Электростатика. Электростатика негіздері Анеля. Электростатика негіздері Орындаан Наурызбаева А. Е
Скачать 1.08 Mb.
|
Электростатика негіздері Орындаған: Наурызбаева А.Е. Тексерген: Шиныкулова Н.Н. Жоспар: 1. Электр заряды. Денелердің электрленуі 2. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. 3. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулілігі. Электростатикалық өрістің күш сызықтары. 4. Электр өрісінің потенциалы мен потенциалдар айырымы. 5. Өткізгіштер мен диэлектриктер. 6. Электрсыйымдылық. Конденсатор. Электр заряды. Денелердің электрленуі Әртүрлі заттардан жасалған денелер бір-бірімен үйкелген кезде жеңіл заттарды өзіне тартатын қасиетке ие болуын денелердің электрленуі деп атайды. Дененің заттарды өзіне тарту қасиетіне ие болатын құбылыс электрлену деп аталады. Электрленуге әрқашан екі дене қатысады және екеуі де электрленеді. Электрленген денелерді зарядталған деп те атайды. Электрлік өзара әсерге сандық сипаттама беру үшін «Электр заряды» деген ұғым енгіземіз. Электр заряды Электр заряды деп электрлік өзара әсердің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шаманы айтады. Электр зарядын [q]-әрпімен белгілейді. Халықаралық Бірліктер жүйесінде электр зарядының өлшем бірлігі француз физигі Ш.Кулонның құрметіне кулон (Кл) деп аталған: [q]=[Кл] Кулон-электрлік құбылыстарды зерттеген ғалым. Заряд таңбасы жағынан оң немесе теріс және модулі жағынан үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Яғни электр зарядының екі тегі бар: оң және теріс. Аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады. Электроскоп Денелердің зарядталғанын анықтап, зарядтарды салыстыру үшін электроскоп (грекше «электро» және «сропео»- бақылау, анықтау) деп аталатын аспап қолданылады. Оны 1745 жылы орыс физигі Г.В.Рихман ойлап тапқан. Электроскоптың корпусы алдыңғы жағынан шынымен жабылған. Аспаптың ішіне металл өзек орнатылған. Металл өзекке жеңіл қозғалатын жапырақша бекітілген . Өзекше корпустан дөңгелек пішінді тығынмен оқшауланған. Өзекшенің жоғары жағына қуыс металл шар кигізілген. Егер кондуторға зарядталған денені тигізсе, оның жапырақшалары бір-бірінен тебіледі. Дене заряды артқан сайын олар бір- бірінен күштірек тебіледі. Бірақ электроскоп көмегімен зарядтардың таңбасын анықтау мүмкін емес. ң қ Назарларыңызға рахмет! |