Главная страница
Навигация по странице:

  • «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады

  • Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

  • Халық даналығында

  • Оқушының әлеуметтік картасы

  • Жанұяның әлеуметтік-демографиялық картасы

  • Жанұя құрамы: (18 жасқа дейін)

  • Ескертпе

  • Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.

  • Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).

  • Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

  • ата анамен жумыс д2птер3. ата-анамен жұмыс дәптері Умит. Егер балаа уаныш пен баыт бере білсек, ол бала солай бола алады Крнекті педагог В. Сухомлинский Халымызды сан асырдан бергі даналыына ла асса, Адамны баыты балада


    Скачать 190.5 Kb.
    НазваниеЕгер балаа уаныш пен баыт бере білсек, ол бала солай бола алады Крнекті педагог В. Сухомлинский Халымызды сан асырдан бергі даналыына ла асса, Адамны баыты балада
    Анкората анамен жумыс д2птер3
    Дата28.02.2022
    Размер190.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаата-анамен жұмыс дәптері Умит.doc
    ТипДокументы
    #376137




    20 орта жалпы білім беретін мектеп

    Ата-аналармен жүргізілетін

    жұмыс дәптері


    2021 – 2022 оқу жылы.


    «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады

    Көрнекті педагог В. Сухомлинский
    Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

    Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
    Ата — онн — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының он дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
    Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті он беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
    Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда онны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

    Ата-аналар міндеті


    1. Білім заңының 49-бабын негізге ала отырып, баланың оқу орындағы сабаққа қамтамасыз етуге, себепсіз сабақ қалдырмауына ата-аналар міндеттті

    2. Мектеп тәртібіне сай баланы мектеп формасын сақтауына , ата-ана қамтамасыз етеді.

    3. Мектеп ережесінде айтылған бағалы заттарды әкелуге тыйым салынады. Ұялы телефонды ұстауға мүлдем болмайды.

    4. Білім беру заңының 6 тарау 48 бабына сүйене отырып, кешкі мезгілде сағат 21.00 де кейін ата-ананың қатысынсыз оқушыларға көшеде жүруіне тыйым салынады.

    5. Ата-ана баласының сабағына аптасына кем дегенде 2 рет қатысуы тиіс.

    6. Оқушы сабақтан кешіккен жағдайда екіі ескертуден кейін, ата-анасы шақырылып, мектеп ережесіне бағынбағаны үшін шара қолданылады.

    7. Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалуы қатаң сақталады. Ата-ана баласын себепсіз сабақтан қалдырмауы тиіс. Сабақтан қалған жағдайда ата-ана тікелей баласының іс-әрекеті үшін жауап береді.

    8. Жиналыста айтылған класс жетекшінің ата-аналарға қойылған талабын орындауға және қабылданған қаулыны бұзбауға міндетті.

    9. Баласы мектептің мүлкін бүлдірген жағдайда ата-ана тікелей балсының іс-әрекеті үшін жауп береді.

    10. Класс жеткшімен үнемі байланыста болып, көмек көрсету, шақырған уақытында келу, қоғамдық жұмыстарға , мектепте өткізілетін оқу-тәрбие процесіндегі шардарға қатысуға тиіс.

    11. Әр тоқсан сайын өткізілетін оқушының білім деңгейіне қатысты педагогикалық кеңсте қабылданған қаулыны ата-ана бұзбауы тиіс.


    Ата-ананың аты-жөн і-----------------------------

    Қолы:

    Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

    1.Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

    2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

    3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

    4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

    5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

    6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

    7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

    8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

    9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

    10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

    11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

    12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

    13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

    14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

    Халық даналығында:
    «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
    15-ке дейін құлыңдай жұмса,
    15-тен кейін досыңдай сыйла,» -
    деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.



    • 1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
      Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

    • 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

    • 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

    • 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

    • 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
      Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

    • 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

    • 7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

    • 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз.

    • Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

    • 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

    • 10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

    • 11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

    • 12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

    • 13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

    • 14.Егер баланы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.


