Главная страница

химия. РК2 ХИМИЯ. Электрофил,нуклеофил Электрофилді осып алу реакциясы тн осылысты тададар бутен2 ышылы


Скачать 36.62 Kb.
НазваниеЭлектрофил,нуклеофил Электрофилді осып алу реакциясы тн осылысты тададар бутен2 ышылы
Анкорхимия
Дата24.12.2022
Размер36.62 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРК2 ХИМИЯ.docx
ТипДокументы
#861702

1. Реагент молекуласындағы коваленттік байланыс гетеролиттік үзілген кезде түзілетін бөлшектерді атаңдар:электрофил,нуклеофил

2. Электрофилді қосып алу реакциясы тән қосылысты таңдаңдар:бутен-2 қышқылы

3. Бензолға реакциялардың қай түрлері тән және олар қай байланыстар бойынша жүзеге асады:орынбасу,СН сигма байланыс бойынша

4. Екінші текті бағыттаушысы бар молекуланы анықтаңдар:бензой қышқылы

5. Ковалентті байланыстың гомолитті үзілуі кезінде түзілетін бөлшектерді көрсетіңдер:бос радикалдар

6. Қосарлану эффекті байқалатын қосылысты көрсетіңдер: Авитамині,каротин,1,3-бутадиен,ароматты,гетероциклді қосылыстар

7. Мына заңдылықтардың қайсысы Марковников ережесіне сәйкес келетінін анықтаңдар:Галогенсутектер немесе басқа полюсті молекулалар симметриялы емес олефиндергеқосылғанда сутегі ең көпгидрогенденген көміртегі атомына қосылады

8. Пропанол-1 тотыққанда түзілетін өнімді болжаңдар:Пропаналь

9. Термодинамиалық тұрақты молекулаларды (су, аммиак және т.б.) бөліп шығара жүретін реакцияларды ... реакциялар дейді:элиминдеу

10. Реакция түрін анықтаңдар:СН3-СН2ОН + СН3-СН2ОН → СН3-СН2-О-СН2-СН3 + Н2О

элиминдеу, молекулааралық дегидратация

11. Негізінен σ-байланыстары бойынша жүретін, нәтижесінде атомдардың немесе атомдар тобының басқа атомдарға немесе атомдар тобына алмасуы жүретін реакциялар былайша аталады:Орынбасу

12. sp3 -Гибридтелген көміртегі атомы маңындағы функциялық топтардың реакциялары (нуклеофилді орын басу SN) мына функциялық топтары бор қосылыстарға тән:алкил радикалдары,COOH топтары алкилдер

13. Мына тұжырымға «Екіншілік, үшіншілік спирттердің элиминдеу және екіншілік, үшіншілік галогенидтердің дегидрогалогендеу реакцияларында протонның босап шығуы ең аз гидрогенденген көміртегі атомынан орын алады» сәйкес келетін ережені табыңдар:Зайцевтің

14. Мына реакциядағы RX + Nu: → RNu + X: Х бөлшегінің атаңдар:кететін топ (нуклеофуг)

15. Реакцияның түрін анықтаңдар: СН3-СН2ОН → СН2 = СН2 + Н2О

Элиминдеу реакциясы, молекулаішілік дегидратациялану реакциясы

16. Пропанальдың альдольды конденсациялануының өнімін көрсетіңдер:2-метил-3-гидроксипентаналь 3-гидрокси, 2-метилпентаналь

17. Карбонилді қосылыстарға конденсациялану реакцияларының тән болу себебін түсіндіріңдер:α-көміртегі атомы маңындағы сутегі атомының қозғалғыштығында

18. Өзара әрекеттескенде жартылай ацеталь алуға болатын қосылыстарды таңдаңдар:метаналь мен пропанол(1:1)

19. Карбонил тобындағы көміртегі атомының бөлшек оң заряды оның нуклеофилді қосып алу реакцияларындағы белсенділігіне қалай әсер етеді:δ+ өскенде белсенділігі артады

20. α-Сутегі атомдары жоқ альдегидтер үшін диспропорциялану реакциясы тән, оның нәтижесінде орын алатын процесс:Альдегидтің бір молекуласының екінші альдегид молекуласын тотықтырып, өзінің тотықсыздануы

21. Тыныштандыратын және ұйықтататын қасиеті бар хлораль препаратына сәйкес келетін дұрыс атауды анықтаңдар:Хлоральидрад

