Емдеуге жатызу портал бюросы Орындаан али М. Группа 402 Тексерген Изимбергенова Г. Н
Скачать 1.2 Mb.
|
Емдеуге жатқызу портал бюросы Орындаған: Қали М.Ә Группа: 402 Тексерген: Изимбергенова Г.Н Кіріспе «Емдеуге жатқызу бюросы порталын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы №336 бұйрығына сәйкес 2010 жылғы 01 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында Емдеуге жатқызу бюросы порталы енгізілді. «Емдеуге жатқызу бюросы» Емдеуге жатқызу бюросы келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Емдеуге жатқызу тәртібі:
Емдеуге жатқызу бюросының www. bg.eisz. kz веб – сайтында Порталда жасақталған кодқа сәйкес өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарап, кезекті бақылай аламыз. Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай – күйі барысында, пациентті амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарлық емдеуге жатқызу. Стационарда қалай емделуге болады? Егер науқас облыс немесе республика көлеміндегі ауруханаларға жолданған болса, онда ол жолдамамен емхана менгерушісіне жолығады. Казіргі кезде ол адамдар ауруханаға жатқызу Порталы бойынша жататын мерзімі анықталып, белгіленген күні жолданған ауруханасына жатқызылады. Емхана Порталы науқастың толық дерегін интернет жүйесі арқылы жолданған ауруханаға жібереді, аталған аурухана Порталы пациенттің дерегімен танысып, жатқызып емдеу күнін немесе жатқызбау себебін көрсетіп интернет арқылы емхана Порталына жауап береді. Емхананың тиісті маманы пациентпен өздері берген телефон арқылы тілдесіп, аурухана Порталы берген мәліметті хабарлайды. Емдеуге жатқызу бюросы порталы - Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде науқасты жоспарлы ауруханаға жатқызу жолдамаларын тіркеу, есепке алу, өңдеу және бірыңғай электронды сақтау жүйесі. Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл науқастың созылмалы аурулары, өмір сүру үшін қауіпсіз кезіңде (анықталған жағдайда),жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін жағдайларында дәрігердің ауруханаға емдеуге бағытталуы. Жоспарлы емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу Бюросы порталы арқылы науқастың медициналық ұйымды таңдауына сай бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады. Қорытынды Емдеуге жатқызу бюросы Порталы – бұл Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін қолжетімді Ғаламтордағы веб – сайт, ол жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау жағдайларында клиника, емхана және пациент арасындағы орталықтандырылыған өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Емдеуге жатқызу бюросының www.bq.eisz.kz. вер – сайтында Сіз Порталда жасақталған кодыңызға сәйкес өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарап, өз кезегіңізді бақылай аласыз. |