Главная страница
Навигация по странице:

  • Құралымына байланысты

  • Ең қысқа мицелийлер

  • Жаңа мицелийлер

  • Ценоциттік саңырауқұлақтарға

  • жетілмеген саңырауқұлақтар класы.

  • Жетілмеген саңырауқұлақтар

  • Candida

  • микрош. микрош боти. Е ыса мицелийлерашытыларда Е зыны


    Скачать 19.52 Kb.
    НазваниеЕ ыса мицелийлерашытыларда Е зыны
    Анкормикрош
    Дата24.10.2021
    Размер19.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламикрош боти.docx
    ТипДокументы
    #254773

    Есеп № 16.

    Созылмалы пневмониямен ауыратын науқас ұзақ уақыт бойы кең спектрлі антибиотиктермен емделді. Ауыз қуысының шырышты қабатында ақ таңбалар пайда болды. Дәрігер ауыз қуысының кандидозы деп диагноз қойды?

    1. Саңырауқұлақтардың құрылымы мен жіктелуі?

    Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмаында оқшауланған ядросы, серпінді жасуша қабаты, көптеген вакуольдері, рибосомалары және басқа органеллалары бар біржасушалық немесе көпжасушалық эукариоттық микроорганизмдерге жатады. Олардың өсімдіктерге үлкен ұқсастығы бар, дегенмен кейбір метаболизмдік үрдістері жануарлар жасушасына жақындатады. Саңырауқұлақ денесі мицелий болып табылады. Олар перделері бар немес жоқ, бұтақша жайылған түтікшелер тәрізді, және де бүршіктенген оваль, дөңгелекше пішінді жасушалардан тұратын гифалар. Құралымына байланысты-мицелий құрайтын жасушалар пішіні және саңырауқұлақтаржасушасының бөліну механизмі бойынша 2 топқа бөлінеді.

    1.Гифалылар немесе мицелийлер(зең саңырауқұлақтар)

    2.Бүршіктенушілер(ашытқылар, ашытқы тәріздестер)

    Ең қысқа мицелийлер-ашытқыларда

    Ең ұзыны-мукорларда

    Ескірген мицелийлер-дәнді, ірілеу, көптеген қосындылары және вакуольдері болады

    Жаңа мицелийлер-мөлдір, нәзік, гомогенді.

    Деформизм құбылысы-гифаларды да бүршіктенген жасушаларды да түзіуі:кокцидияларға, гистоплазмаларға, кандидаларға тән.

    Ценоциттік саңырауқұлақтарға:зигомицеттер, септаланғандарға- аскомицеттер, дейтеромицеттер, базидиоммицеттер.

    Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді. Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

    Жетілмеген саңырауқұлақтардейтеромицеттер (Fungі іmperfectі, Deuteromycetes) – қалталы және базидиялы спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар класы. Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетін конидийлер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. Жетілмеген саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған, 30 мыңдай түрі белгілі. Олар топырақта, өсімдіктердің қалдықтарында сапрофит және жоғары сатыдағы, әсіресе, мәдени өсімдіктерде паразит ретінде көп кездеседі. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Жетілмеген саңырауқұлақтар азық-түлікті бүлдіреді, кейбіреулері өсімдіктердің паразиттері – антракнозфузариозсепториозфомоз ауруларын қоздырады. 

    Жетілмеген саңырауқұлақтарға Candida туыстығы жатады, ол теріні, шырышты қабатты зақымдайды.Пішіні сопақша, бүршіңктену арқылы бөлінеді, жалған мицелийлер түзеді,олардың шетінде хламидоспоралар орналасады, бұларды ашытқы тәрізділер деп атайды.

    1. Прокариоттардың және эукариот жасушаларын ерекшелендіретін белгілерін жазып көрсетіңіз?

    Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.

    Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы,митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май жәнегликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.

    Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.

    Есеп № 17.

    Ішек инфекциясы белгілері бар науқас жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Науқастың нәжісінен бактериолог E. coli таза дақылын анықтады.

    1. Бактериолог қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу үшін микробиологиялық әдістердің қайсысын қолданды, оны қалай жүргізеді және осы зерттеу әдісінің құндылығы мен кемшіліктері қандай?

    2. Бактериялардың қоректену типтері мен энергия алу тәсілдері бойынша жіктелуі?


    написать администратору сайта