    1-сабақ
    Оқушының әлеуметтік картасы:

    Фамилия:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Аты:----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Әкесінің аты:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Туған жылы,айы,күні:-----------------------------------------------------------------------------------------------------

    Мектеп:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Сынып:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Ұлты: --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұяның әлеуметтік-демографиялық картасы:

    Мекен-жайы:,үй телефоны:

    Әкесі:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Ұлты: -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жұмыс орны,ұялы,жұмыс тел:----------------------------------------------------------------------------------------

    Айлық табысы:-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    Анасы:-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Ұлты: -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жұмыс орны,ұялы,жұмыс тел:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Айлық табысы:--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Оқушы кіммен тұрады?---------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұядағы санитарлық-гигиеналық жағдайы:-----------------------------------------------------------------------

    Үйдің түрі,(қанша шаршы метірді құрайды): ------------------------------------------------------------------------

    жатақхана, комун, аренда, жеке үй, жалдап тұру. (астын сыз)

    (Ата-анасымен,анасымен,әкесімен,қамқоршысымен,әжесімен,атасымен,басқа туыстарымен)
    Жанұядағы басқа балалар туралы мәлімет:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Оқушының тұрмыстық жағдайы:----------------------------------------------------------------------------------------
    Жанұя мүшелерінің қызығушылық әуестігі---------------------------------------------------------------------------
    Оқушылардың ата-анамен,басқа жанұя мүшелерімен қарым-қатынас----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұя тәрбиесінің ерекшеліктері:--------------------------------------------------------------------------------------
    Оқушының мінезі:----------------------------------------------------------------------------------------------------------
    Бос уақытында немен айналысады:-------------------------------------------------------------------------------------
    Денсаулығы:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұядағы бала саны:

    Жанұя құрамы: (18 жасқа дейін)

    1.____________________________туған жылы_________________сыныбы___

    2.___________________________ туған жылы_________________сыныбы___

    3.___________________________ туған жылы_________________сыныбы___

    4.___________________________ туған жылы_________________сыныбы___

    2-сабақ

    Балаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Баланы кім тәрбиелейді? -------------------------------------------------------------------------------------------------

    ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұяда күн режимі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде).

    ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз)

    --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар?

    --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді)

    --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсндіру, талдау). ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жанұяда балаға үлкендерден бірдей талап қойыла ма? (рұқсат беру, тыйым салуға) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Балаңызға айтқан уәдені үнемі орындауға тырысасыз ба?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


    1. Жанұяңызда балаңызға кімнің ықпалы күштірек?------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    2. Балаңыздың үйдегі ең сүйікті ісі?----------------------------------------------------------------------------------

    3. Балаңыз үйде қандай шаруаны жақтырмайды?-----------------------------------------------------------------

    4. Үйде даярланатын пәні?---------------------------------------------------------------------------------------------

    5. Жақтырмайтын не түсінбейтін пәні?------------------------------------------------------------------------------

    6. Достарымен, таныстарымен қарым-қатынасы?-----------------------------------------------------------------

    7. Бос уақытын қалай өткізеді?----------------------------------------------------------------------------------------

    8. Жанұяда қандай газет-журналдар алынады?------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    9. Балаңызға қысқаша мінездеме беріңіз /жазбаша/-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    3-сабақ

    Бала тәрбиесіне қабілеттісіз бе ?
    Мақсаты: ата- аналардың бала тәрбиесіне қабілетін анықтау.


    1. Балаңыздың жеке бөлмесі бар ма?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Сіз балаңызға күн сайын көңіл бөлесіз бе?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Балаңыз дұрыс тамақтанбаса немесе көбірек еркелеп кетсе ашуланасыз ба?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Балаңыздың балалықпен жіберген қателігін , сіз кешіре аласыз ба?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Ауыр жаза қолданасыз ба?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Балаңыз бар сырын сізбен бөлісу керек деп ойлайсыз ба?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Балаңыз тіл алғыш па?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Егер сіз әлденеге ескерту берсеңіз себебін түсіндіресіз бе?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Балаңыз өзіне міндеттелген істің бәрін мүлтіксіз атқаруы тиіс деп ойлайсыз ба?

