Главная страница

файзулла Алия Химия-22-1. Емтихан сратары Химия 1билет


Скачать 69.5 Kb.
НазваниеЕмтихан сратары Химия 1билет
Дата24.05.2023
Размер69.5 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлафайзулла Алия Химия-22-1.docx
ТипДокументы
#1156802
страница2 из 4
1   2   3   4

ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ


Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.

Атом - химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.

Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.

Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.

Күрделі заттар – құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар.

Массаның атомдық бірлігі – 1/12 көміртегі -12 атомының массасы (12С), яғни 1,6666×10⁻²⁷ кг.

Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (Аr) – өлшемсіз шама, элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа атомдық массасының көміртегі-12 атомының 1/12 массасына қатынасына тең .

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr ) - өлшемсіз шама , заттың табиғи изотоптары құрамының орташа массасының көміртегі – 12 атомының 1/12 массасына қатынасы.

Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02× 10²³ .

Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен ( 0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.

Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.

Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×10²³ моль⁻¹.

Осыдан : 1) әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t,p) бірдей көлемдеріндегі молекулаларының саны бірдей болады; 2) Қалыпты жағдайда (қ.ж.) газдардың молярлық көлемі 22,4л/моль болады. Олай болса, 1 моль газдың қ.ж. көлемі 22,4л.

Эквивалент көлем – заттың 1 эквиваленті алатын көлем. Сутегінің эквиваленті 1 моль , оттегінің эквиваленті 0,5 моль болғандықтан сәйкесінше эквивалент көлемдері 11,2 л/моль және 5,6 л/моль болады.

Химияның негізгі заңдары

Масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.

Заттардың массасы сақталу заңы: Реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен, реакцияға қатысқан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар заттар массасы сақталу заңына бағынады.

Құрам тұрақтылық заңы. Заттар массасы сақталу заңы ашылуының химияны дамытудағы маңызы өте зор болды. Осы заңға сәйкес көптеген заттардың сапалық және сандық құрамдары зерттеліп анықталды. Заттың құрамы тұрақты, әлде айнымалы бола ма деген мәселе төңірегінде ХІХ ғасырдың басында екі ғылыми пікір айтылды. Қ. Л. Бертолле заттың құрамы айнымалы болуы тиіс десе, Ж.Л.Пруст заттың құрамы тұрақты болады деді. Бұл ғылыми айтыс жеті жылға созылды. Соңында Ж.Л.Прусттың пікірі қабылданып, ол заттың құрам тұрақтылық заңын ашты. Ол заңның қазіргі анықтамасы былай айтылады: Алыну жолына қарамастан молекулалық құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

Еселік қатынас заңы. 1803 жылы ағылшын ғалымы Д. Дальтон еселік қатынас заңын ашты. Ол былай аталады: егер екі элемент бір – бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің белгілі бір тұрақты массасына келетін екінші элементтің массаларының өзара қатынасы кіші бүтін сандардың қатынасындай болады.

Эквиваленттер заңы - әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.

Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.

1811 жылы А.Авогадро кейін заңға айналған гипотезасын ұсынды: Бірдей жағдайда әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.

Авогадро газ тәрізді жай заттардың молекулалары екі атомнан тұрады деп көрсетті.

ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ

Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т (Т=273+ t) анықтайды. Қысым 1,013×10⁵ Па (760мм сынап бағ.), температура 273К не 0°С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р₀, Т₀ , t₀, V₀ .

Бойль - Мариотт заңы. Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V₁p₁ = V₂p₂ = …,

яғни Vpconst, V₁/ V₂ = p₁ /p₁.

Гей-Люссакзаңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 Тұрақты көлемде: р₁/ р₂ = T₁/ T₂.

Менделеев-КлапейронтеңдеуіБойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V₁p₁/ T₁ = V₂p₂/ T₂ не V pT = V₀р₀/ T₀(егер күйлердің бірі қалыпты болса)

Кез келген газ үшін заттың 1 моль мөлшеріне V₀p₀ /T₀ тұрақты және бірдей, оны универсал газ тұрақтысы ® деп атайды, сонда V p = RT, ал n моль газ үшін Vp = nRT Vp = nRT. Сонда Vp = mRT/ M - Менделеев-Клапейрон теңдеуі. R – мәні көлем мен қысым өлшем бірлігіне байланысты болады.

