шизофрения. Аштархан Шерхан. Электрокардиография, тропонинді
Скачать 33.95 Kb.
|
1.И. атты 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу керек? { электрокардиография, тропонинді } 2.Стенокардияға патогномды болып табылады: { төс артының ауыруы және экг-да st сегментінің , бір мм-ге және одан көп депрессиясы } 3.Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз? { дресслер синдром } 4.Отбасылық дәрігерге жоспарлы қаралуға 41 жастағы науқас келді. Бақылауда: ЖИА. Күш түсу стенокардиясы II ФК. Артериалды гипертензия II, қауіп III, ҚЖ0. Қарағанда шағымы жоқ. АҚҚ 130/80 мм сын.ст., ЖСЖ 72 соққы 1 мин.ЭКГ-де сирек қарыншалық экстрасистолалар. Эхо КГ –де қосымша хорда анықталады. Аритмияға қарсы ем тағайындау керек пе? { жоқ, себебі аритмияны науқас субьективті жақсы көтереді } 5.Науқаста созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Аталған симптомның қайсысы тән? { аяқтың ісінуі } 6.Науқас Г., 30 жаста кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқас қандай тексеруді қажет етеді ? { тәуліктік мониторлеу экг } 7.Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз. { гликоздті интоксикация } 8.Науқас 50 жаста ауруханаға төс артындағы қарқынды ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын ауырсынуға шағымданумен түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ=110/70 мм с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсетуге бұл науқасқа тағайындалады: { промедол } 9.Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?. Себебі, оларда орын алады..... { гиперинсулинемия } 10. 55-жастағы науқас шамалы күш түскенде пайда болатын ентікпеге шағымданады, ортопноэ,ісіктер жоқ. Соңғы айлары аталған симптомдары жайлап күшейген. Обьективті: мойын веналары ісінген. Пульсі 100 рет минутына, ырғақты, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Жүрек ұшы соққысы 6-қабырғааралықта. Жүрек тұсында мойынға таралатын қатты систолалық шу. Бауыры 7 см-ге шығыңқы. Балтырлары ісінген. Науқаста ем жүргізу үшін қайсы тұжырым дұрыс емес? { каптоприлдің аз мөлшерін тағайындау көрсетілген } 11.Қандай жүре пайда болған ақау кезінде өте айқын сол қарынша гипертрофиясы байқалады? { қолқа қақпашасы стенозында } 12. 43 жасар ер кісі төс артындағы ауырсынуға, сол қаолы менжауырынға таралуына шағымданып түсті. Тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм.с.б. ЭКГ-де: STV2-V4 сегментінің элевациясы. Аталған зерттеулердің қайсысы ең дұрыс болып табылады? { коронарография } 13.Қандай ақауда қарыншалар систоласы кезінде қан сол қарыншадан сол құлақшаға кері өтеді (регургитация)? { митральді қақпақшаның жетіспеушілігі } 14.Науқас А., 24 жаста, ауыр вирусты инфекциядан (грипп) кейін 2 аптада әлсіздік, ентігу, жүрек тұсындағы ауырсыну, жүрек қағу пайда болды. Тексергенде: АҚҚ 110/70 мм.с.б. ЖСЖ – 80 рет/мин., І тон әлсіреген. ЭКГ-де Т-тісшесі V1-V4 әкетулерінде (-). Қандай патология туралы ойлауға болады? { миокардит } 15. 52 жасар трансмуральді миокард инфрактін өткерген пациенте 2 аптадан кейін субфебрильді температура, ентігу, буындарындағы ауырсыну пайда болды. Тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталды. Аускультацияда перикард шуы естіледі. ЭКГ-де динамика өзгеріссіз. Жағдайының нашарлауының себебі…. { дресслер синдромы 16. 52 жасар науқас миокардтың алдыңғы қабырғасының инфарктімен түсті. Объективт: ЖСЖ – 100 рет/мин., АҚҚ – 145/90 мм.с.б. 3 тәуліктен кейін науқаста кездейсоқ қысқа уақытты тұншыәу ұстамасы дамыды, ЖСЖ 110 рет/мин, АҚҚ – 100/65 мм с.б. тыныс алу жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды көпіршіктер естіледі, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіледі. Оң қарыншаның О2-нің парциальді қысымы жоғарлаған. Ең болжам диагноз қандай? { қарыншааралық перденің жыртылуы } 17. 52 жасар әйел науқас кең ауқымды миокард инфарктін өткергеннен кейін 4-ші аптада субфебрильді температура, әлсіздік, ентігу, буындарындағы ауырсыну пайд болды. Объективті: сол жағының плевра қуысында сұйықтық, перикард үйкеліс шуы. ЭКГ динамикасы өзгеріссіз. Қандай асқыну дамыды? { дресслер синдром } 18. Науқас 52 жаста, жедел алдыңғы қабырғалы миокард инфарктімен түсті. Объективті: ЖСС 100 рет/мин, АҚҚ 145/90 мм.с.б., тыныс жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгң бөліктерінде ылғалды сырылдар, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіле бастады. Оң қарыншаның О2 парциялық қысымы жоғарлады. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу ең мәліметті? { эхокардиография } 19. Митралды жетіспеушілікте жүректің салыстырмалы шегінің кеңуі: { солға және жоғары қарай } 20.Артериялық гипертензияның II-дәрежесiмен ауыратын науқасқа қандай еңбек түрi көрсетiледi: { орташа ауырлықтағы физикалық күшпен жұмыс } 21.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде негізгі маңызды белгі: { қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы 22. Нефротикалық синдромның негізгі клиникалық көрінісі: { ауқымды ісіктер } 23.Созылмалы пиелонефриттің өршуін дәлелдеуде қандай зерттеуді жүргізген барынша жөн, не себепті ? { нечипоренко сынамасын, 1мл зәрдегі формалық элементтерді анықтау үшін } 24. Науқас Р., 40 жаста, 10 жылдан бері созылмалы гломерулонефриттің гипертониялық түрімен ауырады, ШФЖ Кокрофт-Гоулт бойынша 35 мл/мин. Созылмалы бүйрек ауруларының сатың анықтаңыз: { созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБА 3 стадиясы } 25.Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40С-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдар мына пневмонияға тән: { стафилококкты } |