Электр машиналары жне трансформаторлар
Скачать 252 Kb.
|
Кіріспе"Электр машиналары жəне трансформаторлар" оқу құралы студенттерге электр машиналары туралы негізгі түсініктерді меңгеруге;олардың құрылысымен, əрекет ету қағидатымен, электр машиналары топтарымен танысуға; олардың сипаттамаларын зерделеуге; олардың қай жерде жəне қандай мақсатта қолданылатынын түсінуге көмектеседі. Оқыту нəтижелерін бағалау өлшемшарттары: тұрақты жəне айнымалы токтың электр машиналарының əрекет ету қағидатын, құрылысы ерекшеліктерін жəне пайдалану қасиеттерін сипаттау; тұрақты жəне айнымалы ток машиналарының орауыштарының есептеуін жүргізу; машиналардың коммутациясына анықтама беру, оны жақсарту тəсілдері, зəкірдегі ұшқындауды жоя білу; тұрақты ток машиналарының, трансформаторлардың, асинхронды қозғалтқыштардың, синхронды қозғалтқыштардың жəне синхронды генераторлардың негізгі параметрлері мен сипаттамаларынының есептелуін жүргізу; параллель қосылған трансформаторлардың арасындағы жүктемені бөлу бойынша есептеуді орындау; электр машиналарының айналу жиілігін іске қосу жəне реттеу тəсілдерін сипаттау; электр машиналарын іске қосу жəне сынауды орындау. Электр машиналары өте кең таралған. Олар өнеркəсіптің, ауыл шаруашылығының əртүрлі салаларында, энергетикада, көлікте, теңіз жəне өзен флотында, авиацияда, медицинада, тұрмыста жəне т. б. Салаларда қолданылады. Осыған байланысты электр машиналарының көп алуан түрлілігі бар. Олар əрекет ету қағидаты, тұтынылатын ток түрі, қуаты, айналу жиілігі, жұмыс режимі бойынша ерекшеленеді. Құрылымдық айырмашылықтарға қарамастан, кез келген электр машинасы механикалық энергияны электр энергиясына немесе керісінше — электр энергиясын механикалыққа айналдыра алатын, электрмеханикалық түрлендіргіш болып табылады. Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіруді жүргізетін электр машиналары электр генераторлары деп аталады, ал кері түрлендіруді орындайтын машиналар электр қозғалтқыштары деп аталады. Электр машинасында механикалық жəне электр энергиясын өзара түрлендіру кез келген бағытта жүргізілуі мүмкін, яғни бір машина қозғалтқыш режимінде де, генератор режимінде де жұмыс істей алады. Бұл машинаға қандай энергия келтірілетініне жəне қандай энергия алынатынына байланысты болады. Электр машиналарының қайтымдылық принципінің мəні осында. Алайда, ең тиімді пайдалану үшін дайындаушы зауыт шығаратын əрбір электр машинасы бір белгілі жұмыс режиміне (қозғалтқышнемесе генератор ретінде) жобаланады жəне тағайындалады. Ток түрлері бойынша электр машиналары тұрақты ток машиналарына жəне айнымалы ток машиналарына бөлінеді.Тұрақты ток машиналарының көпшілігінің ерекшелігі оларда арнайы механикал ауыстырып қосу құрылғысы — коллектордың болуы болып табылады. Айнымалы ток машиналары асинхронды жəне синхрондыларға бөлінеді. Сол жəне басқа машиналарда айналмалы магнит өрісі пайда болады. Асинхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі магнит өрісінің айналу жиілігінен ерекшеленеді, ал синхронды машиналарда бұл жиіліктер тең. Электр машиналарына трансформаторларды да жатқызуқабыдданған. Дұрысын айтқанда, трансформатор электр машинасы болып табылмайды, себебі онда энергияның бір түрін екіншісіне айналдыру жүргізілмейді. Трансформаторда бір кернеудің электр энергиясы басқа кернеудің электр энергиясына түрлендіріледі. Бұл ретте тұтынылатын энергияның бір бөлігі жылуға түрлендіріледі (өзекше мен орауыш өткізгіштерін қыздыруға жұмсалады). Осы тұрғыдан алғанда трансформатор əдеттегі энергия тұтынушысы болып табылады. Ол