Оталдыру жүйесі. Электрлі оталдыру жйесі
Скачать 35.81 Kb.
|
Электрлі оталдыру жүйесі. Электрлі оталдыру қозғалтқышты оталдыру кезінде иінді біліктің еріксіз айналуына арналған кешенді құрылғылардан тұрады. Оталдыру жүйесіне қойылатын талаптар: автомобилді әр түрлі жағдайда пайдалану кезінде оталдыру жиілігімен қамтамассыз ету, сенімділігі жоғары, меншікті салмағының аздығы және габаритті өлшемдерінің аздығы. Қозғалтқышты оталдыру кезінде оталдыру құрылғысы (стартер) берілген оталдыру жиілігімен қамтамассыз ету керек. Бұл қысу тактісінің соңында жану камерасында қоспаны(дизелде — ауа) жеткілікті қысыммен және керекті температурамен қамтамассыз етуі керек. Тек осы жағдайда қоспа тұтанады және барлық камерада жалының таралуы мүмкін. Карбюраторлы қозғалтқыштар үшін айналу жиілігі 40.80 мин-1 құрайды, дизелдер үшін — 150...300мин-1 . Оталдыру жүйесін инерциялы, пневматикалық, гидропневматикалық, электрикалық және механикалық (қолмен және көмекші іштен жану қозғалтқышының көмегімен) деп бөледі. Көбінесе электрлі (электростартерлі) жүйені қолданады. Электрлі жүйе аккумуляторлық батареядан, стартерден, жетек механизмінен, басқару тізбегінен және оталдыруды жеңілдететін құралдан тұрады. Түйіспелерді 2 (сур.8.4, а) қосқан кезде (тұтандыру құлпында) тізбекке тартқыш реле қосылады З. Оның жүрекшесі 4 орамалардың магнитным белдеуімен орын ауыстырады, иінтіректі бұрады 6 және тегерішті маховика тістерімен 9 іліністіре отырып қозғайды. Бір мезгілде түйісу дискісі 12 күштік түйісулерді тұйықтай 11 отырып стардердің қоректену орамасын батареяаға 1 қосады. Стартер — басқаруы жабдықталған арнайы электро - қозғалтқыш. Ол негізгі қозғалтқыштың оталуын қамтамассыз ете отырып маховигін айналдырады. Оталдырғаннан кейін жүргізуші тұтандыру кілтін бұрайды, түйықталу үзіледі, реле тураланады, серіппе 5 жүрекшені 4 жылжытады және тегеріш (суретте оң жағында) және тегеріш 7 маховик тістерімен ілінісуден шығады. Сур.8.4.Стартердің сұлбасы: 1— аккумулятор батареясы; 2— қосу түйіспесі: 3—электромагниттің және тарту релесінің орамасы; 4— реле жүрекшесі; 5—серіппе; 6—иінтірек; 7— тегеріш; 8—білік; 9— маховик тісі; 10— электро-қозғалтқыш; 11— түйіспелер; 12— түйісу дискісі. Стартерлердің құрылысы. Электростартер бір агрегатта біріктірілген электро-қозғалтқышынан, жетек механизмінен және басқару жүйесінен тұрады. Көптеген стартер үлгілері бір түрлі. Мысал ретінде 8.5 суретте ЗИЛ-431410 орнатылған СТ 130-АЗ стартері көрсетілген. Ол СТ-90 батареясымен жұмыс істейді. Сур.8.5.Стартер СТ1ЗО-АЗ: 1- зәкір орамасы; 2—қозу орамасы; 3—белдеулік шақай; 4—тарту релесінің түйісуі; 5—толықтырушы резистордың түйісуі; 6—күштік түйісу; 7—тарту релесінің түйісуі; В— винт-тартқыш; 9—қорғаушы қап; 10— иінтірег; 11— реттеуші винт; 12— жетек жағындағы қақпақ; 13— бекіту сақинасы; 14— тегеріш; 15— еркін жүрістің муфтасы; 16— демпферлі серіппі; 17— муфта; 18— тұрқы; 19— зәкір; 20—қорғаушы таспа; 21— коллектор; 22— қақпақ. Тұтандыру кілтін «Стартер» жағдайына бұрау кезінде тоқ реле орамасы арқылы өтеді, зәкір орама ішіне тартылады және тегеріш 14 иінтірегін қозғайды. Демпферлі серіппе 16 тегерішті маховикпен жалғаған кезде соққыны жеңілдетеді. Жүріс соңында түйісу зәкірлері 4 аккумулятор орамасының стартерінің тізбегіне қосылып тұйықталады. Қозғалқышты оталдырғаннан кейін еркін жүрістің муфтасы 15 іске қосылады, ал оталдыру кілтін «Тұтандыру» жағдайына қойғаннан кейін тегеріштің тарту релесі ажыратылады және зәкірдің қайту және винттік қиманың әсерінен стартер білігіндегі тегеріш 14 бастапқы жағдайға оралады. |