лекция электротехника қазақша. Электротехниканы теориялы негіздері Глоссарий (сздік, анытама)
Скачать 0.58 Mb.
|
3 сұрақ Коммутация заңдары Коммутация заңдары
9.3 Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: 1 Ауыспалы процестердің анықтамалары 2 Есептеудің классикалық әдісі 3 Коммутация әдісі 4 Сипаттау теңдеуінің түбірі. Индуктивтіліктегі синусоидалы ток 9.4 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: /1-5/ Қосымша әдебиеттер: /6-10/ Дәріс -10 Дәріс тақырыбы: СИНУСОИДАЛЫ ЕМЕС ПЕРИОДТЫ ТОКТАРДЫҢ СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ. 10.1 Дәрістің мақсаты: Синусоидалы емес периодты токтардың сызықты электр тізбектерімен таныстыру. 10.2 Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1 Негізгі түсініктер 2 Синусоидалы емес шамалардың сипаттамалары 3 Синусоидалы емес қисықтарды Фурье қатарына жіктеу 4 Синусоидалы емес периодты тізбектерді есептеу тәсілдері Дәрістің тезисі сұрақ: Негізгі түсініктер Практикада ЭҚК және токтар синусоидалы емес болады. Олар нағыз генераторлар кернеудің синусоидалы емес қисығын қамтамасыз етпегендіне байланысты. Шамалардың өзгеруі жалпы жағдайда периодты, жартылай периодты, периодсыз болады. Периодты синусоидалы емес шама болып уақытпен өзгеретін айнымалы токтың шамаларын айтуға болады. Ондай кернеу мен токтың пайда болуы тізбекте сызықты емес элементтің болуына байланыстығымен түсіндіріледі. 2 сұрақ Синусоидалы емес шамалардың сипаттамалары Синусоидалы емес шамалардың сипаттамалары ретінде мыналарды жатқызамыз: Максимал мәні - . Әсер ететін мән - . Модулі жағынан орташа мән - . Периодты мәні жағынан орташа - . Амплитуда коэффициенті - . Форма коэффициенті - . 3 сұрақ Синусоидалы емес қисықтарды Фурье қатарына жіктеу Әрбір периодтық функция тригонометриялық қатарға жіктелетіні белгілі, мұндағы Т – период. Фурье қатарына жіктелуі мына түрда болады:
Мұндағы - нольдік гармоника; - бірінші гармоника, - бұрыштық үдеу. , өрнектегі және и коэффициенттер мына формуламен анықталады: ; . 4 сұрақ Синусоидалы емес периодты тізбектерді есептеу тәсілдері Синусоидалы емес периодты тізбектерді есептеу тәсілдері: ЭҚК мен ток көзі Фурье қатарына жіктеледі. Әр гармоникаға тізбектер анықталады. Шамалар алгебралық қосынды ретінде анықталады. 10.3 Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: 1 Негізгі түсініктер 2 Синусоидалы емес шамалардың сипаттамалары 3 Синусоидалы емес қисықтарды Фурье қатарына жіктеу 4 Синусоидалы емес периодты тізбектерді есептеу тәсілдері 10.4 Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: /1-5/ Қосымша әдебиеттер: /6-10/ Дәріс -11 Дәріс тақырыбы: СИНУСОИДАЛЫ ЕМЕС ТІЗБЕКТЕРДЕГІ РЕЗОНАНСТЫ ҚҰБЫЛЫСТАР. 9.1 Дәрістің мақсаты: Синусоидалы емес тізбектердегі резонансты құбылыстармен таныстыру. 9.2 Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1 Резонансты құбылыстардың анықтамалары 2 Пассивті элементтер арқылы өткен синуиодалы емес токтар 3 Үшфазалы тізбектегі жоғары гармоникалар. Дәрістің тезисі 1-сұрақ Резонансты құбылыстардың анықтамалары Электр тізбегін ажыратқанда немесе қосқан кезде оларда ауысу процестері жүреді. Олар лезде жүреді. Кейбір ауыспалы проец кезінде үлкен асқынкернеу немесе асқын ток, электромагнитті тербелістер пайда болып құрылғыны істеу шығару мүмкін. Бір жағынан ауыспалы процестер электронды генераторларда қолдануда пайдасы бар. Сызықты тізбектегі процестерді талдаудағы негізгі әдістер: 1 классикалық әдіс 2 операторлы әдіс 3 Жиілікті әдіс 4 Интеграл Дюамель 5 Айнымалы жағдай әдісі 2 сұрақ: Пассивті элементтер арқылы өткен синуиодалы емес токтар 1. Резистор. кезінде мынадай ток өтеді , Мұндағы . 