    Иә -

    Жоқ –

    1. Арнайы педагогикалық әдістерді оқып тұрасыз ба?

    Иә -

    Жоқ

    4-сабақ



    1. Сіздің балаңыз қабілетті бала. Оның қабілеті толық ашылды деп есептейсіз бе? Ашылмаса себебін неден көресіз?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    2. Баланың қабілетін ашудан ата- ана тарапынан қандай жұмыс түрлері қажет. Мұғалімдер тарапынан ше?----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




    1. Баланың қабілетін ашу мектеп қабырғасында бастала ма? Олай болса , ата- ананың баласымен мектепке дейінгі жұмысына қандай ұсыныс – схема ұсынар едіңіз?------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




    1. Баланың қабілетін дамытуда қандай кедергілер бар деп ойлайсыз? ( ішкі, сыртқы)------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    2. Қабілетті баланы дамыту бағытында мектеп ұжымына қандай ұсыныстар жасайсыз?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


    5-сабақ

    Ата-ананың өз баласымен қатынасын анықтайтын тест.

    Сауалнама сұрақтары.


    1. Менің әрқашанда балама жаным ашиды а) иа б) жоқ

    2. Меің балам не ойлайды, сол туралы білу міндетім деп санаймын. а ) иа б) жоқ

    3. Маған баламның мінез-құлқы қалыптан ауытқып кеткендей көрінеді. а ) иа б) жоқ

    4. Шындық өмірдегі мәселелерден баланы аулақ ұстау керек, егер де баланы олар жарақаттайтын болса. а ) иа б) жоқ

    5. Мен балама сүйіспеншілікті сезінемін. а ) иа б) жоқ

    6. Мен өз баламды сыйлаймын. а ) иа б) жоқ

    7. Жақсы ата-ана өз баласын өмірдің қиыншылықтарынан қорғайды. а ) иа б) жоқ

    8. Менің балам маған жиі жағымсыз болып көрінеді. а ) иа б) жоқ

    9. Мен балама әрқашанда көмектесуге тырысамын. а ) иа б) жоқ

    10. Балаға қатал қараудың кейде пайдалы да жақтары болуы мүмкін. а ) иа б) жоқ

    11. Мен балама ренжітушілік сезіммен қараймын. а ) иа б) жоқ

    12. Менің балам өмірде ешқандай жетістіктерге жете алмайды. а ) иа б) жоқ

    13. Басқа балалар менің балама әлімжеттік жасайтын сияқты болып көрінеді. а ) иа б) жоқ

    14. Менің балам жазалуға тұратын қылықтарды жиі жасайды. а ) иа б) жоқ

    15. Менің балам психологиялық даму жағынан қалып бара жатыр және өз жасына қарағанда дамуы жеткіліксіз. а ) иа б) жоқ

    16. Мені ызаландыру үшін, менің балам әдеиі өзін жағымсыз ұстайды. а ) иа б) жоқ

    17. Менің балам барлық жаман нәрселерді сіңіретін губка тәрізді. а ) иа б) жоқ

    18. Менің барлық тырысушылығым – баламды жақсы қылықтарға үйрету. а ) иа б) жоқ

    19. Баланы жастайынан қатаң тәртіпте ұстау керек, сонда ғана болашақта жақсы адам шығады.

    а ) иа б) жоқ

    1. Баламның достары үйге келгенді ұнатамын. а ) иа б) жоқ

    2. Менің балам өмірді сәттіліктерге жете алмайды. а ) иа б) жоқ

    3. Отырыстарда балалар туралы әңгіме болғанда мен ұяламын, себебі менің балам басқа балалардай ақылды, қабілетті емес. а ) иа б) жоқ

    4. Мен өз баламды аяймын. а ) иа б) жоқ

    5. Баламның құрбылары, балама қарағанда тәрбиелі және ақылды көрінеді. а ) иа б) жоқ

    6. Мен бос уақытымды баламмен өткізгенді жақсы көремін. а ) иа б) жоқ

    7. Мен баламның сәби кезіндегі аса бір жылылықпен еске ала отырып, баламның есейіп келе жатқанына өкінемін. а ) иа б) жоқ

