Главная страница

Әкелерді қатыстыру. Дріс 8 Таырыбы модуль 5 келерді атыстыру. Модуль 6 келерді бала трбиелеу нері СЙ, Сйлес, ойна, Оы масаты


Скачать 46.08 Kb.
НазваниеДріс 8 Таырыбы модуль 5 келерді атыстыру. Модуль 6 келерді бала трбиелеу нері СЙ, Сйлес, ойна, Оы масаты
АнкорӘкелерді қатыстыру
Дата30.12.2021
Размер46.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8 ДӘРІС.docx
ТипДокументы
#322378

ДӘРІС 8

Тақырыбы: МОДУЛЬ 5 ӘКЕЛЕРДІ ҚАТЫСТЫРУ. МОДУЛЬ 6 Әкелерді БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ ӨНЕРІ – СҮЙ, СӨЙЛЕС, ОЙНА, ОҚЫ
Мақсаты:
Әкелерді ерте жастағы бала күтіміне қатыстыру саясат және тәжірибе тұрғысынан неге маңызды екенін, бала күтіміне әкелердің қатысуының бала дамуындағы маңыздылығын, әкелердің жаңа туған нәрестеге, балаларға, анаға және әке болудың ер адамдарға әсерін, әкелерге және ер адамдарға қатысты көпшілік арасында кеңінен тараған теріс ұстанымдардың әкелерді тиімді қатыстырудағы кедергі екенін, патронаждық қызмет барысында әкелермен жұмыс жасаудағы кәсіби элементтерді, ата ана мен ерте жастағы бала арасындағы оңды араласу принциптерін ұғынуды меңгерту. Дұрыс тәрбиелеудің негізгі тұстарын сипаттау. Отбасыларға балаларды дамыту үшін балаларға махаббатын көрсету, олармен сөйлесу, кітап оқып беру және ойнау маңыздылығын түсіндіру. Ата-аналарға аналар мен әкелер бала дамуының әртүрлі кезеңдерінде не істей алатыны туралы нақты ұсыныстар беру.

Дәріс тезистері

МОДУЛЬ 5 ӘКЕЛЕРДІ ҚАТЫСТЫРУ

Модуль міндеті: келесі сұрақтарға жауап табу

  • Әкелерді отбасы мәселелеріне қатыстыру саясат және тәжірибе тұрғысынан неліктен барған сайын маңызды болып бара жатыр?

  • Әкелер жаңа туған нәрестелерге, сәбилерге, балаларға және аналарға қалай әсер етеді, сонымен қатар, әкелік ер адамдарға қандай әсерін тигізеді?

  • Әкелерді отбасы мәселелеріне тиімді қатыстыруға кедергі келтіретін халық арасында кең таралған қандай теріс ұстанымдар бар?

  • Көптеген әкелерді осы ұстанымдарды елемеуге, яғни «табалдырықтан аттауға» қалай итермелеуге болады?

  • Сіз патронаж қызметкері ретінде отбасына келгенде, барлығымен бірге бөлмеде отырған әкелермен қалай тиімді тілдесуге болады?

Әкелер бүкіл әлемде маңызды!

“Әкелердің маңызы зор. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, жағымды, жағымсыз немесе мүлдем жоқ болса да, бала өмірінің кез-келген кезеңінде және барлық мәдени және этникалық топтарда балаларға терең және елеулі әсер етіп, бүкіл өмір бойына жалғасады. Әкелер, сондай-ақ, аналарға да айталықтай әсер етеді. Бес ер адамның төртеуі әке атанады, әрі олардың барлығы дерлік балаларымен қандай да бір байланыста болады”. Әлемдегі әкелердің жағдайы, Әкелерге бәрібір емес. 2015

Шынымен де, әкелер бүкіл әлемде маңызды. 2015 жылғы Әлемдегі әкелердің жағдайында айтылғандар.

ҮЗІНДІНІ ОҚЫҢЫЗДАР

Ойланыңыз

  • Ұрпақ жаңарған сайын, әкелердің үй жұмысына араласуында өзгерістер бар ма? Қандай өзгерістер?

  • Әкелер бала күтіміне белсендірек қатысатынын және балаларына көбірек қамқор болатынын байқадыңыз ба, жоқ па? Оны қалай көруге болады?

  • Олардың балаларына қатысты талпыныстары өзгерді ме? Олар өз әкелерімен орнаған қарым-қатынастарына қарағанда, балаларымен әлдеқайда тығыз қарым-қатынас орнатуға тырыса ма?

  • Әкенің отбасындағы ана мен бала күтіміне қатысуына кедергі келтіретін қандай да бір мәдени дәстүрлер, жалған наным-сенімдер бар ма? Бар болса, қандай?

Барлық әкелер басынан бастап-ақ балаларына әсер етеді

  • Мұндай әсер жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.

  • Әкелері күтім көрсетуге белсенді атсалысатын сәбилер тезірек жетіледі.

  • Сәби туылған жылы әкелері депрессияда болған балаларда мінез-құлықтық және эмоциялық сипаттағы мәселелері жылдар өтсе де, бой көрсете беруі мүмкін.

  • Әкелердің нашар психологиялық жағдайы және әке мен бала арасында жеткілікті түрде берік емес бауыр басу ұзақмерзімді зиянды әсерге ие.

  • Әкемен жұмыс жасау ананың баласымен өзара әрекеттестігінің сапасын арттырады: «ата-ананың әрқайсысының баласына қырағы көңіл бөлуі (және баланың оларға бауыр басуы) ата-ананың екеуі де қатысса, артады».

  • Егер мекемелер (емхана қызметкерлері) тек аналармен ғана жұмыс жасаса, онда отбасының өміршеңдігін жетілдірудің орнына ананы мекемелерге тәуелді етіп қоятыны дәлелденген. Отбасының өміршеңдігі ата-ананың екеуіне де қолдау көрсетуді арттырады.

Әке болу әкелердің өзіне де оң әсер етеді

Балаларымен байланысы тығыз екенін мәлімдейтін әкелер:

  • ұзағырақ өмір сүреді

  • физикалық және психикалық денсаулығына қатысты қиындықтары азырақ болады

  • ішімдікке салыну және есірткі қолдану ықтималдығы азырақ болады

  • жұмыста жемістірек болады

  • балаларымен тығыз байланысы жоқ әкелерге қарағанда өздерін бақыттырақ сезінеді.

