Главная страница
Навигация по странице:

  • Мерзімі:_________________202__ жыл

  • Жунусова Нуржамал Турдыковнаның

  • 1.Келісім-шарттың мәні

  • 1-Тарап: 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  • 2-Тарап: 3. Білім алушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің

  • Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер

  • (хиджап, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка) пайдалануға жол бермеуге;

  • 4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері

  • ЕСКЕРТУ;

  • 5. Білім алушыларға тыйым салынатын талаптар

  • 6. Келісім -шарттың мерзімі

  • 1-Тарап Мектеп директоры: _____________ Н.Т.Жунусова мекен-жай: Жандосова 11 Б телефоны: 87028726779

  • ________________________ Қолы __________________________

  • Келисим шарт. КЕЛІСІМ-ШАРТ 2022-2023. Елісімшарт Мекенжайы Шымкент аласы Жандосова 11Б


    Скачать 21.51 Kb.
    НазваниеЕлісімшарт Мекенжайы Шымкент аласы Жандосова 11Б
    АнкорКелисим шарт
    Дата29.09.2022
    Размер21.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКЕЛІСІМ-ШАРТ 2022-2023.docx
    ТипКодекс
    #705095

    Білім ұйымы мен ата-ана (өзге де заңды өкілінің) арасындағы

    _________ келісім-шарт
    Мекен-жайы: _Шымкент қаласы Жандосова 11Б Мерзімі:_________________202__ жыл



    Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, «Білім туралы» Заңы, басқа да нормативтік-құқықтық актілер негізінде және «Жас Көшбасшылар Академиясы» ЖШС білім ұйымы ішкі тәртіп ережелерінің негізінде білім ұйымының басшысы Жунусова Нуржамал Турдыковнаның атынан «Білім ұйымы» деп аталатын бірінші тарап (бұдан әрі – 1-Тарап) және бұдан былай «Ата-ана» деп аталатын екінші тарап (бұдан әрі – 2-Тарап) ________________________________________________________________(ата-анасының (өзге де заңды өкілінің) аты-жөні) арасында төмендегілер туралы осы келісім-шарт жасалды.

    1.Келісім-шарттың мәні

    1.1. Білім ұйымы келісім-шарттың талаптарына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру қызметін көрсетеді.

    1.2. 1-Тарап және 2-Тарап бұдан былай «Білім алушы» деп аталатын « » жылы туылған _______________________________________ білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісінде біріге әрекет етеді.

    1.3. Тараптар өз іс-әрекеттерінің нәтижелі болуы үшін осы келісім-шартпен шектелген бірлескен жауапкершілік алады.

    1-Тарап: 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    2.1. Білім ұйымы мен мұғалімнің жеке тұлғасының ары мен қадір қасиетін қорғауға, сыйлауға;

    2.2. Ата-аналарға (өзге де заңды өкілдерге) психологиялық және педагогикалық көмек көрсетуге және білім алушыдан оқу жүктемесін толық меңгеруді талап ету;

    2.3. Білім алушы мен ата-аналардан (өзге де заңды өкілдерден) нағыз келісім шарт талаптарын талап етуге құқылы.

    2.4. Жеке тұлғаның интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалдық және физикалық дамуы үшін, оның мүмкіндігін жан-жақты дамыту үшін жағымды жағдай жасауға, жеке тұлғаның құқығы мен еркіндігін қорғауға кепілдік беруге;

    2.5. Ата-аналарды (өзге де заңды өкілінің) Жарғымен, білім ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен, оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін басқа да білім ұйымы актілерімен таныстыруға;

    2.6. Адамгершілік - құқықтық тәрбиені тәрбие жұмысының негізі етіп алуға және оқушының негізгі оқу нәтижесін жазып алып, Ата-аналарына (өзге де заңды өкіліне) таныстыруға;

    2.7. Білім алушының білім ұйымындағы және сабақтағы кезеңдегі денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігінің сақталуына жауапкершілік алуға,қажеттілігіне сәйкес оқушыларды толық тексеруге,

    2.8.Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушылардың адам денсаулығына қауіп төндіретін заттар әкелмеуін қадағалау, күнделікті оқушыларды тексеру; қажетті шараларды қабылдау ;

    2.9. Әр оқу жылы соңындағы білім алушының базалық және қосымша саланы меңгеру деңгейін көрсететін құжат ұсынуға (үлгерім табелі) міндетті.

    2-Тарап: 3. Білім алушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

    Білім алушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

    3.1. білім алушының тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім ұйымын таңдауға;

    3.2 ата-аналар комитеттері арқылы білім ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

    3.3.білім ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

    3.4 өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

    3.5. балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

    Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

    3.6. білім алушыларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, адамгершілік тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

    3.7. білім алушылардың одан әрі жалпы білім беретін білім ұйымына беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

    3.8. білім ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

    3.9. білім алушылардың оқу орнындағы сабаққа баруын, сабаққа кешікпеуін қамтамасыз етуге;

    3.10. білім ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

    3.11. қашықтықтан оқытуға байланысты мектептің міндетті формасы талап етілмейді. білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;(ҚР Білім туралы Заңы, 47 бап, 15-2 тармақшасы) ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығын орындауға;(мектеп формасына ешқадай діни конфессияға қатысты киім элеметтерін (хиджап, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка) пайдалануға жол бермеуге;