энергияны өндіре алмайды, яғни оның көзі болып табылмайды. Алайда, трансформаторда орындалатын физикалық процестердің айналмалы электр машиналарында болатын процестермен көп ұқсастығы бар. Трансформаторлардың құрылысы мен теориясы негіздерін зерделеу тек өздігінен маңызды емес, сонымен бірге оның негізінде асинхронды жəне синхронды машиналарзерттелетін база болып табылады. Электр машиналарын тəжірибелік қолдану, дұрыс іске қосу, таңдау жəне оңтайлы пайдалану үшін олардың əрекет ету қағидатын жақсы көрсету ғана емес, сонымен қатар олардың төлқұжаттық деректерін пайдалана отырып, құрылғылардың жұмыс сипаттамаларын алу да маңызды. тарау Тұрақты ток машиналарыЭлектр машиналарының қайтымдылығыЭлектрмашинасы– бұл механикалық жəне электр энергиясын өзара түрлендіру жүргізілетін электрмеханикалық құрылғы. Электр машиналары:Тұрақты ток электр машиналары (генераторлар мен қозғалтқыштар) Айнымалы ток болады электр машиналары (синхронды жəне асинхронды) Трансформаторлар Барлық электр машиналарының жұмысына 1831 жылы ағылшын физигі Майкл Фарадей ашқан электромагниттік индукция заңы негіз болды. (Фарадей тəжірибесі туралы айту) 1.1-кесте. Электр машиналарының негізгі заңы Фарадей Заңы. Оң қол ережесі Ампер Заңы. Сол қол ережесі1.1-суретҚарапайымгенератордыңжұмысістеуқағидасы 1.2-сурет Қарапайымқорзғалтқыштың жұмыс істеуқағидасы Егер Fвн сыртқы күшімен өткізгішті Егер магнит өрісіне тоғы бар магнит өрісінде оның күш өткізгішті оның күш сызықтарына сызықтарына перпендикуляр перпендикуляр енгізсе, онда оған жылжытса, онда өткізгіште ЭҚК электромагниттік күш əрекет ететін индукцияланады, оның бағыты оң болады, оның бағыты сол қол қол ережесі бойынша, ал шамасы мына формула бойынша анықталады ережесімен, ал шамасы мына формула бойынша анықталады Е=Вlυ(1.1) Fэм .= ВIl(1.2) ҚОРЫТЫНДЫ:Кезкелгенэлектрмашинасыүшінміндетті: Магнит өрісінің жəне онда өзара орын ауыстыру мүмкіндігіне жол беретін өткізгіштің болуы. Генератор режимінде, сондай-ақ қозғалтқыш режимінде, егер өткізгіш қозғалса жəне егер өткізгіш бойынша электр тогын өткізгенде электромагниттік күш пайда болса, өткізгіште ЭҚК тураланады. Энергияның өзара түрленуі кез келген бағытта болуы мүмкін, Электр машиналарының қайтымдылық принципінің мəні осында1.3-суретОңжəнесолқолережесі Тұрақты ток машинасының жұмыс істеу принципі жəне құрылысыТұрақты ток машинасы екі негізгі бөліктен тұрады: қозғалма тын – СТАТОРДАН, жылжымалы– ЗƏКІРДЕН. СТАТОР- тұғырдан жəне басты полюстерден тұрады. Тұғыр болаттан немесе шойыннан жасалған, тұтас құбырдан немесе дəнекерленген жайма болаттан мүмкін. болуы мүмкін. Ол егер үлкен диаметрі болса, ажырамалы болуы Тұғырдың ішкі бетіне полюстің өзекшесі бекітілген, оның ойықтарында қоздыру орауышы ағыны тұйықталады. салынған. Тұғыр бойынша негізгі магнит Негізгі полюстер негізгі магнит өрісін құру қызметін атқарады. Қаңқалы жəне қаңқасыз полюстік катушкалар, катушканың материалы - мыс. Тұғырға мойынтірек тақтасы бекітіледі, олардың ішінде мойынтіректер жəне графитті щеткалары бар щеткаұстағыштар орналасқан. ЗƏКІР -қалыңдығы 0,3; 0,8 мм электртехникалық болат пластиналарынан жасалған зəкір өзекшесі қатты салынған біліктен (электротехникалық болат) тұрады. Өзекшенің ойықтарында ұштары коллекторға шығарылған дөңгелек немесе тікбұрышты қималы мыстан жасалған орауыш салынған. КОЛЛЕКТОР– қатты жіңішкелеп-тартылған мыстан жасалған трапециалды формадағы пластиналар, құйма формалары орындалады. Коллекторлық пластиналар арасындағы оқшаулау жүргізіледі. меканитті төсемдермен 5 |