Есептерде көбінесе мына мәндер алынады: 22,4 л; 273К, 8,31 Дж×моль⁻¹×К⁻¹.

Газ не бу тәріздес заттардың молярлық массаларын олардың молярлық көлемін және тығыздығын пайдаланып та есептеуге болады.

D = M₁/ M₂. DH₂ = 18,8 / 2 = 9,4; Dауа = 18,8 / 29 = 0,65.

Газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесін парциалдықысымдеп атайды. Газдар қоспасының жалпы қысымы жеке газдардың парциалды қысымдарының қосындысына тең: ржалпы = р₁+ р₂ + р₃ +... .Газдың парциалды қысымы оның қоспадағы көлемдік не молдік үлесіне тура пропорционал. Егер газ су үстінде жиналатын болса, ол су буымен қанығады , онда жалпы қысым сол газдың парциал қысымы мен су буы қысымы қосындысына тең болады: ржалпы = р(г) + р (Н₂О), одан р(г) = ржалпы-рН₂О .

2 .Термохимия заңдары: Лавуазье-Лаплас заңы, Гесс заңдарына талдау жасаңыз

Термохимия – химиялық динамиканың бөлімі, ол химмиялық реакциялардың жылу эффектісін және реакцияның жүру барысындағы элементтердің физико-химиялық параметрлеріне тәуелділігін қарастырады. Сонымен қатар термохимия мақсатына жылудың фазалық өтулер, ерулер, қосылу, тағы басқа процестер, жылу сыйымдылықты меңгеру және заттардың энтальпиясы мен энтропиясы кіреді. Термохимияның негізгі тәсілі – калориметрия болып табылады. Кей жағдайларда калориметриялық емес те тәсілдер (тепе-теңдік константасын өлшеу нәтижелерінен жылу эффектілерін санау) қолданылады, алайда бұл жағдайларда нәтижелер онша дәл болмайды.Термохимия термодинамиканың және химиялық байланыстар түріндегі энергия концепция тұжырымдамаларын біріктіреді. Бұл тақырып әдетте жылу сыйымдылық, жану температурасы, температурасы, энтальпия, энтропия, еркін энергия және калория сияқты мөлшерлерді есептеуді қамтиды.

Термохимияның бірінші заңы (Лавуа­зье - Лаплас заңы) бойынша: жай заттар өзара әрекеттесіп күрделі зат түзгенде бөлінетін (не сіңірілетін) жылу мөлшері сол күрделі зат қайтадан жай заттарға ыдырағанда сіңірілетін (не бөлінетін) жылуға тең.

Мысалы:


Ca + 1/2O2 → CaO + 636,4 кДж
CaO = Ca + 1/2O2 - 636,4 кДж
Бұдан кальций оксидінің түзілу және ыдырау жылу эффектерінің алгебралық қосындысы нольге тең екендігін кереміз.

Термохимияның екінші заңын орыс ғалымы Г. И. Гесс (1840) ашқан. Тұрақты қысым мен көлемде көптеген химиялық реакциялардың жылу эффек-тілерін анықтау нәтижесінде Гесс өз заңын былай тұжырымдады:




Химиялық реакция тікелей жүрсін немесе бірнеше сатыда өтсін, бәрібір оған сай жылудың мөлшері тұрақты болады. Басқаша айтқанда, химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелді емес, тек реагенттер мен өнімдердің күйіне тәуелді.

Басқаша сөзбен айтқанда, реакцияның жылу эффектісі, реакцияның өту жолына тәуелді емес.

Гесс заңының салдары бар:


  1. Заттың түзілу жылулығы (ΔH°түзілу) қалыпты жағдайдағы тұрақты болып табылатын қарапайым заттардан түзілетін 1 моль күрделі затты алудағы жылу эффектісі. мұнда f – formation («түзілу» деген мағынаны береді)


  2. Заттың жану жылулығы(ΔH°жану), құрамында C, H, N, O, элементтері бар күрделі заттың 1 молі толығымен жану барысындағы жылу эффектісін айтады (нәтижесінде CO2, H2O(ж), N2.).