  • Әкелер балаларына неғұрлып көбірек қамқорлық көрсеткен сайын, соғұрлым көңілі тоқ және мейірімді бола түседі.

Әкелер сәбилері туылғаннан кейін оларды қолына алып, көтеруді неғұрлым ерте бастаса, бойларында жылылық, махаббат және қанағат сезімдерінің пайда болғанын соғұрлым ертерек байқайды. Әкелік институтымен жүргізілген зерттеулер әкелік ер адамның өзіне де оң әсер етінін көрсетті.

Балаға күтім көрсету ер адамдарда (әйелдерде сияқты) ұрпағына қамқор болу және оған бауыр басу сезімінің пайда болуына септесетін мидағы және гормоналдық өзгерістерге алып келеді.

Баласын көтеріп тұрған ер адамдарда 15 минуттан кейін төзімділік/сенім (окситоцин), сәбилерге деген ықылас (кортизол) және ұрпақ жалғастыру/емізу/бауыр басу (пролактин) сезімдерімен байланысты гормондардың көтеріңкі деңгейлері байқалады.

Болашақ әкелерде және әке атанып үлгерген ер адамдарда бала туылғанға дейін бірнеше апта бұрын басталып, артынан шамамен бір жыл бойы тестостерон деңгейі орта есеппен үштен біріне азаяды.

Әкелердің аналарға және аналыққа тигізетін әсері

  • Ананың ана болуға бейімделуі әкенің әке болуға бейімделуімен тығыз байланысты

  • Егер әке баланың анасына қолдау көрсетуге дайын болса, онда ананың:

  • Босануы жеңіл болады

  • Баланы емізуге дайындығы артады

  • Стресс пен депрессия деңгейі төмендейді

  • Қадір-қасиетін сезінуі артады

  • Балаға бауыр басуы күшейеді

  • Әкелердің балаларға тигізетін әсері

  • Қамқор әкелердің балалары әлдеқайда елгезек болады

  • Жақсырақ бейімделгіш болады

  • Басқа балалармен жақсы қарым-қатынас орнатады

  • Мінез-құлқына қатысты қиындықтар азырақ туындайды

  • Оқуда жақсы нәтижелер көрсетеді

  • Кейінірек полиция назарына ілігу немесе есірткі/ішімдік қолдану ықтималдығы азырақ болады

  • Мұндай әсер, әсіресе, тұрмысы нашар отбасыларда айқын көрінеді.

  • Жақсы әке балаларын өмірдің ауыртпалығынан және анасының депрессиясынан арашалай алады

Әкелердің балалардың танымдық (ақыл-ойының дамуы) дамуына тигізетін әсері

  • Баланың бір айлығынан бастап әкені елгезек, әрі қамқор күтім көрсетуге қатыстыру сәбилердің танымдық дамуына алып келеді, мұндай балаларда 12 айлығында және 3 жаста ақыл-ой дамуының жоғарырақ коэффициенті байқалған.

  • Патронаж қызметкерлеріне әкелер мен аналардың ата-аналық міндеттерін орындау мәнеріне назар аудару қажет. Ата-ананың екеуінің де өз ата-аналық міндеттерін орындау мәнері сәбидің және одан үлкенірек баланың аман-саулығына ғана емес, оның танымдық дамуына да әсер етеді. Зерттеулерде әкенің авторитарлық (яғни, қатал және өктемшіл) мәнері, ананың авторитарлық мәнеріне қарағанда, балаға әлдеқайда жағымсыз әсер еткен.

Патронаж мейірбикесінің әкелерге қолдау көрсетудегі рөлі

  • Ақпаратты әкелерге де, аналарға да мүмкіндік болса, бетпе-бет кездесу немесе өзге жолдармен тікелей байланысқа шығу арқылы беру маңызды.

  • Әкелермен тиімді жұмыс жасау үшін ер адам болу міндетті емес. Әкелердің көпшілігі әйелдермен – медицина саласындағы мамандармен қуана жұмыс жасайды, ал кейбірі тіпті соны қалайды.

  • Одан да маңыздысы – кәсіби қасиеттеріңіз :

      • сенімділік,

      • мықты қасиеттерді пайдалануға негізделген әдістеме,

      • белсенді тыңдай білу,

      • әкелердің армандары мен талпыныстарын түсіне білу,

      • қолдан келгенше қолдау көрсету

      • жұмыс бағыттарын тиімді анықтау.

      • Осылар - патронаж қызметкерлеріне аналармен жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік беретін дағдылар және әдістемелер.

  • Тең қолдау және тәжірибе кезінде ерлер мен әйелдер бала күтімі дағдыларын бірдей жылдамдықпен игеретіндіктен және бала күтімі ерлерде ұзақмерзімді келешекте қамқорлық және бауыр басу сезімдерін қалыптастыруға септесетін гормоналдық және ми өзгерістерін тудыратындықтан, осы білім сізге ерекше жауапкершілік артады.

Әкелер туралы теріс пікірлермен қалай күресуге болады

  • Әкемен жұмыс жасау мүмкіндігіне жеке өзіңіз оң көзқараста болуыңыз қажет

  • Сыпайы болу керек, Сіз өзіңіздің осы мезетте олардың (ананың және әкенің) кеңістігінде екеніңізді мойындауыңыз қажет.

  • Отбасына келгенге дейін әкенің аты-жөнін біліп алу қажет, болмаса отбасына алғаш келгенде өзінен сұрау керек.

  • Отбасына барғанда кең пейілді көріну қажет және ата-ананың екеуімен де көзбе-көз байланыс орнатуға тырысу керек.

  • Оларды есімдерімен, атаңыз, «әке» және «ана» деп атаудың қажеті жоқ.

  • Егер әке бөлмеден шығып кеткісі келетінін айта берсе, оны кері қайтару мүмкіндігін табу керек: «Х мырза, қазір біз емізу туралы әңгімелесетін боламыз. Аналардың сәбиді жақсы емізуі үшін, сәбиге жеткілікті сүт шығуы үшін әкелердің маңызы өте зор. Бірнеше минутқа қайтып келгіңіз келмей ме?»-деген мағынада сөйлесу қажет.

  •  Әкеге қойылатын сұрақтарды ойда сақтау қажет. Сіз оны тергеуге алмайсыз, бірақ, бір-екі сұрақ қоя аласыз.