22. Карбонилді қосылыстарға тән таутометрия құбылысы: Кето-енолды

23. Альдольды конденсациялану өнімін қыздырғанда түзілетін затты және реакция типін анықтаңдар:Су бөліп шығарып, кротонды конденсацияға түседі

24. Екі негізді карбон қышқылдары бір негізді қышқылдарға қарағанда күштірек болып келеді, себебі:Екінші корбоксил тобындағы оттегі атомы бірінші –СООН тобына индуктивтік әсер көрсетіп, оның диссоциациялануын арттырады

25. Организмде пирожүзім қышқылы сүт қышқылына дейін тотықсызданады. Бұл реакцияға қандай тендеу сәйкес келеді:

CH3-CO-COOH → CH3-CH(OH)-COOH

26. Күрделі эфир гидролизденгенде екі зат түзілді. Оның біреуі күміс(І) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен оңай тотығады, ал екіншісі тотыққанда кетон түзіледі. Бұл эфир: Этильпропаноат изопропилметаноат

27. Мына екі функциялық топтар ОH және NH2 төмендегі қосылыстардың түріне сәйкес келеді:Аминспирттер

28. Қымыздықсірке қышқылының кето-енолды таутомериясының себебі мынаған байланысты: СН-қышқылдық орталықтың болуына және протонның тасымалдануына

29. Гликольқышқылын НО–СН2–СООН қосылыстардың мына класына жатқызуға болады:Гидроксиқышқыл

30. Холин НО–СН2–СН2–N + (CH3)3 мен сірке қышқылының күрделі эфирі – ацетилхолин – нерв тіндеріндегі нерв импульстерін тасымалдауға қатысатын кеңінен тараған нейромедиатор. Оның формуласы: СН3-СООСН2-СН2N+(СН3)3

31. Мына карбон қышқылдарын 1. СН3СН(ОН)СООН 2. СН3СОСООН 3. НООС – СООН

халықаралық номенклатура бойынша атаңдар:2-гидроксипропан, 2-оксопропан, этандикарбон қышқылдары

32. γ-аминмай қышқылы (ГАМҚ) in vivo мына қышқылдан түзіледі:глутамин

33. Алмастырылатын α-аминқышқылы:Аспарагин,Глутамин, Аспарагин қышқылы, Глутамин қышқылы, Аргинин, Гистидин,Аланин, Пролин, Глицин, Серин, Цистеин, Тирозин

34. Нәруыздардың пептидтерге дейін ыдырауы: Асқазанда пепсиннің әсерінен жүреді

35. Нәруыздардың гидролизі кезінде түзіледі:Аминқышқылдары

36.Нәруыздың изоэлектрлік нүктесі дегеніміз –бұл:COO- тобының саны NH3+ тобының санына тең болатын рН аймағы

37.Нәруыздардың денатурациясы кезінде бұзылатын құрылым Екіншілік, үшіншілік

38.Нәруыздардың біріншілік құрылымы қандай байланыспентүзіледі Пептидтік (амидтік)

39.Қай α-аминқышқылын ксантопротеин реакциясымен анықтауғаболмайды: валин Триптофан, гистидин, фенилаланин, тирозин деген варианттардан басқа варианттарды белгілейсіңдер

40.Нәруыздардың екіншілік құрылымын түзетін байланыстарды көрсетіңдер: α-спираль, β-қатпарлы парақтар және коллаген спиралі түріндегі сутектік байланыстар

41.Мына қосылысты халықаралық номенклатура бойынша атаңдар СН3-СН(СН3)-СН2-СН(NН2)-COOH: 2-амино-4-метилпентан қышқылы

42.Алмастырылмайтын α-аминқышқылдарының қатарына жатады:аргинин валин,лейцин,изолейцин,лизин,метионин,треонин,триптофан,фенилаланин

43.Циклді органикалық қосылыстар, циклдің құрамына көміртегі атомдарынан басқа бір немесе бірнеше басқа элементтер кіретін қосылыстардыңатауы Гетероциклді

44.Антипирин, амидопирин, анальгин дәрілік препараттардың негізіндежатқан құрылым: 5-оксопиразолон пиразолон 5

45. Пиримидинді азотты негіздергежататындар урацил,тимин,цитозин

46.Бициклді гетероциклді қосылыстарға жатады пурин бензимидозол,дибазол индол,хиномин,изохинолин

