Главная страница
Навигация по странице:

  • : Q= P/R; Q

  • R = 8lh/nr

  • Жүректің гемодинамикалық көрсеткіштері: 1. Қан қысымы

  • 120-130 мм .2. Орташа жуандықты артерияда қан қысымы – 100-110 мм

  • 70-80 мм

  • 6-15 мм. 5.Орташа жуандықтағы веналарда қан қысымы с.б.б. 9-12 мм

  • 3. Систолалық қанның көлемі (СҚК)

  • 4. Минуттық қан көлемі (МҚК)

  • Жүрек қызметінің сыртқы көріністері: Дыбыстық

  • Жүрек тамырларындағы қанның ағысы.

  • Өкпе тамырларындағы қанның ағысы

  • Гемодинамика. Дріс мазмны ан тамырлар жйесінен анны аысын зерттеуші ылымны бірі гемодинамика


    Скачать 18.62 Kb.
    НазваниеДріс мазмны ан тамырлар жйесінен анны аысын зерттеуші ылымны бірі гемодинамика
    Дата20.11.2022
    Размер18.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГемодинамика.docx
    ТипДокументы
    #800813

    Қанайналым (гемодинамика) негіздері.

    Дәріс мазмұны: Қан тамырлар жүйесінен қанның ағысын зерттеуші ғылымның бірі – гемодинамика. Бұл физика ғылымының гидродинамика деген тарауының бір бөлігі болып есептеледі.

    Термодинамика заңына сәйкес кез келген түтікшеден ағып өткен сұйықтықтың көлемі (Q) трубаның (P1) басындағы және аяғындағы (P2) қысымның айырмашылығына тура пропорционалды да, оның ағуға қарсы кедергісіне кері пропорционалды:

    Q= P1– P2/R;

    Егер осы формуланы адамның қан тамырында ағатын қанның жүйесіне қоладанатын болсақ, бұл формула басқаша түрге айналады. Себебі, қантамырдың ең ақырғы жерінде, былайша айтқанда, қуыс венаның жүрекке құяр жеріндегі қан қысымы нөлге тең. Сондықтан да теңдеу мынадай сипатқа ауысады: Q= P/R;

    Q – 1 минуттегі жүректен ағып шығатын қанның мөлшері;

    P – қолқадағы қанның орташа қысымы;

    R – қан тамыры қабырғасы кедергісінің мөлшері.

    Осы теңдеуден мынадай байланысты байқауғу болады. P = Q х R, былайша айтқанда, қолқадағы қанның қысымы (Р) жүректен 1 минутта атқып шыққан көлеміне және шеткі қолқадағы кедергіге (R) байланысты. Ал ортадағы қан қысымын және қанның минуттік қөлемін бірден өлшеп анықтауға болады. Осы көрсеткіштер белгілі болса, шеткі кедергілерді де табуға болады. Ал шеткі тамырлардың кедергісі көптеген жеке-жеке тамыр кедергілерінің жиынтығынан тұрады. Кез келген осындай қан тамырын трубаға баламалап, Пуазейль формуласы бойынша, оның кедергісін анықтауға болады.

    R = 8lh/nr4

    l – түтіктің ұзындығы (тамырдың);

    h- одан ағатын сұйықтықтың (қанның) тұтқырлығы;

    n- шеңбердің оның диаметріне қатынасы;

    r -түтіктің радиусы (тамырдың).
    Жүректің гемодинамикалық көрсеткіштері:

    1. Қан қысымы

    Қан қысымы қан тамырларының әр бір бөлімінде әртүрлі:

    1. Қолқада бәрінен де жоғары, с.б.б. 120-130 мм.

    2. Орташа жуандықты артерияда қан қысымы – 100-110 мм-ге дейін төмендеп, қолқа мен артериядағы қысым айырмасы қан тамыры қабырғасының кедергісін жеңуге жұмсалады.

    3. Артериолаларда қан қысымы с.б.б. 70-80 мм, мұнда систолалық және диастолалық қысым арасында айырмашылық жойылады.

