Электрокардиограмма. Асқар Аружан ЭКГ УЗИ спирография. Электрокардиография экг
Скачать 240.74 Kb.
|
Электрокардиография /ЭКГ/ ЭКГ - жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды (биотокті) графикалық тіркеу әдісі. Электрлік тоғының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты болады. Қалыпты электрокардиограмма Р Q R S Т деген тісшелермен белгіленеді. Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі стандартты тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі бар. ЭКГ (электрокардиограмма) түсіру техникасы. 1. ЭКГ-ға жүріп келгенде 10-15мин демалғаннан кейін түсіріледі,тамақтан кейін 2сағ.өткенде. 2. Науқастың жағдайы–кушеткаға жатқызып. 3. Электродтарды балтыр мен білектердің ішкі жағынан салынады. Теріні арнайы гельмен немесе 10% физ.ерітіндісімен дымқылдатады. 4. Электродты салу реті: А. – қызыл – оң қолдын білегі. Б. – сары – сол қолдың білегі. В. – жасыл – сол аяқтың балтыры. Г. – қара – оң аяқтың балтыры ( жер ). Кеудемелі электродтарды пациенттің кеудесіне резеңкелік белгіленген еміздіктермен 6 позицияда жалғау: V1 - IV қабырға аралықта төстің оң жағында V2 - IV қабырға аралықта төстің cол жағында V3 - IV және V қабырғалар арасында сол жақ төс жанындағы сызықта V4 - V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығында V5 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты алдыңғы сызығында V6 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығында 5. ЭКГ аппаратын жерге қондыру; ЭКГ аппараттың кабелін тоққа қосу, аппаратты іске қосу; 6. Изоэлектро сызыққа аппараттың қаламын орнату; 7. Бақылау микровольтін тіркеу («М» немесе «50» кнопкаға басу арқылы) және «mV» кнопканы басу; 8. ЭКГ тіркеуді бастау; - I стандартты тіркемеге кнопканы орнатамыз; - «М» немес «50» басып 3-4 комплексті тіркейміз; - II, III –кнопкаға бірінен кейін бірін басып, AVR, AVL, AVF 9. Кеуде тіркемелерін жазуға кеуде электродтарымен қолданамыз; . Кнопканы mV жағдайына қойып, бақылаймыз да микровольтті тіркейміз; 10. Аппаратты сөндіреміз; электроттарды шешеміз. ЭКГ лентасын толтырамыз; күні, науқастың тегі, аты жөні, жасы НАУҚАСТЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ Іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі,талақ) және бүйрек Мақсаты : зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері : іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары. Дайындаңыз : дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы. Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты Дайындайды. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп , оның рұқсатын алыңыз. 2. Дайындау ережесін бұзуының. 3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыныз. 4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел(газ) жинауды болдырмайтын Тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер , жеміс-жидектер, сүт Тағамдары, қара нан , бұршақ тағамдар, жеміс сөктер) , таблеткалы іш айдайтын дәрілер. 5. Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын Дәрілерді қабылдамайды. 6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек. 7. Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасын қойыңыз. 8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды. 9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады. 10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз. 11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр Қосалқылары): - науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі; - науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін Ескертіп қойыныз; - науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз. Спирография – бұл өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу әдісі болып табылады. Әртүрлі созылмалы өкпе ауруларын диагностикалауда (өкпенің созылмалы қабынуы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, созылмалы бронхтық демікпе және т.б) қолданады. Спирография жүргізуге негізгі көрсеткіштері: Бронх, өкпе, кеңірдек аурулары; Қан айналым жеткіліксіздігі белгілері бар Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында; Емдеу нәтижесінің тиімділігін бағалау үшін; Кәсіптік және әскери медицинада жұмыс істейтін, спортпен айналысатын адамдардың еңбекке қабілеттілігін бағалау үшін; Эпидемиологиялық және популяциялық зерттеулер ; Басқа әдістермен қоса өкпе және жүрек жетіспеушілігін ажырату диагностикасы үшін; Қарсы көрсеткіштері: Науқастың жалпы жағдайы ауыр болғанда,- зерттеуді жүргізуге мүмкіндік болмағанда; Үдемелі стенокардия, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы; Қатерлі артериялық гипертензия, гипертоникалық криз ; Жүктіліктің екінші жартысындағы токсикоз; Қан айналым жетіспеушілігінің III кезеңі; Ауыр дәрежедегі өкпе жетіспеушілігі; Техникалық орындауларда барлық спирографтар: Ашық түрі: клапанды қорап арқылы ауамен дем алып,ал дем шығарғанда ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі (көлемі 100—200 л) ауаның талдауы: жұтылған О2 мен СО2 мөлшері анықталады. Жабық түрінде: колокол аппаратындағы ауа қолданылады ШСпирографияны жүргізу кезіндегі дайындық Спирографияны таңертең немесе таңғы астан кейін 1—1,5 сағатта жүргізіледі. Зерттеу жүргізер алдында темекі шегу,қою кофе мен шай ішуге тыйым салынады. Спирографияны жүргізу. Зерттеу науқас тыныш отырып дем алғанда 3—5 мин аралығында жазылады. Бұл уақытта құрал жұмыс істеу көрсеткіштерін тіркейді: тыныс алу жиілігі мен тыныс алу көлемі жазылады.1—2 минут үзіліс жасап, құралды өшіреді. Үзілістен кейін әрбір 1 минут сайын қысқа үзіліспен, форсирленген тыныс алумен байланысты параметрлерді жазады. Спирограф тіркейтін көрсеткіштер: Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) — 1 минуттағы тыныс алудың саны. Сау адамдарда бұл көрсеткіш 16—17 тең; Тыныс алу көлемі (ТАК) —бір рет тыныс алғанда өкпедегі ауаның көлемі. Ер адамдарда 300 ден 1200 мл дейін, әйелдерде — 250 ден 800 мл дейін; Тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) — өкпе арқылы 1 минутта өткен ауаның көлемі. Орташа 4 тен 10 л дейін; |