біріккен сөздер 6 сын. Екіге блінеді 1 дара сз 2 крделі сз. Дара сз
Скачать 16.15 Kb.
|
Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз. Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б. Күрделі сөз екі немесеодан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, алқаракөк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер. Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б. Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер. Кіріккен сөз – сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы, қол+қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып+бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы+тас = ашудас, жаздың+күні = жаздыгүні, Орнын+басар = Орынбасар, Өмірі+ұзақ = Өмірзақ, солай+етіп = сөйтіп, т.б. Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б. Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.
Қаптесер Жетіқарақшы Қызылжарқұдық Сарыағаш Боранбай Ешқашан Әркім Жаздыгүні Молдахмет Сатыбалды Өмірзақ Бүгін Әкел Амангелді Кім көп біледі? ойыны
Сәйкестендіру тесті
Мына сөздерден біріккен сөздер жаса. Жез, қорған, талды, тау, көк, ала, өніс, ақ, су, төбе, теке, қазған. Қозы, тас, құйрық, көз, қазық, қала, бота, темір, құмалақ, қазақ, ас, тоғыз, ұл, сүйек, табар, ақ, гүл, ай, сай, қара, бас,екі, тұз |