7 сынып геометрия. Екі нктені араашытыы деп нені тсінеміз
Скачать 13.84 Kb.
|
1 нұсқа Екі нүктенің арақашықтығы деп нені түсінеміз? Сәуле немесе жарты түзу деген не? Қандай сәулелер бір-бірінің толықтауыш сәулелері деп аталады? Бұрышты қалай белгілейді? Қандай түзулерді перпендикуляр түзулер деп атайды? Кесінділер мен бұрыштарды өлшеп салудың негізгі қасиеттерін айтыңдар Бұрыш биссектрисасы деген не? Қандай тұжырымдамаларды теорема деп атайды? Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңдар. №1 Егер сыбайлас бұрыштардың қатынасы 2:3 қатынасындай болса осы сыбайлас бұрыштарды табыңдар 2 нұсқа Кесіндіні өлшеудің негізгі қасиеттерін атаңдар. Қарсы жорып дәлелдеу тәсілінің мағынасы қандай? Мысал келтіріңдер Жазықтықты екі жарты жызықтыққа бөлудің қандай қасиеттері бар? Бұрыштарды өлшеудің негізгі қасиетін айтыңдар Нүктелер мен түзулер қалай белгіленеді? Сәулелер қалай белгіленеді? Түзуге түсірілген перпендикуляр деп нені атайды? Бұрыш деп қандай фигураны атайды? №1 Егер сыбайлас бұрыштардың қатынасы 3:7 қатынасындай болса осы сыбайлас бұрыштарды табыңдар 3 нұсқа Екі түзудің неше ортақ нүктесі болуы мүмкін? Вертикаль бұрыштардың тең болатынын дәлелдеңдер Жазықтықтағы нүктелердің түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиеттерін тұжырымдаңдар Кесінді деген не? Қандай бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды? Қандай бұрышты жазыңқы бұрыш деп атайды? Сәуле бұрыш қабырғалары арасынан өтеді деген сөйлемді қалай түсінесіңдер? Аксиома деген не? №1 Егер сыбайлас бұрыштардың қатынасы 11:25 қатынасындай болса осы сыбайлас бұрыштарды табыңдар 4 нұсқа Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? Параллельдік аксиомасын айтыңдар Қандай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады? Қандай бұрыштар тең деп аталады? Геометриялық фигураларға мысалдар келтіріңдер. Үшбұрыштың бұрышы деген не? Егер екі бұрыш тең болса онда олармен сыбайлас бұрыштар да тең болатынын дәлелдеңдер Қандай түзулерді паралель түзулер деп атайды?Параллель кесінділер деп қандай кесінділерді атайды? №1 Егер сыбайлас бұрыштардың қатынасы 22:23 қатынасындай болса осы сыбайлас бұрыштарды табыңдар |