Дәріс тезистері++ (1). Дрістер тезистері
Скачать 67.45 Kb.
|
6 | Тақырыбы: Минералды қоректену Минералдық қоректену.Минералдық қоркетену жағдайларының көп жақты әсері бар.Fe, Cu, Mn, Mo, Zn сияқты микроэлеиенттер ферменттердің құрамды бөліктері немесе олардың активаторлары болып табылады. Олардың фотосинтезге әсері ферменттердің активтігіне байланысты. Темір мен магний ерекше қажет, темір- ферменттер активаторы ретінде, ал магний- хлорофил молекуласының құрамды бөлігі ретінде тікелей хлорофилдің синтезделуіне қатысады. Азот хлорофил молекуласын құруға қажет. Азотттық қоректену жетіспеушілігі кезінде фотосинтез қарқыны кемиді. Калийдің де фотосинтез қарқынына әсері осындай, ал фосфор ерекшекүшті әсер етеді Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.Орыстың атақты ғалымы – химик Д. И . Менделеев (1834-1907) өз өмірінде химия ғылымының дамуына аса бағалы үлес қосумен қатар , басқа да ғылымдар саласында , соның ішінде егін және мал шаруашылығының жан- жақты дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның тыңайтқыштарды өндіру мен қолдану , топырақты өңдеу , көп жылдық шөптердің маңызы , ауылшаруашылық өнімдерінің химиялық технологиясы туралы салалы, терең ойлары осы күнге дейін мәнін жойған жоқ Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері.Орташа есеппен өсімдіктің сусыз құрғақ затының құрамында көміртек –46 %, оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот - 1,5 %,минералдық элементтер -5 %, шамасында болады. Органогендер деп аталатын элементтердің (С,О,Н,N) үлесіне өсімдіктің құрғақ салмағының 95 %-і тиеді. Қалған 5%-ін ғана минералдық элементтер құрайды . Осы элементтердің сапалық құрамы және олардың процентпен есептегендегі мөлшері сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады. Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минералдық элементтер мынадай топтарға бөлінеді: Жеке элементтердің өсімдіктегі мөлшері көптеген жағдайларға байланысты өте өзгергіш келеді. Мысалы ,шөптесін өсімдіктердің тұқымдарында жалпы күлдіңмөлшері –3%, сабағында -4 % тамырында –5% , жапырағында –15%-ке жетеді. Кейбір өсімдіктер мүшелеріндегі жалпы күлдің және жеке элементтердің мөлшері 5,1кестеде келтірілген . Өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктері. Азот -қосылыстары өсімдік жасушаларының шамалы мөлшерін құрайтын болса да, олардың маңызы зор. Азот, ақуыздар, амин қышқылдары, амидтер, алкалоидтар, гормондар, нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Азотты заттар негізінен өсімдіктердің жапырағында және өсуге бейімделген меристема жасушаларында көбірек жиналады. Мысалы, қарағаш және шаған камбий жасушаларының құрғақ салмағының 30%-ы , ал ксилема жасушаларының 5%-ы ғана азоттың үлесіне тиеді. Сол себептен азот жетіспеушілігі өсу процесін тежейді.Ұрық пен дәндер де көп мөлшерде азот жиналады, демек бұл жердегі азот қоректік заттардың құрамына кіреді. Макроэлементтер – макроэлементы. Өсімдік құрамындағы мөлшері проценттің жүз бөліктеріне дейінгі шамада болатын және өсімдіктер көбірек пайдаланатын элементтер. Макроэлеменеттер тобына көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, калий, кальций, магний, темір, фосфор, кремний және алюминий жатады. Бұларды алдыңғы төртеуі органогендер деп аталады. |
