|
психологя. псих кесте. Ебек алым Жылы
Еңбек
| Ғалым
| Жылы
|
| Психология терминін
| неміс философы X.Вольф (1679-1754 ) енгізген
| XVIII ғасырда
|
| «Психология тарих алдында
ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа» деп
түйіндеген.
| неміс
психологі, экспериментатор
Г. Эббингауз (1850-1909)
| ХIХ ғ. соңы- ХХ ғ. басында
|
| 1 кезең б.э.д.5 ғ «жан» туралы ғылым
2 кезең «сана» туралы
3 кезең «мінез- құлық» жөніндегі ғылым
4 кезең психологиялық фактілерді, заңдылықтарды, механизмдерін зерттеу
|
|
|
| Сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта қарастырады:
1) саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер);
2) саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано);
3) саналық ағым(сел) теориясы (У. Джемс);
4)дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
5)суреттеме психологиясы (Дильтей).
|
|
|
| жануарлар мен адам психикасын өзара салыстырумен
байланысты. Декарт «Жануарларда жан жоқ,олардың мінез -құлқы
сыртқы әсерге байланысты» деп қарастырған.
| Декарт
| 17-18 ғасыр
|
| Психология мінез- құлық туралы ғылым деп қарастырған басты
өкілі Бихевиоризм (ағылшын. behaviour - іс-әрекет,
Behaviorism) іс -әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.
| Д.Уотсон
| Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған.
|
| Француз жаратылыстанушысы, биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған.
эволюциялық теориясының артықшылығы - нақты деректерге сүйеніп өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. «Зоология философиясы» (1809 ж.) атты еңбегінде органикалық дүниенің өзгертетіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеген.
| Жан Батист Ламарк
| XIX ғасырдағы
|
| Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты.
Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден, зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық заңдылығы идеясы.
| Гербарт Спенсер
| 1820-1903 ағылшын философы,социолог
|
| «1890 ж.The principles of psychology» (vol. 1-2; орыс тіліндегі аталуы «Научные основы психологии», 2003 ж), психология ғылымының бөлімдерін жүйелеп, сана, эмоция, ерік тұлға мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосқан. Джеймс психикалық өмірді ортаға бейімделуге бағытталған белсенділік деп қарастырып, психологиядағы функционализмнің негізін салушылардың бірі болды.
Адам өзінің санасында Өзін-өзі тану актісінде адам сананың үздіксіз өзгеріп отыратын интегралдық жағдайларын («ағымын») ашады, оның әрқайсысында ол менін танитын субъект ретінде әрекет етеді Эксперименталды теріске шығарғанға дейін бірнеше онжылдықтарда бұл теория эмоциялар психологиясының дамуын анықтады. Ерік психологиясында ол алғаш рет өкілдіктерден еркін әрекеттерге көшу тетіктері туралы мәселе көтерді. Джеймс парапсихология құбылыстарын, руханизмді, діни тәжірибені сананың жай-күйі ретінде психологиялық зерттеудің бастамашыларының бірі ретінде қарапайым адам санасы адам психикасының алуан түрлі мүмкіндіктері мұхитындағы кішкентай арал тәрізді деген қорытындыға келді.
| Ульям Джеймс 1842-1910 америка философы, психолог
|
|
| Өмip философиясы
Германия, Францияда пайда болған буржуазиялық философияның субъективті –идеалистік бағыты
кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын филоофия.
Иррационалистік бағыт ретінде
| Германияда (А. Шопенгауэр 1788-1860, Гданск Польша, Дильтей, Зиммель)
| 19 соңы-20 ғ. басында
|
| Францияда Бергсон классикалық рационализмге қарсы тұрды. Философияның бастауы ретінде «өмір» ұғымын пайдаланады.
| Анрии-Луи Бергсон — француз философы, өмір философиясы және интуитивизмнің өкілі.
|
|
| Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді:
1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл өмір философиясының психологиялық
варианты деп аталады.
2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында өтеді деп түсінеді
|
|
|
| Дүниетанымдағы рационалдық жəне иррационалдық көзқарастар
Рационалды (лат. ақыл) деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.
Иррационализм (лат. ақылға сыйымсыз) деп ақыл-оймен пайымдауға келмейтін, логикалық ұғымдармен сыйыспайтын көзқарасты айтады. Иррационализм өмір шындығын берекесіз, заңдылықтан тыс, кездейсоқ өзгерістерге, ырықсыз ерікке бағынады деп санайды
|
|
|
| Бихевиоризм
екiншi он ж. психологияның жаңа пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнен адам қозғалысының жиынтығы- əрекет-қылық деп санады. Бұл бағыт" философиясының психологиялық "(ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының үшiншi кезеңiн қалады. Бихевиоризмнiң iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетiн қоршаған ортаға бейiмделушi тiршiлiк иесiнiң қылық-əрекетiн зерттеу деп бiлдi.
|
| ХХ ғ.
