Главная страница

10 - Тапсырма. Ер адам – парыз, ар -намыс, парасаттылык пен тарт. Ер адам парыз,арнамыс, парасаттылы пен тртіп идеалдарыны Крінісі


Скачать 14.72 Kb.
НазваниеЕр адам парыз,арнамыс, парасаттылы пен тртіп идеалдарыны Крінісі
Дата12.03.2021
Размер14.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла10 - Тапсырма. Ер адам – парыз, ар -намыс, парасаттылык пен тарт.docx
ТипДокументы
#184201

ЕР АДАМ – ПАРЫЗ,АР-НАМЫС, ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПЕН

ТӘРТІП ИДЕАЛДАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Ер жігітке қарақұрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер,

бірақ несібесінен артығын жемес.

Қорқыт
Ерлер тәрбиесінің бірінші талабы – ерік күші мықты, қайратты, шабытты азамат болу. Қайратты жігіт халқына сенеді. Қайратты жігіт ешқашан мұқалмайды, өмірден түңілмейді, түймедей нәрсені түйедей қылмайды. Кез келген қиындықты жеңеді, оларды болмашыға балайды. Ол тек бір күндік емес, тұтас өмірді сүйеді. Яғни қайратты жігітке басына бәле тілеп, болмашыға қайғырып, күйзеліске ұрыну жараспайды.

Ер азаматтың басты талабы – қуатты, күшті жігіт болу, ар-намысты қолдан бермеу. Қуатты жігіттің көңілі қашан да көтеріңкі болады. Ол өз өмірінің әрбір сәтін көңілді өткізеді. Күшті адамдар мейірбан келеді, әркімді бауырына тарта біледі. Өз мұңын өзіне қалдырады, қуанышын жұртпен бөліседі. Мұңы – бір сәттік, қуанышы – тұрақты болады.

1-тапсырма:

 Халық даналығы : «Ей, Азамат! Қатарыңның алды болма, көз тиеді, Қатарыңның арты болма, сөз тиеді!»

 Махмуд Қашқари: Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.

 «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

 Абай: «Сүйер ұлың болса, сүйсінерге жарар ол».

 Халық даналығы: «Адам болар, нағыз жігіт

Барыңды күзет, арыңды күзет

Өзгені сынағанша, өзіңді түзет»

 Халық даналығы: «Әр істің көзі болады

Көзін тапсаң өзі болады

Жігіттер талпынып, еңбектенсе

Нағыз ер-азамат осы болады».

 Халық даналығы: «Өз еліңнің басы болмаса да,

Сайының тасы болуға тырыс».

 Әйтеке би: «Жігіттің жақсысы

Дұрыс сөзге тоқтай білгені,

Басқаны сөзіне тоқтата білгені».

 Майлықожа: «Жігіттің көркі – өнері,

Талап – кісі мұраты.

Өнер қалмақ артында –

Дүниенің өшпес шырағы».

 Халық даналығы: «Әкелі бала – жау жүрек».

2-тапсырма:

Берілген үзіндіні толық оқып шықтым.
Қалмомын.А


написать администратору сайта