7 | Тақырыбы: Өсімдіктерге азоттың түсуі мен айналымдары Топырақ қоректік заттар көзі. Топырақ- құрамындағы әртүрлі элементтердің қосындылары өзара әрекеттесіп байланыстылықта болатын жиынтық. Топырақ ерітіндісінде өсімдік қоректенетін минералдық элеиенттердің мөлшері өте аз. Олар дың басым мөлшері топырақтың коллоидты бөліктерімен байланысқан (адсорбцияланған) күйде болады. Көптеген қоректік заттар топырақта суда еритін минералдар немесе органикалық қосындылар күйінде кездеседі.Топырақтың тек өзінде ғана өсірілген өсімдіктер өте нашар өсіп дамиды. Бұл топырақ ерітіндісінің қоректік минералдық заттарға өте тапшы болатындығын дәлелдейді. Демек, өсімдік топырақтағы байланысқан және ерімейтін минералдық заттардщы пайдалануға қабілетті болуы қажет.Топырақтағы өсімдік қогректенетін заттар қор күйде- суджа еріген (топырақ ерітіндісі), өсімдікке оңай сіңетін, бірақ тез шайылып кететін; топырақ коллоидтарының ибетінде байланысқан, шайылмайтын, бірақ өсімдікке иондармен (Н+)алмасып , өсімдікке қиындықпен сіңетін анорганикалық тұздар (сульфаттар, фосфаттар, карбонаттар) күйінде болады.Заттардың топыраққа сіңіруінің бес түрі бар. 1.Механикалық сіңіру қабілеті. Топырақтың қуысты- саңылаулы дене ретінде ірі бөліктелген заттарды бойында ұстап қалу қасикті (сүзгі сияқты). 2. Физикалық сіңіру қабілеті. Топырақтың қатты бөлігі мен топырақ ерітіндісінің жанасқан жерінде беттік кернеуге байланысты майда бөлікшелердің- иондарының шоғырлануы (концентрациясының жоғарылауы, адсорбциялануы). 3.Физикалық- химиялық сіңіру қабілеті.Элементтердің біразы топырақ бөліктерінің, немесе ерітінді бетінде адсорбцияланады да, басқалары топырақ бөлікшелерімен химиялық алмасу реакцияларына қатысады. 4.Химиялық сіңіру қабілеті. Топыраққа енген заттардың ерімейтін қосындыларға айналуы. Мысалы, кальцийі мол топыраққа фосфорлы тұздар енгенде, өте нашар еритін қосынды- Са3 (РО4)2 пайда болады. 5.Биологиялық сіңіру қабілеті.Бактериялардың, саңырауқұлақтардың және басқа микроорганизімдердің тіршілік әрекеттеріне байланысты элементтердің сіңуі.Өсімдіктің қоректенуінде топырақтың қарашірігінің (гумус) үлкен маңызы бар. Оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің (Cu, Zn, Se, Mn, Co, Ni)концентрациясы топырақтағыдан жүздеген, кейде мыңдаған есе көп болады. Қоректік заттардың тамырға сіңу жолдары мен механизімдері. Тамыр жүйесі өсімдікті топыраққа бекітіп, су мен минералдық элементтерді сіңіріп, бірінші болып оларды зат алмасуға енгізетін, өсімдік ұлпалары мен органдарына тасымалдап, тарататын мүше болып есептеледі. Сонымен қатар, тамырда көптеген биосинтездік процестер жүзеге асады.Тамыр жүйесінің топырақта тереңдеп, жайылып өсу деңгейі өсімдіктердің қоректік заттарды игерудегі ерекшеліктерін анықтайды. Барлық өсімдіктерде қоректік заттардың негізгі бөлігін тамырдың жас, өсіп тұратын бөліктері сіңіреді, Өсімдіктердің қоректенуіне жылылықтың әсері. Өсімдіктердіңтіршілік әрекеттерінің қалыптылығы орта температурасының белгілі шектерінде ғана байқалады. Сұлы, бидай тұқымдарының өнуі – 25оС, жүгері, құмай тұқымдары- 32- 35оС, қияр менасқабақ тұқымдары- 33-35оС температурада өне алады. Көп жағдайда дәнді дақылдардың азот пен фосфорды қалыпты сіңіру орта жылылығы 23-25оС шамасында байқалады.Тамыр жақсы өсу үшін топырақ температурасы өсімдіктің жер үсті мүшелерінің жақсы өсуіне қажетті ауа температурасынан төмендеу болады. Өсімдік қоректенуіне жарықтың әсері. Өсімдіктердіңтіршілік әрекеттерінің барлығы, соның ішінде тамыры арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіріп игеруі де жарыққа тікелей байланысты.Өсімдіктер қоректік заттарды күннің алғашқы сәулелері көріне бастамасымен қатар-ақ қақынды сіңіреді. Қараңғы түсісімен фотосинтез қарқындылығы да, қоректік заттардыңсіңуі де төмендейді. Қараңғыда көп сақталған өсімдіктердің элементтердісіңіруі мүлде тоқтап қалады. Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық негіздері. Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өсімдіктерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығын қалпында сақтау мақсатында жзасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішінде элементтердің мөлшерін алдын- ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындщылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек. бөлінеді. |
