Главная страница
Навигация по странице:

  • МАЗМҰНЫ

  • КП. Курсач 1. Электроснабжение авторемонтного завода. Произведен расчет нагрузок по всему заводу в целом, выбор наиболее рациональной схемы электроснабжения (сравнение двух вариантов),


    Скачать 94 Kb.
    НазваниеЭлектроснабжение авторемонтного завода. Произведен расчет нагрузок по всему заводу в целом, выбор наиболее рациональной схемы электроснабжения (сравнение двух вариантов),
    Дата12.12.2020
    Размер94 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКурсач 1.doc
    ТипКурсовая
    #159866

    АҢДАТПА



    Курстық жұмыс автокөлік жөндеу зауытын электрмен жабдықтау жүйесін жобалауға арналған. Жұмыста бүкіл зауыт бойынша жүктемені есептеу жүргізілген, электрмен жабдықтаудың ең тиімді сұлбасы таңдалған (екі нұсқаны салыстыру арқылы), 10 кВ шиналарындағы қысқа тұйықталу тоқтары есептеліп, олардың нәтижелері бойынша электржабдықтардың таңдалуы жүргізілген. Арнайы бөлімде кәсіпорын ішіндегі электр энергиясын тарату сұлбасының техника-экономикалық салыстыруы қарастырылды.


    АННОТАЦИЯ



    Курсовая работа посвящена на тему электроснабжение авторемонтного завода. Произведен расчет нагрузок по всему заводу в целом, выбор наиболее рациональной схемы электроснабжения (сравнение двух вариантов), рассчитаны токи короткого замыкания на шинах 10 кВ, по результатам которых осуществлен выбор электрооборудования. В специальной части рассматривается технико-экономическое сравнение схем распределения электроэнергии внутри предприятия.

    ANNOTATION
    Course work - the theme of wiring autonomous plant. Calculate the total load on the entire installation, select two rational schematic diagrams (comparison of two options), calculate the bus current on the 10 kV bus, the result is electromechanized. In a special part, the technical and economic comparison of the electricity distribution scheme is carried out within the enterprise.




    МАЗМҰНЫ

    Кіріспе...........................................................................................................................7

    1. Зауыт бойынша электр жүктемелерін есептеу......................................................8

    1.1 Жарықтану жүктемеслерін есептеу…………...…….........................................8

    1.2 Зауыт бойынша электр жүктемелерін есептеу……..........………….….…......8

    1.3 Цех трансформаторлар саны мен қуатын есептеу және 0,4кВ

    кернеуде реактивті қуатты компенсациялау.............……....………................15

    1.4 Авто жөндеу зауыттың нақтыланған жүктемесінің есептелуі........................21

    2. Сыртқы электрмен жабдықтау схемаларының нұсқаларын салыстыру......…25

    2.1.1. I нұсқа. 115кВ үшін ГПП трансформаторын таңдау..................................26

    2.1.2 ЛЭП 115кВ бойынша өтетін қуатты анықтаймыз.........................................27

    2.1.3. І нұсқа. 115кВ үшін қысқа тұйықталу тогын анықтау................................28

    2.1.4 I-нұсқаға шығындарды есептеу...............................................................30

    2.2 II нұсқа. 10,5 кВ үшін есептеу............................................................................31

    2.2.1. IІ нұсқадағы құрылғыларды таңдауға қысқа тұйықталу токтарын есептеу........................................................................................................................32

    2.2.2 IІ нұсқаға шығындарды есептеу......................................................................34

    3. U=10,5 кВ-қа құрылғы таңдау..............................................................................36



    Қорытынды.................................................................................................................42

    Қолданылған әдебиеттер………………………….………...………………..….....43

    .



    КІРІСПЕ
    Бұл жобаның тақырыбы «Кәсіпорын ішінде электр энергиясын тарату жолдарының сұлбасын технико-экономикалық жағынан салыстыру» болғандықтан, біз кәсіпорын ретінде «Автокөлік жөндеу зауытын электр энергиясымен жабдықтау жүйесін» қарастырамыз. Қазіргі таңда ғылыми-техникалық процесстің жылдам дамуы, энергетика саласының жан-жақты дамуын, өнеркәсіпті электрониканы жетілдіруді, қазіргі жағдайға сай өнеркәсіп орындарын электр энергиясымен сенімді жабдықтау жүйелерін құруды талап етеді. Сондықтан жобалау кезінде келесі сұрақтарға көп көңіл бөлінді: қорек көзінің сенімділігі, электр энергия сапасын қамтамасыз ету, кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етудің қолайлы, тиімді жолдарын табу.

