Дріс Таырыбы Ерекше білім беру ажеттіліктері тсінігі, рылымы, жалпы сипаттамасы. Масаты
Скачать 20.54 Kb.
|
Дәріс 3. Тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттіліктері: түсінігі, құрылымы, жалпы сипаттамасы. Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері терминінің мәнін ашып танысу. Негізгі терминдер: ерекше білім беру қажеттіліктері денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар, ерекше қажеттілігі бар адамдар. Дәрістің негізгі сұрақтары: Ерекше білім беру қажеттілігі түсінігі, құрылымы, жалпы сипаттамасы. Ерекше білім беру қажеттілігі – бұл оқу процесінде ДМШ бар баланың когнитивтік, энергетикалық және эмоционалды-ерік мүмкіндіктерін оңтайлы іске асыру үшін қажетті жағдайларда қажеттілік. Когнитивті (танымдық сала) құраушылар – бұл ойлау операцияларын меңгеру, қабылдау және есте сақтау мүмкіндіктері (қабылданған ақпаратты түсіру және сақтау), белсенді және пассивті сөздік және жинақталған білім мен қоршаған әлем туралы түсінік. Энергетикалық құрауыштар-ақыл-ой белсенділігі мен жұмысқа қабілеттілігі. Эмоционалдық-ерік саласы – Баланың белсенділігінің бағыттылығы, оның танымдық мотивациясы, сондай-ақ назар аудару және ұстап тұру мүмкіндіктері. Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады. Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады. ЭЫДҰ елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады. Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа- 12 лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі: 1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар. 2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар. Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін. 3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі. ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді. ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту; оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі); оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану; оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау; оқыту формасын таңдау; тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу; компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық; арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың); педагог-ассистентің көмегі; әлеуметтік – педагогикалық көмек. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қандай топтарға бөлінеді? Әдебиеттер тізімі: Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемелік нұсқаулық. - Алматы: тп ҰҒПО, 2019. С. 11-23. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелікұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. С. 4–10 https://edu.mcfr.kz/article/676-qqq-16-m7-27-07-2016-oushylardy-psihologiyaly-pedagogikaly-syemeldeu https://kpfu.ru/docs/F755819120/NigmatovZG_UchebnoePosobie.Pedagogika.i.psihologiya.inkljuzivnogo.obrazovaniya.doc.pdf bilim-pavlodar.gov.kz психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі |