Главная страница
Навигация по странице:

  • Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі

  • дарынды балалармен жұмыс. Дарын ғылыми жобаның жазу талаптары. Ережелері i.ылыми жобаларды рсімдеуге койылатын талаптар


    Скачать 16.45 Kb.
    НазваниеЕрежелері i.ылыми жобаларды рсімдеуге койылатын талаптар
    Анкордарынды балалармен жұмыс
    Дата13.02.2023
    Размер16.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДарын ғылыми жобаның жазу талаптары.docx
    ТипКонкурс
    #934324

    Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарының 

    ЕРЕЖЕЛЕРІ
    I.Ғылыми жобаларды рәсімдеуге койылатын талаптар:

    (Word,14 шрифт. 1.5 интервал. 2 см. солдан шегіну')

    1. Жоба мәтіні компьютерде басылуы керек және мынандай кұрылымнан тұрады:

    1) титул парағы;

    2) мазмұны;

    3)қазақ немесе орыс тілдерінде абстракт (аннотация) (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады;

    4) кіріспе;

    5) зерттеу бөлімі;

    6) қорытынды;

    7) пайдаланылған әдебиетгер тізімі;

    2. Титул парағында мыналар көрсетіледі:

    1) жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;

    2) автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

    3) жұмыстың атауы;

    4) жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

    5) жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;

    6) қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;

    3.Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда. жобанын қысқаша мазмұнын білдіреді:

    1) зерттеудің мақсатын ;

    2) гипотезасын;

    3) кезеңдерін, зерттеудің рәсімін;

    4) эксперименттің әдістемесін;

    5) зерттеудің жаңашылдығын және дербестік дәрежесін;

    6) жұмыстың нәтижесін және қорытындысын;

    7) нәтижелердің практикалық қолдану салаларын;

    4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті); алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;

    5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда:

    - осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізу және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

    - алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;

    - жұмыстың нәтижесі және оны талқылау;

    - безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суретгер т.б.);

    6. Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [4]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы керек;

    7. Қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1-5) және олардың негізінде жасалған қорытындыларын (1-2), жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;

    8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынандай тәртіпте беріледі:

    - автордың тегі және қысқартылған аты-жені;

    - мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);

    - журналдың, кітаптың аты;

    - басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);

    - басылған жылы, шығу нөмірі, беті;

    9. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмыска сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар сөз болған жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.

    10. Ғылыми жетекші алынған нәтижелердің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне, жұмыс диплом жұмыстарынан, магистрлық және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілен нәтижелер жоқтығына дербес жауапкершілік алады. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.

    Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі:

    1. «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»,

    2. «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»,

    3. «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі»,

    4. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».


    написать администратору сайта