    • Әйеліңіздің босануы сіз үшін қалай өтті, қандай әсерде болдыңыз?

    • Үйдегі нәрестеге қалай үйреністіңіз?

    • Сіздің ойыңызша, әйеліңіз қалай бейімделіп келеді?

    • Өміріңізде не өзгерді?

    • Ақылы жұмысты немесе оқуды қалай бірге алып жүресіз?

  • Оған сұрақ қою мүмкіндігін беріңіз. Жұптың сізге айтатындарын мұқият тыңдаңыз және жетістіктеріне қолдау білдіріп отырыңыз:

    • «Айтқандарыңызға қарағанда, жақсы үлгеріп жатқан сияқтысыздар».

    • «Сіздер – жақсы командасыздар».

    • «Х мырза, баланы өте жайлы ұстайтын сияқтысыз».

  • Жалпы сұрақ қойған соң, ата-ананың алдымен біреуіне, содан соң, екіншісіне қарау керек.

  • Олардың ерлер мен әйелдердің бала күтіміне қатысты сәйкес қабілеттері туралы дәстүрлі пікірлеріне күмән келтіретін мүмкіндіктер іздеу керек.

  • Босанудан кейінгі психикалық денсаулықпен байланысты мәселелерді шеше отырып, «жабырқаңқы көңіл-күйде» болу туралы екеуімен бір мезетте сөйлесіңіз.

    • Әкелер әйел адамның және керісінше, ананың ер адамның өзін қалай сезінетінін және жағдайын қалай реттейтінін жақсы байқай алатынын түсіндіріңіз.

    • Бала туған ананың «әдеттегі» эмоциялық мінез-құлқы қандай болатынын суреттеңіз. Әкелер де «қатты қиналатынын» айта кетіңіз. Екеуімен де сәбиге қарау мәселесіне байланысты қалай ұйықтайтындарын, кезек-кезекпен «жата тұра» алу мүмкіндіктері жайлы;

    • Әкенің балаға өз бетінше қарауға қандай мүмкіндіктері бар екендігі жайлы талқылаңыз

  • Дәл осылайша, сәбиді емізу жайлы да екеуімен де талқылаңыз.

Әкенің маңызды рөлін ерекше атап өте аласыз: әйелін тамақтандыру жәнеоған қамқор болу, оның әбігерленбеуін және ағзасы сусызданбауын қамтамасыз ету. Әкеге баланы дұрыс күйде «бекітіп», қалай жатқызу керек екенін көрсетіңіз.

Екеуімен де баламен жақын байланыс орнатудың тамақтандырумен байланысы жоқ көптеген әдіс-тәсілдері туралы әңгімелесіңіз.

  • Әкелерді отбасына белсенді қатыстыру аса құнды болуы мүмкін, мысалы баланың сәбидің денесін қарап шығу, массаж жасау, жаңа туған нәрестені шомылдыру кезінде әкенің қатысуы.

Емізу кезінде дұрыс отыруды «сезіну» үшін оған әйелінің артқы жағына тұрып, баласын да, ананы да бірге құшақтап, қолын баланың басына қоюды ұсынуға болады. Өте кішкентай сәбилерге қалай қарау керек екенін көрсетіңіз және өздері жасап көру мүмкіндігін беріңіз

МОДУЛЬ 6 БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ ӨНЕРІ – СҮЙ, СӨЙЛЕС, ОЙНА, ОҚЫ


Модуль мақсаты

Келесілерді үйрену: 1. Дұрыс тәрбиелеудің негізгі тұстарын сипаттау 2. Отбасыларға балаларды дамыту үшін балаларға махаббатын көрсету, олармен сөйлесу, кітап оқып беру және ойнау маңыздылығын түсіндіру. 3. Ата-аналарға аналар мен әкелер бала дамуының әртүрлі кезеңдерінде не істей алатыны туралы нақты ұсыныстар беру.
Негізгі идеялар:


Балалар оңтайлы өсіп-жетілу үшін сүйіспеншілікке толы, қауіпсіз және ынталандырушы ортаға мұқтаж. Ата-анамен ұнамды қарым-қатынас, әрі үйдегі ынталандырушы орта бала миының сәулетін салады және баланың барлық даму салаларында жетілуіне әсерін тигізеді. Отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы емес, балаларының дамуына қалай қолдау көрсететіні даму нәтижелеріне үлкен әлеуетке ие әсер етеді. Үйге барып қарау кезінде сіз ата-ана/күтім көрсетуші тұлғалар мен кіші жастағы бала арасындағығы қарым-қатынастарды нығайтуға, сонымен қатар, балалар қоршаған әлемді зерттеуі және үйренуі үшін қажет ететін ынталандырушы және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға септесе аласыз. Осылайша сіз баланың бойында келесілерді қалыптастыра аласыз:

  • Басқа адамдармен ұнамды қарым-қатынастар орната білу қабілеті

  • Тілдің дамуын жетілдіру

  • Танымдық дағдыларды қалыптастыру

  • Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру (қоғамда басқаларға қалай қарау керек)

  • Орындаушылық дағдыларды жақсарту (өзін-өзі қадағалау, зейін қоя білу және т.б.)

Жақсы тәрбие беру ережелері

  • махаббатқа бөлеу,

  • сөйлесу,

  • кітап оқып беру және

  • бірге ойнау.

Баланың дамуы үшін махаббат дұрыс тамақтану сынды маңызды элемент болып табылады. Үйге барып қарау кезінде сіз отабсыларға балалармен сөйлесу, кітап оқып беру және ойнау туралы білім мен дағдылар бере аласыз. Сіз ата-аналарға махаббат, нәзік жанасу, көңіл бөлу және түсіну ата-ана мен бала арасында берік қарым-қатынас орнататынын және ерте жаста оқу-үйренуге және мектепке баруға дайын болуға септесетінін жеткізе аласыз. Сіз балалар ойын арқылы қалай үйренетінін, неліктен кітап оқып беру маңызды екенін және балалармен сөйлесу олардың тілдесу дағдыларын қалай дамытатынын түсіндіріп бере аласыз.

Дәлелдер

  • Махаббат пен берік бауыр басу кіші жастағы балалардың бойында қоршаған әлемді зерттеуге және оқу-үйренуге қажетті өз-өзіне сенімділік қасиетін қалыптастырады.