    4. Капиллярлардың артериялық бөлімінде қан қысымы с.б.б. 25-30 мм, ал веналық бөлімінде қан қысымы едәуір төмендейді - с.б.б. 6-15 мм.

    5.Орташа жуандықтағы веналарда қан қысымы с.б.б. 9-12 мм, ал қуыс қос венада - -2; -4 мм с.б.б. Жоғары, төменгі қуыс веналарда қан қысымы атмосфералық қысымынан төмен болуы мүмкін, сондықтан теріс қысымды веналар жарақаттанған кезде одан қан сыртқа ақпайды, керісінше оған ауа кіріп кетеді. Қан тамырына енген ауа көпіршіктері аса маңызды ағзалардың қан тамырларын бітеп (эмболия) қан айналысын тоқтатады. Бұл тіршілік үшін қан кетуден де қауіптірек.

    Артериялық қысымның деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді.

    Қан қысымының жоғары көрсеткіші – гипертония деп, ал төмендегені – гипотония деп аталады.
    2. Қан тамырлардағы қанның көлемі

    Ересек адамда қанның 84 % үлкен қанайналым шеңберінде, 9%- кіші қанайналым шеңберінде, 7% жүректе болады.


    Бөлім

    Қан көлемі, %

    Жүрек (тыныштықта)

    7

    Аорта және артериялар

    14

    Капиллярлар

    6

    Веналар

    64

    Кіші шеңбер

    9

    3. Систолалық қанның көлемі (СҚК): – Бір систола кезіндегі жүректен айдалатын қанның көлемі. Қалыпты жағдайда жүректің соғу жиілігі (ЖСЖ) 70 – 75 рет болғанда 65 – 70 мл тең.

    4. Минуттық қан көлемі (МҚК): Бір минут ішіндегі жүректен айдалатын қан көлемі, тыныштық жағдайда ол 4,5 – 5,0 л. Физикалық жүктеме кезінде МҚК 5-10 есе жоғарылайды.

    Жүрек қызметінің сыртқы көріністері:

    Дыбыстық – жүрек тондары. Зерттеу әдістері: тыңдау (аускультация) және тіркеу - фонокардиография (ФКГ);

    Механикалық – жүректің соғуы. Зерттеу әдістері: кеуденің алдыңғы бетіне алақанды қойып, жүрек ұшының ритмдік қозғалысын сезу (пальпация) және аспаптық әдістермен анықтау (БКГ, ДКГ).

    Электрлік – жүрек бұлшықеттерінің қозу және өткізу процестері. Оны ЭКГ – электрокардиография әдісімен тіркеуге болады.

    Жүректің сыртқы көріністерін анықтаудың клиникалық және диагностикалық маңызы зор.

    Жүрек тамырларындағы қанның ағысы.

    Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қарыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диастола кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып тәждік тамыр қысылғандықтан қан ағысы өте төмендейді. Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннан белгілі бір уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып оттегі аз сіңірілетін болса, қатты ауыру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейіп миокардты оттегімен қамтамасыз етеді.

    Өкпе тамырларындағы қанның ағысы. Өкпе тканіне қан тамырлардың үлкен және кіші шеңберлерінен келеді. Кіші шеңбер капиллярлары өкпе көпіршіктерінде тарамданып қалың тор құрайды. Бұл капиллярларға оң қарыншадан басталатын өкпе артериялары көмір қышқыл газына бай веналық қан әкеледі, ал өкпе капиллярларынан шығатын оттегіне қаныққан артериялық қан 4 өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге барып құйылады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Қан айналысындағы гидродинамика заңдарының маңызы.

    2. Жүректің гемодинамикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.

    3. Жүрек қызметінің сыртқы көріністері. Анықтау әдістері.

    Әдебиеттер:

    1. Сәтпаева Х.Қ. Өтепбергенов Ә.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы:

    Дәуір, - 2005. – 663 б.

    2. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға

    жетекшілік нұсқаулар. Оқулық. – Семей. 2007.-171 б.


    написать администратору сайта