Биотрансформация дәрілік заттар. биотрансформация ДЗ. Дріс таырып Дрілерді негізгі фармакокинетикалы сипаттамасы биотрансформациялануы жне дрілік заттарды экскрециясы Масаты
Скачать 15.47 Kb.
|
ДӘРІС Тақырып: Дәрілердің негізгі фармакокинетикалық сипаттамасы: биотрансформациялануы және дәрілік заттардың экскрециясы Мақсаты: Негізгі фармакокинетикалық параметрлер туралы студенттердің білімін тереңдету Дәріс тезистері Дәрілердің биотрансформациялануы. Фармакокинетиканың маңызды бөлігі дәрілердің биотрансформациясы немесе метаболизмі болып табылады. Метаболиканың айналулардың нәтижесінде дәрілер сулы ортамен (несеп, сілекей, көз сұйықтығы, фекалилер, тері, т.б. ) қосылыстарға айналады. Метаболитті трансформация үрдістері негізінен бауырда, сонымен бірге бүйректе, ішекте, өкпеде, қанда плацентада өту мүмкін. Олардың механизмі әртүрлі. Синтетикалық емес реакциялары бар (тотығу, тотықсыздану, гидролиз), ол арқылы дәрілік молекула полярлық метаболиттерді түзе отырып, химиялық деградацияға ұшырайды. Сонымен бірге синтетикалық реакциялардың да мәні бар (конъюгация – күкірт, сірке, глюкурон қышқылымен байланыс), оның негізінде конъюгаттар секілді, соңғы өнімдерінің түзілуімен жүретін дәрілік молекулалар жатыр. Оларда метаболиттер секілді полярлыққа ие. Кезегімен бір үрдістің екіншімен ауысу үрдісі стадия бойынша жүруі мүмкін (кейбір дәрілер үшін). Ағзадан дәрілердің шығарылуы. ФК соңғы фазасы өзгерілмеген түрінде, немесе метаболиттер және конъюгаттар түрінде дәрілердің шығарылуы немесе экскрециясы болып табылады. Полярлы қосылыстар, ереже бойынша өзгерілмеген түрде, ал липофильді дәрілер жиі метаболиттер мен конъюгаттар түрінде шығарылады. Дәрілердің негізгі экскреция жолы – олардың несеппен бүйрек арқылы шығарылуы. Сонымен бірге, дәрілер ағзадан өтпенен, демалатын ауамен, сілекеймен, терімен сүтпенен (емізулі кезінде), көз сұйықтығымен және т.б. Несеппенен дәрілердің шығарылуы үш негізгі үрдістер қатысуымен жүреді, ол. Шумақты фильтрация, түтікшелі реабсорбция және секреция. Соңғы екі үрдіс сирек жүреді. Сондықтан, оны зерттей отырып, дәрілердің шығарылуына бүйректің қабілеті жөнінде түсініктеме алуға болады. Бұл үрдісті бағалау үшін креатинин клиренсі анықтамасын қолданады, себебі ол тек шумақты фильтрацияға ұшырайды, және қайта сіңірілуге және секрециялауға қабілеті жоқ. Нормада креатинин клиренсі 100 мл/мин құрайды. Жекеленген жағдайда креатинин клиренсін есептеу формуласы бойынша табады, бұл үшін қандағы креатинин концентрациясын анықтайды. Полярлы дәрілер және молекулярлы массасы 300-ден жоғары препараттар үшін (гормондар, антидепрессанттар, эритромицин, рифампицин, дигитоксин, сульфаниламидтер, аминазин) ағзадан өтпенен шығарылу тән. Берілген препараттар конъюгирленген түрде (мысалы, глюкурон қышқылымен) өтпенен бірге қайтадан ІҚТ-на түседі, ол жерде олар қайта сіңірілуге ұшырайды. Бұл жағдайда олардың энтерогепатикалық айналымы жөнінде айтылады, ал оның маңызы үлкен. Мысалы, өтпенен мұндай дәрілердің шығарылу дәрежесін бауыр жетімсіздігі бар, сонымен бірге, өт жолдарының қабынған ауруларында бар науқастарды емдегенде ескеру керек (кумуляция және дозасының асып кету қауіпі). Көптеген дәрілер емшек сүтімен шығарылу мүмкін. Жиі сүттегі дәрілердің концентрациясы аздау және жаңа туған балаға әсер етпейді, бірақ кейбір жағдайда оның мөлшері көп болса, бала үшін үлкен қауіп төну мүмкін. Жаңа туған балалар үшін дәрілердің қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ, сондықтан емізулі әйелдердің фармакотерапиясын максимальды абай болуы мен жүргізіледі. |