2. Конденсатор. Конденсатордағы кернеу Конденсатор арқылы өткен ток . 3. Индуктивтілік катушка. Индуктивтілік катушкадағы кернеу: 3сұрақ: Үшфазалы тізбектегі жоғары гармоникалар. Т гармоникасы үшін . А гармоникасының кернеуі . , тең алғанда В және с гармоникалары үшін 11.3 Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: 1 Резонансты құбылыстардың анықтамалары 2 Пассивті элементтер арқылы өткен синуиодалы емес токтар 3 Үшфазалы тізбектегі жоғары гармоникалар. 11.4 Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: /1-5/ Қосымша әдебиеттер: /6-10/ Дәріс -12 Дәріс тақырыбы: СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ. 12.1 Дәрістің мақсаты: Сызықты емес электр тізбектерімен таныстыру. 12.2 Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1 Сызықты емес тізбектердің вольт-амперлік сипаттамасы 2 Тұрақты токтың сызықты емес тізбектерін есептеудің әдістері Дәрістің тезисі 1 сұрақ Сызықты емес тізбектердің вольт-амперлік сипаттамасы Сызықты емес электр тізбектері деп құрамында сызықты емес элементтері бар тізбектер. Сызықты емес элементтер резитсторлы, индуктивті, сыйымдылықты болып бөлінеді. Сызықты емес резисторла вольтавмперлік сипаттамаға ие. Вольтамперлік сипаттама – тізбектен өтетін токтың керенуге тәуелділік графигі. Сызықты емес резисторлар екіге бөлінеді: басқарылатын және басқарылмайтын. 2 сұрақ Тұрақты токтың сызықты емес тізбектерін есептеудің әдістері Сызықты емес тізбектерін есептеудің негізгі қолданылатын әдістеріне: 1 екі түйін әдісі; 2 параллель қосылған бірнеше тармақтарды бір эквивалентпен ауыстыру әдісі; 3 эквивалентті генератор әдісі жатады. Сызықты тізбектерді есептемес бұрын алдын ала олардың вольт-амперлік сипаттамасы белгілі болу керек. Тізбекті анықтау негізінен графикалық немесе ЭЕМ көмегімен шешіледі. Тізбектерді есептеу үшін олар 1 ЭҚК пен тізбектей жалғану керек; 2 ЭҚК пен параллель жалғанған тізбектер қарастырылады. Күрделі тізбектерді түрлендіріп қарапайымға келтіріп есептелінеді. 12.3 Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: 1 Сызықты емес тізбекке салу әдісі неліктен қолданылмайды? 2 Сызықты емес резисторды қандай параметрлер сипаттайды? 3 Неліктен статикалық кедергі әр кез нөлден үлкен, ал дифференциалды және динамикалық әр түрлі таңбаға ие болады? 4 Тұрақты токтың сызықты емес резистивті тізбектерін талдауда қандай әдістер қолданылады? 5 Резисторлар тізбектей жалғанған тізбекті графикалық әдіспен есептеудің реті қандай? 6 Резисторлар параллель жалғанған тізбекті графикалық әдіспен есептеудің реті қандай? 12.4 Әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: /1-5/ Қосымша әдебиеттер: /6-10/ Дәріс -13 Дәріс тақырыбы: ҮЛЕСТІРУЛІ ПАРАМЕТРЛЕРІ БАР ТІЗБЕКТЕР. 13.1 Дәрістің мақсаты: Үлестірулі параметрлері бар тізбектермен таныстыру. 13.2 Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар 2 Стационар режимдегі біртекті сызықтың теңдеуі Дәрістің тезисі 1 сұрақ: Негізгі түсініктер мен анықтамалар Практикада электромагнитті өріс және жоғалу бүкіл тізбек бойында беркелкі немесе біркелкі емес таралатын тізбектермен (электр беру сызығы, ақпаратты беру, электр машиналарының орамдары және т.