Главная страница
Навигация по странице:

  • Бала дамуындағы ата-ананың алар орны

  • Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың негізгі мәселелері

  • Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері

  • Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналардың іс-әрекетінің негізгі бағыттары

  • Отбасылық шағын ортаны зерттейтін кең тараған әдістің бірі болып ата-аналарға сұрақ қою (сауалнамалар) және тестилеу жүргізу болып табылады.

  • Мектепішілік «Жанашырлыққа жан риза» іс-шарасынан көрініс

  • ЕБҚ бар оқушылар ата аналарының өзара әрекеттесу алгоритмі. Ерекше білім алуа мтаж балаларды атааналарымен жмыс Орындаанкімбай ж аннотация


    Скачать 0.62 Mb.
    НазваниеЕрекше білім алуа мтаж балаларды атааналарымен жмыс Орындаанкімбай ж аннотация
    Дата07.11.2021
    Размер0.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕБҚ бар оқушылар ата аналарының өзара әрекеттесу алгоритмі.docx
    ТипДокументы
    #265493



    Ерекше білім алуға мұқтаж балалардың ата-аналарымен жұмыс

    Орындаған:Әкімбай Ж

    Аннотация

    Дамуында әр-түрлі мәселесі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға кеңес беру жолдары мен тәсілдерін көрсетеді, мектеп педагогтарының кеңестік жұмыстың негізгі бағыттарын ашуды көздейді.

    Кіріспе

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»  деген болатын. 

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектептеріне және балабақшаларға енгізу кезінде мұғалімдер мен тәрбиешілерде, мүмкіндігі шектеулі және сау балалардың ата-аналарында да даму мүмкіндігінде бұзылысы бар балалармен жұмыстанатын мамандардан білікті кеңес алуға қажеттілік пайда болады. Қөмек көрсету қызметтің осындай түрін психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандары, сондай-ақ аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарындағы түзету және инклюзивті білім беру кабинеттері, арнайы мектептер көрсете алады.

    Бала дамуындағы ата-ананың алар орны

    Адамның дене, жан саулығының қолдаушысы, амандығының қайнар көзі және кепілі – ата-аналық махаббат. Сол себепті бала тәрбиесінің алғашқы және негізгі міндеті – сәбиге оны жақсы көретіндігінің, қамқорлы екендігінің сенімін құру. Еш уақытта, қандай жағдай болмасын бала ата-аналық махаббатта күмәнді болмауы тиіс. Ата-аналық махаббат – адамның амандығын, дене және жан саулығын тілейтін періштесі және кепілі. Сол себепті бала тәрбиесінің алғашқы және негізгі міндеттерінің бірі, балада оны жақсы көретін және оған қамқор болатын сенімді құру.Әр мүмкіндігі шектеулігі бар бала өзінің жарық дүние есігін кемтар болып ашуын қалаған емесмүмкіндігі шектеулі болып дүниеге келгені үшін кінәлі емес. Олар да ел қатарлы өмір сүріп, білімнен нәр алып, дені сау азамат болуды қалады. Тағдыры қиын болғанымен, балалық бақыттың дәмін сезініп өсуге, ел қатарлы, тең дәрежеде білім алып, ешкімнен кем болмай өмір сүруіне әр бала лайықты.

    Даму мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) сәбидің дүниеге келуі – отбасы үшін беріктікке сын, әрине ол ата-анаға ауыр соққы болып тиеді. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-ана баласының дамудағы кемістікті жөндеймін деген үмітпен медицина мамандарының, психолог мамандардың көмектеріне жүгініп, оңалту мақсатында маңдай тер төгеді.

    Отбасымен жұмыстанатын маман негізі тек баламен емес, сонымен қатар ата-аналарымен де тәрбиелік жұмыстың сапасын арттырудың міндетін шешеді. Ауру баланың отбасымен әрекеттескенде маманның маңызды міндеті тек баланы емдеуге және тәрбиелеуге арналған ұсыныстарды беру ғана емес, сонымен қатар пайда болған мәселелерді белсенді шешуге жағдай жасау.

    Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың негізгі мәселелері

    Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жұмыстану тәсілдерін іздестіру кезінде, отбасының негізгі мәселелерін ескеру қажет, олар төмендегілер:

    -медициналық мәселелер: баланың науқастығы және өту ерекшеліктері, болжамы, күтілетін әлеуметтік қиындықтар туралы мағлұмат алу; тілді түзетуде, медициналық ұсыныстарды орындауда тәжірибелік әдістерді меңгеру; баланың қосымша кеңес алуға, оны ауруханаға жатқызуға, шипажайға жолдама алуға және т.с.с. мүмкіндіктерін іздестіру;

    -ауру баланы тәрбиелеу, оқыту және бағу мәселесі мектепке дайындауға, әсіресе үйде оқытылатын балаға білім алуға көмек берудегі қиындықтарға байланысты; баланың әлеуметтік бейімделуіне, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалыптасуына, қозғалуына, көмекші техникалық құралдарды, қоғамдық көлікті пайдалануына, өзіндік дамыту мақсатында бағытталған жұмысты іске асыру;

    отбасының әлеуметтік-кәсіптік мәселелері – мүгедек баланың ата-аналарының өз білім деңгейін көтеру;

    Дамуында бұзылысы бар баланың отбасымен жұмыстану мәселелері
    Қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық әрекеттің маңызды мәселесінің бірі мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жұмыстану болып танылады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың санының өсуіне байланысты бұл мәселенің өсуі де өзекті екені мәлім.

    Белгілі педагог Выготский Л.С. айтқан «баланың қалыпсыздығы көп жағдайда қоғамдық жағдайдың қалыпсыздығының жемісі болып танылады. Баланың бойындағы кемшілігін ғана көріп, қарапайым балаларда кездеспейтін ерекше жағдайның, психикалық өмірінің бар екенін естен шығаратыны ересектердің қателігі болып саналады». Мұндай құбылыстың пайда болғаны туралы ой бөліскенде ол көру қабілетінің бұзылысы бар баланың өмірін мысал ретінде келтіреді: «соқыр бала үшін соқырлық жанға батпайтын қалыпты жағдай, оның әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі болып сезіледі. Аяушылық сезімдер соқыр баланың жанында өмір бойы ілесіп жүреді. Осы кезде балаға психологиялық әсер етеді. Сол себепті соқыр баламен көзі көретін баламен әңгімелескендей сөйлесіңіз: жүруге, өз-өзіне қызмет жасауға үйретіңіз, ешқашан өзі барда көзі көрмейтіндігіне байланысты аяушылық білдірмеңіз. Сонда ғана ол өзі соқырлықты жеңіл жайсыздық деп қабылдайды».
    Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері

    1. Ата-аналармен сенімділік байланысты құру.

    Белсене тыңдау тәсілдері, адал тілектестік педагогтың ұсыныстарына аңғарусыз қарсылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

    2. Ата-аналарды не мазалайды? Келелі мәселелерді анықтау.

    – дамуында бұзылысы бар баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар;

    – баланың отбасында және қоғамда (социум) бірдей емес тәртіптілік әрекеттері;

    – жақын туысқандардың балаға деген бірдей емес жеке аралық байланысуы;

    – мұғаліммен және тәрбиешімен баланың мүмкіндігінің бағасын төмендету және т.с.с.

    – дамуында бұзылысы бар баланың отбасының жұбайлық байланысының бұзылғаны;

    – дамуында ауытқуы бар баланы эмоциялық шеттетуі;

    – дамуында ауытқуы бар балаға және қалыпты балаға көңіл бөлудің бағасы.

    1. Тәрбиелеу үлгісінің және ата-аналардың жеке қасиеттерінің диагностикасының

    психологиялық-педагогикалық бағасы.