8 | Тақырыбы: Фотосинтездің жалпы биологиялық маңызы. Фотосинтез пименттері Жапырақ өсімдіктегі фотосинтез процесі жүзеге асатын негізгі мүше болып саналады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырак тақтасы анатомиялық құрылысы жағынан үшке бөлінеді: 1) үстіңгі жэне астыңғы бетін жамылғы ұлпа - эпидермис қаптайды; 2) негізгі ассимиляциялық ұлпа - мезофилл; 3) түтік-талшық шоқтары. Жапырақтың үстіңгі бетіндегі эпидермис клеткалары ірі және түзу төртбұрышты, оның сыртқы қабықтары қалыңдау болады. Жапырақ алақанының астыңғы жағындағы эпидермис клеткалары ұсақтау жэне леп тесіктері көбірек болады. Жапырақтың негізгі бөлігі - мезофилл, ол астыңғы жэне үстіңгі эпидермистің ортасында орналасады. Ол баганалы жэне борпылдақ деген екі түрлі үлпадан түрады. Баганалы (палисадтық) ұлпа үстіңгі эпидермис клеткаларының астында орналасқан. Оның клеткалары ұзыншақ келген, бір-бірімен тығыз, жапырақ бетіне перпендикулярлы орналасады. Палисадтық паренхима ассимиляциялық ұлпа болып есептеледі, оның клет- каларының хлорофилдер саны көп болады. Төменгі эпидермиске жақын жэне соған жанасып борпылдац ұлпа орналасады. Клеткалар араларында көптеген қуыстар болады. Палисадгық клеткалардың пішіндері жэне орналасуы күн сәулесін сіңіруге жэне фотосинтез өнімдерін флоэмаға қысқа жолмен жеткізуге арналған. Борпылдақ ұлпа клеткаларының орналасуы, араларындағы қуыстардың пайда болуы судың тасымалдануына жэне газ алмасу процесін жеңілдетуге бағытталған (3.1, 3.2-суреттер). Жапырақтың жүйкелері оның тұтас өткізгіш шоқтар жүйесін қүрайды. Өткізгіш шоқгар жапырақ ұлпаларына судың жэне қоректік заттардың жеткізілуін, одан фотосинтез өнімдерін басқа мүшелерге тарату қызметін атқарады. Эпидермис қабатындағы леп тесіктер көмірқышқыл газдың ұлпаларға жеткізетін негізгі жолы болып саналады. Шөп тектес өсімдіктердің жапырақтарында леп тесіктер екі жағында болады, бірақ үстіңгі бетінде азырақ болады. Ағаштардың жэне бұталардың жапырағында леп тесіктер тек астыңғы жағында орналасады. |
9-10 | Тақырыбы: Пластикалық алмасу. Фотосинтез процессінің химизмі (жарық және қараңғы кезеңдер) Пигменттер - фотосинтездің өте маңызды аппараты. Орыс физиологи М.С. Цвет 1901-1903 ж. адсорбциялыц хромотография эдіс арқылы хлорофилдерді зерттеген. Ол екі түрлі хлорофилді ашқан, а мен b жэне сары пигменттерді 3 фракцияға бөлген. Пластидтердің пигменттері 3 класқа бөлінеді: хлорофилдер, фи- кобилиндер, каротиноидтер. Хлорофилдердің құрылысы мен күрамы. Фотосинтездік аппараттың негізгі бөлігіне хлоропласттағы пигменттер жүйесі жа- тады. Олар күн сэулесін өзіне сіңіріп, оны химиялық энергияға ай- налдыру қызметін атқарады. Орыс физиологы жэне ботаник И. П. Бородин 1883 жылы бірінші рет хлорофилді кристалл түрінде бөліп алған. Бірақ соңында ол этилхлорофиллид болып шыққан. Фотосинтез дегеніміз – хлорофил арқылы игерілген жарық энергиясы жәрдемімен анорганикалық заттардан органикалық заттар синтезделетін тотығу – тотықсыздану реакциясы. Жарық (hv)6 CO2 + 6H2O C6H12O6+6Oхлорофилл глюкоза Фотосинтез коэффициенті - коэффициент фотосинтеза. Фотосинтез процесінде бөлінген оттегінің, сіңген көмір қышқыл газының көлеміне қатынасы (O2:CO2). Қалыпты жагдайда фотосинтез коэффициенті бірге тең болады. Органикалық қышқылдар тотықсызданған жағдайда коэффициенті бірден жоғары, ал егер сіңірілген көмір қышқыл газ, негізінен, кетоқышқылдарды карбоксилдендіруге жұмсалып, фотосинтез баяу жүретін болса, коэффициент бірден төмен болады. Фотосинтездік бірлік-фотосинтетическая единица. Ферменттік орталығы