47.Пиримидин мына қосылыстың құрылымдық компоненті болып табылады:пурин

48.Туберкулезге қарсы қолданылатын тубазид және фтивазиддәрілерін синтездеуге алынатын бастапқы қосылыс Изоникотин қышқылы пиридин

49.Организмде пуринді негіздердің ақтық алмасу өнімі болыптабылады Зәр қышқылы,натрий ураттары

50. Төменде келтірілген қосылыстардың ішінен бір азот гетероатомы бар алты мүшелі гетероциклдерді таңдап алыңдар: 1. Пиримидин 2. Пиридин 3. Хинолин 4. Пиразин 5. Пиррол 6. Имидазол :пиридин,хинолин

51. Пиримидиннің туындыларына жатады:: Барбитур қышқылы

52. ДНҚ құрамына кірмейтін пиримидин қатарының азотты негізі:. Урацил

53. РНҚ құрамына кірмейтін пиримидин қатарының азотты негізі:Тимин

54. «Өсімдіктерде кездесетін гетероциклді азоты бар негіздер, байқалатын физиологиялық әсер танытады». Бұл қосылыстар былайша аталады:Алкалоидтар

55. Алкалоид, пиридиннің туындысы, вегетативті нерв жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын тарылтады, өте уытты. Осы затты көрсетіңдер:Никотин

56. Пуринді негіздерге жататындар:Аденин,Гуанин

57. Альдогексоза молекуласындағы хиралды орталықтарының санын және оған неше оптикалық изомерлер сәйкес келетінін көрсетіңдер:4 хиралды атом мен 16 изомер

58. Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен (Толленс реактиві) глюкозаны тотықтырғанда түзілетін өнімді атаңдар:глюкон қышқылы мен металл күміс

59. Глюкозада бірнеше ОН-топтарының бар екендігін мына реакцияның көмегімен дәлелдеуге болады:мыс(2) гидроксидімен әрекеттесу кезінде көкшіл түсті хелатты кешен түзіледы

60. Глюкоза молекуласының құрамына кіретін функциялық топтардыкөрсетіңдер: 1. Спирттік 2. Фенол 3. Карбонил 4. Карбоксил 5. Күрделі эфирлік. 1,3

61. «Күміс айна» реакциясын Толленс реактивімен беретін қосылыс:Глюкоза

62. Қазіргі көзқарас бойынша фотосинтез құбылысы nCO2 + nH2O hv CnH2nOn [Cn(H2O)n] + nO2 арасында бір жаңсақ жіберілген төмендегідей тұжырымдардан тұрады. Осы қателікті көрсетіңдер:Фотосинтез-өсімдік және жануар организмдерімен жүзеге асады

63. D-глюкозаның тұрақты циклді жартылай ацетальды түрге көшуі кеңістіктегі жақындасатын мына функциялық тотардың әсерлесуінен жүреді: Альдегидтік(С1) және гидроксилді(С4 жане С5) топтарының

64. Глюкоза, манноза, галактозаны тотықсыздандырғанда сәйкесінше түзілетін спирттер:Глюкоза-сорбит,Манноза-маннит,Галактоза-дульцит

65. Моносахаридтерді қандай анықтама толық сипаттайды:Одан әрі қарапайым көмірсу түзіп, гидролизге түспейтін қарапайым көмірсулар

66. Молекулалары 2-ден 8-10-ға дейін моносахаридтер қалдықтарынан тұратын және гликозидтік байланст,армен байланысқан көмірсуларды былайша атайды:олигосахаридтер

67. Төмендегі көмірсулар-пентозалардың қайсысы нуклеин қышқылдары құрамына кіреді:Д-рибоза

68. Нуклеотидтің гидролизі кезінде түзілетін фосфор қышқылын мына реактивтің көмегімен ашуға болады: Молибден сұйықтығы

69. Қос спиральды ДНК молекуласының екінші тізбегінің негіздер реттілігі АЦА болатын болса, осы бөлікке комплементарлы ДНК тізбегінің құрылымын көрсетіңдер:ТГТ

70. Нуклеозидтер – мына қалдықтардан тұратын N-гликозидтер:Рибоза азотты негізл нуклеозид= пентоза (рибоза,дезаксирибоза)

71. Агликон ретінде ДНК және РНК-лардың басым көпшілігінде кеңінен таралған бес әмбебап гетероциклді негіздер кездеседі. Осылардың ішінен тек қана РНК құрамына кіретін негіздерді көрсетіндер: 1) Урацил 2) Тимин 3) Цитозин 4) Аденин 5) Гуанин (1,3,4,5)

