Главная страница
Навигация по странице:

  • Арнаулы киім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар

  • Жұмысшы киімі

  • Дріс 9 Кні 24. 03. 2022 Таырыбы


    Скачать 13.9 Kb.
    НазваниеДріс 9 Кні 24. 03. 2022 Таырыбы
    Дата31.03.2022
    Размер13.9 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла29.docx
    ТипДокументы
    #432285

    Дәріс № 9

    Күні: 24.03.2022

    Тақырыбы: Пісірушінің арнайы киімдері

    Әдебиет: Дәнекерлеу З.Сыздықова, Б.Аймурзаев «Дәнекерлеу құрылғысының өндірісі»93-бет
    Арнаулы киім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар.

    Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім, қолғап,өзге де нәрселер.

    Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар.

    Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

    Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.

    Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:

    Жұмысшы киімі – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер.

    Арнаулы киімдер – сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.

    Арнайы аяқ киім адам аяғын сыртқы ортаның зиянды факторлары мен механикалық жарақат алудан сақтайтын құрал болып табылады. Арнайы аяқ киім өндірістік жағдайда үнемі пайдаланылатын және қажет болған жағдайда оның қорғаушы қасиетін арттыратын (бәтеңке, етік, қысқа қоныш етік, галош) қосымша аяқ киімдерге бөлінеді.

    Қолды қорғаушы құралдар – биялай, қолқап, саусаққап, шынтақтөсем (аралас түрлері).

    Басты қорғау құралы адам басын кез келген жарақат түрінен қорғауға арналған. Оған жататындар: каскалар, шляпалар, шлемдер, шапкалар, береттер.

    Көру органы мен бетті қорғау құралдары зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың (шаң, қатты жарықшақ бөлшектер, шашыраулар, көз қаратпайтын сәулелер) әсерінен қорғауға арналған. Оған жататындар: қорғаушы көзәйнек, жартылай маскалар, қолмен ұстайтын және басқа киетін қалқандар, арнайы мақсаттағы қалқандар.

    Тыныс органын қорғаушы құралдар (сүзуші және оқшаулаушы) – сыртқы ортаның зиянды факторларынан адамды жеке қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Сүзуші – сүзгіш материалдарды (картон, талшықты синтетикалық сүзгіш материал) және зиянды газдарды сіңіруші (белсендірілген көмір) . Оқшаулаушы – адамның тыныс органын сыртқы ортаның зиянды факторларынан қорғауды, тыныс алу үшін келетін газ қоспалары арнайы құрылғы көмегімен жүргізіледі.

    Есту органын қорғаушы құралдар 85 децибелден жоғары жиілікті (ысқыратын, сыңғырлайтын) өндірістік шу әсерінен қорғауға арналған 


    написать администратору сайта