыстағы және айналыстағы бөлшектердің ауа ағымына әсеріне байланысты жүзеге асырылады. Ауа қозғалысын анемометрмен өлшейді. Микроклиматтың санитарлық нормалары оңтайлы және қолжетімді болып бөлінеді. Оңтайлы жағдайлар қолайлы жылылықты қажнт ететін нысандарда ауруханаларда, балалар мекемелерінде, театрларда клубтарда сақталады. Оңтайлы микроклимат жағдайлары-жылу реттеу реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің қосындысына адам ағзасына ұзақ және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдық және жылу жағдайын қамтамасыз етеді. Қолжетімді микроклимат жағдайлары физиологиялық бейімделу мүмкін дік шектерінен аспайтын, адамға ұзақ және жүйелі әсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бұл ретте денсаулық жағдайларының зақымдануы немесе бұзылуы болмайды, бірақ қолайсыздау жылулық сезінулер, көңіл күйдің нашарлауы және жұмыс қабілетінің төменделуі болуы мүмкін. Жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайлар (комфорт зонасы) жасау үшін ауаның барлық параметрлері санитарлық нормаларға сәйкес болу керек. Комфорт зонасы деп - денеде жағымсыз сезім туғызбайтын метеорологиялық факторлардың тигізетін әсерінің шегін айтады. Өндірістік бөлмедегі желдетудің міндеті сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығына қатыссыз ауада анықталған температура мен ылғалдылық туғызу, яғни нұсқаулы нормаларды қанағаттандыратын ауа құрамын сақтай отырып, жасанды климат жасау. Желдету өндіріс ғимараттарының бөлмелерінде адамның шаршауын азайтып, оның жұмысының шаруашлық өнімділігін артыратын қолайлы жағдайлар жасаумен қатар, бір уақытта технологиялық үдірістердің қалыпты жүргізілуін қамтамасыз етеді. Желдетіудің көмегімен бөлмеден зиянды ауаны шығарып, таза ауа енгізеді. Желдеткіш құрылғымен жұмыс істегенде адам үшін қауіпті бу, газ және шаң, сонымен қатар бөлменің ауа темперарурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығының концентрация денгейі санитарлық нормалармен тағайындалған шекті шамаға дейін төмендейді. Салқындату немесе жылыту кезінде анықталған температураны сақтау мүмкіндлігі, яғни адам ағзасының термореттеу қоршаған ортаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты болады. Басты түрде өндіріс бөлмелерінде қолданатын аралас жүйелер – жергілікті және жалпы желдетуді қосқандағыны көрсетеді. Табиғи аэрация жалпы желдетудің негізгі түрі болады, өйткені үлкен көлемдегі өндіріс орындарында ауа алмасуын қамтамасыз етуге қабілетті. Аэрация терезе, есік және бүкіл ғимараттың ұзындығы бойынша орналасқан аэрациялық шамдар арқылы атқарылады. Жасанды желдету әкелінетін желдету жүйесімен қамтамасыз етіледі. Қалпына келтіру бөлімшелерінде тарту желдеткішімен бірге орналасқан ауамен жылыту қолданылады. Барлық желдету жүйелер қалыпты күйде болуы тиіс. Егер вентиляциялық жүйенің жұмысы кезінде өндірістік үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормадан асса, онда сынақ жүргізіледі, ал қажет кезде жүйе қайта жаңартылады. Өндірістік үй-жайдың ауасындағы газдың шоғырлануы жарылғыштықтың төменгі шегінен 12 % мөлшерге жеткен кезде, газдық ортаның бақылау жүйесі дыбыс және жарық сигналдарын бір уақытта беріп және барлық электр қуатын тұтынушыларды, желдету жүйелері мен авариялық жарық беруді қоспағанда, бөліп тастау арқылы авариялық желдетудің қосылуын қамтамасыз етеді. Жұмыстан тыс уақытта өндірістік ортада ауа айналымын жаңартуға арналған ауа кіретін желдету пайдаланылады. Ауа айналымын жаңартуға ауа кіретін вентиляцияны пайдалану жұмыс басталғанға дейін кемінде 30 мин уақыт ішінде тоқтатылады. Аппараттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағындағы жұмыс орындары жалпы алмасу ауа кіру-ауа тартқыш вентиляциясымен және жарылыс қауіпі бар газдың шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтын жергілікті вентиляциямен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары мен вентиляторлар жарылыстан қорғалып жасалады. Таза ауаны тарту ластанған ауа шығарылған жерден алыс және қорғалған орындарда жүргізіледі. Ауа кіргізу орны мен ауа шығару орнының арасындағы қашықтық жиырма метр және артық болған кезде кіргізуге және шығаруға арналған саңылаулар бір деңгейде орналасуы мүмкін, ал жиырма метрден кем болған кезде, кіргізуге арналған саңылау шығаруға арналған саңылаудан кемінде алты метр төмен болады. |