Құрылымдаулық құжаттарды дайындауға қойылатын жалпы талаптар. Лекция 1 каз. Дріс дебиеттерді тізімі
Скачать 207.5 Kb.
|
1 дәріс Әдебиеттердің тізімі Кіріспе 1. Құрылымдаулық құжаттарды дайындауға қойылатын жалпы талаптар 1.1 Форматтар және негізгі жазбалар Әдебиеттердің тізімі Камнев В.Н. Чтение схем и чертежей электроустановок. - М.: Высшая школа, 1986. Александров К. К., Кузьмина Е. Г. Электротехнические чертежи и схемы. - М.: Энергоатомиздат, 1990. Стандарты ЕСКД по правилам выполнения чертежей и схем и на условные графические обозначения. ГОСТ 21.614-88. Изображение условные графические электрооборудования и проводок на планах. Комитет по делам строительства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан. Астана 2003. ГОСТ 21.403-80. СПДС. Обозначения условные графические в схемах. Оборудование энергетическое. Комитет по делам строительства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан. Астана 2002. Кіріспе Электротехникалық құрылғыларды сауатты жобалау, есептеу және эксплуатациялау олардың құрамына кіретін элементтер, осы элементтер арасындағы байланыстар және осы қондырғыда олардың орналасуы туралы көрнекі көрсетулерсіз мүмкін емес. Бұл ақпаратты электр қондырғылардың электр техникалық сызбалар мен сұлбалар өзінде ұстайды. Қазіргі электр қондырғыларда автоматика, есептеу техникасының және телемеханиканың құралдары кең пайдалынады, олардың ішінде дәстүрлі электромехани калық құрылғыларымен қатар электронды және микроэлектронды аппаратурасы қолданылған. Электр қондырғылар және олардың ішіне кіретін құрылғылар күрделі және әр түрлі болып келеді. Электр қондырғының электр техникалық сызбасы немесе сұлбасы кез келген пайдаланушыға түсінікті болу үшін олар бірыңғай ережелер мен нормаларды сақтай отырып орындалу керек. Бұл нормалар мен ережелер мемлекеттік стандарттардың жүйесімен анықталады (МемСТ, ГОСТ). Олардың ішінде негізгі болып құрылымдаулық құжаттардың бірыңғайлық жүйесі табылады (ҚҚБЖ, ЕСКД). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 1980 ж. бастап ҚСРО территориясында істеп тұрған ҚҚБЖ негізінде ойлап құрастырылған ҚҚБЖ істеп тұр. ҚҚБЖ талаптарын білу «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша оқитын әр студент үшін маңызды қажеттілік болып табылады. 1. Құрылымдаулық құжаттарды дайындауға қойылатын жалпы талаптар 1.1 Форматтар және негізгі жазбалар Құрылымдаулық құжаттар өлшемдері белгілі беттерде орындалады, олар форматтар деп аталады (ГОСТ 2.301-68). Беттердің форматтары беттің сыртқы жиектеменің (рамканың) өлшемдерімен анықталады (2.1 сурет). Форматтар негізгі және қосымшаға бөлінеді. Негігі форматтар болып төменде келтірілген табылады. Формат Қабырғалардың өлшемі, мм А0 841х1189 А1 594х841 А2 420х594 А3 297х420 А4 10х297 Қосымша форматтарды негізгі форматттардың қысқа қабырғаларын олардың өлшемдеріне еселі шамасына үлкейту арқылы құрады. Өндірістік форматтың белгілеуі негізгі формат пен еселіктің белгілеулерінен құрастырылады, мысалы АО х 2 (1189 х 1682), А4 х 8 (297 х 1682) және т. б. Қабырғаларының өлшемдері 148 x 210 мм А5 форматын қолдану рұқсат етілген. Негізгі форматтың қабырғаларының ара қатынасы тең, яғни үлкен қабырғасы 1,41 есе кішісінен үлкен. Барлық құрылымдаулық құжаттар негізгі жазбасы және оған қосымша графтарымен қосақтасады. Форматтарда негізгі жазбаларды және қосымша графтарды орналастыруы, сонымен қатар жиектемелердің өлшемдері 1 суретте келтірілген. Штрих сызығымен орындалған графтарын қажетті кезде еңгізеді. 