Электротехника. Лекция 3 электртехникасы. Электр тізбектеріні негізгі тсініктері мен анытамалары Электрлік тізбек слбасын есептеуде негізгі бірнеше элементтерді алып арастырады
Скачать 319.71 Kb.
|
Лекция 3. Такырып: Тұрақты токтың сызықты электр тізбектерін есептеу әдістері. Торап, тармақ, контур ұғымы. Кирхгоф заңдары. Толық тізбек үшін Ом заңыЭлектр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамаларыЭлектрлік тізбек сұлбасын есептеуде негізгі бірнеше элементтерді алып қарастырады.
Тұрақты ток тізбектерінің негізгі заңдары Тізбек бөлігі үшін Ом заңыЭлектр тізбегінің аb бөлігі үшін ток, кернеу және кедергінің мәндері Ом заңы арқылы табыладынемесеUR = RIБұл жағдайда UR = RI – кернеу деп немесе R резисторына түсетін кернеу деп атайды, ал– R резисторындағы ток.Электр тізбегін есептеуде кей кездері R кедергісімен емес, кедергіге қарсы өлшем электрлік өтімділікті пайдаланған жөн:Бұл жағдайда тізбек бөлігі үшін Ом заңымына күйде жазылады:I = Ug.ТОЛЫҚ Тізбек үшін Ом заңыБұл заң, ішкі кедергісі r0 бар, қорек көзі ЭҚК Е пен тізбектегі I токтың және толық тізбектің жалпы эквиваленттік кедергісі RЭ = r0 + R арасындағы тәуелділікті анықтайдыСонымен қатар, Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарын қолдана отырып шығаруға болады.Кирхгофтың бірінші заңыЭлектр тізбегінің кез келген түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.мұнда m – түйінге қосылған тармақ саны.Кирхгофтың бірінші заңы бойынша теңдік жазу барысында токтар, түйінге қарай бағытталған токтар «оң» таңбамен алынады, ал түйіннен кері бағытталған токтар «теріс» таңбаға ие болады.А түйіні үшін I1 = I2 + I3 немесе I1 - I2 - I3 = 0 B түйіні үшін I3 = I4 + I5 немесе I3 - I4 - I5 = 0 C түйіні үшін I6 = I4 + I5 немесе - I6 + I4 + I5 = 0 D түйіні үшін I1 = I2 + I6 немесе -I1 + I2 + I6 = 0 Кирхгофтың екінші заңыКез келген электр тізбегінің тұйық контуріндегі ЭҚК алгебралық қосындысы барлық бөліктердегі кернеулердің алгебралық қосындысына теңмұндағы n – контурдағы ЭҚК көздерінің саны;m – контурдағы Rк кедергісі бар элементтер саны;Uк = RкIк – контурдың к-м элементіне түсетін кернеу.Егер электр тізбегіне кернеу көздері қосылған болса, онда Кирхгофтың екінші заңы мына күйде құрастырылады: ЭҚК көздері мен контур элементтеріндегі барлық кернеулердің қосындысы нөлге теңКирхгофтың екінші заңы бойынша теңдік жазу барысында мыналар қажетті:
Кирхгофтың бірінші және екінші заңы (мысалдар)
I - I1 - I2 = 0.E = UR + U1.мәзір мысалдар Қолданыстағы тізбекте қорек көзінің электр энергиясы энергияның басқа түрлеріне өзгереді.R кедергісі бар тізбек бөлігінде t уақыт аралығында I ток кезінде электр энергиясы жұмсалады.W = I2Rt.Электр энергиясының өзге энегияға ауысуындағы өзгеру жылдамдығы өз алдына электрлік қуат береді.Энергияның сақталу заңынан қорек көздерінің қуаты уақыттың кез келген мезетінде, тізбектің барлық бөлігінде жұмсалатын қуаттардың қосындысына тең.Бұл қатынасты қуаттар балансының теңдігі деп атайды.Электр тізбектерін есептеуде белгілі бір өлшем бірліктер қолданылады. Электрлік ток ампермен өлшенеді (А), кернеу – вольтпен (В), кедергі – оммен (Ом), қуат – ваттпен (Вт), электр энергиясы – ватт-сағатпен (Вт-сағ) және өтімділік – сименспен (См)Негізгі бірліктерден басқа, аса кіші және аса ірі өлшем бірліктері қолданылады: миллиампер (1мA = 10–3А), килоампер (1кA = 103А), милливольт (1мВ = 10–3В), киловольт (1кВ = 103В), килоом (1кОм = 103Ом), мегаом (1мОм = 106Ом), киловатт (1кВт = 103Вт), киловатт-час (1кВт-час = 103 ватт-час). мәзір |