    8. Мен балама қаталдықпен және зұлымдықпен қарайтынымды сезініп жүрмін. а ) иа б) жоқ

    9. Мен жете алмаған жетістіктерге менің балам жетсе екен депп жиі армандаймын. а) иа б) жоқ

    10. Ата-аналар балаға талап қою емес, сонымен қатар өздері де баланы жеке тұлға ретінде сыйластықпен қарауға үйренуі керек. а ) иа б) жоқ

    11. Мен баламның барлық тілектері мен өтініштерін орындауға тырысамын. а ) иа б) жоқ

    12. Жанұяда шешім қабылдарда, баланың пікірімен санасу керек. а ) иа б) жоқ

    13. Менібаламның өмірі қызықтырады. а ) иа б) жоқ

    14. Баланың өзіндік талап қоюы мен пікірі дұрыс екенін мойындаймын. а ) иа б) жоқ

    15. Ата-ананың да қателесетінін балалар ерте біледі. а ) иа б) жоқ

    16. Мен әрдайым баламмен санасамын. а ) иа б) жоқ

    17. Балммен қатынаста мен достық сезімін сезінемін. а ) иа б) жоқ

    18. Менің баламның еркелігінің негізгі себептері– эгоизм, жалқаулық және қиқарлық.а) иа б) жоқ

    19. Егер баламмен демалысыңды бірге өткізсең, онда жөнді демала алмайсың. а) иа б) жоқ

    20. Мен үшін ең бастысы – баланың тыныш, алаңсыз балалық шағының болуы. а) иа б) жоқ

    21. Кейде маған менің баламның жақсы істерге қабілеті жетпейтіндей көрінеді. а) иа б) жоқ

    22. Мен баламның қызығушылықтарына ортақтасамын. а) иа б) жоқ

    23. Менің балам кімді болса да өз-өзінен шығарады. а) иа б) жоқ

    24. Баламның қайғылары маған түсінікті және жақын. а) иа б) жоқ

    25. Менің балам мені жиі ызаландырады. а) иа б) жоқ

    26. Баланы тәрбиелеу – бұл жүйкеңнің жұқаруы а) иа б) жоқ

    27. Балалық шақта қатаң тәртіптің болуы, күшті мінездің қалыптасуына көмектеседі. а) иа б) жоқ

    28. Мен өз балама сенбеймін. а) иа б) жоқ

    29. Қатаң тәрбиелегені үшін кейін балалар ата-аналарына рахмет айтады. а) иа б) жоқ

    30. Кейде мен өз баламды жек көретіндей сезінемін. а) иа б) жоқ

    31. Менің баламның адамгершілігінен кемшілігі басым. а) иа б) жоқ

    32. Менің баламның қызығушылықтары маған жақын, мен онымен ортақтасамын. а) иа б) жоқ

    33. Менің балам өз бетімен ешнәрсе істей алмайды, ал гере істесе дұрыс шықпайды. а) иа б) жоқ

    34. Менің балам өмірге бейімсіз болып өсіп келе жатыр. а) иа б) жоқ

    35. Менің балам қандай болса да, өзіме ұнайды. а) иа б) жоқ

    36. Мен баламның денсаулығын мұқият қарап жүрмін. а) иа б) жоқ

    37. Мен баламды мақтан тұтамын. а) иа б) жоқ

    38. Бала өз ата-анасынан ешқандай құпия жасырмауы керек. а) иа б) жоқ

    39. Мен баламның қабілеттіліктері жөнінде ондай жоғары пікірде емеспін және оны өз баламнан жасырмаймын. а) иа б) жоқ

    40. Бала ата—анасына ұнайтын балалармен ған достасуы керек. а) иа б) жоқ

    “Ия, келісемін”“ Жоқ, келіспеймін.”

    6-сабақ

    Ата-аналарды топтарға бөліп отырғызып ,бірлесе жұмыстануын, бірі-бірі кімнің ата-анасы екенін тануына ықпал жасау.

    І топ

    1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............

    (оқуға құлқы болмайды)

    1) Балаға үнемі күлсе ................................