1 сурет. Стандарттық форматтарда негізгі жазбаны және қосымша графтарды орналастыру: а – А4 формат; б – беттің қысқа қабырғасының бойында негізгі жазбасы бар А4-ші ден үлкен формат; в – беттің ұзын қабырғасының бойында негізгі жазбасы бар А4-ші ден үлкен формат; I – негізгі жазба; II…IV – қосымша графтар. Негізгі жазбаларды құрылымдаулық құжаттардың оң жақ төменгі бұрышында орналастырады. А4 форматтың беттерінде негізгі жазбаларды беттің қысқа бетінің бойында орналастырады, яғни А4 форматы әрқашанда тік орналастырылады. Сызбада (сұлбада) бұйымның құрамалық бөлігін немесе оның элементін тез табу үшін сызбаның (сұлбаның) өрісін зоналарға бөлуге ұсыныс беріледі. Негізгі жазбалар, қосымша графтар және жиектемелер негізгі және тұтас жұқа сызықтарымен орындалады. 1 суретте I римдық цифрмен белгіленген негізгі жазбалардың мазмұны мен өлшемдері 2 суретте келтірілген. 2 сурет. Негізгі жазба: а – сызбалар мен сұлалар үшін; б – тексттік құжаттар үшін; в – содан кейінгі сызбалардың, сұлбалардың және тексттік құжаттардың беттері үшін. Негізгі жазбаның графтарында (ГОСТ 2.104-68) және қосымша графтарда (2 суретте графтардың номерлері жақшалардың ішінде берілген) көрсетеді: 1 – ГОСТ 2.109-73 сәйкес бұйымның атауын, сонымен қатар, құжатқа код берілген кезде, құжаттың атауын. Халық шаруашылығы бұйымдары үшін, егер оның коды анықталмаған кезде, құжаттың атауын көрсетпеуге рұқсат етіледі. ГОСТ 2.102-68, ГОСТ 2.601-68, I I и Т 2.602-68, ГОСТ 2.701-84; 2 – ГОСТ 2.201-80 сәйкес құжаттың белгілеуін; 3 – құжаттың материалының белгілеуін (графты тек қана бөлшектердің сызбаларында толтырады); 4 – ГОСТ 2.103-68 бойынша құжатты ойлап−құрастыру сатысына сәйкес келетін әдебиетті; 5 – ГОСТ 2.109-73 бойынша бұйымның массасын; 6 – ГОСТ 2.302-68 және ГОСТ 2.109-73 сәйкес келетін масштабты; 7 – беттің реттік номерін (бір беттен тұратын құжаттарда графты толтырмайды); 8 – құжат беттерінің жалпы санын; 9 – құжатты шығаратын кәсіпорынның атауын немесе айырмашылық индексін; егер құжаттың белгілеуінде айырмашылық индексы бар болса графты толтырмайды; 10 – 12 – жұмыстың сипатын, құжатты ойлап─құрастырған адамдардың фамилиялары мен қолдары; 13 – құжаттқа қол қою күні; 14 – 18 – ГОСТ 2.503-74 сәйкес өзгерулердің; II, III – түпнұсқалар мен қайталамалардың инвентарлық номерлері, сонымен қатар, қолдар және қабылдау күні, құжаттың белгілеуі ГОСТ 2.501-68, ГОСТ 2.502-68, ГОСТ 2.503-74 сәйкес; IV – құжаттың белгілеуі (сызбалар мен сұлбалар үшін графа міндетті түрде болып табылады). 2.104-68 стандартымен негізгі жазбалардың үштипі қарастырылған: а) сызбылырдығ немесе сұлбалардың бірінші беттері үшін (2.2, а суреті); б) тексттық құжаттардың бірінші беттері үшін (2.2, б суреті); в) кез келген құрылымдаулық құжаттардың кезектілік беттері үшін (2.2, всуреті). Негігі жазбалар бойы бойынша өлшемдері мен графтар санымен өзгешелінеді. Сызбылыр мен сұлбалар үшін негізгі жазба 55мм биіктікке ие, тексттік құжаттар үшін − 40 мм, кезектілік беттер үшін − 15 мм. Негізгі жазбада тексттік құжаттар үшін «Масштаб», «Масса», «Обозначение материала» графтары болмайды. Кезектілік беттер үшін негізгі жазбада «обозначение документа», «Номер листа», «Внесенные изменения» графтары бар. Электр сұлбасы үшін негізгі жазбаны толтыру мысалдары 3 суретте келтірілген.