72. Мына анықтама нуклеин қышқылдарының қандай түріне сәйкес келеді: "Ортақ ось арқылы оң бағытта дұрыс өрілген, тізбектердің азоты негіздері сутектік және гидрофобты байланыстар арқылы байланысқан, екі полинуклеозидті тізбектер":Днқ

73. Генетикалық кодта бір аминқышқылына ..... тұратын кодон сәйкес келеді:Үш негіз

74. Мына анықтама қандай қосылыстарға сай келеді: "Нуклеинді негіздер және рибозадан (немесе дезоксирибозадан) түзілген Ν-гликозидтерді ............. дейміз":нуклеозидтер

75. Фосфатидилхолин мына әрекеттесу кезінде алынады:L-фосфатид қышқылы+аминспирт холин

76. Бейтарап липидтер немесе майлар төмендегі заттардың түзетін күрделі эфирлері болып табылады:глицериннен және жоғары май қышқылдардан

77. Липидтердің пероксидтік тотығуы кезінде мына реакция орын алады:радикалды орын басу

78. Төменде келтірілген карбон қышқылдарының ішінен биологиялық маңызды майлы қышқылдарды көрсетіңдер:1,2,4,6

1. С17Н35СООН 2. С15Н31СООН 3. СН3СООН 4. С17Н31СООН 5. СН3-СН2-СООН 6. С17Н29СООН

79. Майдың консистенциясы сұйық болады (сұйық май), егер оның құрамында мына заттар басым болса:қанықпаған қышқылдар

80. Жай липидтердің жоғары карбон қышқылдары мен спирттерден түзілуі мына механизм бойынша жүреді: Sn нуклеофильді орынбасу этерификация

81. Майонез д айындау процесінде фосфатидилхолин (лецитин) жұмыртқаның сарысынан өсімдік майына өтеді, бұл өнімді тұрақтандырады және оның жікке айырылуына мүмкіндік бермейді, себебі:фосфатидилхолин беттік белсенді зат болғандықтан майлы эмульсияға айналдырады

82. Адам ағзасындағы липидтерде маңызды қаныққан қышқылдардан пальмитин және стеарин қышқылдары кездеседі. Олардың формуласын көрсетіңдер:С15Н31СООН-пальмитин,С17Н35СООН-стеарин

83. Егер майдың құрамында қаныққан қышқылдар басым болса, онда майдың консистенциясы:қатты

84. Фосфолипидтер болып табылады:лецитиндер

85. Лецитиннің толық қышқылдық гидролиздену өнімдері:глицерин, май қышқылы, фосфор қышқылды, холин

86. Трипальмитоилглицерин молекуласындағы күрделіэфирлік байланыстардың саны тең болады:3

87. Фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер органикалық қосылыстардың мына класын түзеді:сабынданатын күрделі липидтер

88. С17Н31СООН қышқылының ежелден қалыптасқан тривиалды аталуы: линоль

89. Сабынданбайтын липидтерге жатады:камфора

90. Липидтерді сабынданатын және сабынданбайтын липидтер деп жіктеу олардың мына реакцияға қабілеттілігімен анықталады:гидролиздеу

91. Іn vivo изопреноидтарды, олай болса, стероидтарды да синтездеуге қажетті бастапқы қосылыс:изопрен

92. Төменде берілген заттардың ішінен стероидтарға жатпайтындарын таңдап алыңдар: 1. Фосфолипидтер 2. Өт қышқылдары 3. Жыныстық гормондар 4. Кортикостероидтар 5. Майлар 6. Д тобының дәрумендері 1,5,6

93. Холан – стероидардың мына тобының негізін құрайтын көмірсутек:өт қышқылдары

94. Кортикостероидтардың көміртегі қаңқасының негізінде қандай қаныққан көмірсутек жатыр:прегнан

95. Төмендегі қосылыстардың ішінен изопреноидтарға жатпайтын қосылыстар:С дәрумені-аскорбин қышқылы

96. "Циклопентанпергидрофенантреннің туындыларына стериндер, өт қышқылдары, жыныстық гормондар және бүйрек безінің гормондары жатады.". Бұл анықтама заттардың қай тобына сәйкес келеді:стероидтарға