  • Ата-ана баласымен махаббатпен сөйлескенде, отбасылық ортадағы оқиғаларды суреттегенде, кітап оқып бергенде орын алатын ауызекі тіл бала екі жасқа толғанға қарай кең ауқымды рецептивті (түсіну) және экспрессивті (бейнелі) сөздік қорды қалыптастыруға септеседі. Екі жаста тілдің дамуы мектепке баруға дайындықпен тығыз байланысты деп есептеледі.

  • Аналар мен әкелер сәбиімен сөйлескенде, мектепалды жасындағы балаларда әлеуметтік біліктілік жоғарырақ болуына және агрессия азырақ болуына септеседі.

  • Әкенің қырағы көңіл бөлуі, бала күтіміне ерте балалық шақ кезеңінде қатысуы, сауаттылықты дамытумен байланысты ойындар мен істер (кітап оқып беру) әлдеқайда берік бауыр басуға, жоғарырақ оқу үлгеріміне (әсіресе, дауыстап оқу және математика) және жақсырақ орындаушылық және әлеуметтік дағдыларға септігін тигізеді.

  • Дұрыс тәрбие беру балаларды кедейшілік тигізетін әсерден буфер сияқты қорғай алады. Осындай жағдайларда патронаж мейірбикесінің үйге барып қарау түрінде көрсететін қолдауы ерекше маңызды.

Бүкіл әлем бойынша баланы махаббатқа бөлеу, онымен ойнау, сөйлесу және кітап оқып беру маңыздылығы туралы көптеген дәлелдер жиналды.

Өзін-өзі бағалау
Дұрыс немесе бұрыс?


  1. Балалардың миының дамуы қарым-қатынастарға байланысты.

  2. Бала кейін мектепте жақсы оқуы үшін ерте балалық шақта әкесінің тәрбиесіне қарағанда, анасының тәрбиесі маңыздырақ болып табылады. Себебі, әкелер кіші жастағы балалармен көп уақыт өткізе алмайды.

  3. Біз балалармен сөйлескенде, олармен өзара әрекеттесеміз.

  4. Балаларға алты ай толғанда, олар ата-аналарына эмоциялық тұрғыдан бауыр баса бастайды.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ:

Ұсынылатын жауаптар:

А Дұрыс: Зерттеулер көрсеткендей, ерте жаста өзара әрекеттестікке түсу және түрлі сезімдерді бастан кешіру бала миындағы нейрондар арасындағы байланыстарға әсер етеді. Байланыстардың беріктігі мен саны өзара әрекеттестіктерге, қарым-қатынастарға және тәжірибеге (яғни, махаббатқа, сөйлесуге, ойнауға және кітап оқып беруге) тәуелді. Ұнамды қарым-қатынастар сәбилердің және кіші жастағы балалардың аналарымен, әкелерімен және күтім көрсетушілермен орнатқан елгезек, инабатты және қос тарап та қатысатын өзара әрекеттестіктерге негізделеді. Әлбетте, бұл кез-келген жастағы адамдарға қатысты: біздің өзге адамдармен өзара әрекеттестігіміз елгезек, инабатты және қос тарап та қатысатын болғанда, біз аман-саулығымызды сезінеміз, дамимыз және үйренеміз. Егер, керісінше, ұнамсыз болса, біз, әдетте, тұйық бола бстаймыз, ал бұл оқу-үйренуге әсер етеді. Кіші жастағы балалар тұйық бола бастаса, олардың дамуына қауіп төнеді.

В Бұрыс: Зерттеулер көрсеткендей, аналар да, әкелер де балаларының дамуына тең дәрежеде әсер етеді. Әкелер сәбиіне және кіші жастағы баласына қаншалықты толық көңіл бөлетіні және сауаттылық, санау, сонымен қатар, әлеуметтік және орындаушылық дағдылар арасында күшті өзара тәуелділік бар екені анықталды. Егер әкесі болмаса, баланың дамуындағы осындай маңызды рөлді отбасындағы басқа адамдар атқара алады.

С Дұрыс: Бірақ, өзара әрекеттестік жай ғана сөйлесуден де ауқымдырақ. Сәбилер тіпті сөйлей алмаса да, өзара әрекеттестікке қабілетті және қажеттіліктері, қалаулары, қызығушылықтары және тілектері туралы хабарлай алады. Даму үшін осындай өзара әрекеттестікке қос тарап та қатысуы және адамның іс-әрекеттерімен байланысты болуы, яғни, ересек адамның баланың тілдесуді өрбіту белгілеріне және бастамасына ықыласты болуы және қырағы жауап беруі аса маңызды.

D Бұрыс: Балалар туылған сәттен бастап, бізбен эмоциялық тұрғыдан байланыста болады. Олар сезімдерді байқауға және бірлесіп тәжірибе жинауға қабілетті болып туылады. Туыла сала қарапайым еліктеуден және анасымен, әкесімен немесе тәрбиелеушісімен «бетпе-бет» тілдесу барысында айна сынды барлығын қайталаудан басталатын іс-әрекеттер тез арада күрделірек ақпарат алмасуға және іс-әрекеттерге айнала бастайды, оларды бала бастап, жауап күтеді, ересек жауап қайтарғанда, сәби түсініп, өз жауабын береді.

АТА-АНА МЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҰНАМДЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІҢ 8 ҚАҒИДАСЫ

1. БАЛАҒА ҰНАМДЫ СЕЗІМДЕРіңізді және МАХАББАТЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТІҢІЗ

2. БАЛАМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСІҢІЗ

3. БАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫНА ЕРІҢІЗ

4. БАЛАҒА ЗЕЙІН ҚОЮҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ СЕЗІНЕТІНІН ЖЕТЕ ТҮСІНІҢІЗ

5. БАЛАҒА ӨЗІН ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
6. БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ӘР ІСКЕ МАҚТАУ АЙТЫҢЫЗ ЖӘНЕ ҚУАНЫҢЫЗ
7. БАЛАҒА ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
8. БАЛАҒА ЕРЕЖЕЛЕР, ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАР ЕКЕНІН БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ

Біздің баламен өзара әрекеттестігімізді не ұнамды етеді? Мұнда негізгі қағидалар көрсетілген. Алғашқы 5 қағида бала туыла сала жүзеге асырылатын өзара әрекеттестікке де қатысты қолданыла алады.