|
| Биховиоризмнің түрлері:
Классикалық биховиоризмClassical: Джон Б. Уотсон (John B. Watson )дәріптеген биховиоризм бағыты. Олар психологиялық барыс және ішкі көңіл ауаны дегенді терістеп, әрекетті бірден-бір психологиялық күй ретінде сипаттайды. Методологиялық (Methodological):үшінші адамның объективті күзетуін негіз етіп, субъектілер арасындағы зерттеуге болатын байланысты қастерлеп, қорытынды жасау. Бұл әдіснама кейін когнитивті психология жағынан қабылданған. Радикалды (Radical): B. Ф. Скиннер (B. F. Skinner) қатарлылардың биховиоримі. Олар іс-әрекет дағдысын механикалық түсінуге, қарапайымдастыруға қарсы болды. «Психология ішкі көңілдің сыртқы айнасы ғана емес, ол адамның өзін сезінуінің ерекше жолы» деп қарады. Логикалық Logical Оксфорд университетінің философы Ж.Райла (Gilbert Ryle)өзінің «Мидағы ұғым» (The Concept of Mind(1949))деген кітабында қалыптастырған. Мақсат(Teleological: Скиннерге қатысты қалыптасқан ағым. Олар адамды мақсат арқылы түсіндіреді, әсіресе микроэкономика, саясаттану, әлеуметтану теорияларында мақсаттылықты негізгі түйін ретінде зерттеу тетігі етіп қолданады. Теорияшыл (Theoretical: Скиннердің ағымының тағы бір қасиеті, олар ішкі жан дүниедегі көңіл күйді түзетуге болады деп есептейді, психологияны зерттеуде қазіргі заман технологиясына да үміт артады, бірақ теория мен практика ортасында байсалды жол ұстанады. Биологикалық (Biological: Адам зердесінің жүйке жүйесіне қатысына айырықша мән береді; Ішкі (Interbehaviorism:J. R. Kantor, L. Hayes、E. Ribes、S. Bijou т.б., зерттеуі. Олар биологиялық бүтіндіктің ішкі барысына, адамның іс-әрекет түйсігіне зерттеу жасаған
| Джон Б. Уотсон (John B. Watson ) B. Ф. Скиннер (B. F. Skinner)
|
|
| Когнитивтiк психология
Бұл бағыттың бiрнеше салалары бар Когнитивтiк психологияның негiзгi зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тiл мен сөздiң психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейiн, қиял жəне танымдық даму.
| көрнектi өкiлдерi Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф.Хайдер, У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. Гуманистiк бағыт көрнектi өкiлдерiнiң бiрi Абрахам Маслоу
|
|
| А. Маслоу адам iс-əрекетiнiң, адамның мiнезi мен қылығының негiзi сол адамның өзiн-өзi таныту мен өз мүмкiншiлiктерiн ашуға деген ынта-ықласында деп есептеген. Гуманистiк психология тұжырымының өзегi: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетiнiнiң бəрiн жүзеге асыруы тиiс. Егер онда кішкене күнінен актерлiк байқалса, ол актер болуға ұмтылуы тиiс, ойлау қабiлетi дамыған болса ғалым болуға тырысуы қажет. Егер адам осыны iстемесе, өмiр жағдайлары бұған кедергi жасайтын болса, "болуы тиiс едi, неге болмады?" - деген шешiмiн таппай, өз бойы мен ойындағы бiтпес дау-дамайға тап болып, жүйке сырқатына кезiгедi деп санаған.
| А. Маслоу
|
|
|
Адамның қажеттiлiктерi
А.Маслоу бiртіндеп күрделене ауысып отыратын адам қажеттiлiктерiн жiктеп, көрсетті:
1) физиологиялық қажеттiлiктер,
2) қорғаныс қажеттiлiктерi,
3) қорек-тағамдық қажеттiлiктер; осылардың бəрiнен жоғары адамгершiлiк(гуманоидтық) қажетсiнулер, яғни
4) шындық, қарапайымдылық, əдiлдiктi керек ету. Мiне, осылардың бəрi өз мүмкiншiлiктерiн өз белсендiлiгiмен iске асыруына байланысты адамда көрiнетiн жалпы қажеттiлiктердiң мазмұнын құрайды. Қажеттiлiктерге орай Маслоудың осы тұжырымының бiз үшiн аса қызықты тарапы: өзiндiк кемелдену адамға тума дарығанына қарамастан, алдыңғы үш топ қажеттiктер орындалған жағдайда ғана шын мəнiндегi өз көрiнiсiн бередi.
| А.Маслоу
|
|
| Маслоу пiкiрiнше, өз мүмкiншiлiгiн ашудың мəнi - тума құбылыс, адамның табиғи қасиетi. Əрбiр адам қайырымдылық, адамгершiлiк, тiлектестiкке деген қажетсiнумен дүниеге келедi. Оның мiндетi осы гуманистiк қажеттердi iске асыруда белсендiлiк көрсету. Осы идеясымен Маслоу фрейдистер көзқарасына тiкелей қарсы шықты (Фрейд адамның əлеуметтенуiн оның негiзгi инстинктерiне шек қою деп бiлдi).
| А.Маслоу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері Толық мақаласы: Психологияның зерттеу әдістері
Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері
| 1
| Психология салалары
| Сипаттама
|
| 1
| Еңбек психологиясы
| Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
|
| 2
| Педагогикалық психология
| Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.
|
| 3
| Медициналық психология
| Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология[2], психофармакология[3], психотерапия[4], психопрофилактика[5], психогигиена[6] дейтін салаларға бөлінеді.
|
| 4
| Инженерлік психология
| Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор
|
| 5
| Жас ерекшелік психологиясы
| Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; #3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
|
| 6
| Арнаулы психология
| Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:
1. Олигофренопсихология[7] – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдопсихология[8] – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифлопсихология[9] – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
|
| 7
| Салыстырмалы психология
| Салыстырмалы психологияға зоопсихология[10], этология[11] дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
|
| 8
| Әлеуметтік психология
| Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
|
| 9
| Әскери психология
| Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.[12]
|
| Психолог |
|
|