Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыпқа сұрақтар

  • Тақырыпқа қысқаша мазмұндама

  • Бұл табыс әсері д.а.

  • Бұл алмастыру әсері

  • Өндіріс теориясы Дәрістің мақсаты

  • 3лекция микро. Дрісті масаты


    Скачать 69.5 Kb.
    НазваниеДрісті масаты
    Дата14.02.2022
    Размер69.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла3лекция микро.doc
    ТипДокументы
    #361368

    3Дәріс. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау
     Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты салыстырмалы статика мәні мен құрылымын, сұранысты талдау әдістерін меңгеру.

    Тақырыпқа сұрақтар:

    • «Баға-тұтыну» қисығы және одан сұраныс қисығы.

    • «Кіріс-тұтыну» және Энгель қисықтары.

    • Баға өзгерісінің кіріске әсері және товарлардың өзара айырбасталуы (сапалы товарлар, Гиффен товары).

    Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

    «Кіріс-тұтыну»,«баға-тұтыну» қисықтары бюджет сызығының қасиеттерінен шығады «Баға-тұтыну» қисығы тауардың біреуінің бағасы өзгерумен байланысты тұтынушы тепе- теңдігінің барлық нүктелері арқылы өтетін қисық. Тауар бағасы өзгерсе, бюджет қисығы қозғалысқа келеді де, тұтынушы тепе-теңдігінің жаңа жағдайы орын алады.

    Белгілі бір субъект үшін түрлі игіліктер байланысын тұтынудың «баға-тұтыну» сызығы әркелкі болады. Егер игіліктер тұтынуда бірін-бірі алмастыратын болса, яғни субститут болса, онда, мысалы, Х1 тауарына бағаның өсуі Х2 тауарының тұтыну көлемінің өсуіне алып келеді. Сондықтан«баға-тұтыну» қисығы субститут тауарлар үшін теріс еңкісті болады.(отрицательный наклон)

    Х1

    График

    Егер игіліктер тобы тұтынуда бірін-бірі толықтырушы болса, сублемент болса, онда , Х1 тауарына баға өссе Х2 тауарын тұтыну көлемі азаяды. Сондықтан «баға-тұтыну» қисығы сублемент тауарларға оң еңкісті болады (положительный наклон). График.
    Егер игіліктер тұтынуда бір-біріне қатысы жоқ болса, яғни бейтарап болса, онда, Х1 тауарына баға өзгерсе Х2 тауарына тұтыну көлемі өзгеріссіз қалады. Сондықтан«баға-тұтыну» сызығы бейтарап тауарлар үшін көлденең сызық болады.График

    «Баға-тұтыну» қисығы сұраныс қисығын салуға мүмкіндік береді. График.

    «Кіріс-тұтыну» қисығы (автор Дж. Хикс). табыстың түрлі деңгейлерімен байланысқан тұтынушы тепе-теңдігінің барлық нүктелері арқылы өтеді. Табыстың өзгеруі бюджеттік сызықты параллель оңға және солға жылжытып, нәтижесінде тұтынушы оптимумы нүктелерінің жаңа жағдайларға ие болады. Игіліктердің әртүрлі түрлеріне (кәдімгі, сапасыз,бейтарап)«кіріс-тұтыну» қисығы әртүрлі болады. Кәдімгі тауарларды тұтыну табыс өскен кезде ұлғаяды, сондықтан«кіріс-тұтыну» қисығы оң еңкісті болады. График жоғарыдағыдай болады

    Сапасыз тауарларды тұтыну табыс өскен кезде қысқарады, сондықтан «кіріс-тұтыну» қисығы кәдімгі емес тауарлар үшін теріс еңкісті болады График
    Табыс өзгерген кезде бейтарап тауарларды тұтыну сол қалпында қалады да, сондықтан «кіріс-тұтыну» қисығы (егер бейтарап тауар Х2 болса)көлденең сызық немесе (бейтарап тауар Х1 болса) тік сызық болады.(Х1 -х осінде, Х2 -у осінде орналасады) График
    «Кіріс-тұтыну» қисығы Энгель қисықтарын салуға қолданылады. Энгель қисығы тұтынушының игіліктерді сатып алу мөлшері оның табысына байланысын көрсетеді

    Неміс статисті Э.Энгель табыс өскен кезде қажеттілігі бірінші ретті игіліктердің тұтынуы аздап өседі, ал ең бастысы алдымен азық түлік тауарларымен қанағатттану, содан соң сапасы стандартты өнеркәсіп тауарларымен, тек содан кейін жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді тұтынатынын ашқан.

    Баға өзгерісі тұтынатын көлемге Qd-ға 2 жақты әсер етеді. Мысалы қандай да бір игіліктің бағасының арзандауы пайдалылықты өзгертпей табыстың бір бөлігің босатып осы игіліктердің қосымша тұтынуын ұлғайтады, яғни табыстың сатып ау қабілеті өсті. Бұл табыс әсері д.а. Сонымен қатар бағаның арзандауы тұтынушының тұтыну құрылымын өзгертуге себеп болу мүмкін, яғни салыстырмалы түрде қымбаттаған игіліктен бас тарта отырып, салыстырмалы арзандаған игілікті сатып алуды көбейтуі мүмкін. Бұл алмастыру әсері.