Бірінші қағида: балаға ұнамды сезімдеріңізді және махаббатыңызды көрсетіңіз

  • Балалар өзін қауіпсіз сезіну үшін оларды махаббатқа бөлеу керек.

  • Біз нәрестелермен сөйлескенде, олар сөзімізді түсінбесе де, махабатты және жақтырмауды, дауыс реңкіндегі қуанышты және мұңды, дене қимылдарының тілін немесе ата-анасының іс-әрекеттерін сезе алады.

Сонымен, өзара ұнамды әрекеттесудің бірінші қағидасы: балаға ұнамды сезімдеріңізді және махаббатыңызды көрсетіңіз.Сәбимен өзара дұрыс әрекеттесудің мысалы:

  • ересек адам сәбидің бет әлпетіне немесе шығарған дыбыстарына еліктеп, диалог бастайды

  • біраз уақыттан кейін және қолдау білдірілсе, бала дыбысты немесе бет әлпетін қайталауға тырысып, жауап қайтарады, осылайша, бірінші «диалог» басталады

  • Осындай ерте басталатын эмоциялық «әңгімелесу» балалар мен ата-аналардың болашақ қарым-қатынастары және тілді дамыту үшін маңызды.

Махаббатты көрсетудің көптеген тәсілдері бар, әрі осындай тәсілдер баланың жасына қарай өзгеріп отырады:

  • Күлімдеу және бірге күлу

  • Жанасу, құшақтау, аймалау, қытықтау, массаж немесе баламен физикалық байланыстың өзге жағымды түрлері

  • Бірге әзілдеу және әзіл ойындар ойнау

  • Жылы және сүйіспеншілікке толы дауыспен сөйлесу

  • Айту керек жағдайларда балаға «Мен сені жақсы көремін» деп айту

2-қағида: БАЛАМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСІҢІЗ

Нәрестелер тумысынан тілдесуге қабілетті болып туады.  

Олар қимылдарының ырғағын ересектің қимылдарына, дауысына және ым-ишарасына бейімдей отырып, мақсат пен сезімді сезіне отырып, көрсетеді. Кейін балалар әрекеттерді өздері бастайды және қуана жауап қата бастайды. Қырағы ата-ана баласының осындай елгезектігін мұқият бақылап, өз реакциясын күшейте және түрлендіре түседі, ешқашан тілдесуді тоқтатпайды және балаға жауап қайтару үшін кезек пен қосымша уақыт береді.

Баламен сөйлесуді эмоциялық сипаттағы сөйлемдерден, ым-ишаралардан және дыбыстардан бастауға болады. Ата-ана диалогты эмоциялық деңгейде қадала қарау, күлімсіреу, дене қимылы және қуаныш арқылы бастап, баланың істегендерін немесе білдірген қызығушылықтарын ауызша түсіндіріп отыра алады. Сәби қуанышты дыбыстармен, қол немесе дене қимылдарымен «жауап береді». Осындай әңгімелесулер болашақта қарым-қатынастарды дамытуға және оқу-үйренуге негіз болады.

Нәрестелер тілдесуді туыла сала бастайды.  
Жылағанда, күлімсірегенде, түрлі дыбыстар шығарғанда, ата-анасының жүзіне қарағанда және жан-жаққа қарағанда, сәбилер қарны аш екенін, ұйқысы келгенін, көңіл бөлуіңізді қажет ететінін немесе қозып кеткендіктен, аздаған үзіліс керек екенін айтады.

Біз осындай «әңгімелесу» әрекеттеріне қалай қарайтынымыз сәбилерге өз эмоцияларын басқаруға, стрессті еңсеруге және өзін қауіпсіз сезінуге көмектеседі. Ата-аналар және күтім көрсетушілер балаларымен сөйлескенде және оларды тыңдағанда, мидың есту, сөйлеу және тілдің жекелеген дыбыстарын ажырату салаларын ғана емес, әлеуметтік-эмоциялық орталықтарын да іске қосу арқылы бауыр баса бастайды.

3-ҚАҒИДА: БАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫНА ЕРІҢІЗ

Бұл келесіні білдіреді, ата-ана:

  • Бала өзіне бұрылып қарағанда, оған назар аударады

  • Баланың жылағанына назар аударады

  • Баланың дене қимылдарының мағынасын түсінеді

  • Баласының іс-әрекеттерін бақылайды және сөзбен өз пікірін білдіреді

  • Баланың не істеп жатқанын көреді

  • Баланың нені қалайтынын және нені сезінетінін болжап біледі

  • Баланың нені қалайтынына және нені сезінетініне назар аударады

  • Өз іс-әрекеттерін баланы көңіл-күйіне бейімдейді

  • Баланың істеп жатқан ісіне қызығушылығын көрсетеді

  • Баланың қолынан келген әр іске мақтау және алғыс айтады

Баланың бастамасына еру – баланың «дене қимылының» мағынасын түсіну.

4-ҚАҒИДА: БАЛАҒА ЗЕЙІН ҚОЮҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ СЕЗІНЕТІНІН ЖЕТЕ ТҮСІНІҢІЗ

  • Балаларға көбінесе әлденеге зейін қойып үйренуге көмектесу керек. Ересек адам көмектесе отырып, балаға былай дейді: «Мынаған қарашы…» немесе «Қара!», «Бері кел!»

  • Балалар басқа адамның қарап тұрған жағына зейін қою үшін басын бұрады және сол жаққа/нысанға қатысты айтылған сөзді естиді.

  • Сол мезетте олар үйренуді бастайды.

5-қағида: БАЛАҒА ӨЗІН ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ

Айналасында не болып жатқанын түсіну үшін балаларға басынан кешіріп жатқан жайтты түсіндіріп беретін немесе сөздермен сипаттап беретін ересектердің көмегі қажет. Әкелер, аналар және күтім көрсетуші тұлғалар сәбилермен және кіші жастағы балалармен айналасында не болып жатқаны туралы сөйлескенде, көріп тұрғанын немесе істеп тұрғанын суреттегенде және баланың сезімдерін немесе өзге адамдардың сезімдерін сипаттағанда, балалар айналасындағы әлемді ұғына бастайды және өздерін сенімді сезіне бастайды.