бар, жарық сәулесін сіңіретін хлорофилл молекулаларының жиынтығы. Онда фотосинтез кезінде электрондық қозу энергиясы химиялық күйге айналады. Хлорофилді фотосинтездік мембраналардың тилакоидтары болады. Фотосинтездік фосфорлану- фотосинтетическая фосфорилирование. Хлоропластардағы жарық энергиясының АТФ қүрамындағы макроэргтік байланыс күйіне өтуі. Фотосинтездің нәтижелік(тиімділік) коэффициенті- коэффициент эффективности фотосинтеза. Фотосинтез процесінде игерілген көмір қышқыл газының өсімдікте органикалық зат құралуға нәтижелі жұмсалуы. Басқаша айтқанда, сіңген көмір қышқыл газының түзілген органикалық заттың мөлшеріне қатынасы. Бұл көсеткіш өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады, жас өсімдіктерде 0,36-0,39, ал вегетациялық кезеңнің соңына қарай 1,01-1,02 дейін көрсетіледі.Жер бетінде – құрлықта, мұхиттармен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктерде күн энергиясын пайдаланып, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруы, яғни фотосинтез нәтижесінде жылына 175 млрд. т СО2 байланысқан күйге немесе органикалық заттарға айналады. Профессор А.А.Ничипорович қазіргі кездегі атмосферадағы оттегінің бәрі фотосинтез нәтижесі. Тіршілік ушін қажетті белок, май, липид, витамин, фермент, хлорофил және т.б. органикалық заттардың құрамына азот, фосфор, күкірт, темір, мыс, мырыш, қола және т.б. элементтер енеді. Бұл элементтерге өсімдіктерге топырақтан енеді. Әртүрлі элементтердің тотыққан иондары өсімдік бойына енгенде тікелей, немесе жанама жолмен, күн сәулесінің энергиясын пайдалану арқылы тотықсызданады. |
11 | Тақырыбы: Өсу және кезеңдік құбылыстар. Өсімдіктердің қозғалысы. Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл -қозғалыстар .Жер бетінде өсетін өсімдіктер өздерінің өте күрделі тереңдеп, жайылып өсетін тамыр жүйесімен топыраққа мықты бекініп , терең орналасады .Сондықтан , сырттай қарағанда тұтас өсімдік организмінің жылжу қабілеті жоқ деуге болады. Дегенмен, өсімдіктерде өсуіне байланысты толып жатқан қимыл-қозғалыстар өте көп кездеседі . Солардың ішінде тропизмдер (грекше tropos -бұрылу)деп аталатын түрі көбірек орын алады. Тропикалық реакциялар (қимылдар -бұрылулар) өсіп тұрған мүшелердің тітіркендіргіштердің (жарық, жердің магниттік тартыс күші,т.б. )бір жақты әсерінен өсуін өзгертуіне байланысты . Фототропизм. Жарықтың бір жақты әсерінен өскіндер, сабақтар , бұтақтар жарық түскен бағытқа қарап иіліп өседі . Бұл құбылыс фототропизм деп аталады. Мысалы, бөлмелерде терезе алдында өсірілген өсімдіктердің жарық түсетін жаққа бағытталып иіліп өсуі оң фототропизмге жатады. Геотропизм. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне байланысты бағытталып өсуін геотропизм деп атайды. Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң геотропизм) өседі де негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс геотропизм) өседі. Геотропикалық иілу де өсуге байланысты. Сабақтың төменгі жағы қарқындылау өседі. Кейде күшті нөсер жаңбырдың немесе желдің әсерінен дәнді дақылдар құлап қалады да, біраздан кейін көтеріледі. гер өсімдіктер масақтанып, гүлденген болса, сабақтың тек үш жағы көтеріледі. Хемотропизм. Өсімдік мүшелерінің химиялық қосындылардың әсерінен өсу бағыттарын өзгертуі хемотропизм деп аталады. Ол тамырда, тозаң – түтіктерінде, шықшылдақтың без түтікшелерінде, т.