    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесін жобалап жасау және қолдануда технико-экономикалық жағынан дұрыс кернеуді таңдау, электрлік жүктемені анықтау, қосалқы трансформаторлардың қуатын және санын, олардың сақтандырғыштарын, кернеуді реттеу тәсілдерін және реактивті қуаты қалпына келтіру жүйесін таңдау қажет.

    Электр энергиясы цехтық таратуда шағын бөлгіш құрылғылар кеңінен қолданылады, қосалқы станциялар және күштік тоқтық желілер де қолданылады. Бұл сенімді және жеңіл тарату жүйесін жасайды, осының арқасында үлкен көлемде желілер мен кабельдер үнемделеді. Автоматиканың жетілдірілген жүйесі кеңінен қолданылады, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесінде белгілі бір элементтердің қарапайым және сенімді сақтандырғыш құрылғылары бар.

    1. Зауыт бойынша электр жүктемелерін есептеу

    1.1 Жарықтану жүктемесін есептеу



    Өндірістің жүктемесін анықтағанда, жарықтану жүктемесінің есептелуін сұраныс коэффициенті және өндіріс ауданының шаршы метрге жарықтану жүктемесінің меншікті тығыздығының жеңілдетілген әдісімен шығарамыз.

    Бұл әдіс бойынша, есептелетін жарықтандыру жүктемесі, ең жүктелген сменадағы жарықтанудың орташа қуатына тең деп қабылданады және келесі формулалар бойынша есептеледі:

    РpocoРуо , кВт;

    Qpo=tgоРро , квар,

    мұнда Кco – жарықтану жүктемесінің активті қуаты бойынша сұраныс коэффициенті;

    tgо – реактивті қуат коэффициенті, cos бойынша анықталады;

    Руо – цех бойынша жарықтану қабылдағыштарының белгіленген қуаты, белгілі өндіріс ауданының 1м2 еден бетіне меншікті жарықтану жүктемесімен анықталады:

    Руо=оF, кВт;

    мұнда F – зауыттың бас жоспары бойынша анықталатын өндіріс ғимаратының ауданы, в м2;

    меншікті есептік қуат, 1м2-қа кВт.

    Барлық есептеулер 2.1 кесте - «Жарықтану жүктемесін есептеу» енгізіледі.

    1.2 Зауыт бойынша электр жүктемелерін есептеу



    Зауыт цехтары бойынша кернеуі 1кВ-қа дейінгі электр жүктемелерді есептеу жеңілдетілген әдіс – реттелген диаграммалар әдісі бойынша жүргізіледі. Цехтар бойынша күштік және жарықтану жүктемелерді есептеудің нәтижелері 2.2-кестеге «Кернеуі 0,4 кВ зауыт цехтары бойынша күштік жүктемелерді есептеу» еңгізілген.

    Зауыттың ГПП және цех ТП орналасу орынын анықтау мақсатымен жобалау кезінде электр жүктемелер картограммасын құрады.

    Картограмма – зауыттың жалпы планында орналасқан шеңберлер. Шеңберлердің аймағы таңдалған масштабта цехтардың есептелген жүктемелеріне сәйкес келеді.

    Төменгі вольтті жүктеме үшін картограмма цехтің жарықтандыру үлесін көрсету керек. Оны цехтің сәйкес келетін шеңбердің секторы түрінде көрсетуге болады.

    2.1-кестенің 16 графасында электрлік жүктеменің картограммасын есептеу үшін шеңбер радиусы жазылады:

    ;



    мұнда R – шеңбер радиусы;

    α – сектордың бұрышы;

    m – шеңбер ауданын анықтауға арналған масштаб.

    Рp активті қуаты ең үлкен цех үшін шеңбер сызамыз, радиусын анықтаймыз, масштабын табамыз:

    .

    Электр қабылдағыштар топтары үшін ең жүктелген ауысымдағы орташа активті және реактивті жүктеме есептеледі:

    Рсми·ΣРн;

    Qсмсм·tg

    Электр қабылдағыштардың есептік активті және реактивті қуаттары:

    Ррм·Рсм;

    Qрр·tg;

    егер nэ>10; Qр=Qсм; егер nэ<=10; Qр=∙Qсм;

    егер n≥4; Ки≥0,2; m>3; егер nэ=2;∙ΣРннmax; Км=f(Ки,nэ).



    написать администратору сайта