Баланың айналадағы әлемді түсінуі үшін өзара әрекеттестік орнату тәсілдері

  • Баламен бірге істеген әрекеттер, соның ішінде, күнделікті тамақтандыру, жөргек ауыстыру, жуындыру және ұйықтату рәсімдері туралы әңгімелесу.

  • Ата-ана мен бала бірге бір мезетте көріп тұрғандарды атау және сипаттау.

  • Балаға түрлі бұйымдар қалай жұмыс жасайтынын көрсету және сол жұмыс жасау тәртібін сөздермен суреттеу.

  • Балаға ата-анасы нені сезетінін немесе сезінетінін түсіндіру. 

6-ҚАҒИДА: БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ӘР ІСКЕ МАҚТАУ АЙТЫҢЫЗ ЖӘНЕ ҚУАНЫҢЫЗ

  • Өз-өзіне сенімділігін және жаңа дүниелерді зерттеуге жігерлілігін дамыту үшін кіші жастағы балаларға өздерін басқалар бағалайтынын және қабілетті тұлғалар ретінде қабылдайтынын сезіну қажет.

  • Басты мақсат – баланы тек жағымды жағынан көре бастау.

Балалардың бойындағы өз-өзіне деген сенімділік ата-анасы баланың жақсы жасай алған әр ісіне оң қабақ танытқанда, оны мақтағанда, ненің және неліктен жақсы жасалғанын түсіндіргенде дами бастайды. Бала өзін-өзі ұстай алуы үшін және өз-өзіне сенімді болуы үшін ересек адамның оны «көретінін» яғни, оның қажеттіліктерін және беретін белгілерін түсінетінін сезінуі маңызды.

Ата-ана және өзге күтім көрсетушілер құптауын ауызша немесе ауызша емес жолмен білдіре алады: «Бұл – жақсы, себебі, сен осыны жасағанда …» (неліктен жақсы екенін түсіндіру керек).

Егер ана, әке немесе өзге күтім көрсетуші тұлға осыны істеу қиын деп санаса, олардан баласының бойындағы ұнататын қасиеттерін немесе баласымен бірге бастан кешірген бақытты сәттерін тізімдеп беруін сұраңыз. Мақсат - баланы тек жағымды жағынан көре бастау. Сонымен қатар, ата-аналар бір-бірінің бойынан жақсы ата-ана ретінде көретін қасиеттерін сипаттап беруі де пайдалы болуы мүмкін.

7-қағида: БАЛАҒА ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ

Аналар, әкелер және өзге күтім көрсетушілер осы істе көмектесе алады:

  • Оқиғаларды айтып беру, түсіндіру, себептерін анықтау арқылы

  • Бастан кешірген өзге тәжірибенің деректерімен ұқсастықты және айырмашылықты салыстыру арқылы

  • Өткен, осы, және болашақ шақтар арасында байланыс орнату арқылы

  • Бірге бастан кешірген тәжірибе туралы хикаялар ойлап табу және әңгімелеу арқылы

  • Осындай тәжірибеге негізделген суреттер салу, суреттер қарау және ойындар ойнау арқылы.

8-қағида: БАЛАҒА ЕРЕЖЕЛЕР, ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАР ЕКЕНІН БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ

Балалар орындаушылық деп аталатын дағдыларға үйрену үшін көмекке зәру, мысалы, олар: өзін-өзі қадағалау және жоспарлау.

Ересектер балаларды күте білуге, тынышталуға, ережелер мен шектеулер бар екенін білуге көмектесу арқылы осы дағдыларға үйретеді.

Оң көзқарасты басшылыққа алып, баланы тәртіпке үйрету балаға өзін-өзі қадағалауға үйретудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Мұндай тәсіл баланың ұнамды мінез-құлқына назар аударуды және оны орнықтыруды, сипаттауды білдіреді, бұл ретте, ұнамсыз мінез-құлыққа аз назар аударылады.

Балаларға өздері және өзгелер туралы жауапты шешімдер қабылдау үшін қажетті білімге және дағдыларға ие болуға көмектесу тәрбие берудің және тәртіпке үйретудің түпкілікті мақсаты болып табылады. Сіздің міндетіңіз – әкелерге, аналарға және күтім көрсетушілерге балаларға ережелермен, шектеулермен және құндылықтармен танысу барысында қолдау көрсетуі тиіс екенін түсіндіру. Сіз ата-аналарға жазалауға және мәжбүрлі қадағалауға жүгіну арқылы балаға билік жүргізбеуге тырысуына көмектесе аласыз.

Ақпараттық карталар бүктемесін ашыңыз, 33-бет – 19-шы Ақпараттық карта. Ережелермен, шектеулермен және құндылықтармен танысып шығыңыз.

ОҚЫП ШЫҒУҒА БІРНЕШЕ МИНУТ БЕРІҢІЗ НЕМЕСЕ БІРЕУ ДАУЫСТАП ОҚЫП ШЫҚСЫН.

Балалармен қалай сөйлесу керек

Сәбилермен және кіші жастағы балалармен сөйлесу олардың миын дамыту үшін және тілінің дамуына жақсы бастапқы мүмкіндік беру үшін маңызды.

Баламен неғұрлым көп сөйлессеңіз, соғұрлым жақсырақ!

Сөздік қор жинау өте ерте кезеңде басталады

Зерттеулер көрсеткендей, 4 жыл ішінде кедей отбасынан шыққан балалар зияткерлік еңбекпен айналысатын отбасылардағы балалармен салыстырғанда 32 млн. сөзге азырақ естіген, зияткерлік еңбекпен айналысатын отбасыларда құптау сөздері де көбірек айтылған. Яғни, сөздік қор өте ерте, бала сөйлей бастағанға дейін жинала бастайды. Ал 3 жасқа дейін жинақталған сөздік қор - мектепке жақсы оқудың кепілі.

Тілдің даму кезеңдері

  1. Ең алдымен балалар тілдік ортаға шомуы тиіс, тілдік орта оларға есту, көру және олардың ауызша немесе ауызша емес жолдармен тілдесу әрекеттеріне жауап қайтарылуына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

  2. Көзбе-көз байланыс сәбилерге нейрондық байланыстарды қалыптастыруға көмектеседі және жақсы сезімдер тудыратын гормондардың бөлініп шығуын қамтамасыз етіп, осылайша, өзара әрекеттестікке қатысуға талпыну сезімін орнықтырады. Түрлі дыбыстарды өзара ажырата бастау үшін оларға тыңдау қажет. Олар ересек адам атаған нысандарға қарау арқылы бірге зейін қоюға атсалысады. Әрі, әңгімелесу үшін сөйлесушілер кезек-кезекпен сөйлеуі керек екенін біледі.