б. байқалады. Тигмотропизм. Өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм деп аталады. Бұған өрмелеп өсетін өсімдіктер мұртшаларының , ауа тамырлар ұштарының , жапырақ , сабақтардың түрліше жанасу нәтижесінде бағытын өзгертулерін келтіруге болады. Термотропизм. Жылықтың бір жақты әсерінен өсімдіктерде термотропизм құбылысы байқалады. Асбұршақ тамырының өсу аймағының температурасы 26 0С –тан 410С-ға дейін көтерілгенде тамырдың өсуіне 5 есе артатындығы (кері термотропизм ) байқалады. Электротропизм . Өсімдік мүшесін электр алаңына орнатқанда, немесе өсімдікі арқылы электр тоғын өткізгенде электротропизм байқалады. Колеоптиль ұшынан көлденең ток (20 мк А ) 2мин өткенде оның иілгенін көруге болады. Өскіндерді эленктрлік алаңға (конденсатор қалақшыларының арасына) орнықтырып бақылау жүргізсе, өркендер оң ал , тамырлар теріс зарядты табақшаға қарай иіледі. Бірақ ол үшін өте күшті ток қолдану қажет болады. Травмотропизм. Өз кезінде Ч.Дарвин тамырдың бір жағына уытты затпен әсер еткенде (AgNО3)оның қисайып өсетіндігін байқаған болатын. Әдетте тамырлар зақымданған жағынан қарама-қарсы бағытқа иіліп өсседі. Мысалы, кейбір өсімдіктердің (қыша , күнбағыс,бөрібұршақ) өскіндерінен тұқым жарнақтарын толық жұлып тастап олардың қисайып өсетіндігін байқауға болады.Жапырақ алақанының бір шетін жұлып тастағанда сағақ пен орталық жүйе жараланған бағытқа қисаяды. Жапырақтарды түгел алып тастап сабақтың гүлшелерді бір жақты бөліп тастап , өркеннің жараланған жаққа бағытталып өсетіндігін байқауға болады. Көпщілік жағдайда травмотропикалық иілу өсімдіктің (оң травмотропизм) жараланған жағына бағытталады. |
12 | Тақырыбы: Өсімдіктердің дамуы. Фитогормондар. Онтогенез - организмнің ұрықтанудан пайда болған кезеңінен оның тіршілігінің соңына дейінгі даму тарихы. Өсімдік клеткасының онтогенезі - клетканың пайда болғанынан тіршілігінің соңғы кезеңіне дейінгі аралықтағы жеке даму процесі. Митоз - клетканың күрделі бөліну түрі. Митоз кезінде клетка ядросында күрделі өзгерістер жүреді. Мұнда хромосомалар эртүрлі өзгеріске ұшырайды. Митоздық бөліну кезінде клетка ядросының ма- териалынан жіп тэрізді хромосомалар түзіледі, процесс 1-3 сағатқа со- зылады. Митоз профаза, метафаза, анафаза, телофаза кезеңдерінен тұрады . Клетканың созылып өсуі. Клетканың созылып өсуіне, біріншіден, осмос эсер етеді. Ауксиннің эсерінен клетканың қабығы созылғыш болады, оның протоплазмаға эсер ететін қысым (Р) күші азаяды. Клетканың су сорғыш күшінің формуласы: S= л - Р, к - осмостық қысым, Р - тургор қысымы. Тургор қысымы азайып, клетканың сорғыш күші (S) ұлғаяды. Клеткаға кірген су үлкен вакуоль құрайды. Клетканың қабығы созы- лады. Ауксин целлюлозосинтазаға жэне басқа ферменттерге эсер етіп, клетка қабығының синтезін ынталандырады. Клетканың созылып өсуіне фитогормондар да эсер етеді. Аук- синнің эсері: Клетканың қабығын босату-қопсыту —> Су сіңіру РНҚ синтезі —*■ Клетка қабығының синтезделуі Гибберелиндердің әсері: ГБ —► инвертазаның (сахарозаның гидролизін катализдейді) ырықтығы үлғаяды —* осмос қысымының ұлғаюы - клетканың созылып өсуі. Клетканың созылып өсуінен кейін жіктелу (дифференциациялда- ну), даму процестері жүреді. Дәнді-дақылдардың тамырларында және колеоптильдерде эмбрион- дъщ аймагы жэне созылып өсу аймагы анық көрінеді. Сабақтың ұш- тарында осы аймактар анық бөлінбеген. Клетканың дифференциациялануы, жіктелуі - даму бары- сында біртекті клеткалардан құрылуы, құрамы жэне қызметі эртүрлі клеткалардың, соның негізінде эртүрлі ұлпалардың, мүшелердің пайда болуы, эмбриондық клетканың тұрақты, белгілі ұлпаның клеткасына айналуы. Клетканың специализациясы ұлпалардың жэне мүшелердің биохимиялық жэне құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты. Дедифференциациялдану - клетка дифференциациялданған күйінен тағы да бұрынғы эмбриондық қалпына келеді, каллус түзіледі. Бұл қасиет ұлпа өсіруде (ұлпаны жасанды ортада өсіру) пайдаланады. Оқшауланған клеткалар мен ұлпалар арнайы ортада ғылыми зерттеу жэне шаруашылық мақсатта өсіріледі. Бір клеткадан өсімдік өсіруге болады. Бірақ кейбір клеткалар дедифференциациялануға келмейді, мысалы, ядросы жоқ өткізгіш шоқтардың клеткалары. Тотипотенттік - жекеленген клетканың көбейе-өсіп, толық орга- низмге айналу қабілеті. Көп клеткалы организмдердің әр клеткасында толық нэсілдік мағлұматтар жиынтығы болады. Тотипотенттік қасиет осыған негізделген жэне ол өсімдіктерге тэн. ¥рықтанған аналық жыныс клеткасында толық ген қоры бар, ол организмнің барлык мүмкіндіктеріне ие болады. Детерминация. Детерминация - организмнің, мүшенің, ұлпа- ның немесе клетканың даму бағыты, ерекшеліктері. Ол ДНҚ молекуласындағы генетикалық мағлұматтың іске асыру нәтижесі. Детерминацияның дифференциацияға қатынасы «бұйрық» пен «бұйрықты» орындауға ұқсас болып келеді. Гомеогенетикалық индукция. Дифференциалданған клетка қа- сындағы клеткаларға өзінің дифференциациялану жолын береді. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады. Өсу процесі - өсімдік органдарының ұзарып, енденіп, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюы мен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі мен бейнеленеді. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне байланысты. Жалпы айтқанда өсу жеке мүшелердің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші - өсу кезеңіндегі жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшелері қалыптасады. Екінші кезеңде өсімдік гүлденіп жемістенеді. Өсімдік гүлденгеннен кейін ондағы физиологиялық және биохимиялық процестер өзгеріп, жеке өсу мүшелерінің (вегетативтік) ылғалдылығы төмендеп, жапырақтағы азотты қосындыларының мөлшері күрт азаяды да, органикалық заттар сақтағыш (қор) орындарға шоғырланып, сабақтың ұзарып өсуі тоқтайды.Өсімдіктің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және морфологияляқ, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Бұндай өзгерістер организмде жаңа құрылымдардың пайда болуына байланысты өсімдіктің тіршілік өмірінің – онтогенезінің белгілі сатыларын – жастық шағын, жыныстық жетілуін, көбею, қартаю және тіршілігінің тоқтау кезеңдерін сипаттайды. Өсімдіктің өсуі қарқынды жүріп, дамуы баяу, немесе керісінше, дамуы қарқынды болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін. Мысалы, көптеген біржылдық өсімдіктер гүлдеген кезде олардың өркендерінің өсуі баяулап, кейде мүлде тоқтап қалады. Көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары мен өркендерінің қарқынды қалыптасуы гүлденуінің кешігуіне себепші болады. Өсу көрсеткіштері төмен болып, даму процестері қалыпты, немесе өте қарқынды болған жағдайда өсімдіктің бойы қысқа, жапырақтары майдаланып, жемістілігі төмендейді. Өсу процестері қарқынды болып, дамуы баяу өсімдіктердің буындарымен буын аралықтары, жапырақ сандары көбейіп, жақсы гүлдегені мен нашар жемістенеді. Қорытып айтқанда, өсу мен даму процестері өзара тығыз байланысты. Өсу мен даму құбылыстарының жалпы сипаты, ең алды мен өсімдіктердің тұқым құалаушылық белгілеріне, яғни генетикалық факторларға тығыз байланысты. Организмнің барлық гендерінің жиынтығы генотип деп аталады. Онда тұқымқұалаушылық белгілер шоғырланған. Генотипке, алғашқы тегінде болмаған, мутациялық жолмен пайда болған гендер де енеді. Организмнің жеке тіршілік дәуірінде (онтогенезінде) байқалатын барлық ішкі және сыртқы белгілерімен қасиеттерінің жиынтығы фенотип деп аталады. Өсу өсімдіктің тіршілік әрекетінің ең айқын көрінісінің бірі. Ол өсімдіктегі зат алмасу процесінің жиынтығына байланысты. Өсу процессі төмендегі көрсеткіштермен бейнеленеді: Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Олар 10−11 М – ге дейін жететін төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер істей алады. Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды. |