Гесс заңының салдарын қолдана отырып кез келген реакцияның жылу эффектісін есептеп шығаруға болады.


МЫСАЛДАР:
Шартты түрде жазылған реакция үшін aA+bB=cC+dD, оның жылу эффектісі:
ΔH°=(cΔH°түз.С+dΔH°түз.D) - (aΔH°түз.A+bΔH°түз.B)


қ.ж. кейбір күрделі заттардың стандартты түзілу жылулықтары


Зат


ΔH°түзілу
кДж



Зат


ΔH°түзілу
кДж



Al2O3(т)


-1670


CO(г)


-110,5


CO2(г)


-393,5


CH4(г)


-74,5


C2H5OH(ж)


-277,7


CaO(т)


-635,5


Ca(OH)2(т)


-986,2


HCl(г)


-92,3


H2O(г)


-242


H2O(ж)


-286


H2O2(ж)


-188


H2S(г)


-20,2


KNO3(т)


-492,7


NH3(г)


46


NO(г)


90,4


NaCl(т)


-411


SO2(г)


-297


SO3(г)


-395


SiO2(т)


-880


CS2(ж)


88

т – қатты

ж - сұйық

г – газ тәріздес


s - solid

l - liquid

g - gas


Қарапайым заттардың түзілужылулықтары нөлге тең


Гесс заңының екінші салын қолдана отырып, реакция жылу эффектісін, әрекеттесуші заттардың жану жылулықтары арқылы да есептеуге болады.


Реакция үшін aA+bB=cC+dD:
ΔH°=(aΔH°жану.A+bΔH°жану.B)-(cΔH°жану.C+dΔH°жану.D)

  • Мына тұздардың гидролизінің иондық теңдеулерін жазыңдар.

    • Zn

    • ә)

    • б)



  • 3-билет

  • 1-сұрақ Атом-молекула және олардың сипаттамалары

  • .



  • Термодинамиканың бірінші және екінші заңына талдау жасаңыз. (Энтальпия,Энтропия)

  • Реакцялардың теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар:

  • Zn( + НСІ

  • Са( + Н2

  • 4-билет

  • Атомдық масса. Химиялық элементтер валенттілігі туралы баяндаңыз

  • Химиялық элементтер мен қарапайым (элементтік) заттардың классификациясы.

  • Төмендегі тұздардың қайсысы суда ерігенде сілтілік орта көрсетеді?

  • А) Cи В) К С) D) Е) Zn

  • 5-билет

  • Химиялық қосылыстардың негізгі кластарына жалпы сипаттама

  • Тотығу-тотықсыздану процесі туралы баяндаңыз

  • Реакцялардың теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар:

  • + Ca(

  • +

  • 6-билет

  • Вант-Гофф ережесі туралы баяндаңыз

  • Тотығу-тотықсыздану реакцияларының типтерін атап, талдау жасаңыз

  • Реакцялардың теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар:

  • Са( + Н2

  • Zn( + НСІ



  • 7-билет

  • Атомның құрылысы. Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы баяндаңыз

  • Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру.

Төмендегі өзгерісті іске асыратын рееакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз: Fe2O3Fe(OH)3 FeCL3Fe(NO3)3 Fe2O3

  • 8-билет

  • Атом –молекулалық ілімнің негізгі қағидалары

  • Металдардың активтілік қатарына талдау жасаңыз

  • Берілген қышқылдарға сәйкес оксидтердің формуласынжазыңыз: Н3PО4; Н3PО3; Н2SiО3; Fe(OН)3; Cu(ОH)2.

  • 9-билет

  • Газдардың негізгі заңдарына жалпы сипаттама (Бойль- Мариот заңы, Гей-Люссак заңы, Менделеев-Клапейрон теңдеуі)
1   2   3   4


написать администратору сайта