«Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі 9 сынып. Ережепбекова Майгул Семей аласы,42 орта мектеп Таырыбы Абай жолы эпопеясындаы Абай бейнесі Масаты білімділік М.уезовті Абай жолы
Скачать 56.5 Kb.
|
Ережепбекова Майгул Семей қаласы,№42 орта мектеп Тақырыбы: «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі Мақсаты: білімділік – М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының жазылу тарихы мен идеялық-тақырыптық мазмұнын ашу,эпопеяның жанрлық жағынан тарихи роман екенін, Аға дәрежесіне,Ұлы адам дәрежесіне жеткен тамаша гуманист, ойшыл-философ,ұлы ақын өмір сүрген заманның әлеуметтік сипатын айқындау, Абай бейнесін таныту; дамытушылық – «Абай жолы» эпопеясы арқылы қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, заман адамын, оның мінезін танытқан «М .Әуезовтің кемеңгерлігін аңғарту, шығарманы оқуға деген қызығушылығын тудыру, іздене білу дағдыларын дамыту; тәрбиелік – ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов тұлғасынан үлгі алу; Абай бойындағы асыл қасиеттерді үлгі ету, адамгершілік тәрбиесін беру. Сабақтың түрі: дамыта оқыту. Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы элементтерін пайдалану, шығармашылық ізденіс,талдау,сұрақ-жауап,диалогтік әңгіме, түсіндірмелі сұхбат. Көрнекілігі: «Абай жолы» 1,2 томдары, электрондық оқулық, слайдтар 1.Үй тапсырмасын сұрау. «Қайтқанда» бөлімінің кейіпкерлерін ата.. Бірінші томның тарауларын ретімен айтып шығу. Оза оқыту тапсырмасы бойынша: а) Абай туралы естеліктер ә) Абай айтқан биліктер туралы. Жаңа сабақ Кіріспе. Мұғалім: Романның құрылысы Абайдың ұзақ та қажырлы ақындық,қайраткерлік қызметін танытуға бағындырылған. Жасы ұлғайған Абайды Мұхтар Әуезов бес жастағы кезінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы екендігін біліп ,түсіне алмаса да,ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген,білген,өлеңдерін естіген,сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында өсіп ер жетті. 1934жылға дейін өмір сүрген Абайдың бәйбішесі Ділдәні көріп, деректер алады. Осындай мәліметтерді жазушы «Абай жолы» романын жазғанда мынадай жолдармен пайдалана білген. 1) Роман тарихи шығарма болғандықтан, автор тарихи негізін қатаң сақтап отырған. 2) Басты кейіпкер Абайдың ұлтының әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен бөле-жара қарамайды.Шығармада этнографиялық элементтер басым. 3) Кейбір оқиғаның аясын кеңейту немесе образ сомдауда халық ауыз әдебиеті үлгілерін ұтымды пайдалана білген. Міне, осыларды бір сөзбен айтсақ, автор «Өмір айнасы – әдеби шығарманы» жазу барысында ондағы шындықты жеткізуге үлкен ізденіспен, шеберлікпен келгенін байқауға болады. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. 1-оқушы: «Абай жолы» және тарихи шындық Роман «Үш күндік жолдың бүгінгі,соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деп басталады. Бала шәкірт он үш жасар Абай еді. Осыдан кейін болашақ ақын сары даланы еркін билеп-төстеген (1843- 1854) аға сұлтан әкесі Құнанбай қолымен жасалған зұлымдықтың сан түрін көріп, түршігумен, тұншығумен болады. Абай байқаған зұлымдықтың үлкені әрі алғашқысы-Қодар мен Қамқа өлімі. Жазушы Құнанбайдың Қодарды соншалық ауыр жазаға бұйырғанын бірден айтқызбайды. оның қатал зорлықты қалай даярлағанын өте дәл, анық етіп баяндайды.(1т) 2-оқушы: «Абай жолы»және этнография Халықтың әдеті,салт-дәстүрі мол көрініс тарқан шығарма ретінде тағы да М.Әуезовтің«Абай жолын» айтамыз .Мысалы:Абай Алшынбай ауылына «ұрын бару»сапарына, Бөжейдің қаралы көші»(1т)Бұл сурет Құнанбайдың үш баласының көз алдынан өтеді.Үш адам.Үш түрлі мінез. Оспан ерсілікті, Абай азаны,Тәкежан қатыгездікті көрді, көрсетті. Мұндай мінез даралығын ашық көрсетуге авторға мүмкіндік беріп отырған құбылыс – тарихи-этнографиялық факт. 3-оқушы: «Абай жолы» және фольклор» Әдеби образ сомдауда фольклордың рөлін аса шеберлікпен пайдалана білген жазушы-М.Әуезов. Бұл романның бойында өріліп жатыр. Абайдың ақын достарының шығармаларының дүниеге келуіне байланысты қаншама деталь бар, немесе «Еңлік-Кебек» оқиғасы ше? Мысалы, «Әйгерімнің Мақұлбайды жоқтауы» (1т) Автор Әйгерімнің ауызына жоқтау сөзін салумен оның бойында тұнып жатқан өнерді,мейірімді ана екенін байқатып өтеді. Он үш жастағы баласы Мақұлбайды жоқтай алмай отырған Қаражанды Әйгеріммен салыстыруға мүмкіндік беріп отырған-фольклор екенін байқаймыз. Қай кейіпкерді де автор әрдайым осындай ісімен, сөзімен көрсетіп, кейіпкерлерге өз характерін айтқызып отырады. Топтық жұмыс: «Абай жолы»эпопеясы бойынша Абай бейнесін ашатын басты оқиғаларына арналған кесте. Интерактивті тақта арқылы кестені толтыру.
Бекіту. Өзіңе қандай ой түйдің? Үйге тапсырма. «Абай ақындығы халықпен ұштасады» деген тақырыптағы шығармаға дайындалып келу. |