    19ғасырдың ортасында ағылшын экономисі Р.Гиффен сапасы төмен арзан тауарларға сұранысты зерттей отырып, оларға сұраныстың баға өскен сайын өсетінін байқаған. Бұл құбылысты Гиффен қарама қайшылығы деп атаған. Гиффен қисығына сәйкес инфляциялық сұраныс жағдайында барлық тұтынушылар осылай әрекет етеді. Ертең тауар қымбаттайтынын білетін олар күнделікті тұтынудан көп алып қоюға тырысады. Сондықтан бұл қисық жоғарғы әулетті адамдардың қымбат(престижный) тауарларына сұранысын да көрсетеді. Оларға сол тауарлардың сапасы ,тұтыну құны, пайдалылығы керек емес, оған кез келгеннің қолы жетпейтін болғандықтан бағасына бола алады, оны Вэблен әсері д.атайды.

    Өндіріс теориясы

    Дәрістің мақсаты: Өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттеу.Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктерін анықтау.

    Тақырыпқа сұрақтар:

       1. Өндіріс, технология, өндірістік функция. Изокванта.

    2. Жалпы, орта және шекті өнімдер. Технологиялық айырбастау нормасы. Өндіріс факторының кемімелі шекті қайтарымдылық заңы

    Өндіріс функциясының түрлері

    Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

    Өндіріс процесі- бұл факторлардың өзара қимыл нәтижесінде өнімге айналуы. Өндірістің технологиясы деп өндіріс факторларын, яғни шикізат пен ресурстарды белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыруын айтамыз.

    Өндірістік технологияны өнірістік функция арқылы көрсетуге болады.

    Өнірістік функция деп фирманың өндіріс факторларының әрбір нақты жиынтығында қамтамасыз етілетін Q өндіріс көлемін айтамыз.

    Q=f(K,L,M)

    Q- өнімнің максималды көлемі,

    K- капитал , L-еңбек , M- материалдар мен шикізаттар

    Талдауды жеңілдету үшін 2 факторлы модель қолданылады

    Q=f(KL)

    Ірі анализдер мен болжамдарда Кобба- Дуглас функциясы қолданылады

    Q=к*K α *L β *M γ

    к- пропорционалдық коэфициенті,

    α, β, γ- әр фактор үшін икемділік көрсеткіштері (1%-ке сол факторды ұлғайтсақ,Q қалай өзгеретінін көрсетеді

    α + β + γ=1

    Өндірістік функцияның қасиеттері:

    Өндіріс факторлары өзара бірін- бірі толықтырады, немесе өндіріске қажетті факторлардың бірінің болмауы өндірісті мүмкін емес қылады.Мысалы, аяқ-киім өндіру үшін арнайы орын, құрал- жабдық, шикізат, жұмысшы қажет. Олардың бірінің болмауы өндірісті болдыртпайды. Өндіріске қажетті факторлардың бірінің болмауы өндірісті мүмкін емес қылады.

    Факторлар бірін- бірі өзара алмастырады. Мысалы, 1 материалды 2-ші материалмен ауыстыруға ; арнайы құрал- жабдықты қол еңбегімен ауыстыруға болады. Өндірістік функцияны изокванта арқылы бейнелеуге болады.

    Изокванта деп бірдей өнім шығарылуын қамтамасыз ететін барлық мүмкін болатын факторлар комбинациясының қисығын айтамыз.Мысалы : 2 факторды қолданатын фирманың өндіріс технологиясын қарастырайық.
    Кесте. 2 айнымалы факторлы өндіріс

    Капитал шығыны

    Еңбек шығыны

    1

    2

    3

    4

    5

    1

    20

    40

    55

    65

    75

    2

    40

    60

    75

    85

    90

    3

    55

    75

    90

    100

    105

    4

    65

    85

    100

    110

    115

    5

    75

    90

    105

    115

    120

    Кестенің әр цирфры белгілі бір мерзімде (1 жыл делік) сәйкесінше еңбек пен капитал қолдануы арқылы максималды өндіріс көлемін көрсетеді. Мысалы,4 еңбек бірлігі мен 2 капитал бірлігі 85 бірлік өнім алуға мүмкіндік береді.

    Кестені пайдаланып изокванта графигін сызыңыз.

    1 2 3 5

    L

    Q=75
    Жалпы өнім (ТР)-айнымалы фактор өзгерісін қолданғаннан өндірілген жалпы өнім көлемі.

    Орташа өнім (АР)-пайдаланылатын фактор бірлігіне шығарылатын көлемі.

    АР=TP / L=TP / X

    Шекті өнім (МС)- шығынды бір бірлікке ұлғайтқанда алынатын еңбектің шекті өнімі немесе өнімнің қосымша көлемі

    МР=ΔTP / ΔL= ΔTP /Δ X

    Өндіріс факторларының өзара алмасуын анықтау мақсатында технологиялық алмастырудың шекті нормасы деген түсінік енгіземіз. MRTS технологиялық алмастырудың шекті нормасы- еңбекті бір бірлікке көбейткенде капиталды қандай шамаға азайту керек екенін көрсетеді және бұл уақытта өндіріс көлемі өзгеріссіз қалуы керек.

    MRTSlk = - ΔK / ΔL= Mpl / Mpk

    Өндіріс факторларының әртүрлі комбинациялары түрлі өнім көлемін береді. Бір факторды ұлғайтқанда басқа факторлардың тұрақтылығы жағдайында өндіріс өсуінің белгілі бір мүмкін шегі болады. Бұл өнімділіктің кему немесе кемімелі қайтарымдылық заңы деп аталады.

     


    написать администратору сайта