  3. Олар дыбыстарды ажыратып үйренген соң, белгілі бір сөздерді, сөйлемшелерді, ал кейін толық сөйлемдерді түсіне бастайды.

  4. Олар рецептивті (түсіну) тілді игере бастаған соң, өздері де сөйлей бастайды.

  5. Бірақ, тек жасы аздап ұлғайғанда ғана дұрыс сөйлей бастайды.

Балалар белгілі бір үдерістен өту арқылы сөйлеп үйренеді.

ТІЛ ДАМУЫНЫҢ 5 КЕЗЕҢІН ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.

«Тіл даму пирамидасы» бейнефильмі

Фильм көрсетілімі аяқталған соң, келесіні айтыңыз:

Ақпараттық карталар бүктемесінің 34, 36-беттерінен (20-шы, 21-ші Ақпараттық карталар) НӘРЕСТЕЛЕРМЕН ЖӘНЕ БӨБЕКЖАЙ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕК екенін таба аласыздар және танысып шыға аласыздар.

Осы ақпаратпен ата-аналармен бөлісіңіздер.

Патронаж қызметкері үшін:

Ата-аналарға балалардың тіл үйренуде тәжірибеленуінің маңыздылығын жеткізу, яғни, жаңа туылған нәрестелермен және кіші жастағы балалармен күнделікті өмірдегі барлық жайттар – заттар, адамдар, сезімдер туралы сөйлесу және балаға әңгімеге үнемі белсенді қатысуға мүмкіндік беру.

ОЙЫН КҮШІ

  • Ойын – «баланың жұмысы». Ойын баланың барлық салаларда (физикалық, танымдық, әлеуметтік-эмоциялық және тілдік), сонымен қатар, орындаушылық, шығармашылық және мәселе шешу дағдылары саласында дамуына септеседі.

Өзін-өзі бағалау: әрі пікірді "Дұрыс" (Д) немесе "Бұрыс" (Б) деп белгілеңіз

  1. Ойындар балаларды ақылдырақ етеді және мектепте жақсырақ оқуға көмектеседі.

  2. Бала бірінші ойыншықтарымен ойнауды үйренгенде ойын ойнау ресми түрде басталады.

  3. Ойнау үшін балаларға көп ойыншық керек.

  4. Баламен бірге ойнау ата-аналар үшін де пайдалы.

ДҰРЫС ЖАУАПТАР:

1. Дұрыс. Зерттеулер (Brown, 2009; Copple и Bredekamp 2009; Elkind, 2003) көп ойнаған және ата-анасымен бірге ойнаған балалар мектепте жақсырақ оқығанын, бағалары жоғарырақ болғанын, психикалық және физикалық тұрғыдан әлдеқайда сау болғанын көрсетеді.

2. Бұрыс. Ойын туылған сәттен басталады және барлық балалардың дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Ойын бүкіл өмір бойы мән-мағынасын сақтайды.

3. Бұрыс. Ойнау мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін отбасына көп ойыншық алу қажет екенін білдірмейді. Заттарды зерттеуге, жасауға және түрлендіруге арналған қарапайым материалдар, идеялар, уақыт және мүмкіндіктер, көргеніне және түсінгеніне еліктеу, сонымен қатар, «ойындағы серіктесі» - әдетте өмірдің алғашқы жылдары ата-анасы ойынның ең маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

4. Дұрыс. Балалармен ойнау мәңгілікке сақталатын байланыстарды орнатады және нығайтады. Ата-ана мен бала арасындағы ойын құндылықтармен алмасуға жол ашады, өзара тілдесуді жақсартады, оқу-үйренуге мүмкіндіктер тудырады және мәселе шешуде көмектеседі.

Естеріңізге сақтап, ата-аналарға айтып беріңіздер!

  1. Ең бастысы - қауіпсіздік!

  2. Қымбат ойыншықтар алудың қажеті жоқ

  3. Орынды ойын – бұл:

    • Баланың ойын ойнауын ұйымдастырудан аулақ болу

    • Бала беруі мүмкін белгілерге мұқият болу

    • Қауіпсіз және ынталандырушы ойын кеңістігімен қамтамасыз ету

    • Есте сақтау, қайталау – жақсы іс

ОРЫНДЫ ОЙЫН БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕЛЕР:

Балаға ойынды өзі ұйымдастыруға мүмкіндік беріңіз. Балаға ойыншықтың қалай жұмыс істейтінін көрсету пайдалы, бірақ, үнемі баланың орнына ойнауға болмайды. Бөбекжай жасындағы бала қолдауға мұқтаж, бірақ, оларды өз деңгейіне лайықты қиындықтар қызықтырады. Егер балаға көңілі қалып қалмайтын мөлшерде ғана көмек көрсетілсе, бала жаңа дағдыларды игеруге ынталана түседі. Шаршағанын немесе зеріккенін білу үшін бала беруі мүмкін белгілерді мұқият бақылау қажет. Кеңістік қауіпсіз бе? Ол жерде шу немесе өзге көңілді алаңдататын факторлар көп емес пе? Ойын орыны таңдалған әрекет түріне, мысалы, жүгіруге, доп лақтыруға немесе сурет салуға лайықты ма? Қайталау – жақсы іс. Балақайлар бір әрекетті қайта-қайта жасағанды ұнатады. Олар қиындықты жеңу үшін дағдыларын шыңдайды. Дағдыны игеру оларға өз-өзіне сенімділік және біліктілік сезімін береді. Балалар жаңа дағдыларды неғұрлым көбірек шыңдаса, соғұрлым жаңа мәселелерді шешуді бастайды, яғни, оқу-үйрену үдерісі дамиды.

Оқыңыз

Өзін-өзі бағалау 2

Қатысушыға арналған тапсырмалар жинағы, 22-бет

ДҰРЫС ЖАУАПТАР: a, b, және d. Дұрыс емес: с.