3 сурет. Сұлба үшін негізгі жазбаны толтыру мысалы Сызбалық шрифттер Сызбалар мен сұлбаларда жазбалар сызбалық шрифтерімен орындалады. Шрифттердің келесі типтері анықталған: көлбеусіз А типі, көлбеудің мөлшері 75° А типі, көлбеусіз Б типі, тип Б без наклона, көлбеудің мөлшері 75° Б типі. Шрифттердің барлық типтері құрылымдаулық құжаттарды рәсімдеу кезінде пайдалану мүмкін. Бірақта бір типті ұстану керек. 4 сурет – Стандарттық сызбалық шрифттерді салыстыру: а − көлбеусіз А типі; б − көлбеуі бар А типі; в − көлбеусіз Б типі; г − көлбеуі бар Б типі 4 суретте салыстыру үшін «Электродвигатель» терминін әр түрлі типті шрифттерімен жазылуы келтірілген. А типті шрифттің әріптері Б типті шрифттің әріптеріне қарағанда тым тар болып табылады. Шрифттің әр типінде әріптер мен цифрлардың негізгі параметрі ретінде сызықтардың қалыңдығы қабылданған d. Осы параметрі арқылы қалған параметрлер көрсетілген. Шрифттің h өлшемі миллиметрлердегі үлкен (бас) әріптердің биіктігімен анықталады. Кіші әріптердің биіктігі мөлшерімен жақын орналасқан кіші өлшемнің үлкен әріптеріне сәйкес келеді. 1 және 2 кестелерде келтірілген шрифттерден басқа биіктігі 2,5; 20; 28; 40 мм шрифттерді пайдалану рұқсат етілген. 1 кесте А типті шрифттың параметрлері арасындағы қатынастары
2 кесте Б типті шрифттың параметрлері арасындағы қатынастары
Сызбалар мен сұлбалардағы сызықтар Кез келген сызбалар мен сұлбаларды сызылуы ерекше түзу және қисық кесінділерінің жиынтығы ретінде ұсынуға болады. МемСТ 2.303-68 бойынша сызықтардың тоғыз типі баролар 5 суретте келтірілген. Тұтас негізгі сызықтың қалыңдығы s кескіннің өлшемі мен күрделігіне, сонымен қатар, сызбаның форматына байланысты 0,5 тен 1,4 мм дейін шектерде болу керек. Карандашпен орындалған сызба сызығының ең кіші қалыңдығы − 0,3 мм. Штрихтік және штрихпунктирлі сызықтардағы штрихтердің ұзындығын кескіннің өлшеміне байланысты таңдау керек. Штрихпунктирлі сызықтар қиылысу және штрихтермен аяқталу керек. 5 суретте стандарттық сызықтадың көбі келтірілген. Көрінетін кескінді тұрғызу үшін тұтас қалың негізгі сызығы қолданылады. Осы сызықпен сызбаның рамкасы және негізгі жазба графаларының үлкен бөлігі орындалады. Жұқа тұтас сызығы өлшемдік және шығарылатын сызықтарын орындау, штритеу, жазбалардың астын сызу, негізгі жазбаның кейбір графаларын рәсімдеу үшін пайдалынады. Тұтас толқындық сызығы түрі мен кескіндіні айыру үшін қолданады. Кескіннің көрінбейтін контуры штрих сызығымен орындалған. Осьтері мен орталық сызықтар жұқа штрихпунктирлі сызығымен жүргізіледі. Егер шеңбердің диаметрі 12 мм кем болса, сонда орталық сызығы ретінде тұтас жұқа сызығы қолданылады. Штрихпунктирлі қалыңдатылған қысқа штрихтері бар сызығы беттерді белгілеу үшін қолданылады. 5 сурет. МемСТ 2.303-68 бойынша сызықтардың сызылуы: 1 – тұтас қалың негізгі; 2 – тұтас жұқа; 3 – тұтас толқындық; 4 − штрихтік; 5 − штрихпунктирлі; 6 – қалыңдатылған штрихпунктирлі; 7 − ажыратылған; 8 – сынықтары бар тұтас жұқа; 9 – екі нүктесі бар штрихпунктирлі |