    3.12. Оқушылар діни тұрғыдағы заттарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейнетаспалар) әкелуіне, пайдалануына, басқа адамдарға соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауға жол бермеуге міндетті;

    3.13. кезекші сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығы мен жеке гигиенасын сақтау үшін ата-аналары бетпердемен қамтамасыз етуі тиіс; Ұлды/қызды сабақтан себепсіз қалдырмауға; себепті қалған жағдайда анықтама тапсыруға;

    3.14..Кешкі уақыт сағат 22.00-ден кейін балалардың қала көшелеріне қыдыруға, көңіл көтеретін орындар ойынхана, тойхана, би кештеріне, түнгі клубтар, букмекерлік кеңсеге бармауын қадағалау;

    3.15.Мектепте шығарып салып, сабақтан уақытылы келуін қадағалау;

    3.16.Жол ережесін сақтауды еске салып тұру; Каникул (күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы) және сабақтан тыс уақытта баланың өмір қауіпсіздігіне тікелей жауапты екендігіңізді;

    3.17.Ата-аналары баланы сынып жетекшінің қолына табыстау, оны қайта алып қайтуы міндетті; Баланы оқулықтармен және басқа оқу-құралдармен толық қамтамасыз етуі тиіс;

    3.18.. Балалардың мектепке телефон, смартфон және өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет) ату құралдары (мылтық, пистолет, газ балондар, электрошокер т.б) тез жанатын, тез тұтанатын және адам денсаулығына зиянды заттарды ( (сапасы белгісіз сағыз, дәрумендер,т.б) алып келуіне және пайдалануына жол бермеуге;

    3.19.Баланың көлік жүргізуіне, баланың өз бетімен балық аулауына су жағасындағы аймақтарға баруына тыйым салуға;

    3.20.Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;

    3.21.Балалардың мектеп ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік т.б. мәселелерді қозғауына өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;

    4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері:

    4.1. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

    4.2. білім ұйымы басшылыққа алатын жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

    4.3. оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

    4.4. өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

    4.5. білім ұйымдарын басқаруға қатысуға;

    4.6. білім ұйымдарында білім алушылар үшін, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

    4.7. спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

    4.8. өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

    4.9. өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

    4.10. оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

    4.11. Білім ұйымында білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.Мектеп формасы: (қыз бала-ақ көйлек (жағасы жеңі бар) классикалық қара пиджак (немесе қара жемпір), юбка ( тізеден 5см төмен түсіп тұруы тиіс) (1-8 сынып қыздары ақ бантик), ұл бала ақ көйлек жағасы бар, жеңі бар, классикалық костюм-шалбар (қара жемпір, қара галстук) (<Жас ұлан> тобының мүшелеріне көк галстук).

    ЕСКЕРТУ; Спорттық аяқ киімді тек дене шынықтыру сабағында ғана кию керек;

    Діни киімдерді (хиджап, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка) киіп келуіне діни тұрғыдағы заттарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейнетаспалар) әкелуіне, пайдалануына, басқа адамдарға соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауға жол бермеуге міндетті;

    5. Білім алушыларға тыйым салынатын талаптар:

    5.1. Білім ұйымына қару, отты және жарылу қауіптілігі бар заттарды, спирттік ішімдіктер, темекі және есірткі өнімдерін әкелуге, таратуға және қолдануға;

    5.2. Қарым қатынасты анықтауға, қорқыту, қоқан-лоққы көрсету арқылы күш көрсетуге;

    5.3. Қоршаған орта үшін қауіпті саналатын кез келген іс-әрекет қолдануға;

    5.4. Жалған анықтамалар, ата-аналар атынан жазбалар және басқа құжаттар ұсынуға, журналдағы бағалар мен басқа да құжаттарын түзетуге;

    5.5. Білім ұйымында және ауласында темекі шегуге; білім ұйымының мүлкіне зиян келтіруге, ауласын ластауға;

    5.6. Мектепте және сабақ уақытында телефон, смартфон ұстауға тыйым салынады;

    6. Келісім -шарттың мерзімі

    6.1. Келісім-шарт қол қойылған уақыттан бастап, білім алушының білім ұйымында оқыған мерзімінің соңына дейін жарамды.

    7. Келісім шартты өзгерту және бұзу талаптары

    7.1. Келісім-шарт қол қойған уақыттан бастап күшіне енеді;

    7.2. Келісім-шарттың мерзімі негізгі жалпы білім алғанға дейін.

    7.3. Егер тараптардың екеуі де келісім-шартты оның аяқталу мерзіміне дейін өтініш жасамаса, келісім - шарт созылады.

    7.4. Келісім-шарт мерзімінен бұрын:

    - Тараптардың бірінің өз міндетін орындамаған жағдайында келесі тараптың ұсынысымен;

    - Ата-ананың (өзге де заңды өкілінің) әдепсіз мінез-құлық көрсету немесе білім алушының білім ұйымының ішкі тәртіп ережелерін жүйелі түрде бұзу жағдайында білім ұйымының ұсынысымен;

    - Білім алушы тұрғылықты мекен-жайын, білім ұйымын ауыстырған жағдайда;

    Тараптардың реквизиті:


    1-Тарап Мектеп директоры:

    _____________Н.Т.Жунусова

    мекен-жай: Жандосова 11 Б

    телефоны: 87028726779


    2-Тарап_____________________________

    ____________________________________

    мекен-жайы:_______________________

    телефоны:________________________

    Қолы__________________________


    написать администратору сайта