Главная страница
Навигация по странице:

  • Алиманов Төремұрат Зинешұлын

  • Жиын ҚР Мемлекеттік туына назар аудар! Гимн орындалады.

  • Жазылар қашан жаралар

  • сценарииии еске алу. Ержанов Руслан Саыназылыны орындауында Мені кем жасы адам нін абыл алыыздар!


    Скачать 19.78 Kb.
    НазваниеЕржанов Руслан Саыназылыны орындауында Мені кем жасы адам нін абыл алыыздар!
    Дата27.03.2023
    Размер19.78 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласценарииии еске алу.docx
    ТипДокументы
    #1018067

    Ержанов Руслан Сағынғазыұлының орындауында «Менің әкем жақсы адам» әнін қабыл алыңыздар!
    Армысыздар, ағалар, от кешкендер!

    Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

    Армысыздар , ағалар, ардагерлер!

    Ар сыналған жылдары от кешкендер.

     

    Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

    Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

    Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

    Соғысында қан кешкендер АУҒАННЫҢ.
     Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар және жарысқа қатысушылар!

    1989 жылы, ақпан айының 15-ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 34 жылдың төңірегі болды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз жетерлік.Соның бірегейі Ауған соғысының ардагері Алиманов Төремұрат Зинешұлын еске алуға орай «Отқа оранған жылдар» атты қала мектептерінің жас мамандары арасында әскери-патриоттық сайысқа қош келдіңіздер!

    «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан Алиманов Төремұрат Зинешұлы 1960 жылы 8 қаңтарда Шалқар ауданы, Талдықұм селосында дүниеге келген. Талдықұм орта мектебін 1977 жылы тамамдады.

    1978 жылы СПТУге түсіп, аталған жылда трактористік мамандығын алған.

    1979 жылы осы аталған оқу орнында шоферлық мамандығын оқып шығып, 1979 жылы 12 сәуірде Отан алдындағы борышын Венгрияда өтеуге аттанған. Венгрияның Сегет қаласында 6 ай болып, сол кезде начальник штаб гвардия майоры Вьязовецкийдің қол асытында военный часть 335113 те болып, сол жақта ант қабылдаған. Содан 6 ай оқу жаттығуында болып, содан кейін 3 ай шоферлық оқыды. Командир полка бұйрығымен бір күнде дайындалып, ертеңіне Венгрияның астанасы Будапештке жіберіп, Будапешттен ботольенға бөліп самолеттермен союзға деп жіберген. Өзбек еліне қонған соң оларды орман ішіне жасырын түрде әскери машиналармен алып барып, 1980 жылы қаңтар айының басында оларды военный тревогамен Ауғанстан еліне жіберді.

    Ертеңіне орман арасымен сидящий поездға отырғызып, Өзбекстанның Термез қаласына алып келді. Машинамен Термезден 7 км қашық жердегі лагерде болған. Сол жерден 7 күнде оқ-дәрі, боявой техника, машиналар поездбен келіп, бір ботольен құрып, зводқа, отделениеге бөліп тастады.Содан Алимановты 3-ші менометный батареяға наводчик қылып тағайындайды.
    Ауғанстанда 63144 әскери бөлімі начальник штаб подполковник Курылевтің қарамағында болған. Екі машинасының бірі миноментті сүйрейді, бірі миноменттің минасын. Сол жерде әрі ыстық, тамақта жоқ 4 ай сухой поек жеп, 4 айдан кейін Кабулдан әрі қарай Газный қаласына өткен. Газный қаласынан 17 км жерде ашық алаңда палатка тігіп, военный вертолеттың площадін күзетті. Операцияға шыққандарында 6 танкі 6 миномент 120 мм басмаштардың қоныстанған кишлагында 2 күн атысып, шаққа алған күндері де болды. Пехота тауды қоршап қашқан жаралы болғандарды алып келеді.Одан командир полк солдатымен перевод жасап тергейді. Шындарын айтсын айтпасын басмаштарды Кабулға жібереді.Сол жақта жазасын алады.Осындай күй кешкен олардың арманы, болашақ ұрпағымыз мұның бірін көрмесін Алиманов Төремұраттың қасында Шалқардан Балманов Жәнібек, Көптілеуов Жантөре есімді құрдастары болған.Олар да аман-есен аулыға оралды.