97. Синтетикалық преднизолон стероидын гормондардың мына тобына жатқызуға болады:кортикостероид

98. Төмендегі тұжырымдардың ішінен сабынданбайтын липидтерге қатысты дұрыс емесін таңдап алыңдар:барлық сабынданбайтын липидтердің негізін үш атомды спирт глицерин және жоғарғы майлы қышқылдар құрайды

99. Ерлердің жыныстық гормондарының көміртегі қаңқасының негізінде жатқан қаныққан көмірсутек:андростан

100. Барлық стериндер сияқты эргостериннің негізін құрайтын көмірсутегі:холестан

101. Холь қышқылы өт қышқылдарына жатады және ас қорыту үрдістеріне қатысады, себебі .... Қате тұжырымды көрсетіңдер:Ішек сөлінің күшті қышқылдық ортасын береді. Пайда болған май\су түріндегі эмульсияны тұрақтандырады

102. Томендегі гормондардың ішінен кортикостероидтарға жататынын таңдаңдар:Преднизолон

103. Прегнан – мына стероидтардың тобын құрайтын көмірсутегі:Әйелдердің жыныстық гормондары (Гестагендер) және бүйрек безі қыртысының гормондары

104. Бензолдың броммен реакцияласуы темір (III) бромиді катализатор ретінде қатысқанда бромбензол C6H5Br түзеді. Бастапқы заттың және реакция өнімінің формулаларын салыстыра отырып, реакция типін көрсетіндер.:Орын басу

105. Пентанол-2 нуклеофилді орын басу (бромсутекпен әрекеттесу) және элиминдеу реакцияларының нәтижесінде түзілетін өнімдерді анықтаңдар:

3-бромпентан, пентен-1

106. Пропанол-1 тотыққанда түзілетін өнімді көрсетіңдер:Пропаналь

107. R-OH спирттердің нуклеофилді орын басу реакцияларындағы реакциялық қабілеттілігі былайша түсіндіріледі:C-O байланысының полюстілігіне

108. Мына реакцияның типін анықтаңдар:Элиминдеу, молекулааралық дегидратация

СН3-СН2ОН + СН3-СН2ОН → СН3-СН2-О-СН2-СН3 + Н2О

109. Нуклеофилді қосып алу механизмі (AN ) бойынша жүретін реакция:Ацетонға көгерткіш қышқылды қосу

110. Тотықтырғанда кетонға айналатын спиртті көрсетіңдер: CH3-CH(OH)-CH3 - пропанол-2

111. Мына келтірілген карбон қышқылдарының дұрыс аталуын анықтаңдар.:Сүт, пирожүзім және 2-метилпропион қышқылдары

СН3-СН(ОН)-СООН СН3-СО-СООН СН3-СН(СН3)-СООН

112. Биурет реакциясына тән күлгін түс пайда болу үшін бируетті төменде келтірілген заттармен әрекеттестіру қажет:Белок+Cu(OH)2 ;Сілтідегі мыс (II) гидрокциді ерітіндісімен белокқа әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Сілтілік ортада мыс(II) иондары

113. Бензой қышқылының және глюкурон қышқылындағы бір спирт тобының әрекеттесуі (реакция организмде бензой қышқылының детоксикациялануы кезінде жүреді) реакциялардың мына түріне жатады:Этерификация

114. Гликоль қышқылын НО–СН2–СООН қосылыстардың мына класына жатқызуға болады:Гидроксиқышқылдар

115. Сүт қышқылы СН3СН(ОН)СООН қосылыстардың қай класының химиялық қасиеттерін көрсетеді?Қышқылдар мен спирттер

116. Лактам мына затты қыздырғанда түзіледі: гамма-амин май қышқылын

117. Сүт, қымыздық және сірке қышқылдарының тұздары былайша аталады:лактаттар,оксалаттар,ацетаттар

118. α-Гидроксиқышқылдардың молекулааралық дегидратациясы кезінде түзілетін қосылыстар: лактид Циклды

119. Нәруыздың біріншілік құрылымы дегеніміз – бұл …: бұл аминқышқылдарының реті (полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдары қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп байланысу реті)

120. Аминдердегі амин тобы қандай орталық ретінде реакцияға түсетінін көрсетіңдер:нуклеофильді әрі негіздік орталық

121. Ақуыздардың төртіншілік құрылымы қандай байланыстар арқылы қалыптасатынын анықтаңдар:Ірі полипептидтік тізбектердің арасындағы сутектік байланыстар және гидрофобтық әрекеттесу арқылы