ТОЛЫҒЫРАҚ ТҮСІНДІРІҢІЗ:

Бала сөздерді естігенде, оның миында сөздерден кең, әрі бай торап құрылады. Ата-анасы көп кітап оқып беретін балалар екі жасқа толғанда, ата-анасы кітап оқып бермейтін балаларға қарағанда көбірек сөз біледі. Кішкентай кезінде ата-анасы үнемі кітап оқып беретін балалардың тиісті уақытта оқып үйрену ықтималдығы жоғарырақ болады.

Сіз балаға кітап оқып бергенде, ол сіздің әртүрлі көптеген эмоцияларды және бейнелі дыбыстарды пайдаланатыныңызды естиді, ал олар оның әлеуметтік және эмоциялық дамуына септеседі. Оқу, сондай-ақ, баланы көруге, көрсетуге, тиісуге және сұрақтарға жауап беруге ынталандырады – осының барлығы әлеуметтік дамуға және ойлау дағдыларының жетілуіне алып келеді. Әрі, бала дыбыстарға еліктеу, суреттерді ажырата білу және сөздерді есте сақтау арқылы тілдік дағдыларын жетілдіреді.

Бірақ, дауыстап кітап оқып берудің ең маңызды себебі – баланың жаны сүйетін сіздің дауысыңыз, сізге жақындық және кітаптар арасында байланыс орнатуында болар. Кітап оқып беруге уақыт жұмсау балаңызға кітап оқу үйренуге тұрарлық дағды екенін көрсетеді. Егер сәбилерге және кішкентай балаларға қуанышпен, қобалжумен және жақындық сезімімен кітап оқып берсе, олар кітаптарды бақыт сезімімен байланыстырып, кітап оқығанды жақсы көріп кетеді.

C нұсқасы – фонематикалық хабардарлық (тыңдаушылар дыбыстың мән-мағынаны түрлендіре алатын ең кішкентай бірліктері - фонемаларды – ести, анықтай және басқара алады. Ауызша «мысық» сөзін бес фонемаға /М/, /Ы/, /С/, /Ы/, /Қ/ бөлу фонематикалық хабардарлықты қажет етеді) – балалар кішкене есейіп, сөздерді суреттерден және әріптердің пішіндерін бір-бірінен ажырата алмайынша игеруді бастамайтын дағды. Бірінші кезекте олар кітап бетіндегі белгілер ауызбен айтуға болатынын әлденені білдіретінін түсіне бастайды. Сәби үшін ең маңыздысы – ата-анасының оны құшағына алып, онымен кітап туралы сөйлесіп жатқанынан ләззат алу. Бұл ақырында балаларды даму деңгейіне сәйкес әріптер мен белгілер арасындағы өзара байланыс туралы білуге ынталандырады.

Бала әлі сөздерді түсінбесе де, кітап оқып беру неге маңызды?

  • Кітап оқып беру мидың сәулетін салады, тіл дамуының және сөздік қорды байытудың негізін қалайды.

  • Кітап оқып беру белсенді ойындардан кейін тыныштандырады, ұйықтауға дайындау рәсімін қалыптастырады.

  • Бірге кітап оқу балада қорғалғандық, жайлылық, бақыт сезімдерін тудырады, себебі, сіз, оның ең жақын адамы, жанындасыз. Сіздер бірге түрлі эмоцияларды бастан кешіресіздер (бірге күлесіздер, бірге қорқасыздар, бірге қобалжисыздар).

  • Кітап оқып беру әке үшін ерекше маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, әкелер балаларына үнемі кітап оқып бергенде, балалар кітап оқуды ертерек бастаған, сауаттырақ болған, әлдеқайда бай сөздік қорын қалыптастырған, кітаптарды көбірек жақсы көрген, балабақшада жақсырақ зейін қоя білген, математикада және есеп шығаруда жақсырақ машықтанған.

Бала әлі сөздерді білмесе де, біз туыла сала онымен сөйлесеміз, оған ән салып береміз. Баланың миына кітап оқып беру де дәл осылай әсер етеді.Сәбилер үшін кітап оқып беру бірінші кезекте ата-анасының дауысын есту және оның бауырына тығылу мүмкіндігін білдіреді.

Балалар үшін кітап оқу кезеңдері

  • 4-9 ай аралығында бала кітаптарға қызығушылық білдіре бастайды: қармайды, ұстап тұрады, әрі жалайды, шайнайды және лақтырады. Бұл жаста ең дұрысы – берік, винилден немесе матадан жасалған, түрлі-түсті және қайталанатын ұйқастардан тұратын мәтінді кітаптар.

  • 6-12 ай аралығында бала суреттер нысандарды білдіретінін түсіне бастайды. Ең маңыздылары – таныс сөздер («күшік», «ана», «әке»). Ең дұрысы – бір бетке бір заттың немесе бір адамның суреті салынған кітапшалар. Балаға таныс заттардың атауын есту оның сөздік қорын байытады. 

  • 13-18 ай аралығында сәбилерге бір бетте бір немесе екі сөйлемі бар кітаптарды көрсетуге болады. «Күшік не дейді?» немесе «Марғау қайда?», «Мұрның қайда» деген сияқты сұрақтар балаларға зейін қоюға көмектеседі.  Суреттерден бала күнделікті көрмейтін заттарды көрсетуге болады. «Бұл не?» деген сұрақ қою керек. Егер бала жауап берсе, біз оның ойын өрбіте отырып: «Иә, көлік. Бұл – үлкен жасыл көлік» деу арқылы сөздік қорын кеңейте аламыз.

  • 19-24 ай аралығында балалар кітап оқуды өз-өзіне сенімділігін арттыратын және жұбататын іс деп қабылдайды. Таныс кітаптарға да көзқарас осындай. Сондықтан, 18 айлығынан бастап, балалар бір кітапты қайта-қайта оқып беруді сұрайды және сізге оқып жатқан мәтінді, тіпті дауыс ырғағын өзгертуге мүмкіндік бермейді. Мұндай табанды қайталау оқу-үйрену үшін пайдалы: сарапшылар осылай қайталау балаларға жаңа сөздерді түсінуге және есте сақтауға көмектеседі деп есептейді.

Иллюстрациялық материал

Тест тапсырмалары, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғылар, бейнефильм дискілері т.б.

  • Әдебиет

  • 1.ЮНИСЕФ МОДУЛІ 5 «Әкелерді қатыстыру»

  • 2.ЮНИСЕФ МОДУЛІ 6 «Бала тәрбиелеу өнері-сүй, сөйлес, ойна, оқы»


написать администратору сайта