Лекция 7. Дрісті мазмны Таырыпты кеш
Скачать 17.05 Kb.
|
Дәріс №7 Тақырыбы: Тақырыптық кеш-мәдени- тынығу жұмысының бұқаралық түрі Дәрістің мазмұны: Тақырыптық кеш - оқырмандарды кеш тақырыбы бойынша әдебиетті оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылатын көпшілік шаралар. Тақырыптық кештер, конкурстар,викториналар, клуб пен үйірмелердің жұмысы, мәдениет университеттерін ұйысдастыру сияқты жұмыс формалары қолданылады. Қазіргі уақытта тақырыптық кештердің танымалдығы артуда. Арнайы бір тақырыпқа байланыстырылып ұйымдастырылғандықтан да ерекше әсер қалдырады, ерекше көңіл-күй орнатады. Тақырыптық кеш өз деңгейінде өтуі үшін де оның ұйымдастыру жұмыстарын кәсіби мамандардың қолына тапсыру керек. Себебі, тақырыптық кешті ұйымдастыру өзге қарапайым кештерге қарағанда көп жұмысты талап етеді. Тақырыптық кеш дегенде ұйымдастырушы тапсырыс берушінің ойын анық түсінуі керек. Мұндай кештердің өзін бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа, классикалық түрлі кейіпкерлер немесе фильм, ертегі желісінде ұйымдастырылған кештер кіреді. Ал, екінші топқа түрлі креативті тың ойлардың нәтижесінде тұтынушылардың немесе ұйымдастырушылардың ұсынысымен жүзеге асырылатын кештер кіреді. Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады. Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты: сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы; сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы; сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау; оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру; оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы; оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару; оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми диагностикасы; оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту. Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы қарастырылды. Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау кезінде жұмыстың барысын ұйымдастыру. |