Лд. Ерте жастаы баланы салмаын лшеу Масаты
Скачать 44.31 Kb.
|
ТАҚЫРЫБЫ: Балалар емханасындағы жұмыс. Тіркеу бөліміндегі жұмыс. Ауру балаға қызмет көрсетудегі телімдік жүйе реті. Емханалық картаның паспорттық бетін толтыру. Үйге ауру балаға дәрігер шақыру реті. Телімдердің картотекасымен жұмыс істеу. Дәрігердің қабылдауына талон беру. Есептеу – есеп беру құжатымен танысу. «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу» Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау. Құрал жабдықтар: электронды таразы; стерильді емес резина қолғабы; дез. ертіндісімен ыдыс, ветошь; кір жаялықтарға арналған қап; ҚЖК; қағаз, қалам. Іс – шара алгоритмі: 1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. 2. Баланың анасын зерттеу жолымен таныстырңыз, келісімін алыңыз. 3. Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз. 4. Таразыны тегіс, тұрақты жерге орнатыңыз. 5. Таразының жұмыс істеуін тексеріп, электр торабына қосыңыз, осы жерде индикатор жанады, 35-40 сек. Кейін таблода 0 дегенсан пайда болады. Таразыны 10 мин іске қосып қойңыз. 6. Таразының тостағаншасын қолмен күш түсіріп басу арқылы тексеріңіз, таблода салмақтың саны шығады, қолды жіберіп көрсеткішті 0 келтіріңіз. 7. Таразының тостағаншаларына бір рет қолданатын жаялықты төсеңіз, салмағын өлшеңіз. жөргектің салмағын Т деген кнопканы басу арқылы алып тастаңыз, 0-ге келтіріңіз. 8. Таразының тостағаншасын дез.ерітіндіге малынған ветошпен сүртіңіз 9. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз. 10. Стерильді емес резина қолғабын киіңіз. 11. Баланы шешіндірңіз. 12. Баланы байкап таразыға жатқызыңыз, алдымен төменгі жағын, кейін бас жағын, аяғын ұстап тұру қажет. 13. Баланы таразыдан алыңыз. 14. Таразыдан жайалықты алып, қапқа тастаңыз. 15. Таразының тостағаншасының бетін дез.ерітіндімен сұртіңіз. 16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз. 17. Қолды жуып, кептіріңіз. 18. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз. «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»Көрсеткіштер: физикалық дамуын бағалау. Құрал - жабдықтар: көлденең бой өлшегіш; жөргек; резеңке қолғап; ыдысдез. ерітіндімен, ветошь; ҚЖК; қағаз, руч Іс – шара алгоритмі: Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. Анасыны\ туыстарына зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз. Көлденең бой өлшегішті шкаласымен өзінңізге қаратып, нықтап орналастырңыз. Керектіқұрал-жабдықтардыдайындаңыз. Бой өлшегіштің үстін ветошь арқылыдез.ерітіндіменсүртіңіз. Таза жөргектөсеңіз (шкаласынжаппаужәнеқозғалатынпланкасынакедергіжасамаукерек) Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз. Стерильді емес қолғап киіңіз. Баланың басын қозғалмайтын планкаға тіреп жатқызңыз. Баланың тізесін бір қолыңмен басып тұрыңыз. Екінші қолыңмен жылжыйтын планканы баланың табанына әкеліп тіреңіз. Межеліктен көрсеткішті аңықтаңыз. Көрсеткіштіжазып алыңыз. Анасынакөрсеткіштіайтыңыз. Бой өлшегіштен жөргекті алып тастаңыз. Бой өлшегіштіңүстіндез. ерітіндіменсүртіңіз. Қолғапты шешіп контейнерге тастаңызҚолды жуып, кептіріңіз. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз. «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу» Көрсеткіштері: баланың дамуын бағалау Керекті құралдар: -сантиметрлік жолақ; - салфетка; - 70 % спирт; - дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь; - КБУ; - стерильді емес қолғап ; - баланың даму тарихы, ручка. Іс – шара алгоритмі: Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз. Стерильді емес қолғап киіңіз. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз. Сантиметрлік жолақты екі жағын, 70 % спиртке матырылған салфеткамен сүртіңіз. Баланы жөргектеу столына отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Сантиметрлік жолақты келесі белгілі жерлерге салу: артқы жағында – желке шоғырыалдыңғы жағында – қабақ үсті доғасы. Лентаны бас айналымы бойынша сәйкестіріңіз. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз. Сантиметрлік жолақты бала кеудесіне келесі белгілі жерлерге салу:артқы жағында – жауырынның астыңғы бұрышы алдыңғы жағында – емшек ұшы бойымен Баланың қолын түсіріп лентаны сәйкестіріңіз. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз. Қолды жуып, кептіріңіз. |