    Шалқарлық Көптілеуов Жантөре қара жәшіктерді Ақтөбеліктердің өз отбастарына апарып беріп жүрді.Осындай кездің бір сапарында Төремұрат өз отбасына сәлемдеме айтып жіберген болатын.Сол сәлемін апа-жездесіне жеткізген болатын.Тағы бірінде фотоапарат әкеліп, суретке түскен.Сол суреттер әлі де жанұялық фото альбомында сақтаулы.Әр кез сол суреттерді көрген сайын көрген қиындықтары мен азаптарын есіне түсіріп, бүгін болғандай деп айтып отыратын еді.

    Алиманов Төремұрат 1981 жылы сағынышпен туған жере оралып, 1982 жылы трактор алып, совхозда тракторист мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Көп балалы отбасынан шыққан Төремұрат ағамыздың қазіргі таңда жолдасы, 3 баласы, 7 немересі бар.

    1988 жылдан бастап ПЧЛУ мекемесінде тракторист болып жұмыс істеген.

    2012 жылдың соңғы айларынан бастап қатты сырқаттанып, 2013 жылдың 24 наурызында өмірден озды.

    Алиманов Төремұрат жаны жайсаң, мінезі жайдары, ашық, еңбекқор жан еді. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай.
    Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар
    Тағдыр талай тауқыметін табыстар
    Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
    Ауғанда болып азап шеккен арыстар дей келе Ауған жерінде қаза тапқан ержүрек жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
    Өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел өмірден өткен Төремұрат Зинешұлын бейбіт өмірдегі жарқын істері жастарға үлгі, өнеге.

    Бүгінгі еске алу кешінің алғашқы сөзі «№4 ЖОББМ» КММ директоры Қалдыбаева Гүлнар Отарбайқызына

    Келесі құттықтау сөз Шалқар ауданының білім бөлімінің әдіскері Ерсұлтан Өнербайұлына беріледі.

    Келесі құттықтау сөз Шалқар аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Пірімжан Ынтаұлы Төлегенге беріледі.

    Төремұрат ағамыздың бауыры Жұмамұрат ағамызға құттықтау сөз кезегін береміз.

    Бүгінгі әскери-патриоттық сайысының рапорт тапсыру салтанатына кезек береміз. Рапорт тапсырушы АӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы Жанасаев Ердос Мұратұлы

    Жиын ҚР Мемлекеттік туына назар аудар! Гимн орындалады.
    Алдарыңызда «Айкөркем» би тобын қарсы алыңыздар!

    Ауғанның қанды даласы,

    Адамзаттың наласы.

    Бүк түсіп жатыр қан құсып,

    Қаралы таулар қарашы.
    Адасып барып армандар,

    Ауғанда күл боп қалғандар.

    Гүл болып жайлап көгеріп,

    Өмірді қайта жалғаңдар.
    Арманда кеткен ар үшін,

    Ұмытпас елім арысын.

    Ту етіп ұстап қашанда,

    Тәуелсіз елдің намысын.
    Азаттық орнап, арман ел,

    Құлпырды мәңгі жайнап ел.

    Байрағың басын имесін,

    Ауғанда болған ардагер.
    Баласын аңсап аналар,

    Анасын аңсап балалар.

    Жүрекке түскен бомбадай,


    Жазылар қашан жаралар?
    Есіңде ол күн қаралы,

    Зуылдап жылдар барады.

    Сарбаздар бәрін біледі,

    Ауғаннан қайтқан жаралы.
    Азаттық орнап арман ел,

    Құлпырды мәңгі жайнап ел.

    Байрағың мәңгі имесін

    Ауғанда болған ардагер.

    Ар үшін туған арысың,

    Болашақ елдің бағы үшін.

    Биікте ұста туыңды,

    Естімей оқтың дауысын.

    Ауған соғысының ардагері Алиманов Төремұрат Зинешұлын еске алуға орай «Отқа оранған жылдар» атты қала мектептерінің жас мамандары арасында әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысымен таныстырып жеңімпаздарды марапаттау үшін
    Үздік ойыншы номинациясын табыстау Төремұрат Зинешұлының балаларына беріледі.

    Алғыс Хатпен марапаттау үшін сөз Малаев Марат және Ахметов Абзал бауырланына берілді.

    ІІІ орынмен марапаттау үшін сөз Жантулы жездесі және Жұмамұрат інісіне беріледі.

    ІІ орынмен Шалқар аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Пірімжан Ынтаұлы Төлегенге және әсери борышын бірге өтеген жолдасы Жәнібекке беріледі.

    І орынмен марапаттау Шалқар ауданының білім бөлімінің әдіскері Ерсұлтан Өнербайұлына беріледі.

    Естелік суретке түсуге шақырамыз.


    написать администратору сайта