Енші деген не Маалды жаластыр. ке крген о жонар
Скачать 61.47 Kb.
|
Енші деген не? Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. Үш арсызды ата. Байғазы деген не? Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге… Үш бәйтеректі ата. Ерулік деген не? Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе… Жігіттің үш жұртын ата. Көрімдік деген не? Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. Бес арысты ата. Бастаңғы деген не? Мақалды жалғастыр. Әдепті бала – арлы бала… Жеті атаны ата. Сұрақ-жауаптар Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата – анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды) Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер) Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.) Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге) Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады) Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі) 4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады) Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.) 5.Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын – сауық құрады) Мақалды жалғастыр. Әдепті бала – арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала) 6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.) |