Главная страница
Навигация по странице:

  • Ең ықтималды диагноз

  • тесты. гин забол каз. !ЭК кейін жктілік дрыс дамуына ажетті крсеткіш Жатыр уысына имплантацияланан эмбриондар саны


    Скачать 21.28 Kb.
    Название!ЭК кейін жктілік дрыс дамуына ажетті крсеткіш Жатыр уысына имплантацияланан эмбриондар саны
    Анкортесты
    Дата31.03.2021
    Размер21.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагин забол каз.docx
    ТипДокументы
    #189979

    #1

    *!ЭКҰ кейін жүктілік дұрыс дамуына қажетті көрсеткіш:
    *Жатыр қуысына имплантацияланған эмбриондар саны

    *ЭКҰ кейін жүктілікті көтере алмаушылық жиілігі

    *+«take home baby» көрсеткіші

    *УДЗ мәліметтері бойынша жатырлық жүктіліктің дамуы

    *Мерзіміне жеткен жүктіліктер саны
    #2

    *!Жүктілікті көтере алмаушылықтың анатомиялық себептерін верификациялау үшін ең ақпаратты әдіс:
    *Кіші жамбас қуысы ағзаларының УДЗ

    *+Кіші жамбас қуысы ағзаларының МРТ

    *Лапароскопия

    *Айнамен қарау

    *Қынаптық тексеру
    #3

    *!Науқас 46 жаста, стационарға мына диагнозбен түсті: Дамымаған жүктілік 9-10 апта (етеккірі бойынша 12-13 апта). Шағымдары жоқ. Диагнозы УДЗ тексерумен дәлелденген.


    Ең ықтималды диагноз?
    *АБ терапия, жатыр қуысын қыру

    *Коагулопатияның алдын алу, 24 сағаттан соң – жатыр қуысын қыру

    *АБ терапия 6 сағат ішінде, соңынан жатыр қуысын қыру

    *+АБ терапия, коагулопатияның алдын алу, соңынан жатыр қуысын қыру

    *АБ терапия, дезинтоксикациондық терапия, соңынан жатыр қуысын қыру
    #4

    *!Жатыр миомасы кезінде етеккір циклының ең ықтималды бұзылу типі:
    *Полименорея

    *+Гиперполименорея

    *Альгодисменорея

    *Метроррагия

    *Гиперменорея
    #5

    *!36 жастағы науқаста сол жақ қосалқылар аймағында диаметрі 10 см дейін беті тегіс, контуры анық, қозғалмалы, ауру сезімсіз, жұмсақ консистенциялы ісік тәрізді түзіліс анықталды. Шағымы жоқ. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ жүргізілді: құрамында сұйықтығы бар біртекті емес консистенциялы сол жақ аналық безінің кистомасы анықталды.

    Мүмкін болатын аналық без ісігі:
    *+Цилиоэпителиалды кистома

    *Папиллярлы кистома

    *Сецернирленген серозды кистома

    *Пролиферацияланған серозды кистома

    *Псевдомуцинозды кистома
    #6

    *!Н.,32 жаста, етеккір алдында 2-3 күн және кейін жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөліністерге және ұзақ, көп көлемді, ауру сезімді етеккірге шағымданады. Анамнезінде эндомиометритпен асқынған алғашқы босанудан кейін, 5 жыл бедеулік. Бірнеше рет қабынуға қарсы ем алды. Гистероскопия қорытындысы: аденомиоз.

    Емдеу тактикасын таңдау негізінен байланысты:
    *Клиникалық көріністердің ауырлығына

    *Гормоналды бұзылыстар дәрежесіне

    *+Аденомиоздың таралу дәрежесіне

    *Аденомиозбен зақымдалу локализациясы

    *Аурудың асқыну дәрежесі
    #7

    *!Алдын ала қарау кезінде 40 жастағы науқастың жатыр мойнында жалтырайтын ақшыл түсті аймақ анықталды. Жатыр мойнының лейкоплакиясы диагнозы қойылған. Кольпоскопия жасалды. Онкоцитологияға жағынды алынды. Диагнозы нақтыланды.

    Ең ықтималды емдеу тактикасы:
    *Химиялық коагуляция

    *Диатермокоагуляция

    *+Электроконизация

    *Лазерлі деструкция

    *Криодеструкция
    #8

    *!Алдын ала қарау кезінде 20 жастағы науқаста жатыр мойнының шырыш қабатының қабынуы тұсында шырышты қабатында ашық қызғылт түсті ошақ табылды. Жатыр мойнының шынайы эрозиясы диагнозы қойылды. Кольпоскопия жасалды. Онкоцитологияға жағынды алынды. Диагнозы нақтыланды.

    Ең ықтималды емдеу тактикасы:
    *Химиялық коагуляция

    *Диатермокоагуляция

    *+Дәрілік ем

    *Электроконизация

    *Криодеструкция
    #9

    *!28 жастағы науқас 2 жыл бойы біріншілік бедеулікке шағымданып келді. Етеккір қызметі 2-4 аптаға кідіреді, көлемді, ауру сезімсіз. Гинекологиялық қарауда патология жоқ. 3 етеккір циклы бойы базалды температура сызбасы монотонды. Функционалды диагностика тесттері жүргізілген. КПИ 70-75% шамасында.

    Ең дұрыс этаптық тексеру:
    *Метросальпингография

    *Гистероскопия

    *Лапароскопия

    *+Гормоналдық зерттеу

    *Кіші жамбас ағзаларының УДЗ




    написать администратору сайта