Еңбек түбі - ләззат. Еңбек түбі лаззат 2019. Ебек тбі береке
Скачать 418.94 Kb.
|
"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайыс Эстафеталық сайыс. Құрметті әріптестер бүгінгі еңбек күніне байланысты «Еңбек түбі - береке» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын «Бөбек бөбекжай» балабақшасының меңгеріушісінің м.а Г.Т. Рысбаеваға сөз кезегін береміз. Жүргізуші: Бір анадан туғандай, Бір ұядан ұшқандай. Бір аспанның астында, Береке болсын ұжымда - деп ортамызға педагог қызметкерлер мен тәрбиешілерді қарсы алайық. Жүргізуші: Енді сайысқа қатысушылардың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 1.Божко Вера Ивановна 2.Қамысбаева Маржан Калиевна 3.Асылжарова Венерв Бахытжановна Жүргізуші: Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. 1) «Мергендік» сайысы 2) «Кенгурумен секіру» сайысы 3) «Ептілік» сайысы 4) «Ойлан тап» сайысы 5) «Тез қимылда» сайысы 6) «Арқан тарту» сайысы Ендеше I - бөліміміз «Мергендік» сайысын бастаймыз. Ойын шарты: Едендегі кругтан - кругқа қос аяқтап секіріп, соңғы кругтың ішінде тұрып, жердегі уақ допты алып, шелекке лақтырып салу. (Құралдары: Кругтар, шелек - 2, уақ доптар). Жүргізуші: Әділқазылар алқасы I - ші бөлімнің бағасын берейік. Жүргізуші: Бір, екі, үш, Шынығайық қане біз. Жүгір, секір қалыспай, Жарысайық бәріміз - деп II - бөліміміз «Кенгурумен секіру» сайысын бастаймыз. Ойын шарты: Кеглилер арасымен кенгуру арқылы секіріп, межеден айналып қайту. (Құралдары: кеглилер, кенгуру добы). Жүргізуші: Әділқазылар алқасы осы сайысымыздың бағасын берейік. Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып, Көрсетер көп еңбектенген мығымдылық. Келесі бұл сайыстың жоспарында, Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Ептілік» сайысын бастаймыз. Ойын шарты: Сөреде тұрған шелектен үлкен қасықпен суды, келесі жақта тұрған шыны ыдысқа тасу керек. Суды төгіп алмауы керек. Су өлшенеді. (Құралдары: Шелек, су, үлкен қасық, сызғыш). Жүргізуші: Әділқазылар алқасы «Ептілік» сайысының бағасын берейік. Жүргізуші: Ақыл - ой парасаты, Ой көгіне жүгінеді. Еңбектенген жұмысын, Өз ісіне жарасады – деп «Ойлан тап» сайысына кезекті береміз. Ойын шарты: Кеглилер арасымен жүгіріп кезекпен - кезек межеде тұрған тапсырмаларды орындау. Жүргізуші: Осы «Ойлан тап» сайысындағы тапсырмалардың бағасын берейік. Жүргізуші: Әрі қарай «Тез қимылда» сайысын бастаймыз. Ойын шарты: Орналастырылған тунельдің арасынан еңбектеп өтіп, жердегі қапшықпен межеден айнала секіріп, кері тунельден өту. (Құралдары: Геометриялық пішіндер, қапшық). Жүргізуші: Әділқазылар алқасы «Тез қимылда» сайысының бағасын берейік. Жүргізуші: Ең соңғы сайысымыз «Арқан тарту». Ойын шарты: Екі топ мүшелері арқанның 2 жағынан ұстап, өз топтарына қарай арқанды тартады. Жүргізуші: Ең соңғы сайысымыздың қорытындысын берейік. Жүргізуші: Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз, Жеңілсек біз жеңілдік деп жасымаймыз. Жығылсаң жер көтереді деген екен, Реніш, өкпелеуге қосылмаймыз - деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Осымен бүгінгі еңбек күніне байланысты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар! «Бөбек бөбекжай»балабақщасы Еңбек түбі- береке (спорттық жарыс) Орындаған:Еңбекті қоріау инснекторы АлдашеваЛ.Ж. 2019ж |