122. Жануарлар организмінде нәруыздардың ыдырауы:рн-2 кезінде пепсиннің әсерімен жүреді

123. D-глюкозаның α- және β-аномерлік формаларының бір-бірінен айырмашылығы неде:Бірінші көміртегі атомынын манындагы гидроксил тобынын озара орналасуымен

124. Моносахаридтерді тотықсыздандырғанда түзіледі: көп атомды спирттер(қантты спирттер)

125. α-D-глюкопиранозада гидроксил топтары: 1) С-1; 2) С-2; 3) С-3; 4) С-4; 5) С-6 көміртек атомдарында орналасқан, олар: а) гликозидтік және б) спирттік болып бөлінеді. Қандай көміртек атомындағы қандай гидроксил тобы ЅN реакциясына түсе алады? а,С-1

126. Глюкозаның циклді формаларының түзілуі мына әрекеттесулер кезінде орын алады:Карбонил тобы және 4- немесе 5- көміртегі атомдарындағы гидроксилдің С1 атомы нуклофильді қосып алу реакциясы бойынша,С4 немесе С5 атомдарын шабуылдайды.

127. Толленс реактивімен «күміс айна» реакциясын бермейтін көмірсу:Сахароза

128. Циклді органикалық қосылыстар, циклдің құрамына көміртегі атомдарынан басқа бір немесе бірнеше басқа элементтер кіретін қосылыстардың атауы: гетероциклді

129. Азоты бар алты мүшелі гетероциклдер:пиридин, пиримидин

130. Барбитур қышқылына мүмкін таутомерлік өзгерістердің түрлерін көрсетіңдер: 1. Лактим-лактамды таутомерия 2. Кето-енолды 3. Прототропты таутомерия 4. Цикло- оксо таутомерия (1,2)

131. РР дәруменінің (никотин қышқылының амиді) негізінде жатқан гетероцикл:Пиридин никотин қышқылы(туындысы)

132. Пиримидинді азотты негіздерге жататындар:Урацил,Тимин,Цитозин

133. Индолдың туындыларына жатады: триптофан серотонин

134. Организмде пуринді азотты негіздердің ақтық тотығу өнімдері болып табылады:зәр қышқылы мен натрий ураттары

135. Мына көмірсу-пентозалардың қайсысы нуклеин қышқылдарының құрамына кіретінін анықтаңдар: Д-рибоза Дезоксирибоза

136. Аденин және гуанин нуклеозидтеріндегі Ν-гликозидтік байланыс орнайтын атомдары:көмірсудың С-1` және негіздің N-9 атомдары

137. Үш сутектік байланыс мына комплементарлы негіздердің арасында түзіледі:Гуанин-цитозин

138. Нуклеотидтің гидролизі кезінде түзілетін заттар: фосфор қышқылы,альдопентоза,пуринді негіз

139. Қаныққан жоғары майлы қышқылдарға жататын қышқыл:Стеарин,Пальмитин,Май

140. Фосфатидилхолин мына әрекеттесу кезінде алынады:L-фосфатид қышқылы+аминспирт холин

141. Бейтарап липидтер немесе майлар төмендегі заттардың түзетін күрделі эфирлері болып табылады:глицерин мен жоғары май қышқылдары

142. Бейтарап липидтер немесе майлар мына заттардан түзілген күрделі эфирлер болып табылады:глицерин мен жоғары май қышқылдары

143. Сабынданатын липидтерге жататын қосылыс:Терпен фосфатидилэтаноламин

144. Глицерин мен майлы қышқылдардан глицеролипидтердің синтезделуі мына механизммен жүреді:Нуклеофилді орын басу

145. Липидтердің пероксидтік тотығуы кезінде мына реакция орын алады:Радикалды орын басу

146. Іn vivo ацилдеу реакцияларына қатысады:CH3COSCoA

147. Келтірілген тізімнен оксоқышқылды таңдап алыңдар:альфа-кетоглутар

148. Аминқышқылдарының құрамындағы функциялық топтар:амин тобы және карбоксил

149. Оң индуктивтік әсер танытатын орынбасар:CH3

150. Мезомерлік әсер дегеніміз – бұл: Орынбасарлардың π -байланыстар жүйесі бойынша электрондық әсерінің берілуі


написать администратору сайта