    – баламен өзара байланысудың түрлерін бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу.

    1. Отбасында бар шынайы мәселелерді педагогтың тұжырымдауы.

    Педагогтың міндеті ата-аналардың балаға қатысты мәселелерінің маңызды жақтарына көңілін аударту.

    Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналардың іс-әрекетінің негізгі бағыттары
    Мүгедек балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек қажет, өз алдына ол бір уақытта бір неше бағытта орындалуы тиіс. Осы бағыттардың негізгілерін ұсынуға болады.

    Ата-аналардың мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар қоғамдарында, ата-аналар клубтарында, жүргізілетін әр-түрлі (әңгімелер, ата-аналар мектебі, ата-аналар тренингтері) топтық жұмыстарына қатысуы. Бұл өздерінің қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, ұқсас жағдайдағы басқа отбасының өмірі туралы білуге, лайықты үлгіге сүйенуге, баланың «ересек» өмірінің нұсқауларымен танысуға, аяушылықты емес түсінуді және қолдауды табуға мүмкіндік береді.

    Мен өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, үйден оқытылатын ерекше бала Нұрғожа Алина туралы айтпақпын. Алина 2-сыныпта оқиды. Бұл баланың ата-анасы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылының байырғы тұрғындары. Алинаның ата-анасымен жүйелі жұмыс түрлері жүргізіледі.

    Коп жылғы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырудың ең қолайлы түрлеріболып табылады:

    • кеңестік-ұсыныстық;

    • лекциялық-ағартушылық;

    • ата-аналар үшін тәжірибелік сабақтар;

    • «дөңгелек үстелдер», ата-аналар үшінконференциялар, балалар ертеңгіліктер және мерекелер ұйымдастыру;

    • ата-анасымен және баласымен жеке сабақтарын өткізу;

    • топтық сабақтар.

    Отбасылық шағын ортаны зерттейтін кең тараған әдістің бірі болып ата-аналарға сұрақ қою (сауалнамалар) және тестилеу жүргізу болып табылады. Сауалнама жүргізудің маңызды мақсаты алынған мәліметті дамуында бұзылысы бар балаға көмек ұйымдастыруда пайдалану болса, онда ерекше ықылас атаулы сауалнамаға беріледі.
    Мектепішілік «Жанашырлыққа жан риза» іс-шарасынан көрініс



    Алинаның жетістіктері





    Дүниеге шыр етіп келгеннен-ақ Алланың сынағына түскеніне қарамастан, бауыр еті баласынан теріс айналмай, қамқор болған ата-анаға үлкен сабыр, осы балаларға жаны ашып, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздарға төзім, ал ерекше бүлдіршіндерге дерттеріне шипа тілеймін.

    Пайдаланған әдебиеттер


    1. «Ата-аналарға арналған танымал психологиясы» А.А. Бодалевтіңредакциясымен, М. Педагогика 1988 ж.

    2. Л.А. Куликпен, Н.И. Берестовтың «Отбасылық тәрбие» М. Білім тарату 1990ж.

    3. ФолкенЧак Т. «Психология – бұл қарапайым». – М.: «ФАИР» Агенттігі,1998 г.

    4. Н.Н.Павлованың Ерте жастағы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымы бар баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың педагогикалық міндетін көтеру // Дамуында бұзылысы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу. 2009 ж. № 3.

    5. Педагогика: Үлкен қазіргі заман энциклопедиясы / құрастырушы Е. С. Рапацевич. – Мн.: «Қазіргі заман сөзі». – 2005 ж.

    6. Е.А. Стребелеваның Дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеп жатқан отбасына қазіргі заманның көмек беру түрлері / Е.А. Стребелева, А.В. Закрепина // Дефектология. – 2005 ж. - №1.

    7. «Үш таған» рухани-танымдық журналы, Хабар-сервис» ЖСШ баспаханасы, Ақтөбе қаласы, №3,2018 жыл


    написать администратору сайта