б.) кезігеміз. Нәтижесінде әр бөліктегі ток пен кернеудің мәндері әртүрлі болады, яғни тәуелсіз екі айнымалының t уақыттың және кеңістік x координатасының функциялары болады. Ондай тізбектер таралған параметрлі тізбектер деп аталады. Таралған параметрлері бар тізбектердегі процестерді зерттеу үшін сызықтың бойындағы параметрлері (индуктивтілік, кедергі, сыйымдылық, өткізгіштік) таралуы үшін қосымша шарттарды енгіземіз. Таралған параметрлері бар сызықты біртекті бөліктерге бөлеміз. 2 сұрақ: Стационар режимдегі біртекті сызықтың теңдеуі. Сызықтың алғашқы параметрлеріне кедергіні , индуктивтілікті , өткізгішті және сыйымдылықты аламыз. Біртекті сызықтың теңдеуін алу үшін суретте көрсетілгендей ұзындығы өте аз болатын бөліктерге бөлеміз. Элементар төртполюстіктің басындағы кернеу мен ток u және i тең болсын, ал соңында мынаған сәйкес: және . Кернеудің айырмасы резистивті және индуктивті элементтерінде кернеудің құлауымен анықталады, ал бөліктегі ток өзгерісі өткізгіштік пен сыйымдылық арқылы өткен ток пен ығысуға тең. Сонымен, Кирхгоф заңына сәйкес немесе -ке қысқартқанда мынаған тең: . Егер сызықты сан мәні жағынан толқындық мәнге тең болатын кедергімен қосатын болса, онда қалған бөлігінің соңғы бөлігіндегі жұмыс істеу режимі өзгермейді. Осыдан екі қорытынды шығаруға болады: - шексіз ұзын сызықты теңдеуі толқындық сан мәнгі тең кедергіге батырылған соңғы ұзындықты сызықты таралады; - толқындық кедергіге батырылған кедергінің кіріс кедергісі де толқындыққа тең. 13.3 Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: Параметрі шоғырландырылған немесе таралған тізбектердің арасындағы айырмашылық қалай байқалады? Тізбекті қандай белгіге байланысты параметрі шоғырландырылған немесе таралған тізбектерге жатқызады? Ұзын сызықтың орнын басу тізбегін сал. Тура және кері жүгірме толқындардың түсініктерін түсіндіріңдер. Параметрлері таралған тізбектің келісілген жұмыс істеу принципі деп нені айтады, ол немен сипатталады? 13.4 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: /1-5/ Қосымша әдебиеттер: /6-10/ Дәріс -14 Дәріс тақырыбы: БҰРМАЛАУСЫЗ СЫЗЫҚТАР. 14.1 Дәрістің мақсаты: Бұрмалаусыз сызықтармен таныстыру. 14.2 Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1 Негізгі анықтамалары мен түсініктер. 2 Ақырғы ұзындықты сызықтың теңдеуі. 3 Шығынсыз сызық. Дәрістің тезисі 1-сұрақ Негізгі анықтамалары мен түсініктер. Сызық бойынша бұрмалауды қажет етпейтін сигнал периодты болсын, яғни оны Фурье қатарын жіктеуге болады. Егер толқынның құраушыларының гармоникалық өшуі мен фазалық жылдамдықтары әр түрлі болса, онда сигнал бұрмаланады, яғни ақырғылары жиіліктің функциясы болсын. Бұрмалануды болдырмау үшін барлық гармоникалар бірдей жылдамдықпен және бірдей өшумен таралсын. Бұл кезде идеалды болып Идеальным в этом случае является так называемая шығынсыз сызық болады, оның кедергісі мен өткізгіштігі нөлге тең болу керек. Бұл жағдайда , яғни жиіліктен тәуелсіз өшу коэффициенті және фазалық жылдамдығы мынаған тең болады: . Бірақта бұрмалану шығынсыз сызықтықта да болмауы мүмкін. 2 сұрақ: Ақырғы ұзындықты сызықтың теңдеуі. және тұрақтылары шектік шарттармен анықталады:
Егер ұзындығы lсызық басында кернеуі және ток берілсін, яғни кезінде. Онда алдыңғы теңдеулерден мынаны аламыз: осыдан Алынған мәндерді теңдеуге қойып мынаны аламыз:
Соңғы екі теңдеу сызықтың кез келген нүктесіндегі ток пен кернеудің мәнін анықтауға болады. |