ерекше билим беру кажеттилигинин манызы. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ. Ерекше білім беру ажеттілігіні сипаты
Скачать 19.21 Kb.
|
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады [18]. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту; 2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі); 3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану; 4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау; 5) оқыту формасын таңдау; 6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу; 7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық; 8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың); 9) педагог-ассистентің көмегі; 10) әлеуметтік – педагогикалық көмек. Ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты: 1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі: - мектеп Кеңесінің шешімімен; - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. 2. Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет: - оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылғанкезде; - оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда. 3) Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану. Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін ПМПК ұсынуы мүмкін. 4. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау. Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. 5. Оқытудың формасын таңдау. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады 6. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. Кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілу 7. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады 8. Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог,тифлопедагог) және психологиялық көмек . Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. 9) Педагог-ассистентің көмегі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет болады. 10) Әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагог көмегінің қажеттілігін ӘПКК анықтайды. Әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттері мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының балаларына көмек көрсетеді. |