    (бұйығы болып өседі)

    2) Баланы қолдап отырса ...........................

    (білімге деген ынтасы артады)
    ІІ топ

    1) Баланы қолдап отырса .....................

    (өз ісіне сенімді болады)

    2) Бала төзімділікте өссе .................................

    (адал болып жетіледі)

    1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................

    (ол адамға сеніммен қарайды)
    ІІІ топ

    1) Бала кекшілдікте өссе .............................

    (ол қатыгез болып өседі)

    2) Бала адалдықта өссе ...........................................

    (әділ болып жетіледі)

    3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................

    (бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)

    Әр ата-ана осы сұрақтардың басқа да жауаптарын іздестіру,әр топтың бір мүшесі оқып береді.

    Үйге тапсырма

    «Сіз қандай ата-анасыз?» (өз-өздерін тест арқылы тексеру)
    1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

    А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз

    Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз

    Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
    2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

    А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

    Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз

    Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.
    3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

    А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін

    Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз

    Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз
    4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

    А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз

    Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз

    Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз
    5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

    А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.

    Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз

    Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
    6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

    А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз

    Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
    7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.

    А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз

    Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз

    Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.
    8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

    А) Есесін қайтаруға үйретесіз

    Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

    Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз
    9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

    А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)

    Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға

    Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз
    Жинаған баллды ата —аналар өздері санайды

    № а ә б

    1 3 0 5

    2 2 5 0

    3 0 3 5

    4 3 5 0

    5 0 2 3

    6 5 0 3

    7 3 0 5

    8 5 3 0

    9 0 5 3


    Нәтижесін мұғалім айтады.
    0 — 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы — адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.
    19 — 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.
    36 — 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.

    7-сабақ

    Мақсаты: ата-ананың балаларымен қарым-қатынастарын, көз-қарастарын анықтау.

    Нұсқау: 10 сұрақтан құралған. Әрбір сұрақтың астында жауап белгілері бар, өзіңізге қатыстысын белгілейсіз.
    1.Өз балаңызға деген сезіміңіз қалай?

    а) өте жақсы көремін – 3

    б) жақсы көрем – 2

    2.Отбасында қыз баланың көп болғанын немесе ер баланың көп болғанын

    қалайсың ба?

    а) қыз бала – 3

    б) ер баланы – 2

    в) екеуінің де – 4

    1. Баланы қалай тәрбиелеген дұрыс деп ойлайсыз?

    а) жай түсіндірумен – 3

    б) ұрып-соғу, зекумен – 2

    4. Қызыңыздың немесе ұлыңыздың үйге достарын топырлатып ертіп келгенін қалайсыз ба?

    а) қалаймын - 3

    б) қаламаймын – 2

    в) ретімен - 4

    5. Мектепте балаңыздың тәртіпті, тәрбиелі, өте жақсы деген мақтау сөзіне қуанасыз ба?

    а) қуанамын – 3

    б) мақтанамын – 4

    в) ескермеймін – 2

    6. Мұғалімдерің балаңызды тәртіпсіз, сабақ білмейді деген пікіріне қалай қарайсыз?

    а) түсіністікпен – 3

    б) немқұрайлы – 2

    в) Мән бермеймін – 4

    7. Балаңыздың сынып жетекшісі сізге ұнай ма?

    а) ұнайды – 3

    б) ұнамайды – 2

    в) бәрібір – 4

    8. Мектеппен байланысып тұрғанды ұнатасыз ба?

    а) ұнатамын – 3

    б) ұнатпаймын – 2

    в) ретімен – 1

    9. Болашақта қызыңыздың не ұлыңыздың жақсы маман, азамат болғанын қалайсыз

    ба?

    а) қалаймын – 3

    б) аман-сау жүрсе болды - 2

    в) бәрібір – 4

    10.Балаңыздың мектептен тыс сайыстарға, жарыстарға қатысқанын ұнатасыз ба?

    а) ұнатамын – 3

    б) өзі білсін – 2

    в) бәрібір -1

    Ескертпе


    • Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес:

    • Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.

    • Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.

    • Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.

    • Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.

    • Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).

    • Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.






    Оқушы туралы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


    написать администратору сайта